Арнайы қабілеттер дифференциациясы

  1. Бас миының оң және сол жарты шарларының функциноналды ассиметриялардың ішінен арнайы қабілеттердің пайда болуына ең қажеттісі әлемнің бейнелі және ауызша түсінікті болып бейнеленуі. Сөйлеу орталықтары сол жарты шарларында, ал барлық бейнелік кейіптер (сезім бейнелері, қабылдау, ес, елестету) оң жарты шарларында қамтамасыз етілген. Олай болса біз екі индивид пен яғни сол жарты шарларды және оң жарты шарларды адамдармен жұмыс істейміз. И.П.Павловтың бөліп ұсынған және қазіргі функционалдық ассиметриялар жайлы ілімді ескеріп , сол жарты шарға қарағанда оң жарты шардың толық басымдылық типі, бұл «суретшілер» десек, ал «ойшылдар» бұл оң жарты шарға қарағанда сол жарты шардың толық басымдылық типі. «Орташа» типке «Л-П» қатынасы (левополушарный,правополушарный) орындалады, онда оң және сол жарты шарлар бір-біріне жол бермейді.

Жас ерекшелік және педагогикалық психологияда арнайы қабілет кейбір жағдайларда сол және оң жарты шарлар функциясының бірінің басымдылығымен қалыптасып, пайда бола бастайды. Бұл индивидтің жасөспірім шаққа өт кезеңін көрсетеді. Осы кезеңдерден бастап жалпы мамандандырылған мектептерде жаратылыс және гуманитарлық пәндер бойынша терең және дифференциаланған оқыту жүзеге асырылады. Дифференциациялы пәндерде оқушылардың ұғынуы мен түсінбеуіне байланысты өзіндік симпатикасы мен антипатикасын көрсетеді. Бұндай оқушының ішкі қабылдауы немесе зейінсіздігі оның бас миының оң және сол жарты шарларының функцмионалдық басымдылықерекшелігіне байланысты.

  1. Оң және сол жарты шарлар қызметінің басымдылық деңгейі мен арнайы қабілеттердің көрінулерін оқып үйреніп оларды салыстыра отырып, гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін сәтті меңгеру басымдылық деңгейіне байланысты деген қорытындыға келуге болады. Басымдылықдеңгейіне байланысты әйгілі өкілдерді сол жарты шарлы немесе оң жарты шарлы деп бөліп көрсетуге болады. Зеттеулер нәтижесі толық сол жарты шарлар басым болған жағдайда біз таза гуманитарлық типтермен, ал оң жарты шарлар басым болғанда жаратылыс типтерімен жұмыс жасаймыз.

Кесте. Индивидтің оқу барысында бас миы жарты шарлар қызметінің толық басымдылығы қызметінде симпатиясының көрінуі

Басымдылық типі
 Л >> П Л<< П
Мектепте ұнататын пәндері Мектепте ұнатпайтын пәндері Мектепте ұнататын пәндері Мектепте ұнатпайтын пәндері
Тіл, әдебиет, шет тілі Математика, физика Математика, физика Тіл, әдебиет, шет тілі

Адамдарды «физик» немесе «лирик» деп бөлуі дұрыс өткен. Келтірілген кестеде мектепте өтілген барлық пәндер емес тек ұнататындары мен ұнатпайтындары келтірілген. Егер жалпы мамандандырылған мектеп бітірушілеріне барлық пәндерді 2 бағанаға (ұнайды, ұнамайды) бөл десек, онда бөлу (жіктеу) операциясы сол және оң жарты шарларфункциясының басымдылығына сәйкес орындалады. Репрезентативті іріктеуде жүргізілген зерттеу ортастатистикалық оқушыда жалпы пәндер бойынша санының коэффицент мәні 0,5 мағынасына жақындау көрсетеді. Бұл таным белсенділігінің көрінуіжалқаулық пен емес арнайы қабілеттердіңмидың оң және сол жарты шарларының арасындағы қызметтік байланысына нақты тәуелділігімен шектелетіндігі жайлы айтады. Басқаша айтқанда арнайы қабілеттердің көрінуіқарапайым қамтамасыз етілген іріктелген сипаттамаға ие.

Табиғат жаратылысында таза сол жарты шарлы немесе оң жарты шарлы тип болмайды. Таза жарты шарлыны тек бір жарты шардың толық тоқталғанында ғана байқауға болады. Әрбір индивидте таным белсенділігін қамтамасыз ету үшін біздің әрқайсымызға тіршілікті бейнелі және ауызша деңгейде елестетуге мүмкіндік беру үшін бір уақытта екі жарты шарда қатар жұмыс істейді. Сондықтан арнайы қабілеттердің көрінуі сол және оң жарты шарлардың бірінің басымдылығымен анықталады. Басымдылық деңгейі жағдайға байланысты жарты шарлардың функционалды күштілігімен аталуы мүмкін. А.С.Пушкин кемеңгер ақын ретінде танылса да, оқу барысында математикаға қабілетсіз екендігі мәлім болған.Осындай жай салыстырулардан А.С.Пушкинде оң жарты шарға қарағанда сол жарты шардың күштілігі жайлы қорытынды шығаруға болады. Ал И.П.Павлов керісінше оң жарты шарлы болған, онда жаратылыстану ғылымдарына бағытталған таным белсенділігі байқалған. И.П.Павловтың асқорыту механизмдерінің физиологиялықзерттеулері үшін нобель сыйлығына ие болды. Павлов пен Пушкинде таза холерик типіне жақындау, дегенмен Павловта арнайы қабілеттің көрінуімен байланысты сол жарты шарға қарағанда, оң жарты шардың басымдылығы байқалған. Жиналған мәліметтерге қарағанда таным іс-әрекетінде арнайы қабілеттердің пайда болуы индивидте сол және оң жарты шарлар функияларының толық немесе жартылай басымдылығы арнайы қабілеттер жиынтығы ретінде көрінеді.Сонымен сол жарты шарлар қарқындылығының басымдылық негізінде тілдік, лингвистикалық, әдебиеттік, поэтикалық, журналистке қабілеттілік, тарихи, философиялық, заң ғылымдарына қабілеттілік қалыптасады. Ал оның жарты шарлар қарқындылығы басымдылығымен математикалық, физикалық, биолгиялық, химиялық, медициналық ғылымдарға деген қабілеттілік қалыптасады. Сонымен қатар оң жарты шардың көбірек қарқындылығы суретшілік және музыкалық қабілеттердің дамуына жақсы жағдай жасайды.

Кейбір жағдайларда басмиының оң және сол жарты шарлары қарқындылығының жоғары деңгейлілігі бірдей индивидтерде кездеседі. Мұндай индивидтер гуманитарлық бағытта да, жаратылыстануда да сәтті әрекет етіп меңгере алады немесе оң және сол жарты шарлар функциясының қамтамасыз етуімен арнайы шығармашылық қабілетке ие болады. Атақты суретші, мүсінші Микельанджелода үлкен поэтикалық қабілеті болған. Ал М.В.Ломоносовта жаратылыстану ғылымы мен поэтикалық қабілеті көрінген.Суретшілік және поэтикалық қабілеті байқалған Тарас Шевченконың бас миының үлкен жарты шарларын төтенше қарқынды деп айтуға болады. Бірақ бұндай индивидтер адам болмысында өте сирек кездеседі. Сондықтан, арнайы қабілеттердің жалпы ақыл-ой қабілетінсіз жалпы шамада дами алмаитынына да назар аударуымыз қажет.Бұл жағдайда Г.С.Костюк, С.Л.Рубинштейн және тағы басқа психологтар қолдаған.Егерде индивидте жалпы ақыл-ой потенциалы жоғары және таным мен түсінікте жүзеге асырылса , онда іріктеу бағыттарының жүзеге асырылуыарнайы қабілеттермен анықталады, онда оң-сол жарты шарлы асиметрия болады. Мысалы алтын медальмен бітірген мектеп бітірушілері университетке түсуге келеді, бұлар шынында ақыл-ойы қабілетті субьекттер. Бірақ біреулері дене тәрбиесі факультетіне, тағы біреуі математикалық, тарих, заң факультеттерін таңдайды. Жалпы ақыл-ой қабілеттері бірдей бағаланған (алтын медальмен), ал іске асыру бағытта ры әр түрлі. әртүрлі бағытта болуы, біріншіденарнайы талаптарымен, екіншіден мұғалімнің өзінің өзіндік жалпы және арнайы потенциалымен іздену бағыттары мен іске асыруға белгі беруімен (немесе үгіттеуімен) байланысты. Жалпы және арнайы қабілеттер мен талаптар қатынас аясындағы талант, дарындылық, данышпандылық түсініктерін де қарастыру қажет. Дарындылықтан кейде ерте онтогенез кезеңіндегі жалпы және арнайы қабілеттер көрінеді. В.А. Моцарт музыканы 5 жасынан бастап жазғаны,А.С.Пушкин өлең жазуды 7 жасынан бастағаны , Гаустың 6 жасында математикаға қабілеті байқалғаны , атақты психолог Жан Пиаже 6 жасында альбинос торғайының әрекетін жазып ғылыми жарияланымға ие болған.

Әртүрлі іс- әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік, дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деігейі анағұрлым жоғары.

Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылданаалу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды. Америкалық психологтар дарынды балалар іс-әрекетіне тән бірнеше белгілерді көрсетті. Олардың ішінен қоршаған орта құбылыстарыныңарасындағы себеп-салдарларын анықтауға тырысу, ойыншықтардың қалай ұйымдастырылғанын анықтауға құмарлығы, бейнелі нәрселерді елестетуі, күрделі ойындарға еліктегіштігі және де өлім, ол дүниелік өмір, ғарыштағы өмір, жоғары сезімталдылықсияқты көріністер, құбылыстар жайлы көп ойлану және тағы басқа нышандарды (белгілерді) көрсетуге болады.

Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялық құбылыс талант. Талант сөзінің төркін мәні ежелгі грек қамуымында бай манап өзі жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп еріншек құлына беретін күміс ақша бірлігі-талант аталады екен, ақылдан жұта құл оны алудан, пайдалы айналымға жіберудің орнына, топыраққа көміп жасыратын болған. Осыдан халықда «Таланты құм болды», «Таланты көмілді» деген ұғымдар сақталып қалған.Қазіргі күнде талант арнайы қабілеттердің жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Қабілеттер сияты таланта іс әрекетте көрініп, өрісейді. Талантты адамныңқызметі өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажыратылады.

Талант жеке адамды қоғамға әйгілі ететін және қоғам мойындайтын дарындылығының болуы.

Талант – көптеген қабілеттердің байланысы, бір тұтастығы. Өте жоғары дамыған бірақ оқшауланған бір қабілет талант дәрежесіне көтеріле алмайды.

Қабілеттердің даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейі данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із қалдырған адам ғана данышпан бола алады. Жеке адам данышпандылығы заңдылықтарды танудың жаңа жолдарын жасауда, ғылымға өзгеріс енгізу талаптарын орындауда көрінеді. Данышпандылық тарихпен байланысты сондықтан, оларға негізін салушылар тұжырымдаған бірақ, оған сәйкес шешім таппаған талаптарды шешуге беріледі. Сондықтан дарынды талантты жеке адам данышпан ретінде, адам болымысының тарихи қарқынында анықталады.