Кәсіпті таңдау тесті (Голланда әдісі).

Бланкіде әртүрлі мамандықты парлап келтірген. Олардың аттарын жақсылап қарап шығыңыз. Егер сіз мамандықтың немен шұғылданатынын білмесеңіз, онда жүргізілетін тестке көңіл аударуыңызға болады. Әр пардан өзіңіз жоғары бағалаған мамандықтың біреуін алыңыз. Мысалы: 1-парда (1Р инжинер-технолог-1И конструктор) сіз конструктор жұмысын ұнататын болсаңыз, онда өзіңіздің қағазыңыздағы 1 цифрының қатарына «И» әріпін жазыңыз. Қалған барлық мамандықтар солай жалғаса береді.

Инженер -технолог Конструктор
Тоқушы Тазалық жөніндегі дәрігер
Аспазшы Әріп теруші
Фотограф Дүкен меңгерушісі
Сызбасызушы Дизайнер
Философ Психиатр
Ғалым химик Бухгалтер
Ғылыми журнал ректоры Адвокат
Лингвист Көркем әдебиет аудармашысы
10С Педиатр 10К Статистик(театрда)
11С Сыныптан тыс жұмыстаржөніндегі    орынбасар 11П Кәсіподақ комитетінің төрағасы
12С Спорт дәрігері 12А Фельетонист
13К Нотариус 13П Жабдықтаушы
14К Перфораторщик 14А Карикатурашы
15П Саяси қызметкер 15А Жазушы
16Р Бағбан 16И Метеоролог
17Р Трамвай жүргізуші 17С Фельдшер
18Р Инженер-электронщик 18К Секретарь — машинист
19Р Телеоператор 19П Режиссер
20Р Бояушы сырлаушы 20А Металл  бойынша суретші
21И Биолог 21С Бас дәрігер
22И Гидролог 22К Ревизор(налог инспекторы)
23И Зоолог 23П Бас зоотехник
24И Математик 24А Архитектор
25С Полицияның балалар бөлмесінің қызметкері 25К Есепші
26С Мұғалім 26П Отряд командирі
27С Тәрбиеші 27А Балшықтан бұйым жасау жөніндегі суретші-кирамикашы
28К Экономист 28П Бөлім меңгерушісі
29К Корректор 29А Сыншы
30П Шаруашылық меңгерушісі 30А Дирижор
31Р Радиооператор 31И Ядролық физика маманы
32Р Жөндеуші 32К Монтажшы
33Р Агроном-тұқым себуші 33П Кооператор төрағасы
34Р Тігінші-қиюшы 34А Декоратор
35И Мұражай ғылыми қызметкері 35С Консультант
36И Археолог 36П Сарапшы
37И Ғалым 37А Актер
38С Логопед 38К Стенографияшы
39С Дәрігер 39П Дипломат
40С Психолог 40А Ақын
41К Бас бухгалтер 41П Директор

 Қорытындысын өңдеуге зерттелушінің таңдаған әр парының бірдей әріптер саны есептеледі. Жазылған сәйкес әріптер цифра келесі схема бойынша мысалы:

РИСКПА 1 7 6 5 2 12

Р-әріпі-реалистик типті. И-интелектуалдық типті, С-әлеуметтік типті, К-конвенциялық типті және А-артистік типті білдіреді.

Ары қарай көп балл жинаған әріптер таңдалады. Жеке адамның нақты моделі А(12балл), И(7баллға ) қатысты, рет-ретімен С,К,Р,П жалғаса береді.

  1. Қорытындыны интерпретациялау.

Голланді-ші 3 типке ерекше зейін аударады. Формуланың соңғы компаненті тесттің әлсіз жағын сипаттайды, жеке адам қасиетінің күшті жағы -негізгі типтер, кейбір қарама-қайшы (интелектуалды және тапқыр, реалистік және әлеуметтік конвенциялык және артисттік) типтер.

Голландық көзқарас бойынша мамандық тұжырымдамасында кәсіптік қанағаттанушылық тұрақтылык т.б. ең бірінші кезекте жеке адам типінің кәсіптік ортасына байланысты дейді. Мамандық өкілдері-біркелкі тұлғалар. Әр мамандық өзіне адам тартады, тұлғаның жалпы көзқарасын, қабілетін бейімдейді және т.б. Әр мамандыктың топтағы мүшелері анық ұксастыққа ие болады, көп жағдайларда олар жеткілікті бірдей шамада сезіне алады, өзінің мінез-қүлқын ортаға икемдейді. Мұндай жағдайда, адамның кәсіптік ортасына қоршаған орта модельінен занды бекітілуі керек. Адамдар өз ортасын, мамандығын, өзінің толық бағдарымен мақсатын, өздері қызықтыратын проблемаларды табуға ұмтылады. Голланд бұл типтерді кең схемада көрсетеді: мақсат, құндылық Мен-бейне, білім беретін жэне кәсіптік мақсаты, қалаған мамандығының ролі, қабілеті, арнайы дарындылығы. Табысқа жетудің нактылығы мен жеке түлғаның дамуы, өмірлік жолы. Бұл түсінікке қысқаша сипаттама береміз.

  1. Жеке адам типінің сипаттамасы.

Реалисттік тип. Қоршаған ортада физикалық және элеуметтік мақсаттар мен міндеттерді және құндылықтарды таңдайды. Ол нақты істермен және оларды пайдаланудағы құндылығымен шұғылданады: заттар, инструменттер, аңдар және машиналар. Ол абстрактілі ойлаудан, әлеуметтік қарым-қатынаста өзін алыс ұстайды. Бұл ер адам типі: асоциалды, эмоционалды тұрақты, заманына қарай бейімделе алады. Ол ұжым мүшесін немесе қатысушыны жоғары бағалайды, өзі басқарушы роліне жоламайды. Моторлық қабілеті мол, физикалык ептілігі жоғары, нақты кәсіппен айналысқанды жөн көреді. Олар мынадай мамандыққа жиі барады: техник, инженер, электрик, аграном, бағбан, жүргізуші және т.б.

Бұл типтер көбнесе математикаға жақын, Ауызша сөзге жоқ психомоторлық, арифметикалық жэне жазбашаға қабілетті. Ол негізінен техника және спорт саласында көп табыстарға жетеді. Бұл тип өкілдері өмірге жай көзқараспен қарай алады. Шешім қабылдауда басқаларға тәуелді.

Интеллектуалды тип. Қоршаған орта проблемасын шешумен айналысады, адамдарға қол ұшын бере алады. Тұлғаның ақыл ойы таңдамалығымен, ұғымдылығымен, тәуелсіздігімен интровертиптілігімен ерекшеленеді. Ол сыншыл қызыққыш Қиялдауға және тануға қабілетті. Олар ғылыми тұрғыда мпмандықтарды тандайды: ботаника, астраномия, физика,математика, ғылым жәнет.б. Олардың ауызша және ауызша емес қабілеттері бірдей дамыған Ақыл ойы нақты, шығармашылық ғылым саласында жетістікке жете алады. Әлеуметтік және моторлық дағдылары бірдей дамыған. Өмірге көз-қарасы конпирсивті, ол ешкімге тәуелсіз, өз бетімен әрекеттенуі жоғары деңгейде қалыптасқан.

Әлеуметтік тип. Қоршаған орта мен байланыс орнату үшін өз алдына мпқсат міндеттер қояды. Ол өзінің дағдысын дамыту үшін басқа адамдардың мінез-құлқындағы өзгерісін, білімін пайдаланады. Бұл тип қарым-қатынаста айрықша әлеуметтік ептілікті меңгеруді қажет етеді. Бұл саладағы өкіл өзінің әлеуметтілігімен, тәрбиелеуге қабілетгілігімен, адамгершілігімен, нәзіктігімен, исихологиялық көңіл-күйімен ерекше көрінеді. Проблемалы сұрақгарды шсшуде интеллектуалды ресурстарға қарағанда эмоциясына, сезіміне көп сүйенеді. Бұл типтегілерге элеуметтік және этикалық проблемаларды тапсыру құндырақ. Бұл типтегілер үшін оқу және емдеу дәрігер, мұғалім, психолог, кеңесші және т.б. Әлеуметтік тип «Ер адам » роліне жоламайды, моторлы дағдылармен механизмдермен шұғылданады. Олар ауызша сөзге өте бай, бірақ математикалық қабілеті өте төмен. Мұндай адамдар басқару саласында, өнер жэне оқыту саласында табысқа жетеді. Емдеумен айналысады, оқыту жэне басқа да әрекеттерді күреспен жеңіп алады.

Конвенциялық тип. Қоршаған ортада қалыптасқан дәстүрлер мен әлеуметтік және физикалық кұндылықтарды, мақсат-міндеттерді таңдайды. Бұл типтегілер проблемаға стереотивтік, практикалық және әдептілік көз қараста қарайды. Кейбір кездерде керітарапта, қайтпас жэне сенімді. Мінез-қүлқы иассивті ол кұрылымды іс-эрекеттермен айналысқанды ұнатады: машинопис, бухгалтер, экономика. Оған сөйлеу және нактылықгы талап ету мамандықтары ұнамайды. Конвенциял типтегілер ауызша сөзге жоқ, керісінше есеп-қисапқа жақын. Ол шешен немесе жетекші бола алмайды. Шешім шығаруда басқа адамдарға, тәуелді өмірге қарапайым көзқараста қарайды.

Тапқыр тип. Белсенділік қызбалыкты, кұлшынысты, ынта-жігерді талап ететін міндетгер мен мақсаттарды тандайды. Ол өзін бағалайды, өз-өзіне сенімді жэне агрессивті. Бұл түлғалар мойындауды үлкен қажеттілік деп санайды. Өзініңқажеттілігін яғни «ер адамға » тән басқарушы ролін қанағаттандыратын: меңгеруші, директор, телерепортер, сатушы, артист, журналист, дипломат және т.б. мамандыктарды ұнатады. Бүл типтегілердің мінез-кұлқы өте кең сферадағы іс-эрекеттерді орындайды. Олар үшін шектеулер, ассоциялды, қол жұмыстарын жэне шыдамдылыкты талап ететін

жұмыстар тиымсыз.

Артисттік тип. Қоршаған ортамен қарым-қатнаста көркем бейнелерде көру үшін өз сезіммен эмоциясын интуициясы мен қиялын пайдаланады. Проблеманы шешуде өзінің қиялымен талғамы арқылы іс жүзіне асырады. Өзінде пайда болған проблеманы шешуде өзінің субективті әсерімен фантазиясына сенеді. Өмірге көз-қарасы қиын шешім қабылдауда тэуелсіз қатал. Интровертивті жэне нақтылы ол эстетикалық құндылыкты бәрінен жоғары қояды. Көркем шығармашылыққа ұмтылады. Артист шығармашылық мамандыкты ұнатады: музыка, сурет, әдеби шығарма, фотография жэне т.б. Оған «ер адам» кәсібі ұнамайды, мысалы спорт, машина жөндеу жэне т.б. Оның негізгі жетістігі өнер саласы бұл нағыз нақтылы тип. Оның шығармашылығында ең бірінші кезекте айқындық басым. Артистгік типтегілер ауызша қабілеттерге бай келеді. Оларда өнердің ірі жетістіктерін түсіну, қабылдау, үғыну қабілетгері мол.

Артист өнерді қоршаған ортадан алады жэне оның орнын толтыра алады шығармашылық дарынын дамыта алады; ол өзін сыйлатуды және мойындатуды қамтамасыз етеді. Ол көп адамдардан қарым- қатынаста болудан өзін алыс ұстайды. Бұл артисттерге көп пайда әкеледі, шығармашылыкты дамыту үшін олар конвенциалды дэстүрден өздерін босату қажет, оларға еркіндік және еркін ойлау керек. Оларда өмірлік идеал жоғары болуы керек, яғни жас қалпын сақтауға ұмтылуы қажет. Барлық адамдарда 6 типтің бәрі кездеспейді. Типтің негізінде жеке адамның моделі (кұрылымы) бейнеленген.