Дифференциалды психолгия пәні және зерттеу әдістері

1.Адамдардың ішкі және сыртқы айырмашылықтары әртүрлі болып келетіедігі бізге ертеден белгілі,олардың бет пішіні 10 шақты бөліктерден тұрсада мыңдаған келбеттер ішінен бір-бірінен ажырата алмайтын екі жүзді көру өте қиын. Адамдар бет жүзінің құрылысы немесе дене құрылымымен ғана емес, олар мінез-құлқымен, іс-әрекетімен, қылықтарымен, талап тілектерімен, өмірге деген көз қарасымен де ерекшеленіп тұрады. Әр адам әртүрлі тарихи, қоғамдық және мемлекеттік ортада, әр түрлі жағдайда өмір сүреді. Бұның бәрі адамдардың индивидуалдық ерекшеліктерінің әр түрлілігімен байланысты. Адамдар бір-бірінен ерекшеленіп қана қоймайды, олар бір-біріне ұқсас та келеді. Әр адамның психикалық (жан қуаты) құрамында таным процестері болады. Олар түйсік, сезім, қабылдау, ес, ойлау, қиял. Таным процестері адамның қоршаған ортаға бейімделубарысында көрініп отырады.

Психиканың құрамында таным процестерінің болуымен біз біреуге ұқсас, ал осы процестердің мінез-құлықта көрінуімен бір басқалардан айырмашылығымызды байқаймыз.Әрбір индивидтің психикасында біз оған қай жағымызбен ұқсаспыз, айырмашылығымыз қандай немесе біз неге ұқсаймыз деген сияқты ойлар болады.

Адам психикасының мінез-құлқындағы индивидуалдық ерекшеліктері сапалы деңгейде екендігі антикалық зерттеулерден белгілі, ал сандықдеңгейдегі айырмашылығыВундтың лабораториясындағы психикалық процестердің эксперименталды зерттеулерінен айқын болды. Сандық деңгейдегі жазылуын дифференциалдық психологияның бастамасы деуге болады. Бірақ психология тарихы тұсында дифференциалды психологияны негіздеуші англиялық ғалым, сенсорлық сезім деңгейінде адамның индивидуалдық айырмашылықты өлшеу үшін Королевский лабораториясын бірінші болып ұйымдастырған Френсис Гальтон болды.

 Сөйтіп дифференциалды психология жалпы психология саласы ретінде индивидуалдық айырмашылықтардың сандық жазылуына назар аудара отырып эксперименталды психология тұсынан көрінуге мүмкіндік алды. Дифференциалды психология психикалық зерттеулер аумағы ретінде субьекттің индивидуалдық айырмашылықтары жүйесінде мінез-құлқын, іс-әрекетін, қылығын, ақыл-ой және қабілеттерін зерттейді. Сондықтан ең алдымен дифференциалды психология адамдар психиасындағы индивидуалдық айырмашылықтар жайлы ғылым әлемдік (дүние жүзілік) психологтар деңгейінде индивидтің айырмашылықтарын зеттеу үлкен мәнге ие болып отыр. Варшова университетінде профессор Ян Стреляу жетекшілігімен индивидтердің айырмашылықтары психологиялық секторы жұмыс жасауда , Ран психикалық институтында (г.Москва) дифференциалды писхофизиологиялықлаборатория ашылды(жетекшісі профессор Русалов В.М). Лондондық психиатрия институтында Айзенк негізін салған «Индивидуалды және жекелік айырмашылықтар» атты журнал шығарылуда, редакция мүшелері атақты психологтарА.Дженсон (АҚШ),Ян Стреляу (Польша) және басқа да дифференциалды психология аумағындағы мамандар.

К-реакция қозғалыс,іс-әрекет,қылық, 8-стимул(ынталандыру) тітіркендіргіш, Р-өзіндік психикалық қасиетке ие индивид. Дифференциалды психология аумағына психодиагностикалық әдістің негізгі принципиалды схемасы енгізілді. Бұл әдістің мәні мыналарды құрайды. Егер тітіркендіргіш пен индивидке әрекет етсе онда оның реакциясы тітіркендіргішінің модальдылығына (яғни сөздің шындыққа қатынасын көрсететін грамматикалық категория) байланысты. Сонымен қатар өзіндік психикалық сыртқы реакцисының көрінісі индивидтің өзіндікпсихикасының құрамына байланысты болады. К=Г(8) тәуелділігі экспериментальды психология аумағында анықталды, ал дифференциалды психология аумағында зерттелушіні К=Г(Р) тәуелділігі қызықтырады , тітіркендіргіш (8) өзгермейді, ал зерттеуші (Р) индивидтер түрлерін өзгертеді.Әдістің орындалуы эксперимент талаптарына сәйкес немесе қосалқы әдістерді (тест,сұрақ-жауап) қолданумен жүргізілуі мүмкін.Қосалқы әдістердегі сұрақ-жауап жәнетесттер яғни оған кіретін сұрақтар мен тапсырмалар стимуль ролін атқарады. Сұрақтар мен талаптар екіге бөлінеді, яғни “А тип” және “В тип”. “А типті” тапсырмаларға дұрыс жауап беру керек, ал «В типті» тапсырмаларда дұрыс жауап болмайды. «А типті» тапсырма интелект, қабілет дифференциациясына қолданылады. «В типті» тапсырмаларды индивидтің темпераментінанықтауда ұолданылады. Зерттеу методикалары вербальды (сөз арқылы) және вербальды емес (мимка, пантомимка арқылы) болып бөлінеді. Вербальды зерттеу сөз арқылы зерттеу және есте сақтау мен қиялды қажет етеді. Ал вербальды емес зерттеу субьекттің сенсорлы-перцептивті және мотролы мүмкіндікті қажет етеді, бұл зерттеу көбіне аппаратура арқылы өткізіледі. Кейінгі таңда компьютерлердің көмегімен психолог өз уақытын үнемдейді. Ал вербальды зерттеулерге: диалог, сұхбат, әңгімелесу, яғни субьектпен тікелей сөз арқылықарым-қатынас жасау.

Кез-келген зерттеу психодиогностикалық түрде қатаң ұйымдастырылған болуы керек, яғни оның сенімділігі тұрақтылығы, валидтілігі (ауыспалылығы) тексерілуі керек. Ал зерттеулердің қорытындысы матрица, корреляция коэффиценті және квадраттық ауытқулар түрде бағаланады.