Мектеп менеджері іс- әрекеттің теориялық негіздері

Білім беру менеджментіне дәстүрлі басқару түрлерінен басқа соңғы уақытта педагогикалық жүйені басқарудың ғылыми негізі ретінде кибернетика заңдылықтарын мақсатты пайдалануға көшуде. Бұл жағдайда білім беру аясының менеджері өз жұмыс бағдарын ғылыми негізделген басқару технологиялары негізінде жүргізуі қажет.Білім беру менеджері субьект қызметін басқаруда белгілі бір кәсіп саласын игеруге, ондағы білім мазмұны мен деңгейіне өз ісін бағыттау керек. Оқытушы мен өндірістік оқыту шебері үшін бұл оқушылар қызметінде белгілі бір жүйедегі білім, білік және дағдылық қабілеттерді игертіп, сапалық және жеке қасиеттерге қол жеткізу. Ал, кәсіптік білім мекемесінің басшысы не жоғары оқу орнының ректоры үшін- аталмыш оқу орны педагогтерінің студенттері мен тыңдаушыларына тәрбие мен білім негіздерін игерту қызметі. Аудандық оқу бөлімі, қалалық, облыстық білім басқармасы, департамент басшылары үшін –бұл оқу орны директорлары мен ректорларының қызметін дұрыс үйлестіру.

Құзыреттіліктің мәні, білім беру стандарттарына сәйкес жұмысқа орналасу кезінде студент нені ашып, қандай талаптарға жауап беруі керек екендігі айқын көрсете білуінде болып отыр. Бұл өзгерісті жүзеге асыру үшін басты құрал-кәсіптік және білім беру стандарттарын әзірлеу тұжырымдамасы болмақ. Стандарт белгілі бір кәсіпті игеру үшін құзыреттілік деңгейін белгілейді. Құзыреттілікке негізделген стандарттар әр елде әртүрліәзірленеді, біреуінде әдістеме негізінде болса, екіншісінде білім мазмұны мен біліктілік талаптары, үшіншісінде техникалық және форматтау санаттары болып енгізіледі. Солай бола тұрса да оларды зерттей, салыстыра келе негізгі ұғым мен түсінікті сипаттауда, көкейкесті мәселелерге келгенде өзара ұқсастық кең екені, бір қалыптан шыққаны байқалады. Ол ұқсастықтар, өзіндік ерекшеліктерді мына төмендегі кесте бойынша 3 бағытта тексеріліп байқалады.

Сұрақ

Ерекшеліктері, сұраққа жауап

Оқушылар жұмыс кезінде нені істей алуы керек? Жұмыспен қамтылу ерекшелігі
Оқушылар жұмыс тиімділігін арттыру үшін нені оқу керек. Оқыту ерекшелігі (оқу жоспарлары)
Оқушылар не білді, жұмыс орнында не істей алады? Осыны қалай білеміз

Бағалау ерекшелігі

Білім беру мен оқытудағы тағы бір халықаралық жаңа бағыт- модульдік оқыту технологиясы жобаларының әзірленіп, бөлімдерге бөлініп, оқу жоспарларына негізделе бастады.

Модульдеп оқытуды жоспарға енгізудің көптеген тиімді жақтары бар.

-Модульдеп оқыту тиімді, әсіресе ересектердің білім алуына, олар күндізгі бөлімде ұзақ оқуға мүмкіндігі бола бермейді;

-Модульді бөлімдерге бөліп, жеке-жеке оқып, меңгеруге болады, тез әрі баяу үйренуге де тиімді;

-Жұмыс барысында жаңа талаптар пайда болған жағдайда біліктілік деңгейін де соған қарап икемдеу мүмкіндігі туады.

Жаңа модульдерді бұрынғылардың үстіне қоса беру, өзгерту жағдайы да қарастырылған. Сөйтіп, құзыреттілікке негізделген стандарт бірте-бірте оқу модулі арқылы нәтижеге бейімдеп, өмірге тез енуіне мүмкіндік жасалады.