Қазақ психологиясының ілкі бастау түп төркіндері

  1. Психология тарихында еске алатын екі тарих бар, оның біріншісі – Аристотельден басталатын психологиялық ой-пікірлер мен ілім-білімдердің тарихы; екіншісі — өткен ғасырдың екінші жартысынан басталатын эксперименттік (тәжірибелік) психологияның тарихы; Оның біріншісі – 2400 жылдай уақытқа созылса, екіншісінің бар-жоғы 15 жылдай ғана. Халқымыз осы тарихтың біріншісіне өлшеусіз үлес қосқанда, екінші кезеңінде айтарлықтай іс бітіре алмаған. Әрине, мұның да түрлі себептері бар.

Ежелгі ата-бабаларымыз күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы үнімен, асқақтата салған әсем әнімен, ғашықтық, лироэпос жырымен, мақал-мәтелімен, шешендік сөз, айтыс жырларымен сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі, имандылық-адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқор азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.

Шығыс Аристотельі атанған ғұлама әл-Фараби бабамыздың да Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр тәліми мұра қалдырып кеткенін бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады. Түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ өшпес рухани мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Жүйнеки, Иссауи шығармалары, сондай-ақ Алтын Орда дәуірінің ойшылдары: Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри, Әбілғазы, т.б. еңбектерінің де қазіргі ұрпақ тәрбиесінен алар орны ерекше.

Соңғы кездері қазақ психологиялық ой-пікір тарихы жаңа ғылыми деректермен толысып отыр. Осындан 500 жылдай бұрын ортағасырлық ғұлама-ғалым Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы “Шипагерлік баян” атты үлкен еңбек жазыпты. Мұнда шипагерлік (дәрігерлік) мәселесімен қатар қазақ тарихы, тіл, әдебиет, этнография, анатомия, физиология, медицина, философия ғылымдарынан да мағлұмат беріледі. Осынау еңбекте психология саласынан да көптеген қызықты деректер мол. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Тауасарұлы Қазыбек бектің “Түп-тұқиянан өзіме шейін” атты еңбегі тек сол кездің рухани өмірін ашатын төл туынды ғана емес, ол сондай-ақ халқымыздың ұлттық психологиясынан көптеген тың мағлұматтар беретін кемел дүние.

Әлемдік озық мәдениеттің щоқ жұлдыздары: Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты ғұлама ойшылдардың адамның жан-жүйесі жайлы мұралының қазіргі ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі өз алдына бір төбе. Осы ғасырдың басында тәлімдік ой-пкірімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақыптардың ұлттық дәстүр, салт-сананы, өз туындыларының негізгі арқауы еткен психологиялық тұжырымдары қазіргі заман талабымен ұндесетін өміршең дүниелер.

  1. Әлемдік психологиялық ғылымның қазіргі жағдайын оның дамуындағы елеулі кезең ретінде деп бағалауға болады. Ғылыми психология оның түсінік аппараты мен зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, жаңа мәліметтермен үздіксіз байытып отырады. Атақты ғылыми зерттеуші Д.Палермо пікірінше психология нағыз қызған кезінде болмаса, революцияға дейін әбден жетілген. Мамандардың болжамы бойынша ХХІ ғасыр психология ғасыры болады. Ұлы Альберт Эйнштейн әлдеқайда күрделі дей отырып дүниежүзілік атақты психолог Жан Пиаженің алдында басын иеді.

Біздің Одақтас Республикаларымызда психология ғылымының теоретико-методологиялық,сол сияқты қолданбалы мәслелердің қарқынды зерттеулеріне қажеттілік күрт өсті.

Соңғы уақыттарда бізде көптеген ғылыми зерттеулер жанданып, оқытушылар ата-аналар арасында этнопсихологиялық білімдерді насихаттау көбейе түсуде. Көптеген ғылыми-теориялық және практикалық конференциялар өтіліп, монографиялар таратылып, оқулықтар мен оқу құралдары, бағдарламалар мен әдіснамалық өңдеулер, библиографиялық сөздіктер шығарылуда. Мұндай жоспарды Алматы облыстық “Ұлттық тәлім-тәрбие ассоциациясы” және әл-Фараби атындағы ҚАЗ ГУ-гі этнопсихология және этнопедагогика орталығы мекемесі көптеген жұмыстар атқаруда.

Жалпы сыртқы бейне қуанышты болғанмен, терезеге үңілсеканау айталықұ сәтті деп айта алмаймыз.

Өкінішке орай, біздің Республикамызда психология статусы әліге дейін тереңдей дәлелденбеген. Психологияға тікелей қатысы бар, этнопсихологиялық және рухани-адамгершілік сипаттағы көптеген сұрақтар оның қатысуынсыз шешілуде.

Мысалы: шаруашылық және әлеуметтік құқықтық, техникалық және технологиялық мәселелерге психологиялық экспертиза жүргізілмейді. Сәтсіз жағдайларда мысалы: жол апаттары, құқық бұзушылық, және қымытық істерге психология қатыстырылмайды. Экономика, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, мемлекеттік мекемелер, әскери бөлімшелер, құқық қорғау органдары сияқты көптеген салаларда әлеуметтк психологиялық қызметтер өте баяу дамуда.

Білім беру жүйесінде психологияқандай маңызды роль атқаратындығы, арнайы дәлелдеулерііз-ақ белгілі. Мектепке дейінгі мекемелерден бастап ЖОО-кейінгі оқу-тәрбиелік жұмыс жүйелерінің барлығы психологиялық қамсыздандырусыз мүмкін емес.

Егер Ресей Федерациясында 90-жылдарда 6 психология факультеті қызмет етсе, қазір олар 125 болды. Тек Москвадағана 25 ЖООда психология факультеті қызме,т ететді. Бұл бағытта біздің Білім беру Министрлігіміз, денсаулық сақтау және спорт, жоғары мектептер мен ғылым минисртлігі қандай іс-шаралар атқаруда? Бізге тек Республикамызда ЖОО ның психология кафедрасының жойылғандығы ғана мәлім. Олар педагогика кафедрасымен біріктірілген. Ал орта мектептердегі психологияға кіріспе жайлы айтпасақ та болады.

Біраз уақыттар алдын мемлекеттік орта мектептердегі практик психологтардың жүктемелері қысқартылған.