Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу әдістері

: баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау.

Бұл әдістеме көмегімен баланың өз зейінін ұзақ уақыт бір әрекетпен шұғылдануға жинақтай алуы, оған қосымша стимулдық материалдар (ойын, көрнекіліктер) қолданбай танымдық қызметін ұйымдастыруға болатындығы анықталады.

Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады. Олар бірнеше вариантта болғаны дүрыс. Әр вариантты орындауға арнайы уақыт беріледі.

Бірінші жаттығуды қолданып зерттеу жүргізуді психолог келесі кіріспе сөзбен бастайды: «Балалар, мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын. Оларды мұқият тындап, есте сақтап қалуға тырысыңдар. Мен оқып болғаннан соң сендер олардың ішінен естеріңде қалғандарын қайталап айтасындар».

Жаттығуды екінші рет орындату үшін нұсқау қайталанады: «Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын. Сендер ол сөздерді тағыда қайталап айтасыңдар. Бірінші қайталаған сөздеріңмен бірге қазір жаңадан еске сақтаған сөздерді қосып айтыңдар».

Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі:

«Мен тағы да қайталаймын, ал сендер жақсылап тыңдаңдар». Бесінші рет қайталағанда: «Мен бұл сөздерді соңғы рет оқимын, сендер олардың барлығын түгел қайталауға тырысындар» — деп ескерту қажет.

Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың есте сақтауы әрбір қайталаған сайын арта береді. Баланың денсаулығы болмай жүрсе немесе психологиялық проблемасы болса есте сақтауы, керісінше, кеми береді.

Сөздер тізімін қайталап оку барасында ешқандай қосымша түсініктеме берудің қажеті жоқ. Тек қана сөздерді өте жай қайталағанда, балаларға: «тағы қандай сөздер есіңе түсті» деген сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.

Орындау уақыты 7-8 минут.

Багалау шкаласы:

Бір рет оқығанда — 5-6, бес рет қайталағанда — 8-10 сөзді қайталау — сөздерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады; Бірінші оқығанда — 3-4, бесіншіден кейін ~ 5-7 — орта; Бірінші оқығанда — 1-2, бесіншіден кейін — 3-4 — төмен; Бірінші оқығанда — 0, бесіншіден кейін — 1-2 — өте төмен.

Сөздер: уақыт, нан, аспан, өсімдік, қар, май, ағаш, көрпе, киім, дала.

Осы сияқты бірнеше вариант тапсырмалар жасап алу керек

  1. «10 сан» әдістемесі

Мақсаты: баланың қарапайым математикалық білімін тексеру. Әдістемені сандар ойыны ретінде ұйымдастыруға болады.

 Тапсырмалар:

  1. Келесі сандар қалай аталады: бірнеше бірлік сандар айтылады
    (2, 7, 6)
  2. 5, 7 сандарына көрші сандарды ата. Олар неге көрші сандар
    деп аталады?
  3. 9-дан бір санға кішіні ата, енді бір санға үлкенін ата.
  4. 3 пен 5 сандарының арасында қандай сан тұрады?
  5. Бірден онға дейін санап берші.
  6. Оннан бірге дейін қалай саналады?
  7. Қатар орналасқан үш санды ата.
  8. 7 санынан кейін орналасқан санды ата.
  9. Аталған саннан үлкен немесе кіші санды қалай шығаруға
    болады?

10.Санамақ қандай саннан басталады?

Бағалау шкаласы:

Бұл әдістеме жоғарыда көрсетілген «10 сөз» әдістемесін орындау ережесі бойынша жүргізіліп, нәтижесі сол шкала бойынша бағаланады.

  1. «10 фигура» әдістемесі

Мақсаты: Баланың геометриялық фигураларды білуін анықтау.

Төменде берілген сұрақтарды қолдана отырып баламен әңгімелесу барысында, оның білімі туралы мағлұмат жиналады. Бұл әдістемені ойын ретінде балалар тобымен жүргізуге де әбден болады. Мысалы, психолог балаларды ертегі әлеміне қыдыруға шақырады. Бұл әлемдегі заттардың барлығы геометриялық фигуралардан тұрады екен. Осы фигураларды дұрыс атағандар басқа бөлмеге шығуына, үзіліс жасауына, келесі тапсырманы орындауына рұқсат алады (балаларды қызықтыратын нәрселерді қолдану қажет).

Әңгімелесуге келесі сурақтарды қолдануеа болады:

  1. Қандай фигуралардың атын білесің?
  2. Үстөлдің беті қандай фигураға ұқсайды?
  3. Терезе айналары фигураларын атап берші.
  4. Ыдыстардың басым көбі қандай фигураға ұқсайды?
  5. Дөңгелек пен шардың айырмашылығы неде?
  6. Осы бөлмеде пирамидаға ұқсас не бар?
  7. Сынып бөлмесінде үшбұрышқа ұқсайтын нәрселер бар ма?
  8. Менің оң жағымда орналасқан нәрселерді аташы? Олар
    қандай фигураларға ұқсайды?
  9. Қиыққа ұқсас нәрсені тапшы.
  10. Фигураларға қарап оларды ата: үшбүрыш, қиық, шаршы,
    төртбұрыш, ромб, куб, деңгелек, сопақ, пирамида, бесбұрыш.

Багалау шкаласы:

7-10 фигураны атаса — өте жақсы;

5-6 — жақсы;

3-4 — орта;

1-2 — төмен.