Өлшеу шкалаларының типтері

Психологиялық өлшемнің математикалық негіздегі теориясынА.Д. Логвиненко өзінің “Психология ғылымындағы өлшемнің математикалық негіздері” (1993) монографиясында ашып көрсетеді. Қазіргі кездегі эксперименталды психологиялыда шкалалардың төмендегідей негізгі типтері бар.

  1. Атаулар шкаласы
  2. Жүйелі шкала
  3. Интервалдар шкаласы
  4. Қатынастар шкаласы

Бірқатар психолог мамандар бұларға қосымша және екі шкаланы енгізді.

  1. Абсолютті шкала;
  2. Өзгешелікті және айырма шкала;
  3. Атаулар шкаласы – объект атын теңгеру жолымен көрсетеді. Кез – келген шкалада идеализзация шындық модельдер болуы тиіс, әрі әрбір шкала қолдануға жеңіл болуға тиіс.
  4. Жүйелілік шкаласының құрылымы атаулар шкаласының құрылымына қарағанда біршама күрделі. Оның себебі жүйелі шкаласында зерттеу объектісінің көрсеткіші басқа екі объект арасында болады. Мысалы, А> B, B>C олай болса A>C бұл транзитивті қатынастар ережесі деп аталады.

Жүйелі шкала екіге бөлінеді.

  1. Әлсіз жүйелі шкала “үлкен емес немесе тең” және “кіші және тең” деген ұғымдар жиі қолданылады.
  2. қатаң жүйелі шкаласы – мұнда нақты айтқындалған “үлкен емес” және “кіші” деген ұғымдар қолданылады. Былайша айтқанда әлсіз жүйелі шкала біршама өзгермелі, нақты емес жағдайды көрсетеді.
  3. Қатынастар шкаласы – физикада жиі қолданылады. Бұл бір объекті екінші объектіден қаншалықты үлкен немесе кіші екендігіне байланысты, объектілердің қасиеттердің ерекшеліктері туралы мәлімет алудың процедурасы. Ппсихология ғылымында қатынастар шкаласы аса көп қолданылмайды. Сирек жағдайда объектінің салмағын, реакциясының уақытын өлшеу үшін және тестік тапсырмаларды орындау үшін қолданылады.
  4. Интервалдар шкаласы – метрикалық шкала болып табылады. Интервалдар шкаласы арқылы екі объектіні салыстыруға болады. Салыстыру арқылы бір объектіденг екінші объектіге қаншалықты азды – көпті қасиеті сипатталатындығынымен айқындалады. Интервалдар шкаласы көп жағдайда ғылыми зерттеуші, ізденушілер қолданады. Физикада классикалық мысал арқылы қолданылады, яғни бұл шклала температураны өлшеу болып табылады. Интервалдар шкаласы арқылы алынған барлық мәліметтерді талдау жасауға арналған практикалық барлық параметрлер статистикасын қолдануға мүмкіндік береді.

Көптеген психолог мамандар психологиялық өлшем теори ялары бойынша тесттер интервалдар шкалаларының көмегімен психологиялық қасиеттерді өлшейді деп көрсетеді. Мұндағы айтылатын ой психологиялық қасиеттер, соның ішінде жетістікке жету және ақыл – ой тестітест арқылы тиімді өлшенеді.

Көптеген авторлар бұл көзқарасқа қарсы келіп, ақыл- ой тестін интервалдар шкаласына жатқызуға ешқандай негіз жоқ деп көрсетеді. Себебі, біріншіден, әр бір тестте “ноль” бар, бұл дегеніміз, егер сыналушы бірде – бір тапсырманы берілген уақыт ішінде орындай аламаса, индивид ең “кіші” балл алуы мүмкін, екеншіден, әрбір тесте ең үлкен максимум бар, яғни сыналушы барлық тапсырмаларды аз уақыт ішінде орындап, аяқтай алса, ең үлкен максимум балл жинай алады.

Үшіншіден, жеке шкалалар мәні арасындағы өзгешеліктер бірдей емес.

Қорыта айтқанда зерттеудегі 100 % — бен 120 % — дың арасындағы өзгешелікті сипаттаумен 100% бен 80% — дың арасындағы өзгешеліктерді сипаттаудың ешқандай айырмашылығы жоқ.

Басқа шкалалар. Дихотомикалық классификация. Бұл атаулар шкаласы варианттарында қолданылады, яғни объектінің қасиеттерінің көріну деңгейлеріне баға беріледі.

Айырма шкаласының қатынастар шкаласынан өзгешелігі айырма шкаласында табиғи 0 емес, өлшемнің біреулік масштабын қарастырады. Яғни 0 мен 1 масштабының арасындағы айырма бағаны салыстырады. Айырма шкаласы психологияда жұптық салыстыру әдістемесі деп аталады.

Абсолютті шкала қатынастар шкаласын дамытушы құрал болып табылады. Дегенмен, өзгешілігі сол абсолют шкала табиғи біреулік өлшемді ғана қарастырады. Психологияда абсолюттік шкала көмегімен алынған мәліметтер белгілі бір жүйеге жинақталмайды.

Психологияда ординальды шкала логинтервалды шкала, жүйелі маторикалық шкала логинтервалды шкала, жүйелі моторикалық шкала бар. Бұл шкалалар психологияның күрделі салаларында «психиатрияда» қолданылады.

Жоғарыда аталынған барлық шкалалар бір өлшемді шкалаларға жатады. Бұдан басқа көп өлшемді шкалалар да болуы мүмкін. Шкалаларды қалыптастырудың екі варианты болады.

  1. Шкала мықтылығының жоғарылауы;
  2. Шкала мықтылығының төмендеуі.

Бір шкаладан екінші шкалаға өту қажеттілігі туындайтын болса, онда адам өзінің интукциясына эмпирикалық тәсілдерді және объективті емес жағдайды тудыру қажет. Дегенмен көптеген жағдайларда эмпирикалық тексерулер жүргізіледі. Бұл дегеніміз — әлсіз шкала бойынша алынған мәліметтер қаншалықты деңгейде мықты шкалаға қойылатын талаптарға қаншалықты деңгейде мықты шкалаға қойылатын талаптарға қаншалықты қанағаттандыратынын қарастырады.

Психологияда көптеген нақты өлшемдік әдістер қолданылады. Психологиялық өлшемнің тиімді классификациясын С.С. Наповян енгізген. Психологиялық өлшемнің әдістері мынадай әр түрлі негіздерге байланысты жіктеледі:

  1. «Ішкі» мәліметтерді жинау процедурасы негізінде;
  2. Өлшем пәндері негізінде;
  3. Қолданылатын шкала түрі негізінде;
  4. Шкалалау материалдар типтері негізінде;
  5. Шкалалау модельдері негізінде;
  6. Өлшеулер саны негізінде, бір өлшемді немесе көп өлшемді өлшеу;
  7. Аталынған мәліметтерді жинақтау, әдістердің мықтылығы негізінде;
  8. Индивидтің жауап типіне байланысты;
  9. Детерменистік және шындық негізінде.

Психологиялық эксперименттің алғашқы екі негізіне (ішкі мәліметтерді жинақтау процедурасы және өлшем пәндері негізіне) сүйенеді. Көп жағдайда төмендегідей субъективті шкалалық процедурасы қолданылуы мүмкін.

  1. Көлемдік әдіс (рангтік әдіс) зерттелушіге барлық объекті бір мезгілде беріледі және ол өлшем белгісінің көлеміне байланысты жүйеленеді.
  2. Абсоютті бағалау әдісі. Мұнда зерттелушіге объектілер бір – біреуден беріледі. Ал сыналушы ұсынылған біреулік шкала бойынша объектіге жан – жақты баға береді.
  3. Жұпттық салыстру, әдісі. Онда сыналушыға объекті жұп – жұбымен беріледі. Сыналушы әрбір жұп ұқсастық пен өзгешеліктерге баға беруі қажет.
  4. Таңдау әдісі. Сыналушыға бірнеше объектілер беріледі. Ал зерттеушілер белгілі – бір талаптарға сәйкес объектіні таңдау қажет.

Өлшем пәні бойынша әдістер мынадай бөліктерге бөлінеді:

  1. Объектіні шкалалау әдісі;
  2. Индивидті шкалау әдісі;
  3. Объекті мен индивидті бірлестік шкалалау әдістері.

1.Объектіні шкалалау әдістері эксперименттік және өлшемдік процедура контексінде құрылады. Оның мәні сыналушының өзі және сыналушының міндеттері арасындағы қасиеттер сипатымен орындау тапсырмалары болып табылады. Сыналушы өзіндік мінез – құлықты өзінің психикалық ерекшеліктерін көрсету үшін зерттеушінің тапсырмасын орындайды. Былайша айтқанда, эксперименттегі орындау тапсырмалары бағаланады.

2.Индивидті шкалалау әдісі бойынша зерттелінушінің өзі өлшем құраушы функциясын атқарады. Ал экспериментатор сыналушының өлшеніп жатқан объектісінің ерекшеліктерін және өлшем құрамының өзін (индивидті) зерттейді. Объекті мен индивидтің бірге шкалалау әдістемесінің екі моделі бар:

  1. детерменлистік.
  2. мүмкіншіліктік.

Бұл модельдердің мәні объекті де, индивид те көрінген мәліметтер алынған мағлұматтарды өлшем негізінде бір шкалаға бейнелейді. Негізгі детерменистік модельге К. Кумбстың айналдыру әдісі.

Л. Гутманның шкалаграмдық анализі жатады. Мүмкіншілікті модельге латентті құрылымдық анализ жатады.