Мектеп менеджерінің тәжірибелік іс- әрекетіндегі құзырлылық түрлерінің дербес және біркелкі емес көрінісі

Еуропада және басқа да дамыған елдерде білім беру мен оқытуда қазіргі таңда құзыреттілікке негізделген стандарттар әзірлеуге ерекше мән берілуде. Олар оқыту бағдарламалары мен оқу жоспарларына бағыт, бағдар береді. Әр мемлекеттің стандарттарының өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ тым алшақ емес. Ол Ұлыбританияла “Natinal Occupational Standards”, Францияда“Referentiels Proffessionals”, ал Германияда “Ausbildung-sordnungen” деп аталады. Құзыреттілікке негізделген бұл стандарттарға көшу 1970 жылдың орта шенінде басталады, өйткені білім беру мен оқыту бағдарламалары жұмыс берушілер талаптарын қанағаттандырмады. Олар бітірушілердің қазіргі ғылыми-техникалық прогресті меңгеруі төмен, практикалық дағдылары мен өмірге икемсіз екенін аңғарды.

Әсіресе, бұл практикалық тәжірибе дағдысын керек ететін қол еңбегі мен кәсіпкерлік саласында қатты байқалады. Әрине, әлемдік еңбек нарығындағы күрт өзгерістерге ескі үрдістегі білім бағдарламалары мен оқу жоспарлары талапқа жауап бере алмайтын еді. Дәстүрлі оқыту үрдісі тек оқытушының не істеу қажеттігіне ғана бағыт, нұсқау беретін.

Педагогикада ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырылып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.

Жалпы басқару дегенді–шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым минситрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда, оларды жалпы жүйе – орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктері тұтас педагогикалық, процесс, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.

Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.

Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, “ықпал ету” ұғымының орнына “өзара әрекеттесу”, “ынтымақтасу”, “рефлексивті басқару” ұғымдары қолданылады.

Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруі, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепішілік басқару теориясын одан ары байыта түскен.

  1. Менеджерліктің тиімділігін анықтауды әр тұрғыдан қарау.

 Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі–мемлекеттік басқарудан мемлекеттік–қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік–қоғамдық басқарудың негізгі идеясы –білім проблемеларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш–қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата–аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде “Білім туралы” заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік–экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.

Сонымен бірге, білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты “Білім туралы” заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды:

– білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы; азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

– республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің дайындығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі;

– білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;

– білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты; білім беру мекемелерінің дербестігі.

Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік саясатын мемлекеттік білім стандарттарын сақтау арқылы іске асырады.Білім стандарты, оқу бағдарламасының міндеті минимумы мен оқушылар жүктемесінің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды. Білім беруді басқару органдарын міндеті білім алуды формальді түрде қамтамасыз етумен шектелмейді, ол сонымен бірге жеке тұлғаның өзін–өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады.

Білім беру саласында мемлекеттік саясатты дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары құрылады. Олар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық басқару мекемелері.

Мемлекеттік басқару органдары–Білім және ғылым министрлігі ,облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудіњ мақсат, бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стндарттарын жасап, білім туралы құжаттардың балмаларын айқндайды; білім мекемелерін қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді.

Қазіргі жағдайда білім беруді басқару жүйесін орталықсыздандыру процесі жүреді. Оның мәні жоғарғы басқару органдарының бірқатар функциясын жергілікті органдарға беру. Бұл жерде республикалық органдар стратегиялық бағыттарды талдап жасаумен айналысса , жергілікті органдар нақты қаржылық, кадрлық, материалдық және ұйымдастырушылық мәселелермен айналысуы тиіс.