Базалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға алғы шарт

  1. Іс-әрекет — адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субъектінің өзара қатынасының динамиалық жүйесі.

Тірі материяның өлі материядан, жоғары формалардың төменгі формалардан айырмашылғы – белсенділікте. Адамның белсенділігі өте көп қырлы.

Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, кез-келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъектің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез келген іс-әрекеттің қоздырушы себептері бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады.

Іс-әректтің қоздырушы себептеріне мотив жатады. Мотив – субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив іс-әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

Мақсат – адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде, көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін әуелі адам сол мамандықтың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика жүзінде іске асыру керек.

Қазіргі заман адам әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылданады. Іс-әрекеттің барлық түрін классификациялау мүмкін емес, өйткені адам іс-әрекетінің барлық түрін сипаттау үшін адам қажеттіліктерінің барлығын атап өту қажет, ал адам қажеттіліктерінің саны өте көп. Мұның себебі адамның индивидуалдық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Әрекет – бұл өте ұсақ құрамалардан тұратын күрделі элемент. Осындай жағдай әрбір әрекеттің мақсатқа негізделетінімен түсіндіріледі. Адамның мақсаты әр қырлы ғана емес, сонымен қатар көп масштабты болып келеді. Ірі мақсаттар бар, олар өз алдына ұсақ мақсаттарға бөлінеді.

Әрбір әрекет әр түрлі жолмен орындалады, ол орындау тәсілі операция деп аталады. Әрекетті орындау тәсілі жағдайларға байланысты болады. Әр түрлі жағдайларда бір мақсатқа жету үшін әр түрлі операциялар қолданылуы мүмкін. Жағдайларға сыртқы шарттар мен әрекет етуші субъекті сүскіндіктерін жатқызамыз. Сондықтан іс-әрекет теориясында мақсат міндет деп аталады.

Сөз негізінен екі қызмет атқарады: коммуникативтік, сигнификативтік. Осы қызметтеріне орай сөз тілдесу құралы және ой мен сананың көріну формасы ретінде танылады.

Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында екені баршаға белгілі. Баяндалып жатқан сөзді тыңдағанымызда біздің назарымыз оның мәндік мазмұнына аударылады. Адам тілінің әрбір дара сөзі қандай да бір заттың не құбылыстың бейнесі пайда болады.

Сөздің күрделірек қызметтері бар. Ол арқылы заттарды талдап, олардың мәнді қасиеттерін ажыратып, заттарды белгілі категорияларға топтастыру мүмкіншілігіне ие боламыз. Осыдан сөз дерексіздендіру мен нақтылау құралына айналып, қоршаған дүние заттарына байланысты терңде жатқан байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге қолданылады. Сөздің бұл екінші қызметі“сөз мағынасы” терминімен белгіленеді. Сөзді игеру арқылы нақты заттар араласатын адамзаттың көп ғасырлы тарихында қалыптасқан байланыстар мен қатынастарды танимыз, зерттеп үйренеміз. Сөйлесудің және бір қызметі – комуникативтік өрнектеу құралдары мен ықпал жасау құралдарының бірлігінен орындалады.