Индивид әрекетінің мотиві мен дербестілігіндегі қажеттілік

  1. Адамды әрекетке келтіруші күш қажетсіну. Болмысты бейнелеудің жоғары формаларына ие адамды әрекетке келтіруші нысандар – саналы түзілген бейне не елес, ой не түсінік, идея немесе ізгі мұрат күйінде өрнектелуі мүмкін.

Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі: мотив- бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде моттив – шындыққа сай заңдылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік әрекет қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі (Р.Г.Агеева). қорыта айтқанда, адамның әрқандай қылық-әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты.

Сонымен, адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Бірақ адамда туындаушы және оны іс-әрекетке ойыстырушы қандай да бір мотив көзделген нақты әрекетпен шектелмейді, оның нәтижесінде жетумен адам келесі әрекетке ұмтылады, іс-әрекет барысында моив өзгеруі мүмкін және керісінше, бір тұрақты мотив аясында бірнеше әрекет бірін-бірі ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталған іс-әрекет арасында қайшылық та туындайды. Кейде мотив іс-әрекет жобасынан бұрын қалыптасады, ал кейде кешеуілдейді, осыған байланысты әрекет нәтижесі де әртүрлі болады.

Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құрамы іс-әрекетттің бір бөлігі емес, жеке адамның мотивтік-қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі жүйенің ажыратылмас бірлігі. Мотивтік қажетсіну аймағы жеке адамның өмір бойы қалыптасып, дамып барушы барша түрткілерінің жиынтығын аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп, дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер біршама тұрақты басымдау келіп, адам өмірінің бағыт-бағдар өзегіне айналады.

Мотивтердің қайдан және қалай пайда болатыны жөнінідегі мәселе психологиядағы басты мәселелерден. Мысалы, А.Маслоу мотивтердің негізін бірінен бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен қажетсінулертобы деп біледі, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсіну, сыйластық, абырой қажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асырады. Бірақ А.Маслоу талдауларындағы дара адам әлеуметтік қатынастар жүйесінен тыс, қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған тұлға. Қоғам, ғалым пікірінше, дара адам дамушы мекен, қорошаған орта ғана.

Б.Ф.Ломов, басқа да орыс психологтарының пайымдаулары нақты, әрекетшең дара адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып, сол жүйенің оның санасында бейнеленуіне негізделеді. Б.Ф.Ломов моттитвік-қажетсіну аймағы мәнін (құрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың дамуын түсіну үшін жеке адамның басқа тұлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды қажет деп санайды. Адамның мотивтік аймағының басқа факторлардан тәуелділігін зерттеуде сол тәуелділіктің тікелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемді және сипатты екенін бірде ұмытпау керек. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінен шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның қажетсіну аймағы қоғамдық өмірдің күшті ықпалымен өрістей бастайды (саяси пікір, саясат, этика және т.б.). адамның қажетсіну талаптары қоғамдық құрылымдардың әсерімен де дамиды. Мұнадй құрылымдардың ең қарапайым түрі – нақты тұлға мүшесі болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсінуі көп жағдайда осы қауымның жетегінде болады. Ал нақты адам бір қауымдастық шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерістерге келіп отырады. Осыдан адамның мотив-қажеттіктері оның ішкі жан-дүниелік әрекеттерінің нәтижесі ғана емес, ол әртүрлі адамдар бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бір деңгейдегі қажетсінулерден өзгесіне көшу-адамның өзіндік заңдылықтарынан боламй, оның басқа адамдармен байланыс, қатынастарынан, тұтастай қоғамға араласуынан болатын процесс екенін ұмытпау керек.

  1. Адамның көптеген мотивтерінде өзі араласқан әртүрлі қауымдастықтарға тән қажетсінулер бейнеленуі мүмкін. Осыдан, мотив өте күрделі де ауыспалы құбылыс. Дегенмен, адам қара басына ықпал жасаушы өзінің рухани күштерін (жеке адам мақсттары, мұраттраы, қажетсінулері, өмірлік бағыт-бағдар және т.б) көп жағдайда сезе бермейді. Егер олай болғанда, адам мүлтіксіз өзіндік санаға ие болумен, өзі жөнінде шексіз хабардар болып, өзіне өзі нақ баға берген болар еді. Ал, шынына келсек, нақты адам өзі жөніже өзгелерден кемидеу біледі, басқалардың ол турасында бағасы шындыққа сәйкестеу келеді. Әлбетте, әрбір адам дәл мезеттегі нақты әрекеттерінің тікелей мақсатын айқын сезеді, өз өмірінің бүгі-жігін одан артық ешкім білмейді. Ал таңданғандай жәйт: адам өзінің қандай да бір қылық, әрекеттерінің дәл себептерін көбіне анықтап бере алмайды, не айқын білмейді. Адам әрекеті, қылықтары түрткілерінің көбі оның өзі сезіп білмеген ықпалдар жетегінде жүреді.

Саналық негізге ие болмаған ықпалдардың бірі – психикалық көрсетпе – талаптар. Көрсетпе – талаптар психологияда жеке адамның қандай да қажеттігін қанғаттандыру үшін болған әрекетке өзі сезінбеген дайындық, бейімділік қалпын танытады. Көрсетпе талап, қорытындылап айтқанда, — объекті белгілі бір күйде қабылдауға, түсінуге, мәнін аңғаруға күні бұрын дайын болып, бейімділік танытып, сол саналық дайындықты өткен тәжірибемен ұштастыра әрекетке кірісуге негіз.

Тұрқтанған психикалық көрсетпелер жеке адамның әрекет қылықтарын айқындап отырады. Мұндай көптеген көрсетпе-талаптардың мәнін құрайтын сипат – алдын ала шешеімін дайындап қою – адамның жеке тәжірибесінен алынған асығысты, толық пайымдалмаған қорытындылардың немесе белгілі қоғамдық топта қабылданған сіңірлі пікір – ой стандарттарына бағынышты болуыдың нәтижесі.

Қоғамдық өмірдің әрқилы жағдайларына байланысты көрсетпе-талаптар ұнамды да ұнамсыз да болып, сенім сипатын алуы мүмкін.Көрсетпе талаптар құрылымы үш бөліктен тұратыны зерттелген: когнитивті бірлік – адамның біліп, қабылдайтын затының бейнесі; көңіл-күй – бағалау бірлігі – объектіде болған адамның ұнатуы мен жек көруі;әрекет-қылық бірлігі – іс объекті бағытында қандай да әрекет етуге дайын болу, ерікті күштерді іске қосу.

Мұндай мотивтер қатарына, сондай-ақ, дерексізденген ықпал ниет ретінде құмарлық та кіреді.