Мектепке дейінгілердегі таным процестерінің дамуы

  1. Мектепке дейінгілердегі еікінші сигналдық жүйенің дамуы.

Бөбек жасындағылар негізінен үй ішіндегілермен қарым-қатынас жасайды, ал / 4,5-5 жаста / бала сыртқа шығып, құрбыларымен ойнайды, әрқайсысының сөз қоры бірінің білмегенін бірі білуі арқылы, бөбекке қарағанда, 3 есе арта түседі. Бұл жаста сөз қоры 3200-3800-ге жетіп қалады. Сөздік қорының көбеюі тек зат есім арқылы емес, сын есім, сан есім және т.б. арқылы іске асады.

Егер бөбек сөздерден сөйлем құрастыра алмаса, енді бұл жаста қарапайым сөздеден сөйлем құрастыра білу қабілеті артады. Бірақ сөйлем құру тек сан жағынан емес, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектепке дейінгілер есінде бар сөз қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін пайдаланып, мыңдаған жаңа сөйлемдерді құра бастайды. Бұл жерде жаңа сөйлемдер деп, сол тілде бар сөйлемдер ғана емес, тіпті жоқ сөйлемдерді де құруды айтады. Сонымен қатар, қолданылатын сөзін бала тым өткір және күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды. Қазақ тілінде кейбір категориялар жоқ болғандықтан, мектепке дейінгілер үшін сөйлеу жеңіл әрі оңай түседі және тиісті морфемалар арқылы сөйлемдерге жаңа жұрнақтарды “желімдей” беруге мүмкіндік туады.

Фонематикалық есту ана тіліне байланысты қалыптаса бастайды, фонематикалық есту мектепке дейінгілерде ана тілінде жақсы дамыған. Мысалы, біреу “сөз” деген сөздің орнына “бөз” десе оны кекетіп бір әріптің өзгерілуі, сол сөздің мәнісін өзгертіп жіберетінін бала сезеді.

Егер бөбектің сөйлеуі көбіне ситуацияға / жағдайға / тәуелді келсе, мектепке дейінгілерде сөйлем көп текстіге сай құрала бастайды. Ситуацияға байланысты сөйлеуде зат есім онша кездеспейді, оның орнына есімдік көп айтылады. Демек балалар сөйлеіп отырғанда қасына біреу келсе, олардың сөзіне түсіне алмайды. Түсіну үшін әңгіме не жөнінде екенін білу қажет. Ал контекстіге байланысты сөйлеу деп сөйлеушілердің қасында тыңдап отырғандар не жөнінде болыа отырғанын білмесе де / ситуацияны білмесе де / сол айтылған сөздің тікелей мәнісіне қарап, соны айқын түсіне алуын айтамыз. Мектепке дейінгілер / 6-7 жас / ситуацияға байланысты сөйлеуден контекст арқылы сөйлеуге көшеді. Себебі, олардың тек ситуацияға орай түсінікті емес, онсыз да түсінікті келеді. Осыған қарап ситуацияға қатысты тілдің төменгі сатысы екен, ал контекстің негізінде сөйлеу жоғарғы сатысы екенін айтуға болмайды. Себебі, тек мектепке дейінгілер емес, ересектерде кейбір жағдайда ситуацияға негізделе отырып сөйлейтіні жиі кездеседі. Мектепке дейінгілердің сөздері көбінесе өздеріне арналған. Себебі, ересектер сөйлегенде сөзін өзгелерге арнайды. Ал кіші балалар кейде өз-өзіне арнап сөйлейді. Сөйлеудің бұл түрін Ж.Пиаже эгоцентрикалық / лат. Его+центрум – өзіне сөйлеу / деп атаған. Әдетте, үлкендер айланғанда ішкі сөйлеу арқылы өз ісін жоспарлайды. Ішкі сөйлеу мектепке дейінгілерде әлі қалыптаспағандықтан, ойын естіртіп, өз-өзіне айтады. Демек, эгоцентрикалық сөйлеу -өзгелерге аналған емес, баланың өзіне арналған ойды жеткізудің ерекше түрі. Баланың ойы өзіне түсінікті болғандықтан, сол ойын өзіне естіртіп айтуы не үшін қажет? Бұл жағдайда бала ой үстінде өзіне сөз арнағанда, сол сөзді тірек ретінде пайдаланады. Әйтпесе, оның ойлана алуы мүмкін емес. Ж.Пиаже эгоцентрикалық сөйлеу балада 7 жасқа дейін сақталынады, кейіннен жойылады. Бұған Л.С.Выготский қарсы шығып, 7 жасқа толғанда эгоцентрикалық сөйлеу бір жолата жойылмайды дейді. Ол кейін баланың ішкі сөйлеуіне айналады. Л.С.Выготскийдің пікірінше, ішкі сөйлеу сырттай естіртіп сөйлеуден дамып шығады, бұлардың екі арасында эгоцентрикалық сөйлеу кездесіп, екеуін ұштастырып, өзі кейін жойылады дейді. Бұл пікірге кейін АҚШ психологы Дж. Брунер қарсы шығып, ішкі сөйлеу сырттай / естіртіп / тілге үйренуден балада пайда болмайды. Бұл оның түрлі символ арқылы дүниедегі затты бейнелеуге талпынуынан дамып шығады. Оның пікірінше, тілге үйрену балада туғаннан кейін пайда болғанымен, ол оның тәжірибесіне жатпайды.

  1. Мектепке дейінгілердің таным прцестерінің дамуы.

Таным әрекетіне байланысты мектепке дейінгілердің заттарды эталонмен қабылдауына, қиялына тоқталайық.

Бізді қоршаған дүние заттары мен құбылыстары бірінен соң бірі көзге тәртіпсіз / “хаос” сияқты / көрінеді. Құбылыстар мен заттар тым шексіз және сан-алуан сияқты болып көрінеді, олардың кейбіреулері форма не қызмет жағынан ұқсас жақтарын, біріншіден, бір ұғымға жатқызып, солрады топтастырып отырып қабылдау кезінде тәртіпсіздікпен күресуге мүмкіндік береді. Екіншіден, тиісті нәрелерді ойша тәртіпке келтіру үшін нендей қасиеттер мен құбылыстар нәрсенің қандай түрінежататынын білуі өте қажет. Мысалы, егер біздің алдымызға жүздеген бояулардың түрі кздессе, бірақ солардың түрі нендей негізгі бояуларға жататынын білмесек, сол бояуларды қабылдау қиынға соғар еді. Үшіншіден, біз белгілі біп заттың салмағын, көлемін, ұзындығын, оларды өлшемей-ақ қанша екенін, олардың бәрін өлшейтін болсақ, одан өз ортамызға бейімделу қиынға түсер еді.

Заттар мен құбылыстарды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты былай топтастыруға болады:

  • Топтастыру. Бұл қасиетке бала / 5-6 жасынан / ие бола бастайды. Айталық, шелек, тостаған, шөміш, т.б. бала “ыдыс” деген ұғымға жатқызып, оыларды әр түрлі нәрселерден, мысалы, орындық, стол, керует, диван, кебеже, т.б. ажыратады. Ал пиманы, бәтіңкені, етікті, мәсіні, т.б. аяқ киімге жатқызып, бұларды киімдерден / пальтодан, шалбардан, бешпеттен, т.б. / ажыратады. Сол сияқты, құмды, тасты, борды, әрйнекті т.б. “минерал” деген ұғымға жатқызып, осыларды металдардан ажыратады. Топтастырудың бұл түріне мектепке дейінгілер үйрене алмаса, психикалық даму жағынан оқуға даяр бола алмас еді.
  • Эталон арқылы білу. Егер бала, мысалы, үшбұрыш дейтін геометриялық фигураны кездестірсе, соны үшбұрышқа жататынын анықтау үшін, оның санасында үшбұрыш туралы ұғым болуы шарт. Осыны эталон деп атайамыз. Осы сияқты балаға жасыл түске боялған қағазды көрсетіп, кейін соны жасырып қойып, мына көп түстердің ішінен жасыл түсті қағазды алып бер десе, мұны бала орындай алады. Себебі, әуелгі түсті көсеткенде жасыл түстің эталоны оның санасында қалып қойған.
  • Заттың көлемі мен санының ерекшелігі. Бұл жастағылардың көбі тиісті нәрселердің саны көбейетінін не азаятынын немесе көлемі ұлғаятынын не кішкентай болатының түсінігіне ие бола бастайды.

В.С.Мухина өзінің еңбегінде мектепке дейінгілерде қалайша эталондар / не “өлшеуіштер” / қалыптасатынына тоқталып, эталон деген санды, көлемді не салмақты сақтау деп атап өтті.

Бөбектер көбінесе заттың бір белгісіне қарап, кейін сол затты таниды. Алмектепке дейінгілер бөбектерге қарағанда затты тұтастырып қабылдайды . Мектепке дейінгілерде қиын жүретін процесс- бұл кеңістікті және уақытты қабылдауы. Кеңістікке орай “оң жақ”, “сол жақ” дегенді бөбектер жақсы түсіне алмайды. Ал уақытты қабылдауға келетін болсақ, “кеше”, “бүгін”, “ертең”т.с.с. ұғынуда да біраз қиындықтар туындауы мүмкін.

Мектепке дейінгілердің зейіні бір объектіге қаншалықты берілуі, олардың оған қаншалықты қызғылықты келуіне байланысты. Бөбектер ойынға 30-40 минутқа дейін зейінді келе алатын болса, ал 6-7 жастағылар 1-1,5 сағатқа дейін беріле алады. Ал осы қасиеттердің баланың жадында ұзаққа қалдыра алмайды. Мектепке дейінгілерде тек арнаусыз есте қалдыру рөл атқарады. Арнаусыз есте қалдыру арнаулы есте қалдыруға қарағанда нәтижелі келеді. Себебі, бұлар тек нақты бейнелерді есте қалдыруға бейім. Мектепке дейінгілердің кейде нақты есте қалдыра алуы сондай, оларды суретке түсіріп алғандай сияқты көрінеді. Естің мұндай түрі “эйдетикалық” деп аталады.

Мектепке дейінгілерде қиялдау процесі де едәуір дамып қалады. Себебі, осылардың негізгі әрекеті ойын, ал ойынның қайсысы да шындыққа сай келе бермейді. Ойынның нәтижесінде балада қия кеңнен өріс алады. Мектепке дейінгілердің қиялдау процесі ертек үстінде қалыптасады. Ертек тек қазіргі заманда ғана емес, өткен дәуірлерде де 5-7 жастағылардың өмірінде де незгі рөл атқарған.

Мектепке дейінгілердің жасын Ж.Пиаже “операцияоперацияға, ойлануға дейінгі кезең” деп атаған. Осыған қарағанда олар үлкендерге тән мәселелерді шеше алмайды деген сөз. Мектепке дейінгілерде көбінесе нақты бейне ойы және ойының жүйелігі тән.