Мектепке дейінгілердің өзгелермен қарым-қатынасы

  1. Мектепке дейінгілердің жеке басының қалыптасуы.

Баланың жеке басы дегенде, біріншіден, ол нендей қасиетке ие, оның ішкі “Мен” дейтін сапасы қандай т.с.с. айтады. Мектепке дейінгілер үлкендерге бағынышты болғандықтан, оларда соңғы қасиет барлық жағдайда үнемі терең кездеседі деуге болмайды.

Мектепке дейінгілердің “Мен” деген қасиеті бөбектерге қарағанда едәуір қалыптасып қалады. Бұлар үлкендердің қамқорлығына барлық жағдайда көңіл бөлгісі келмейді. Кейде бұлар ерегісіп, үлкендердің тілін алмай қалатын кездері де болады. Бірақ бөбектерге қарағанда мектепке дейінгілер шамалы ес тоқтатып, көпшілік жағдайда үлкендердің тілін алатын болады.

Мектепке дейінгілердің “Мен” қасиеті үлкендердің негізінде қалыптасады. Біздің қғамымызда арнайы шығарылған “моральдық кодекс” бар. Онда нені орындауға болады, нені болмайтыны туралы моральдық мөршерлер жазылған. Сол мөлшерлерді бала бөбек жасынан бастап ұғынады да, нені жасауға болатынын, не болмайтынын білуі үшін сол әлеумет ортасында, көпшілік арасында мойындалған мөлшерлердегі / нормаларды / сақтап, соларды орындауға ұмтылады. Содан бала жаман әдеттерден аулақ болып, пайдалы істерге ұмтылып, баланың “Мен” деген қасиеті дами бастайды.

  1. Мектепке дейінгілердің үлкендермен қарым-қатынасы.

Мектепке дейінгілердің өз құрбыларыменөзара қарым-қатынасы неше түрлі дәрежеде болып келеді. Баланы құрбыларымен достастыратын ойындар. Баланың жалғыз өзі ойнай алмайды, біріншіден, бала ойнау үстінде көңілін көтеріп, өзін өзгелердің алдында осал емес екенін көрсеткісі келеді. Екіншіден, ойын- өзінше бір іс-әрекет. Осының нәтижесінде бала өз құрбыларымен не үшін дос боласың деп сұраса, осыны өзі де терең білмейді. Көбіне, қасындағы құрбысы оны ренжітпейтінін, бірге ойнайтынын айтады.

Мектепке дейінгілердің іс-әрекеті де түрліше болып келеді. Белгілі тапсырманы орындау, соны қалай жүзеге асыру үлкендердің басшылығымен орындалады және соларға арналған қатынасына байланысты. Егер баланың ересектермен қарым-қатынасы жақсы, тату келсе, онда тілін алып, тапсырманы мүдіртпей орындайды.

Баланы іске итермелеуші күштің ендігі бір түрі сол объеңтінің олған қызғылықты келуі. Ойын неғұрлым қызғылықты келсе, соған көп уақытын жіберіп, мезгілдің қалай өткенін білмей қалады. Ойын қызық болмаса, онда оған ұмтылмайды.

Сонымен қатар, мектепке дейінгілердің іске итермелейтін күштің бірі өзгелер алдындағы арлануы не өзінің намысын төмнедетпеуге тырысуынан да кездеспейді.

Қорыта келгенде, мектепке дейінгілердің “Мен” қасиеті және оны іске итермелейтін мотивтер мен ниеттер едәуір қалыптасып, алдағы кезде баланың жетістікке жетуіне жағдай туғызады.

  1. Мектепке дейінгілерді оқуға дайындау.

 Мектепке дейінгілердің негізгі әрекеті-ойын. Ойын олардың өз еркінде, ықыласы түссе ойнайды, ойнағысы келмесе ойнамайды. Мектепке кіргеннен кейін оқу міндетті түрде жүзеге асады, тіпті оқығысы келмесе де оқуға міндетті. Ал баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне көшу үшін біраз мезгіл дайындық жүргізіледі. Даярлық әр саладан жасалынады. Оқуға орай бақшада балаларды тиісті тәсіл / таяқшалар т.б. / арқылы санауғ, не тиісті әрекет арқылы / оқу, өлең айту т.б. / үстінде түрлі ептіліктерге үйретеді. Осы сияқты дайындықтар кейін мектепте ойдағыдай оқуға едәуір көмегін тигізеді. Мұнымен қатар баланың психикалық дамуына да, мектепке бару үшін бірнеше мынадай талаптар қойылады:

  • мектепке кірген баланың оқуға деген ықыласы болуы шарт;
  • оқу ойынға қарағанда өзінше жаңа әрекет, бала осыған төзе білуі қажет;
  • сабақ үстінде мұғалімнің не өзге балалардың өзіне зейінді болып, соны қабылдай алуы шарт;
  • оқу материалын ұғынып, оны саналы түрде есінде қалдырып, қиын мәселелерді шешуге бала ойлана батауы тиіс.

Оы келтірілген психикалық дамуға байланысты факторлар баланың оқуға түсіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады. Ал бақшадағы балалардың мектепте оқығың келе ме?- деп сұрағанда, олар: — оқудың ойынға қарағанда ұтымды жағын тізіп айтып берді. Бірақ, оқу балалар үшін жаңа әрекеттің түрі болғандықтан, онда көптеген қиындықтар кезщдесетінін олар әлі білмейді. Балалардың мектепке дайындығы үй-ішіне қарағанда бақшада жақсы өтеді. Баланың мектепке дайындығы онымен жүргізіліп келген тәрбие жұмысының түріне / әсіресе, дидактикалық ойындардың түрлеріне т.б. / байланысты.

Балалардың бақшада тәрбиеленудің ұтымды жағы баланы еркелеуіне мүмкіндік берілмейді. Осыған орай, баланың мінез-құлық жағынан тәрбиеленуі, оны өз ата-анасы емес, танымайтын басқа біреу тәрбиелесе жақсы болады. Мектепке дейінгі баланы оқуға даярлау үшін сандарды өз бетімен санауға үйрету қажет.

Жалпы айтқанда, баланы кімдер тапқырлыққа, бақылампаздыққа тапсырмаларды бұлжытпай орындауға жұмсай алса, онда олардың баланы оқуға даярлауда үлкен жетістікке жете алғаны. Бұл мәселе тым, аса жауапты болғандықтан осмыған дер мернзімінде көңіл бөлу қажет.