Конститутционалды және гуморальды темперамент теориялары

Индивид мінез-құлқында көрінетін психикалық динамикалық қасиеттердің жиынтығы, пайда болу жылдамдығы мен сезім күшінде және адамның жалпы қимыл қозғалысында көрінетін жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы темперамент деп аталады. Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысыөзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарынтабуға бағытталған жөн. Адам ежелден –ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері беп атаған. Темпераменттің бұл бірігімдік (типологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады. Темперамент латын тілінен аударғанда «temperamentum» бөліктердің ара қатынасы дегенді білдіреді. Бөліктердің ара қатынасы деген атауды, темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелг грек дәрігері-Гипократтың көзқарастарын зерттеуші, римдік дәрігер Клавдий Гален енгізген. Гиппократтың өзі психикалық қасиеттер жиынтығын бөліктер қатынасына тиісті қоспа ретінде «красис» деп атады. Гиппократ индивидтер психика құрамының айырмашылықтарын түсіндіру үшін іс-әрекетте психиканың көрінуі адамның организміндегісұйықтық қоспаларына байланысты деді. Оның тұжырымы бойынша темперамент типтері «дене шырындарының» яғни, қан, шырыш, өт, запырандардың өзара қатынасында, бірінің басымдылығына байланысты деді. Егер организмде өт басым болса холерик, шырыш басым болса флегматик, қан басым болса сангвиник , ал запыран басым болса мелонхолик болады деген. Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгіжүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.

Қазірге дейін темперамент типтерінің атаулары психологияда сақталып қалды, ал Гиппократ Гален ілімдері гуморальды темперамент теориясы атауына ие болды.

  1. Ресей физиологы И.П.Павлов «грек данышпаны» атаған Гиппократ мұраларынабірнеше рет қайта ораламыз.

XX ғасырдың басындағы зерттеушілер де темперамент қасиеттерінің қалыптасуы дене құрылымына байланысты дегентүсінік болды. Индивидуальды дене құрылымына байланыстыайырмашылықтардыңконститутционалдық теориясын қарастырған зерттеушілердің бірі неміс дәрігері Э.Кречмер болды.

 «Дене құрылымы және мінез-құлық» деп аталатын өзінің кітабын әр адам дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктерге ие деген ойын қорғап қалу үшін басып шығарды. Осыдан дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеудет.б) сыртай өлшемдерін байланысты төрт конститутционалды психикалық тип белгіленген

  • Лептосоматик –бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын сидиған.
  • Пикник – мығым, семізшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
  • Атлетик –бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
  • Диспластик –(дис –нашар,пластик –қалыптасқан) дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әр-қилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар(сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер)

Сонымен қатар Кречмер тағы бір «белгісіз» (анықталмаған) дене құрылым типін атап көрсетті. Ауытқуларды қарастыруда пихиканың патологиялық жағынан көрінуін дене құрылымына байланысты анықтады.

Лептосоматик шизотомик темперамент типіне бейімделген, пикник циклотомик темперамент типіне бейімделген. Оның мінезі желікпе депрессивті психоз ауруына жақын(циклотомик) Атлетиктер эпилепсияға бейімділігімен көрінеді(иксотомиктер)

Шизотомик (лептосоматик) –дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмрциялары ауыспалы, тұрақсыз талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемделуі қиын.

Иксотомик –денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдылығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті баяу, көбіне майдашыл.

Циклотомик— семізшең , домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарасты шындықтан ауытқымайды.

Конститутционалдық теория Батыс Европада кең қолдау тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У.Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерін айыруда ұстанған принципі-адам дене құрылымы, ал енгізген жаңалығы эмбриологиялық белгілер.

У.Шелдон өз зерттеулерінде темперамент типтерінде көрінетін соматотиптіанықтау жолдарын атап өтті. У.Шелдон адам организміндегі жүйелерді 3-ке бөлді: ішкі, бұлшық ет жүйесі және орталық жүйке жүйесі. Қайсы жүйе болсада айқындалу деңгейін балмен жазып отырады. У.Шелдон дене құрылымына байланысты 3 мінез типтерін бөліп көрсетті:

Висцератоник (7-1-1)

Соматотоник(1-7-1)

Церебротоник (1-1-7)

Жақшаның ішінде әрбір жүйенің айқындалуы баллмен корсетілген (максималды мәні 7 балл, минималды 1 балл)

Психиканың даму шамасында (ережесінде) Э.Кречмер келісімімен лептосоматик (Шелдондікімен церебротоник) темперамент қасиеттерімен көрінуі мелонхолик типін еске түсіреді. Пикник (Шелдондікімен висцеротоник) темперамент қасиеттерінің көрінуі сангвиникті, ал атлетик (Шелдондікімен сомататоник) темпераментпен холерик типін көрсетеді.

Кречмер Шелдон типологиялары көпшілік психиатр , дәрігер, психологтар арасында табысқа жеткенімен бәрібір кейінгі сындарда (критический) қаралуда. Ең алдымен конститутционалды тип пен іс-әрекет типінің сәйкестілігін қарастыруда темперамент қасиеттері емес мінез-құлық қасиеттері қолданылған. Э.Кречмердің негізгі жұмысының атауына көңіл аударайық. Әрине жеке адам мінезінде тәрбиенің әсер етуімен көрінетін қасиеттер пайда болады. Оның негізгі 3 типтері адам денесі конститутциясының көптүрлілігінің «фокусталған нүктесі» екендігін құптады.

Конститутциондық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымдарында өткір сынға алынды. Бұл теориялардың негізгі кемшілігі- тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуі. У.Шелдон теориясын сынға алған Я.Стерляу былай жазады: «Адамның тамаққа әуес болуы, ұжымшыл не қайырымды болуы сияқты темпераменттік қасиеттері оның дене құрылымындай нәсілдік белгі емес, мұндай қасиеттер анатомиялық-физиологиялық негізге ие болғанмен тәрбие және әлеуметтік ортада ғана қалыптасады»