Мақта өндірісіндегі операциялық шығындардың қозғалысы және есебі

Нарықтық экономиканың қазіргі деңгейі мақта шаруашылығында мақташылардың мүддесін қорғау бойынша жеткілікті экономикалық механизмді қалыптастыра алған жоқ.

Мақта өсіру шаруашылығында мамандардың іс-әрекетіне бағынбайтын факторлар бар. Соның ішінде: ағын сумен қамтамасыз етілу деңгейі мен мерзімдері, тиімді температура нақтылығы, және өнімге кері әсер ететін табиғи құбылыстар. Осындай факторларға байланысты мақта өнімі әр түрлі болады.

Мақта шаруашылығы өндірісі тікелей табиғи –биологиялық факторлармен байланысты. Бұл саланың ерекшелігі өнімді өсіру мен жинап алу, оны сатып -өткізу мерзімі ұзаққа созылады. Көптеген табиғи процестерді реттеудің жолдары жоқ, әсіресе мақта өнімнің пісіп жетілуі күн санайды. Өсімдіктің алған тиімді температурасына тікелей байланысты, яғни өсу мерзімі 125-140 күн, ал бір жылдық тиімді температура 1900-20000 кем болмауы керек. Міне осыған сәйкес агротехникалық іс-шаралар мен технологиялар белгіленіп дұрыс еңбек ұйымдастырылуы қажет.

Мақта өсіруші дихан күндік немесе айлық жоспар үшін жұмыс жасамайды, оның мақсаты соңғы нәтижесінде: мол өнім, көбірек табыс алу.

Аул шаруашылығын реформалау өтпелі кезеңде колхоз, совхоздар түгелдей тарқады, оның орнына жаңа ұжымдық құрылымдар бой көтерді. Бірақ осы құрылымдар өміршең бола алмады, қысқа мерзімде жеке шаруашылықтарға бөлініп ұсақталып кетті.

Соңғы уақыттарда диқандар қауымының алқалы басқосу жиындарында жекелеген шаруа қожалықтарының топтасып бас біріктіруі жөнінде ашық сындарлы пікірлер айтылып жүр.

Серіктестікке, қауымдастыққа, шағын ұжымға бірігу туралы аудан, облыс басшылары және ғалымдар, мамандар бағыт-бағдар көрсетіп келеді. Бірақ өкінішке орай ауыл еңбеккерлері бірлескенде, экономикалық тиімділік жоғары болатындығына жете мән-маңыз беріп, түсіне қойған жоқ. [6]

Мақта өндіруді, өңдеуді және сатуды тиімді ұйымдастыру үшін, осы өнімдердің есебін жетілдіру жолымен басқарудың тиімділігін асыруға болады.

Осы мақсатта Мақтарал ауданындағы “Дүйсебек – Ш” шаруа қожалығының мысалында өткізілген экономикалық эксперименттердің талдауларын және нәтижелерін ұсынамын.

“Дүйсебек -Ш” шаруа шаруашылығының жер көлемі 10 гектар, шаруашылық “Қарақай” селолық округіне қарасты “Қ.Сәтбаев” елді мекеннен екі шақырым жерде жайласқан, топырағы сұрғылт-сазды, ағын суды “Достық” каналынан К-23 тармақты каналы арқылы алады.

Шаруа қожалығында басшысы мен қоса алғанда 4 адам жұмыс істейді: басшы, бір механизатор және екі жұмысшы.

Шаруашылықта төмендегідей техника түрлері бар:

  1. Трактор = Т-28х-4 – 1 дана
  2. Культиватор = КРх-4 – 1 комплект
  3. Тырма = – 18 дана
  4. Тіркеме = 4ПТС – 793 – 2 дана

Шаруа қожалығында ресурстарды (жерді, капиталды және еңбекті) тиімді пайдалану және шығындарды басқару жолымен алынатын өнім бірлігінің өзіндік құнын арзандату арқылы табысты, пайданы арттыру негізгі мақсат етіп қойылған.[7]

Осы мақсатқа жету мақсатында технологиялық картадағы операциялар мен шығындар кестесін келтіреміз.

1- кесте

Шаруашылықтың 2007 жылғы орындалған жұмыстарының технологиялық және экономикалық көрсеткіштері төмендегідей:

(жер көлемі – 10 га, өнім – 21 ц.га, жалпы өнім – 21 тон)

Орындалған технологиялық операцияларЕгістіктің көлемі,гаОрындалған жұмыстардың шығыны, тенгеЖалпы сомасы, тенге
1Егістік алқабындағы қозапаяны жинап алу.105005000
2Сүдігер жырту

(трактор Т-4 А немесе Дт-75) 35, 40 см тереңдікте, 1гектарға шығыны х 150 теңге=1500 теңге

1 гектарға еңбек ақы және т.б. =3500теңге

10500050000
3Егістік жерді тегістеу (микропланировка) –2рет10200020000
 

4

Пал алу

(1 п/м = 3 тенге барлық алынған палдың ұзындығы = 3100м)

(егістік алқаптық ұзындығы –880м х 3пал 2640 м)

(егістік алқаптың көлденең ұзындығы –115м х 4пал = 460 м-3100м)

10 9309300
5

 

Сор шаю

(1 га жердің суының құны 500т)

105005000
6Ерте көктемдегі ылғал жабу.

Екі рет тырма тарту.

2050010000
7Пал жығу

(3100 п/м х 3 тенге =9300)

109309300
8Егістікті чизілдеу –қопсыту екі рет

1га –2 рет (15+15) литр см х50 =1500теңге

1 га –2рет еңбек ақы (800+800) = 1600= 3100теңге

10310031000
9Чизілдеуден кейінгі тырмалау-бір рет105005000
10Жеңіл мала тарту103003000
11Шит егу

(1га х лит гсм х 50теңге= 250 теңге)

(1 га егу еңбек ақысы =800теңге=1050теңге

10105010500
12Жегенелеу

(128 жүйек х 100теңге)

10128012800
13Бірінші культивация

(1га = 1200теңге жанар-жағар май ішінде)

10120012000
14Екінші және үшінші культивациялар

(2 культивация –900теңге,

3 –культивация –800теңге)

101700017000
15Зиянкестермен күрес

(-химиялық жолы алтын күкірт шашу 1 га х30кг=300кг)

20теңге =6000теңге

-биологиялық күрес –4 рет қойлады= 12000теңге)

10180018000
16Культиватор мен терең жүйек алу (нарезка – 1га –800теңге)108008000
17Оқ арық алу

(егістіктің ұзын 880п/м

1-оқ арық, ені 115м, 4-оқ арық =460п/м =1340х 1340х 2теңге=2680теңге

102682680
18Мақта алқабын ағын сумен суғару 1ші және 2 ші рет 10 га х 2рет =20га2050010000
19Судан кейінгі культивация108008000
20Шырпу

(чиканка,128 жүйек х 100теңге =12800теңге)

10128012800
21Шабық –үш рет –10га

1 шабык 1га = 800теңге

2 шабық 1га =700теңге

3 шабық 1га =600теңге

2100:3рет -=700теңге

3070021000
22Оқ арық жығу

(1340п/м х 2 теңге =2680теңге)

102682680
23Мақтаның қол терімі

1-ші терім 10 га х 13ц =13 тон х 8 тенге=104000теңге

2-ші терім 10га х 8 ц =8 тон х4 тенге =31000теңге

жиыны =21тон =135000теңге

1013500135000
24Жүктеу

(21 тон х500теңге=10500теңге)

10105010500
25Тасымалдау

(21 тон=14 тележка х 500теңге=7000теңге)

(21 тон: 1500 кг тележка)

107007000
26Түсіру

(21тон х 200 тенге=4200теңге)

104204200
27Азоттық тыңайтқыш

10га х 500 кг =5000кг х 30теңге =150000теңге

1015000150000
28Фосфор тыңайтқышы

10 га х300кг =3000кг х 20тенге =60000теңге

10600060000
29Тұқымдық шит

(10 га х 30 кг =300кг х70 =21000теңге)

10210021000
30Салық төлемдері

(10 га х 2168теңге=21680теңге)

10216821680

Барлық жиыны

10га69244692440

кесте-2

“Дүйсебек-Ш” шаруа қожалығындағы мақта шикізатының өзіндік құнын анықтау кестесі.

Шығын көрсеткіштерінің түрлеріөлшем бірлігіКөлеміҚұны , тенге

(ағымдағы бағада)

Жалпы сомасы тенге.
1Материалдық ресурстар:    
 Тұқымдық шиткг30070,021000
 Тыңайтқыштаркг800026,25210 000
 Химикаттар мен биологиялық препараттаркг

 

30060,018 000
 Жанар жағар майлитр148050,074 000
 Қосалқы бөлшектер   23 400
2Еңбекке ақы төлеу   191 600
3Қызметтер

(сырттан жұмыс орындаған, техникалар)

 

 

 

  108000
4Ағын су   15 000
5Амортизация аударымы   9 700
6Басқа да шығындар   21 640
Барлығы:692 440

Жоғарыдағы кестеде келтірілген экономикалық көрсеткіштерді талдайтын болсақ, шығын әрбір гектарға 69 мың 244 тенгені құраған: соның ішінде материалдық ресурстар – 34 мың 640 теңге; еңбекақы – 19 мың 160 теңге; қызметтер – 10 мың 800 теңге; негізгі құралдардың тозу сомасы – 970 теңге; басқа да шығындар 3 мың 674 теңге, яғни өндірілген өнімнің әр бір тоннасының өзіндік құны 32 мың 973 теңгені құраған. Осы жерде айта кететін бір мәселе, ол минералды тыңайтқыштар нормаға сәйкес толық көлемде қолданылмаса мақта өнімділігі төмендейді. Ал минералды тыңайтқыш берілмеген жағдайда мақта –13-15 центнерден өнім береді, 15 центнерден өнім алынса бір тоннасына 46 162 тенге, ал, 13,0 центнерде –53 264 тенге шығын болады. Осы көрсеткіштердің өзі мақта өсіруші дихандардың тиімділігінің төмен екендігін көрсетеді.[7]

Себебі Ливерпульдегі тауар биржасындағы мақта талшығының бағасы, шитті мақтаға балама етіп есептегенде 45-50 тенге аралығында, яғни мақта шикізатын сатып алу құны, оны өндірудің өзіндік құнынан әлде қайда төмен. Осыдан шығатын қорытынды мақта өндірісіне мемлекеттік реттеу мен қолдау қажет.

Жалпы 10 гектар мақта алқабынан 21 тонна өнім алу үшін 692 440 тенге шығын сарыпталып, ал алған табысымыз 840 000 тенгені құрады, жыл соңында алған таза табыс 147 560 тенге болады немесе рентабельділігі 21,2%.Бұл алынған табыстан келесі жылдың жылдың өндірістік шығындары 98 600 теңге, шаруа қожалығыны мүшелерінің қосымша табысы 48 960 теңге болады. Осыдан шығатын қорытынды мақта өндірісімен қатары ауыл шаруашылық өндірісінің басқа табысы мол салаларды ендіру қажеттілігі бар.[7]

Енді “Дүйсебек- Ш” шаруа шаруашылығының шығындарының қозғалысы мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебіне талдау жасайық.

Бұл шаруашылықта бухгалтерлік есептің жай түрі жүргізеді, шаруашылық операцияларының кітабы ашылған, онда 8010,8040 –ші өндіріс шоттары ашылуы мен қатары 1310,1320,1330,1340,1350 – “тауарлы –материалдық қорлар” шоттары, 1210,1220,1230,1240,1250,1260,1270,1280,1290- “дебиторлық борыштар және басқа активтер” шоттары, 1010,1020,1030,1040,1050,1060,1070 – “ақша қаражаттары” шоттары, 6000,7000 – ”табыс пен зиянның” шоттары, 3350 еңбек ақы шоттары ашылған. Материалдық құндылықтарды сатып алған кезде 1310,1320,1330,1340,1350-шоттар дебиттеліп 3310 –жабдықтаушылар мен есеп айырысу шоттары кредиттелген.

Өндіріске яғни мақтаға сарыпталған тауарлы-материалдық құндылықтарға, еңбек ақыларға, 8010,8020,8030,8040 – шоттар дебиттеліп 1310,1320,1330,1340,1350 және 3350 шоттар кредиттелген.

Ал жыл соңында алынған дайын өнімге калькуляция жасалған, яғни өнімнің өзіндік құнына 1320,7010 – шоттар дебиттеліп 8010 – “Негізгі өндіріс” шоты кредиттелген. [3]

Шаруашылық операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы.(Бухгалтерлік жазба)

Қатар №Шаруашылық операцияларының мазмұны.Соммасы.

тенге.

Шотт ар корреспонденциясы.
Дебеткредит
1Материалдық ресурстар сатып алынды3464001310,1320,

1330,1340,

1350

3310
2Материалдық ресурстар құнына3464008010,8020,

8040

1310,1320,

1330,1340,

1350

3Еңбек ақы есептелінген сомасы1916008010,80403350
4өндірістегі негізгі құралдардың тозу сомасы(амортизация)970080102420
5Еңбекақы төленген сомасы15328033501010
6Өндірілген өнімнің кірісі69244013208010

Резюме

В статье анализируется движение и учет операционных затрат на примере крестьиянского хозяства “Дуйсебек-Ш”

Summary

In this article movement calculation operations expenditure for example peasantry be the boss “Duisebek-Sh”

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. ҚР Заңы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” №2732 26.12.1995 ж (толықтырулар мен өзгертулермен бірге)
  2. ҚР Салық кодексі
  3. Қаржылық есептің халықаралық стандарты. М., Аскери, 1999 ж
  4. Мыржакыпова С. Т., “Банктегі бухгалтерлік есеп” Алматы, Экономика 2004ж
  5. Родостовец В.К.,”Кәіпорындардағы бухгалтерлік есеп” Алматы, 2003 ж
  6. Серіков Б.С., “Мақта өсіруді ұйымдастыру және кәсіпкерлікті жоспарлау” Frints, Шымкент 2004 ж

7.”Дүйсебек – Ш” шаруа қожалығының салық декларациясы 2007 ж

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!