Базалық қажеттіліктер (физиологиялық қажеттіліктер)

  1. Роджерс те, Мослоу да адамдардың өзін-өзі жетілдірудегі әлеуеті шексіз деп санағнымен, бұлардың теориясының үш басты айырмашылығы бар. Роджерс – жекетұлға мен оныңмінез-құлқықоршаған ортанықабылдауына байланысты дамып қалыптасады десе, Маслоу адамныңмінез-құлқы мен тәжірибесі қажеттіліктер иерархиясымен реттеліп отырады дейді. Роджерстен бөлек, Маслоуадам феноменалогиясын ерекшелемеген. Екіншіден Роджерс теориясы ,негізінен , психологиялық проблемалары бар адамдармен жүргізген жұмысының нәтижесінде қалыптасқан. Шындығында, Роджерс адамның өзіндік кемелденуіне негіз болатын терапиялық жағдайларға көңіл бөледі және терапиядан алынғандарын жеке тұлғаның жалпы теориясына ендіреді. Ал Маслоу, керісінше, ешқашан терапиямен айналыспаған және, психология өз назарын ауытқулардызерттеуден гөрі психикалық тұрғыдан сау адамдарға аударуы қажет дегенді қадағалап айтып отырған. Сонымен,Роджерс адамдардың  туабіткен әлеуетін жетілдіруге көмектесетін дамудыңнақты формаларын анықтаса, Маслаудың теориясында адамның толық өзіндік кемелденуіне қарайқозғалысын реттейтін даму процестері мүлдем есептелмеген . Оладам өмір сүру желісінің белгілі “күрт өзгеретін кезеңдерінде” қажеттіліктер фрустрациясына ұшырайтынын мойындасада, оның еңбектері,негізінен, тек ересектерге арналған.

Роджерс адамның бүкіл өмірлік тәжірибесін өзіндік кемелденуіне қалайқызмет ететіне байланысты бакғалайды. Родхжерс теориясындағы тірек ұғымдары:өзіндіккемелдену, феномендікбағдар (әрбірадамныңерекшелігіоныңқабылдау ерекшліктерінтікелей байланысты ),субъективтітәжірибенің үстемдігі және

  1. “Мен”тұжырымдамасы.Роджерс бойынша , “Мен” тұжырымдамасы“нақтыМен-ді” және“идеалдыМен-ді”(адамдар қандай болғысы келеді және қандай болуы керек) қамтиды.”Мен” тұжырымдамасының дамуы, негізінен,әлеуметтенупроцесіарқылы

(мәнді басқалар – ата-аналар ,аға-іні, апа-сіңлі,басқа датуысқандар)жүреді. Әрбір адам үшін ең маңыздысы – оны басқалардың түсінуі және жақсы көруі.

Маслоудың гуманистік тұрғысының негізінде жатқан тезис — әрбір адамды біртұтас қайталанбас, ұйымдасқан тұтастықдепқарастыру. Мотивация мәселесі – Маслоудың бүкіл персонологиясындағыеңмаңыздысыболыптабылады, адамдар өздерініңжеке мақсаттарын іздестіруге мотивтелген. Мотивтелген поцестер жеке тұлғаның гуманистік теориясының діңгегі іспетті. Маслоудың айтуынша, адамның қажеттіліктері иерархиялық жүйеге орналасқан, олар реттілігі бойынша:физиологиялық қажеттіліктер;. сақтану және қорғану қажеттіліктері;топ, қоғам мүшесі болуға, махаббат сезімдеріне деген қажеттіліктер; өзін-өзі сыйлау қажеттіліктері; өзіндік кемелдену немесе жеке тұлғалық жетілу қажеттіліктері.

 Маслоудың адам табиғатын зерттеу процесі арқылы ой тұжырымдамаларын төмендегідей сипаттауға болады:

адамдарға денсаулықтықтың , шығармашылықтың , өзін жүзеге асырудың біршама жоғары деңгейіне ұмтылу (тырысу) қасиеті тән;

невроздар өзіндіккемелдену жолындағы бөгет (қоршау) ретіндеқарастырылады;

синергетикалыққоғамның дамуы — табиғи және қажетті процесс. Бұлбарлық индевидуум бір-бірінің бостандығын шектемей, тұлғалық дамудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізетін қоғам;

бизнесжәне тұлғалық дамудың тиімділігі сәйкес болып табылады. Шын мәнінде өзіндіккемелдену процесіәрбір индевидтің өндірістік жетістігініңжоғарылауына әкеледі.

Психологтардың еңбектеріндегі жеке тұлға психологиясына арналған III тарауда Г.Оллпорттың “Личность в психологии”атты еңбегінен және Г.Айзенктің “Структура личности” аттыеңбектерінен жекелеген үзінділер келтірілген.

Адам табиғатына деген көзқарастарды ұсынатынтеориялар негізгі алты көрсеткіш ( снеімділігі; эвристикалық құндылығы; ішкі келісімділігі; үнемділігі ; қамту аймағының кеңдігі; функцияныңмаңыздылығы) бойынша бағаланады.

Жеке тұлға психологиясы — зерттеудіңенді дамып келе жатқан өте жас саласы.Тек соңғы елу жылдыңішінде ғана бұл салада айтарлықтай бағыттар пайдаболды. Болашақты шығармашылықпен зерттеушілер өздерінен бұрынғылардың интеллектіліқазынасына сүйенетін болады.

Адамға қатысты негізгі ғылыми ықпалдардың мәні олардың жаңа зерттеулерге қаншалықты дәрежеде дем беруімен байланысты. Сонымен бірге өзінің ғылыми мәнділіктерін жойып алмау үшін жеке тұлға теориялары жаңа эмперикалық мәліметтердің жиналу шамасына қарай түзетіліп отырылуы керек.

Адамның жеке тұлғалығына қатысты жаңа зерттеуулер негіізгі бес баағыт бойынша жүзеге асады деп шамаланады:

  1. Танымдық процестердіпсихологиялыққызметжасауданбасқа дақырларыменөзара байланысты зерттеу;
  2. Ситуациялық факторлар мен жеке тұлғалық өзгерістердің өзараәрекеттесуі мен олардың мінез-құлыққа ықпалын зерттеу;
  3. Жеке тұлғаның нейрофизиологиялық, биохимиялық және генетикалықегіздерін зерттеу;
  4. Орта жастағы және мосқал адамның жеке тұлғалықдамуын зерттеу;
  5. Адамның тәжірибелі іс-әрекетіне қатысты проблемаларды зерттеу.

Психологиядағы жеке тұлға ұғымы аса күрделі және жан-жақты болғандықтан, Батыс ғалымдарының жеке тұлғаға деген негізгі тұжырымдамаларын қазақ оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік. Бұл көзқарастарды екңес психологтарының тұжырымдамаларымен салыстыра талдау келер күннің еншісінде болар.