Мектептің тәжірибелік іс- әрекетіне менеджментті ендірудің тиімділігі

Білім беру мекемесінің басшылық қызметін, құрылымын айқындауда білім, беру менеджерінің жеке субьекті ретіндегі рөлі, оның жеке қабілеттілік сипаттамалары сөз мжоқ, маңызды мәнге ие. Оған дәлел ретінде мына төмендегі оның жеке басына байланысты тұлғалылық қабілеттерін айтсақ та жеткілікті.

  • жоғары оқу орнын, кәсіптік білім беру мекемесін, факультет, кафедра, оқу тобын сол салада арнайы білімі бар маманның басқаруы;

– жаңа жағдайларға байланысты басқару тәжірибесі мен ұжыммен тіл таба білу қабілеттілігі;

  • әрбір құрылым жүйесіндегі басшылардың жеке компоненттерін қалыптастыру;
  • кәсіби білім мекемесі басшының сол салада жетекші маман болуы;
  • педагогикалық және оқушылар ұжымының басқару ерекшелігін білу;
  • басшының педагогикалық творчество мен инновацияға көзқарасы;
  • басшының құрылымды басқарудағы иерархиялық деңгейі;

Бұл мәселе жөнінде ҚР –ңЗаңында толық түсініктеме берілген. Бірақ халыққа білім және тәрбие берумекемелерінің желісін және мазмұнын қысқаша баяндау қажет сияқты.

Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:

Отбасындағы тәрбие. Отбасы жеке адамның жан – жақты және үйлесімді дамуына жауапты. Балалардың отбасында тәрбиеленуі білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарымен ұштасады.

Жергілікті білім беру органдары мен мекемелер, ғылыми – зерттеу институттары, қоғамдық бірлестіктер, еңбек ұжымдары бірге отырып, оқыту мен тәрбие жұмысын жақсартуда ата – аналарға, оларды алмастыратын адамдарға отбасы мен тәрбиесі жайында көмек көрсетеді, жағдайлар жасайды.

Мектеп жасына дейінгі тәрбие. Мектеп жасына дейінгі тәрбие балалар мекемелерінде жүзеге асырылады. Мұнда балалар 3 жастан 6 жасқа дейін тәрбиеленеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында тәрбиелеуге үкімет көмектеседі. Ол үшін ата – аналарға өтем төлемдері беріледі.

Жалпы орта білім.  Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты– әр жақты дамыған,адамгершілігі мол, жеке өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдалана алатын, зиялылыққа тән қаиеттерді бойына сіңіре алатын адамды тәрбиелейді.

Жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы баланың ер жетуіндегі жас ерекшелігінің үш кезеңіне (балалық шақ, жеткіншектік шақ, жасөспірімдік шақ) сәйкес орта мектеп үш сатыдан тұрады:

  1. Бірінші саты – бастауыш мектеп (І – IV сыныптар).
  2. Екінші саты – негізгі мектеп (І – IX сыныптар).
  3. Үшінші саты – жалпы білім беретін орта мектеп (І – ХІ сыныптар)

Мектептен тыс тәрбие мен оқыту.Балалардың қабілеттілігі мен бейімділігін дамыту, қоғамдық белсенділігін арттыру, еңбекке, кәсіби бағдар беруге, ғылыми техникаға, өнерге, әдебиетке, спортқа, ұлтттық дәстүрлерге құштарлығын тәрбиелеу, олардың мәдени демалысын, бос уақытын, дұрыс ұйымдастыру мақсатында осы жұмыстардың бәрін мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелері ұйымдастырады.

Кәсіптік – техникалық білім. Халық шаруашылығының барлық салаларын үшін қажетті маман жұмысшы кадрларды дайындау мәселесі кәсіптік-техникалық училищелерде жүзеге асырылады. Бұлар кәсіптік және жалпы білім беретін оқу мекемелері.

Орта арнаулы білім.  ҚР –ң азаматтары орта арнаулы оқу орындары арқылы кәсіптік білім алады. Негізгі сатыны бітірген оқушылар кәсіптік біліммен бірге толық орта білім алып шығады. Орта арнаулы оқу мекемелеріне әр түрлі техникумдар, педагогикалық, медициналық, әскери т.б. училищелер жатады.

Жоғары білім.  Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.

Арнаулы білім мекемелері. Бұлардың бірнеше түрлері бар.

Жетім балалар, ата – аналарынан қорғансыз қалған балалар жалпы білім беретін мектеп – интернаттарында, балалар үйлерінде тәрбие мен білім алады.

Ақыл– ойында кемістігі бар және уақытша емделуді қажет ететін балалар үшін арнаулы мекемелер ұйымдастырылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Кадрлардың біліктілігінарттыру және оларды қайта даярлау. Жұмысшылар мен мамандардың, басты қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнайы білім беру мекемелерінде, кәсіп орындарында , ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.

Қосымша білім  беру үшін дене шынықтыру–сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті үкімет басқару орындары бекітеді.

Сонымен, білім мен тәрбие беру – бұл Республика азаматтарының құзіретін және адамгершілік, интеллектуалды, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз тұтас педагогикалық процесс.

Білім жүйесінде халықаралық байланыстың маңызы.

Дүние жүзілік білім кеңістігіне кіру және халықаралық байланыс елімізде білім жүйесін жасауға мүмкіндік туғызады. Осындай мүмкіндіктерді еске ала отырып, отандық білім жүйесін дүниежүзілік үлгіге салу деңгейіне жеткізу -ең басты мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы бойынша Қазақстан азаматтары (оқушылар, студенттер, аспиранттар) шет мемлекеттердің оқу мекемелерінде оқуға қақылы. Бұл мәселе мемлекет аралық келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Жыл сайын орта және жоғары оқу орындарын бітірген дарынды жастарды шет мемлекеттеріндегі жоғарғы оқу орындарына, аспирантураға жіберуді әдетке айналдыру қажет.

Қазақстан Республикасында тұратын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар республикамыздың азаматтарымен тең дәрежелі білім алуға, қызымет істеулеріне қақылы. Ал шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын азаматтарды халықаралық келісімі бойынша білім алуға, жұмыс істеулеріне мүмкіндік алады.

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелері шет елдік мекемелермен және ұйымдармен тікелей байланысты дамытып жетілдіреді, рухани тілек білдіреді. Олардың өзара қарым–қатынастары және ынтымақтастығы, достық байланыстары дамиды.

Елімізде білім жүйесін дүниежүзілік үлгіге сәйкес жетілдіру зертеуді қажет ететінкелесі мәселелерге байланысты. Сондықтан, Білім министрлігі, Ұлттық Ғылым академиясы, ірі университеттер және институттар бірлесіп, Қазақстанда ұлттық білімнің стратегиясы мен тактикасын және интеграцияның нақты саясаты мен принциптерін жасайды.