Экспериментте психолог пен зерттелушінің қарым-қатынасы

Психологияда эксперимен жүргізуде эксперименталды жағдайда автоматты құралдарын ауыстыратын болсақ, ол идеалды экспериментке айналған болар еді. Бірақ психологияда барлық жағдайдаавтоматтандыруға келмейді. Сондықтан экспериментатор субъективті тұлға болғандықтан онда қателіктер, нәтиженің өзгеріске ұшырауы кездесуімүмкін. Бірақ та ол қателіктідұрыстауға түзетугеболады . Мұндай еске алатын нәрсе экспирименталды ситуацияда экспериментатор жүріс-тұрысының тенденциясыбейсаналы түрде сыналушының жүріс –тұрысының өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Сонықтан экспериментатордың жүрі-тұрысы мен іс-әрекеті максималды түрде объективтік болуы керек . Сыртқы жағдайлардың әсерінен қарамастан нәтиже объективті көрсетілуі керек .

Іс-әрекет тұрғысынан алғанда эксперимент сыналушының психикасын зерттеп анықтау мақсатында жүргізілетін іс-әрекет . Эксперимент жүргізуде экспериментатор белсенді болуы керек, мұнда ол сыналушыға зерттеуді ұйымдастырып оған тапсырма береді, сыналушының жүріс-тұрысын жазып, нәтижесін бағалайды және қортынды шығарады .

Әлуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда экспериментатор жетекшініңмұғалімнің,ойында басқарушының ролінатқарады, ал сыналушы болса орындалушының, оқушының, ойынға қатысушыныңжәне бағынушының ролін атқарады.

Экспериментті экспериментатордың іс-әрекеті ретінде қарастыратын болсақ необихевиоризм моделіне сәйкес келеді . Стиумул – аралық уақыттан кейін- реакция , яғни экспериментатор оған сыналушыға тапсырма береді, ол сыналушы тапсырманы орындайды. Егер экспериментатор өзініңболжамына қызығушылығы жоғары болса, онда ол экспериментке бейсаналы түрде субъективті пікірін қосып нәтижесіне өзгеріс енгізуі мүмкін, яғни сыналушыныңболжамбойынша жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Бұл экспериментатордың іс-әрекетін американ психологы Р. Розенталь “Пигмалион” эффектісідеп атаған .Бұл атау грек мифінің негізінде туған .Пигмалион деген мүсінші керемет сұлу Галатея деген қыздыңмүсінінжасайды, ол өте әдемі шыққандықтан Пигмалион оған ғашық болып қалады. Содан кейін құдайдан мүсіннің тірілуін тілейді. Құдайлар оның тілегін қабыл етіп, қыз тіріледі .

Сол сияқты зерттеушіөз болжамының расталуын қалайтын болса, онда ырықсыз түрде оның орындалуына жағдай жасайды . Мұндай жағдайды бақылауға алуға болады, ол үшін зерттеу жүргізуге экспериментатор ассистенттер қатыстырылады ,ол зерттеудің мақсаты мен болжамын білмеуі керек. Н. Фридман экспериментаторлар барлығыбірдей біліктілігі жоғарыжәне объективті емес, мұнда басты мәселе – экспериментаторлар мотивациясының айырмашылықтары. Олар жаңаны тануға тырысқанымен де, олардың танымы, мақсаты, құралдарымен жолдары әр түрлі.

Сондай –ақэкспериментаторлар “идеалды сыналушы”мынадай сапаларды шешуі керек . Олар : тіл алғыш , саналы тез түсінетін, еңбексүйгіш агрессивтіемес болуы керек. Ақылды экспериментатор бұл тек арман екенін біледі. Кейде сыналушының жүріс –тұрысы экспериментатор күткендей болып шықпаса, ол оныңашу-ызасын келтіруі мүмкін. Сондықтан экспериментаторобъективті нәтиже алуы үшін мұндай жағдайларын көңіл бөлмеуі керек .

Сондай –ақ эксперимент жағдайына бейсаналы бағыттар, мимика, интонация эмоционалды т.б. әсер етеді және экспериментатордың сыналушыға берген алғашқы бағыты экспериментке әсер етеді.“Алғашқы әсер” эффектісі зерттеуде әрі қарайғы бағытында өз әсерін тигізіп отырады.

Эксперименттің нәтижесіне бірнеше факторлар әсер етеді :

  1. экспериенттің нәтижесіне экспериментатордың биоәлеуметтік сапалары (жасы, жынысы, нәсілі , мәдени- діни , этникалық ерекшеліктері). Психоәлеуметтік сапалары (алаңдаушылық деңгейі , әлуметтік қолдауға қажеттілігі , агрессивтілік , жаулық , авторитарлық , әлуметтік статус ) . көңіл күй т.б. экспериентті бақылаудың мынадай түрлері бар :
  2. зерттеуді автоматтандыру .
  3. зерттеудің мақсатын білмейтін экспериментаторларды қатыстыру .
  4. Бірнеше экспериментаторды әсерін толық жоя алмаймыз , бірақ та бақылауға алуға болады. Сондай — ақэкспериментатордың обьективтікөзқарасынжетілдірукерек.

Экспериментатордың жеке басы немесе іс — әрекетіндегі негізгі екі мәселені қараған жөн.

  1. қателіктер, яғни эксперимент кезіндегі нормадан еріксіз шығып кету. Мұндай қателіктерді жөндеуге болады.
  2. Эксперимент ситуациясы барысында әсер ететін және санасыз психикалық әрекет бағытына әсер болып табылатын экспериментатордың тұрақты мінез – құлық тенденциясы.

Эксперимент нормасы оны өткізу құрылымы жоғары деңгейде объективті болуы керек. Яғни эксперимент нәтижесі экспериментатордың кәсіби шеберлігіне сыртқы ортаға әсер етпеу қажет.

Экспериментатордың іс — әрекеттік позициясы бұл сыналушының іс — әрекетін өзгерте отырып, оның психикалық ерекшелігін көрсетуге бағытталған, сыналушыға әсер етуші экспериментатордың іс — әрекеті болып табылады. Яғни экспериментатордың сыналушының жұмысын ұйымдастырады, сыналушыға тапсырма береді. Эксперимент нәтижесін бағалайды, эксперименталды жағдайға жетекшілік етеді. Сыналушының іс — әрекетін хаттамаға енгізеді, тіркеуге алады. Әлеуметтік психологиялық көзқарас бойнша экспериментатор жетекші, мұғалім, ойын, инциаторы рөлін, сыналушы, бағынушы, орындаушы, оқушы, ойынға қатысушы рөлін атқарады.

ХХ-ғасырдың 60-шы Американ психологтары эксперимент процедурасы барлық жерде бірдей болғанымен экспериментатордың жеке басына байланысты оның өтуі әртүрлі болады деген көзқарасты айтады.

Ал Фридман осы көзқарасты талқылай келе экспериментатор әртүрлі бақылауды, әртүрлі тіркеуге алады, әртүрлі баға береді деп нақтылай түседі.

Эксперименттің процедурасы бір болғанымен оның өтуінің әртүрлілігі әрбір экспериментатордың өзіндік мотивациясы өзгешеліктеріне байланысты болады. Олардың барлығы сыналушыдағы жаңа нәрсені танып, білуге тырысқанымен олардың сыналушыны тану мақсаттары әртүрлі болады.

Эксперименттің зерттеу объектісі- адам, ал эксперименттің зерттеу пәні – адам психикасы. Эксперимент кезінде экспериментатор мен сыналушының бірлескен іс — әрекетін өзгешелеуге болмайды. Сыналушы тек зерттеу мақсаты мен міндеттерін біліп қана қоймау қажет. Сонымен қатар эксперимент барысында не істеу керек, не үшін істеу керек екенін түсіне білуі керек.

Сыналушының көзқарасы бойынша эксперимент дегеніміз — өзінің жеке проблемаларын шешу үшін экспериментатормен қарым – қатынас жүргізудегі жеке өмірінің бір бөлігі болып табылады. Сыналушы кез келген қарым – қатынаста белсенді болуы мүмкін. Айталық, еңбек, оқу, ойын әрекеттеріндегі адамның белсенділігі, шығармашылық немесе эмоционалдық болуы мүмкін.

Журавлев экспериментті сыналушының іс — әрекеті ретінде қарастыра отырып, оны сипаттау үшін төмендегідей бірқатар жоспарларды көрсетеді:

1.Эксперименттің пәндік сипаттамасы яғни зерттеуге қатысушы адам зерттеуде қолданылатын құрал, сыналушының манипуляциялайтын объектісі, экспериментті жүргізетін жағдайлар зерттеуде пайдаланылатын аспаптар т.б.

2.Функционалдық құрылымы, яғни эксперимент кезіндегі сыналушыға тән әрекет тәсілдері, зерттеудің міндетті түрде компоненттік деңгейі, сыналушының іс -әрекетінің сапасына қойылатын баға талаптары сыналушының іс — әрекетіне немесе эксперимент жүргізудің уақытша сипаты.

3.Белгілі таңбалық эксперимент құрылымы:

а) сыналушының іс — әрекет мақсатымен зерттеу мақсаты жатады;

б) зерттеу әрекеті, ережелері мен тәсілдері жатады;

в) экспериментатормен қарым – қатынасы жатады;

г) зерттеудің мотивациялық құрылымымен танысу жатады.