Х V – ХІV ғғ. Қазақстандағы психологиялық идеялар

  1. Халқымыздың XI—XI ғасырлардағы тарихынан елес беретін, қоғамдық ой-пікірлеріміздің төркіндерінің бірінен саналатын көне туындыларымыздың бірі —«Қүдатғу білік»13. Бұл — дидактикалық, моральдық .— этикалық сарында жазылған шығарма. «Қүдатғу білік» — түркі сөздері. Мұның біріншісі, «Қүдатғу», «қүт», «бақыт», «қүтты», ал екіншісі «сөз» — «білік», «білім», «кітап» дегш мағынаны білдіреді. Олай болса, «Қүдатғу білікті» қазақша «білімді қүтайтушы кітап», «бақытқа жетудің ғылымы» деуге де болады. Кітап 85 тараудан, 6500 өлең жолынан тұрады. Дастан оқиғасына аз ғана топ қатысады. Автор мұндағы төрт кейіпкерді төрт касиеттің (әді-лет, дәулет, парасат, қанағат) иесі етіп алады. Дастан терт кейіпкердің арасындағы бақыт туралы сез жарысына — диалогқа құрылған. Шығарманың бұл ерекшелігі бізге айтыс жанрының тууы жайында да коптеген қызықты деректер береді. Кітап Қараханид мемлекетін нығайту, оның даңқын зорайту мақсатында жазылған. Бұл елке кезінде шаруашылығы шарықтап ескен, жазу, сызу онері дамып, мәдениеті өрлеген, зиялы оқымыстылары коп ел болса керек14. Мәселен, осы каладан шыкқан Қашқари 1072—1074 жылдары «Диван лүғат ат түрк», Жамал Қарши (1230—1305), «Мүлхакат ул Сурах» атты кітаптар жазған. «Қүдатғу біліктің» авторы Жүсіптің туып, өсіп, тәрбие алған жері онша қашык емес) сол кезде қаңлы тайпасының астанасы болған.

Дастанның мазмұнын ұғыну киынға сокпайды, ол қара-пайым тілмш жазылған. Жазылу   стилі жағынан ол араб-парсы поэзиясымен, әсіресе, Фирдоусидің   атакты «Шахнамасымш» үндес.   Баласағұндық   Жүсіптің, «Құдатғу білікті» түркі тілінде жазуы, сөйтіп,   оның өз ана тілін аса қадір тутып, құрметтеуі ерекше атап етуді кажет ететін жайт. Автор билеу жүйесін тәр-тіпке түсіру, елдің бейбіт өмір сүруі жөнінде қам жеу—бұл бәрі-нен бұрын халық игілігі үшін  қызмет ету деп дұрыс тұжырым-дайды. «Семсер мемлекеггі  үлғайтып, оның билеушісі алдында бас июшілерді кебейтсе, қалам мемлекетті нығайтып, оның билеу жүйесін ретке келтіреді, яғии мемлекеттік аппараттың кызметі атқа мінгш мың сан нөкерден кем түспейді», дейді баласағүндық Жүсіп. Дастанның оқырман кеңілін ерекше аударатын тағы бір ерекшелігі — мұнда адам психологиясының түрлі жақтарын көрсететін  қызғылыкты деректердің (кісінің көңіл-күйі, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші т. б.) молдығы. Мәселен, автор бұл жерде жанға шипа тек тәуіптің дәрісі ғана емес, қасындағы жора-жолдас, корші-қонсың құрбы-құрдасың, әріректе бұған әлеумет пен қоғамның да әсері тиіп отыратындығын айтады. «Құдатғу біліктің» шді бір көңіл аударарлық жері— мұнда сол кездегі ғылым салаларынан біраз мағлумат   берілетіндігі. Бұл женінде совет тюркологі А. Валитова былай дейлі: «Қүдатғу білік» авторының медициналык әдебиеттерден мол хабары барлығы байқалады. Ол, әсіресе, ибн Сина мен Орта Азияның басқа да көптеген   ғалымдарының, дәрігерлерінің ғылыми қағидаларымен   жете таныс болған. Мәселен, дастанда дүниені құрайтын төрт түрлі элемент жайлы, адам темпераменттері туралы, денсаульщ сақтау жөнінде, ауру, сырқаттану және оның себептері, бұлардың адамның жас ерекшелігіне, ауа райына тәуелділігі, тамактанудың   гигиенасы, ауру адамды емдеудің тәсілдері т. б. мәселелер әр кырынан соз болған

Біздің пікірімізше, баласағүндық Жүсіптің моральдық психологиялық қағидалары да ибн Сина мен әл-Фарабидің этика-лық жүйесімен байланысып жатқан сияқты, өйткені аталмыш дастаннан да адамдарды тәрбиелеу мемлекеттің негізгі міндет-терінің бірі, зұлымдық-өлеуметтік ауру, оны тәрбие арқылы жоюға болады, адамдардың қылықтары мен қасиеттерін жетілдіре берсе, қоғамды да, мемлекетті де жақсартуға болады дейтін белгілі идея аңғарылады.

Баласағүндық Жүсіптің философиялық кисынын сөз еткенде ежелгі гректер мен әл-Фараби, ибн Синалар іліміне теориялық арқау болған бүкіл әлемдік үйлесімдік теориясы еріксіз еске түееді. Әлем төрт түрлі элементтен (жер, су, ауа, от) құралған, бұлардың пропорциясы дүниедегі заттарды бір-бірімш үйлестіріп тұрады дейтін концепцияға үксас жайттарды осы дастаннан да көптеп кездестіруге болады. Автордың түсінігінше,  осы айтылған үйлесімділік қоғамдық — әлеуметтік жағдайлардан да орын алады. Мәселен, ел   билеушіден әділет, дәулет, қанағат, парасат сияқты төрт қасиет түгел табылеа, онда мұндай басшысы бар елдің қойының үстіне боз торғай жүмырт-қалайды. Осы терт қасиеттің бір-бірімен тығыз байланысып жатқаны абзал. Мәселеи,    ел билеушісінің халықка әділдігі тек барша жұртты   ғана бақытқа жеткізбейді, ол, сонымен бірге патшаның өзін де бақытты етеді, өйткені осы ісімен   ол атын бүкіл   әлемге жаяды, халықты бақытқа бөлейді. Білім мен ақыл әділеттілікке қосақтаса жүруі тиіс, бұларсыз әділ заң шығаруға болмайды. Ақыл адамның қанағатын да реттеп отырады. Мәселен, адамньвд азға қанағат етуі, тағдырға бой ұсынуы, жаман жолға түспеуі — барлығы да ақылдық арқасы деп, тұжырым-дайды Жүсіп өз философиясын,

«Қүдатғу білікте» жоғарыда ескерткеніміздей дәуір тілімен айтылған ғибратты сездер көп. Мұнда бүгінгі күн талабына қайшы келмейтін әртүрлі әлеуметтік, философиялық, этикалық, эстетикалық, тарихи, географиялық, педагогикалық, психологиялық деректер де аз емес. Дастан лингвистикалық тұрғыдан біршама зерттелген деуге болады. Ал басқа ғылымдар тарапынан жүргізілген зерттеулер әзірге бізге мәлім емес.

“Қүдатғу біліктің» он бес тарауы” түгелдей дерлік моральдық, психологиялық мәселелерді әр қырынан сөз етеді.

Бұлардың бірінде адамға білім мен ғылымның не үшін қажет екендігі (6, 10, 28-тараулар) айтылса, енді бір тарауларда бақыт-қа жетудің жолдары, адамның жақсы-жаман қылықтары (9, 16-тарау) сөз болады. Мұнда сондай-ақ сөз өнері, шешшдік қасиет (7, 11, 22-тараулар) дәріптеледі, ел билеушілер мен әкімдерге қажетті сипаттар (29, 30-тараулар) әртүрлі әлеуметтік топтар-дың бір-бірінен айырмашыльщтары (ақындар, дін иелері, уәзір-лер, шаруалар, саудагерлер, ғалымдар, диқаншылар, көпестер, қол өнершілер т. б.) жайлы сөз козғалады. Дастанның 52-тара-уында семьяда ұл мен қызды қалай тәрбиелеу керек, оларды оқытудың жолдары, бала тәрбиелеудегі ата-ананың ролі тағы осындай мәселелер сол заман тұрғысынан сөйленеді.

«Қүдатғу біліктегі» ел басшыларының әлеуметтік — психологиялық ерекшеліктері, адамдардың жақсы-жаман қасиеттері, білім мен ғылымның маңызы туралы айтылған пікірлер педагогикалық және психологиялық тұрғыдан оқырман назарын   өзіне    аударады.    «Қүдатғу   біліктің»   29—30 тарауларында X—XII ғасырлардағы Караханид мемлекетінің ел билеген басшылары мен ізгі жақеылары туралы сөз болады. Автор бұларды жұртқа идеал етіп ұсынады, оларға еліктеп үлгі-өнеге алу қажеттігін айтады. Баласағүндық Жүсіп басшы атаулыға тиянақты білім, мол тәжірибе қажет дейді. («Ақылмен іс қылған бек елге сүйкімді болады»16, «Халқының ауырт-палығын   олармен   бірге көтерген   адам — басшының төресі», «Жақсы кызметкер төменнен төрге барады»). Автордың ойынша, әрбір бастық жан-жақты, әмбебап білімді, ақыл-ойы ерекше жетілген,  білгір адам («Ақылдылықпен ел биле, білімділікпен жұртты аузыңа қарат», «Ел ағасының мінез-күлқы жайсаң, сезімтал болсын», «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады», «Бастық әр кез озінің көзі мен құлағын айналасына тігіп отыруы тиіс», «Бегің рақымды, қарапайым, әділ болса, ерге де, елге де ең жоғары бақыт сол болады»). Бастық айналасындағы адамдар-ды бес саусағындай біліп отыруы тиіс. Ол қарамағындағылар-дың психологиясын сыртқы келбетінен де, ішкі жан дүниесінен де аңғара алатындай болсын. Ол жұрттың жақсы-жаман қылықтарын әділ бағалап, қателігі үшін жаза беріп отыруы тиіс. («Егер қарамағындағы кісі қателессе, оны шақыртып алып, не себептен қателескенін сүра»). Ел басы, халық ағасы табанды да, қайсар, ерік-жігері күшті адам болғаны абзал. («Ол қабандай қайсар, сауысқандай сақ, карлығаштай қырағы болсын»). Бас-тык ел билеу, шаруашылықты ұйымдастыру туралы ғылымның негіздерін жақсы білуі кажет. («Халықты дұрыс басқару үшін басқару ғылымын меңгермей болмайды»). Бұған қоса ол адал, шыншыл, хальжқа қиянат етпейтін, жан-жақты қабілетті адам болуы қажет. («Ел билеушіге жетпіс онер де аз»). Бір сәзбен айтқанда, ел ағасы көпті көрген, ысылған, салауатты, тәжірибелі, емірдің ащы-түщысын өз басынан кешірген кісі болуы тиіс. Басшының білімі, көрген-білгені қаншама мол болғанымен ол жұртқа қатал, жағымпаз болып келсе, қоғамды кырсыққа үшыратады,   айналасындағылардың   қолын   жақсылықка жеткізбейді, олардың бақытсыз болып қалуына да себепші болады. Жақсы бастыққа істің мән-жайын білетін жақсы жәрдемші, ақылгөй кеңесші қажет. Мұндай жағдайда оның ісі жанып, ол оз халқына, қоғамына көп пайда тигізеді. Дастанның авторы ел билеушілердің ең негізгі міндеті — халқына адал қыз-мет ету, сонда ғана ол олардан сүйіспеншілік, қадір-күрмет күте алады деп, өз ойын тұжырымдайды.

  1. Осы тұста жазылған Махмуд Қашқаридың «Диван лүғат ат тұрк»17 деген еңбегінде де «Құдатғу білік» сияқты ақыл мен білімді, мейірімділік пеи мінезділікті дәріптейтін тәлім-тәрбиелік мәнін күні бүгінге дейін жоймаған, өнегелі сөздер аз емес. Зерт-теушілер бұл еңбекті ХІ-ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың тарихы мен әдет-ғүрпы, салт-санасы, әдебиеті меи мәдениеті жөнінде қызықты мағлүмат беретін тамаша мұра, деп жоғары бағалайды. Расында да автор сөздікке халықтың ауыз екі шығармаларын, фоль-клорлық материалдарды, әсіресе, нақыл сөздерді, мақал-мәтел-дерді мол өндірген. Ерекше ескерерлік бір жайт — ондағы кейбір сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің осы күнгі тіліміз-ден де көптеп кездесетіндігі. Бұл жөнінде профессор Е. С. Малов былай дейді: «Диван…»— халық сөздері-нің (өлеңдерінің) мол қоймасы… Онда үш жүзге жуық халық өлеңцерінің төрт жолдық шумағы, термелер мен жүмбақтар, көп-теген мақал-мөтелдер бар. Осы тұрғыдан қарағанда «Диван…» жай сөздіктеи гөрі әдейі құрастырылған ғылыми хрестоматияға көбірек үқсайды. Бұлардың бәрінен де Махмуд Қашқари заманындағы түркі тілдес халықтардың қоғамдық өмірі мш рухани бейнесінің сан-саласын қамтитын материалдар, атап айтқанда, этнография мен халық медицинасы, материалдық ескерткіштер мен гюграфиялық суреттеулер, астрономиялық атаулар тағы басқа осы іспеттес ғылыми мәліметтер көптеп кездеседі.

Ғалымдарымыз «Сөздіктің» осы күнгі түркі тілдеріне қандай қатысы бар дегш сүраққа «Диванды» да қазіргі туысқан түркі тілдерінің бәріне бірдей ортақ мұра деп қараған дұрыс, деп жауап береді.

«Диванда» да «Қүдатғу білік» сияқты моралдық — эти-калық дүние таным, саясат мәселелеріне байланысты ортақ пікір-лер кездеседі дедік. Мәселең, «Қүдатғу біліктегі»: «Сараңдықтан кедей болған адамды телегей теңіздей дүние де байыта алмай-ды», «Өлімнен қашып кұтылмайсың» дейтін нақыл сөздерге «Диваннан» «тас жүрек, без бүйрек адам тоймайды да, дүние қоңыздылығын қоймайды», «Өлім желкелеп түрса, одан қалай қашып құтыларсың», деп келетін осы іспеттес үқсас баламалар-ды көптеп табуға болады. Зерттеушілер «Қүдатғу білік» пен «Диванның» тіл ерекшеліктерін салыстырғанда екеуі-нің де түркі тіліне, әсіресе, фольклор үлгісіне сәйкес келетінін ерекше атап өтеді. Мәселен, «Дивандағы» өлеңдерде батырдың күші — қас-қырға, момындар қойға теңелсе, «Қүдатғу білікте» де батырдың күші — қаскырға, айбары — аюға, табандылығы — өгізге теңес-тірілген. Ал бұлардың моральдық-этикалық мәселелерге байла­нысты тақырыптарында да бірін-бірі қайта-лайтын ұқсастықтар баршылық. Мәселен,, «Дивандағы», «Ешкім де мәңгі өмір сүрмейді», «Адамға дәулетпен даңқ дүшпан», «Жақсы киім болса өзің ки», «Жоғалған затка қайғырма», «Құрмет қылсаң қонаққа, асады даңқың халқыңа», «Тіліңе сақ болғайсың», «Әдеп алды—тіл», «Ұлым меяея үгіт үйрен, тәлім ал», «Ел ішіне білім тарат, ғалым бол», «Қеңесті іс келісе береді, кеңессіз іскері кетеді», «Үлкен кісі шақырса, тез бар», «Ата-анаңды тыңда, сөзін жерге тастама», «Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында» т. б. осы іспеттес тәлім сөздер мағына жағы-нан да, форма жағынан да «Құдатғу білікпен» егіздің сыңарындай үқсас.

Жоғарыда келтірілген жекеленген фактілердің өзі «Диван лүғат ат түркті» орта ғасырдағы казақ халқының қоғамдық ой-пікір тарихына да қатысы бар елеулі шығарма деп тұжырым Л. Н. Гумилов еңбектерінде «түркілерде сөздің күші ақиқатты, шынайы күш болып есептеледі, айтылғанның айғағы деп тегін айтылмағаа «Қүдатғу білікте» де, «Диуанда» да тіл жайлы ай-тылған түйіндер, тіл немесе сөз қадірін білу — кісінің тәрбие-лілігінің көрсеткіші дейтін Қашқари қағидасы аса маңызды. «Әдептің басы — тіл», «Тіл — тәрбиелік пен қайырымдылыктың басы», «Ақылды сөз — алтын табаққа жеткізер», т. б. қазіргі кезде де ерекше мәнге ие боп отырғаны белгілі. «Диуан» қазіргі түркілердің бәріне ортақ рухани асыл қазына болумен бірге қазіргі казақтардың тәлім-тәрбиелік, психологиялық ой-пікірлерінің де түп-төркіні, ілкі бастауының бірі екендігіне шүбә келтіруге болмайды.

  1. Қазіргі Түркістан маңындағы Жүйнек қыстағынан шыққан Ахмет Жүйнекидің «Хибатул хакайык» («Ақиқат сыйы») атты еңбегі барлық түркі тілдес халықтарға ортак дүние болып табылатын осы шағырма бұрынғы дастандармен салыстырғанда өзінің бүқаралық, яғни кедей-кепшіктің мүң-мүқтажын көрсетумен ерекшелшеді. Іштш соқыр боп туған ақын тіршіліктегі өмірдің әсемдігін жырлайды, адамгершілікпен, имандылықты, ізгі істерді, қарапайым адамдардың ұнамды іс-әрекеті мен жарасымды мінезгқұлқын дәріптеп, білім алу жалпы, адамзат үшін, әсіресе бұхара халық үшін зор игілік болуы тиіс дейді. 500-дей өлең жолынан тұратын дастанның бірінші бөлімінде білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы ақыл-кеңестер беріледі. Автор білімді адамды таза алтынға, наданды жалған құнсыз акшаға, білімді ер жігітке теңесе, екінші бөлімде тілдің маңызы, сөйлеу мәдениетін дамыту жөнінде кеңестер береді, ал үшінші бөлімде дүниенің бір қалыпта тұрмай, өзгеріп тұратындығын сөз етеді. Дастан жомарттьщты, қарапайымдылыкты, сыпайылықты, өршілдікті дәріптеп, менмендік пен надандықты, сараңдық пен шығайбайлықты, дөрекілікті шенеп-мінеп, айыптайды. Автор сол замандағы адамдардың осы іспеттес, ұнамды ұнамсыз моральдық-этикалық ерекшеліктерін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге мінез-құлықтың жақсы қасиеттерін калайша тәрбиелеу, сондай-ақ оның теріс қасиеттерін жою женінде бірсьшыра пайдалы кеңестер береді («Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де жасқа да құрмет көрсет», «Айтар лебізіңді алдымен ойлап ал», т. б.). Осындай көркемдік дәрежесі биік, ұлағатты лебіздер, бейнелі салыстырулар мен теңеулер, нақылдар мен мақалдар, мәтелдер күні бүгінге дейін өздерінін тәлім-тәрбиелік мәнін жоймай келеді.

Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының кене Ис-пиджаб, қазіргі Сайрам жерінде дүниеге келген Қожа Ахмет Иассауи (XII ғ.), алғашқыда ғылым-білімді жергілікті ғұлама шайқы Арыстан  бабадан  алады,  есейе  келе  Бүхарадағы Жүсіп

Хамаданидан сопылық білімін тереңдетіп, сопы ретінде Иассы (Түркістан) қаласына келіп, «Иассауишілік» діни тақуалы ағымның негізін салады. Қазақ жерінің орта ғасырлық мәдениетінің дамуында Иассауи жазған «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») елеулі орын алады. Бұл оғыз-қыпшақ тілінде сол кездегі көпшілік бүхара халыққа түсінікті тілмен жазылған шығарма. Кезінде Орта Азиядан бастап Еділ жағалауына дейінгі көшпелі түркі тайпаларының арасына кең тараған. Мұнда өлеңмен 149 хикмет берілген. Иассауидің өсиеттерінің толық нүсқасы Қазан басылымы болып табылады (1878). Ең ескі нүсқасы XV ғасырдың орта шенінде арап қарпімен көшірілген. Жыр жолдарында онбің туған күнінен бастап алпыс үш жасқа дейінгі өмір жолы баяндалады. «Диуани Хикметте» діни-сопылық қағидалармен қатар бұл дүниелік жәйттер, яғни оқып, білім алу, иманды ізгі қасиетті болып ақыл-парасатқа жетілу, сөз бен істе шыдамды, төзімді болу, жақсы мен жаманды айыра алу, достық пен махаббатты қастерлеу, азға қанағат түту, кемтар, ғаріп адамдарға қамқор, әділетті болу, адал жолмен жүріп-түру секілді жалпы адамгершілік нормалары дәріптеледі («Махаббатқа берілгендер өз мақсатын табады», «Достарына төбеңмен қызмет қылғын», «Қызықпай мал-мүлікке дүние тепкін», т. б.) ғұлама аталған қасиеттердің психологиялық ас-тарларына үңіледі. Надандық, сараңдық, залымдық, дүниеқүмар-лық («Ей, достар, наданменен кеңіл қоспа», «Жалған сөйлеп имансыз болма, Дүние үшін иман мен дінін сатар», т. б.) секілді жаман қасиеттерді шенеп, мінейді. Соңғы айтылғандардың қай-қайсысы да психологиялық жағынан күні бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоймай келеді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!