«инвестициялық жобаларға бизнес – жоспар құрудың экономикалық негіздері» дүйсебеков ш.,аға оқытушы

Бүгінгі қазақстандық инвестиция тәжірибесінде мынадай жағдай қалыптасып отыр: бұрын қолданылған түсініктер мен терминдер өздерін тасушылармен нарықтық экономика қатарына еніп, іске кедергі келтіруде. «Техникалық-экономикалық дәлелдеме» дәстүрлі түсінігі де осындай жағдайда, оны көп жағдайда инвестициялық жобаға немесе бизнес-жоспарға теңестіруде. Жоба халықаралық нормаларға сай болуы тиіс. «Инвестициялық жоба» және «бизнес-жоспар» түсініктері көбінесе синонимдер ретінде қолданылады, бірақ олардың арасында, әсіресе, жобалық талдау тұрғысынан едәуір айырмашылықтар бар. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, инвестицияландыру процесінде бизнес-жоспар маңызды элементтің бірі болып табылады. Бұл ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «кәсіпкерлік іскерліктің жоспары» дегенді білдіреді және осы құжаттың мәнінің жоғары болғаны соншалық, Батыс Еуропа елдерінің көбінің басқару органдарында жаңа кәсіпорынды тіркеу үшін тиісті құжаттармен қатар бизнес-жоспар міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқарушылық шешімдерді кешенді, жүйелі түрде түсіндіретін, алдына қоятын мақсаттарды және одан шығатын міндеттерді анық көрсететін, сыртқы және ішкі жағдайларды объективті тұрғыда бағалайтын, мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтайтын, осының бәрін сандармен сипаттап, берілген шешімнің тиімділігін бизнеске тартылған барлық қатысушыларға (тұтынушылар мен оған ақша салушылардан бастап, одан жақсы нәтижелерді

күтуге құқылы қоғамға дейін) дәлелдей алатын құжат.

Бизнес-жоспар жаңа өндірістік қуат құру арқылы немесе өндірісті жаңарту, оны техникалық қайта қамтамасыздандыру негізінде жаңа өнім шығаруды іске асыру үшін сырттан қаржы көздерін тартумен байланысты ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді негіздеуде қолданылады.

ӨНІМДІ ӨТКІЗУ БОЙЫНША ЖОБА ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАР

  1. Өнім сипаттамасы.
  • аталмыш өнім түрін таңдау негізі
  • номенклатура, болжалды шығарылым көлемі;
  • өнімнің өзіне тән қасиеттері;
  • өнімнің даму сатысы (идеясы, жоба нұсқасы, жұмыс жобасы, тәжірибелі партия, әрекеттегі сериялы өндіріс)
  1. C. Шикізат, материалдар мен басқа да өндіріс факторларының нарығын зерттеу және талдау
  • өндірістің шикізаттық және басқа да факторларының сипаттамасы;
  • шикізатқа, материалдар мен басқа да өндіріс факторларына қол жететіндік (шикізат, материалдар және басқа да өндіріс факторлары үшін есеп айырысу тәртібі);
  • жабдықтау бағдарламасы (жобаның әр жылына);
  • жеткізілім бағдарламасы (әр жылға);
  • шикізатқа, материалға және басқа да өндіріс факторларына шығатын жылсайынғы шығыстардың сметасы.

Өнім тұтынушыларының сипаттамасы

  • негізгі тұтынушылар, тұтыну көлемі, баға деңгейі
  • сұраным мен ұсынымдардың болжалды өзгертулері
  1. D. Өнімді өткізу бағдарламасы
  • Бағаны есептеу және негіздемесі, баға белгіленімі
  • Өнімнің өзіндік құнының есебі
  • Сату бағдарламасы (жобаны іске асырудағы әр жылға);
  • Сатудан болған болжалды табыс (әр жыл бойынша)
  • Сатып алу және үлестіру кезінде ұсталатын шығын
  • Тұтынушылардың мақсатты тобы (негіздеу)
  • Сауда желісін сипаттау
  • Үлестіру әдістемелері мен арналары, жарнама
  • Өткізуге ынталандыру
  1. Кәсіпорынның бәсекеге жарамдығы
  • Негізгі бәсекелестер (атауы мен қысқаша сипаттамасы), олардың негізгі жақсы жақтары мен кемшіліктері, нарықтың алатын үлесі
  • Қолданылатын технологиялардың салыстырмалы талдауы
  • Негізгі бәсекелестер бағаларының салыстырмалы талдауы
  • Маркетинг және тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) үлестірудің салыстырмалы талдауы.
  1. Жобаны орындаудың заңдық және нормативтік базасы

§ Лицензия немесе рұқсат алу қажеттілігі

§ Жобаны халықаралық ұйымдар, республикалық және жергілікті басқару органдар арқылы іске асыруды шектеу/қолдау,

ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ

  1. Орналасқан жері (жобаны орналастыруға әсер еткен негізгі факторларды көрсету)
  • Шикізат жеткізушілері мен көздеріне қатысты орналасуы
  • Өнім (көрсетілетін қызмет) тұтынушыларына қатысты орналасуы
  • Құрылысқа арналған қолдағы бар және жоспарланған алаң ішіндегі телімдер мен алаңнан тыс тораптар және жол телімдерінің орнын көрсете отырып, қазіргі бар және жоспардағы өндірістік және көмекші ғимараттардың , құрылыстардың, үй-жайлардың, сақтау орындары мен қоймалардың (пайдаланылуын нақтылаумен бірге) блоктарының/үлгілерінің орналастырылуын көрсетумен бірге алаңды сипаттау (геодезиялық жағдайлар, жоспарды іске асыруға жоспарланған алаң аумағының экспликациясымен оқиғаға орай жоспары);
  • Таңдалған алаңның кәсіпорынның өндірістік қуатына сәйкестігі (жобаны іске асыратын алаңдағы объектілерді қысқаша сипаттау, соның ішінде: ғимараттар, құрылымдар (төлқұжат деректері, жағдайы); құрылыстар (эстакадалар, жер асты сақтау орындары, скважиналар және т.б.)
  • Инфрақұрылым:

В Технологиялық процесті сипаттау

  • технологияны таңдау негіздемесі (әлемдік стандарттарға сәйкестігі, қолда бар аналогтарымен салыстыру, Қазақстандағы немесе шетелдегі басқа жобалар бойынша жаңалық және/немесе оларды байқаудан өткізу;
  • таңдап алынған техниканың сипаттамасы (тәжірибеде қолданылатын өнім өндіру технологияларының нұсқаларын суреттеу, іске асырылатын жоба үшін осы технологияны таңдап алуға негіз болған техникалық шарттарын көрсете отырып, қолдағы бар өнім өндіру технология нұсқаларының негізгі жақсы жақтары мен кемшіліктеріне салыстырмалы талдау жасау);
  • Технологиялық және басқа жабдықтар мен техниканың болуы және оларға деген қажеттілік, оларды сатып алу шарттары (қолдағы бар техника мен жабдықтардың тізбесі, олардың қазіргі жағдайы, жаңа жабдықтың қолданылып жүрген жабдықтармен технологиялық үйлесімділігі; қажетті қосымша және/немесе жаңадан сатылып алынатын техника мен жабдықтың тізбесі, олардың техникалық спецификациясы, өтініш берушінің жабдық жеткізушісімен келіскен жабдықтарды орналастыру схема-жоспары, осыған ұқсас жабдықтың басқа жеткізушісімен салыстырмалы талдау (сапасы, бағасы, технологиясы), бағаның бәсекеге қабілеттілігі;
  • өндірістік қуаттың негіздемесі;
  • кәсіпорын қуатын игеру серпіні;
  • технологиялық және басқа жабдықтар мен техникалардың болуы, оларды сатып алуды қажетсіну және оларды сатып алу шарттары (қолдағы бар техника мен жабдықтар тізбесі, олардың ағымдағы жағдайы, қажетті техника мен жабдықтар тізбесі, бәсекеге жарамды баға, пайдаланылып жүрген жабдықпен технологиялық сыйысымдылығы, жабдықты жеткізудің әр түрлі нұсқаларына салыстырмалы талдау жасау)
  • жер телімдерін, ғимараттарды, құрылыстарды, байланысты қажетсіну;

Б Жобаны басқару және кадрларды орналастыру

  • Жобаны басқару құрылымы;
  • Жобаның жетекшілеріне және негізгі менеджерлеріне қысқаша түйіндеме
  • Фамилиясы, аты-жөні, білімі, институт, мамандығы, қашан бітірген, еңбек тәжірибесі, лауазымы, бұл лауазымда неше жыл жұмыс істейді.
  • Жұмыскерлер саны және кадрларды орналастыру
  • Еңбек ресурстарын және оқып-үйренуді қажетсіну.

Д Жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс кестесі

  • Құрылыс кезеңдері (Мысалы: жоба алдындағы зерттеулер, ТЭН жобалауға және әзірлеуге тапсырма, ТЭН, аудандық архитектурадан қортынды, аудандық мемлекеттік сараптаманың қортындысы, ТЭН Мемлекеттік архитектуралық-құрылыстық қадағалауға табыстау, салуға рұқсат алу, мердігермен бас шарт жасасу)
  • Салу мерзімі
  • Жабдықты жеткізу мерзімі
  • Құрастыру, іске қосу-жөндеу және пайдалануға жіберу мерзімдері
  • Жобалық қуатқа шығу және бұдан былайғы өндіру серпіні
  • Қажеті туса, технологиялық карта ұсынылады

К Жоба бойынша шығындар құрылымы

  • Жер телімі
  • Құрылыстық-құрастыру жұмыстары
  • Өндірістік жайлар
  • Жабдық
  • Жүк тасу
  • Сақтандыру
  • Құрастыру және іске қосу-жөндеу жұмыстары
  • Өндіруге шығатын шығындар, соның ішінде

(шикізат нарықтарына талдау жүргізу, негізгі жеткізушілер және шикізатты жеткізу бағдарламасы, электр энергиясы, су және басқа да құрамдас бөліктері, ( жарнама кампаниясы, дистрибьютивалық торап салу және т.б)

ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ БОЛЖАМДАРЫ

A. Қаржыландыру және төлемдер кестесі

  • Аванстық төлемді салу мерзімі
  • Сақтандыру және комиссиялық төлемдер мерзімдері
  • Негізгі қарызды және ол бойынша проценттерін төлеу кестесі

В Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу және шығын сметасы

Жобаны іске асыру және шығын калькуляциясы кезеңіне дайын өнімді өндіру бағдарламасы

  • Алғашқы көздер бойынша жобаның технологиялық карталары
  • Нормативтік параметрлерге сәйкес өнім өндіру көлемін жоспарлау
  • Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу және шығын сметасы
  1. Сатудан болған табыс баптарын ажырату (шығарылатын өнімнің әр түрі бойынша өткізу көлемін әрбір ай бойынша көрсете отырып); болса, маусымдық ауытқуларды ескеру керек.
  2. Пайдалар мен залалдар туралы есеп болжамы. Шығындардың ірі баптары бойынша түсініктеме беріледі, баға мен дайын өнімді өткізу көлеміне және шикізатты сатып алуға маусымдық ауытқулар
  3. Ақша қаражаттарының қозғалыс болжамы.
  4. Жобаны қаржы бағасының жай әдістерінің көмегі арқылы талдау
  • Жоба өтелімділігінің жай мерзімі
  • Жай табыс нормасы (жобаны іске асырудың әр жылы бойынша және тұтас жоба бойынша)
  • Пайдалылық, өтімділік және айналымдылық көрсеткіштерін талдау

Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшіліктерін ескере отырып мақта өсіретін шаруа қожалығының бизнес-жоспарын жасап, ауылдық кәсіпкерлердің агроэкономикалық сауаттылығын көтеру мақсаты көзделген.Бизнес-жоспар жасағанда ең кемдегенде алдынғы үш жылда алынған өнімнің мөлшері талданып,оған іс-жүзінде қосылатын өнімнің есебі дәл анықталуы керек.

«Дүйсебек-Ш» шаруа қожалығының бизнес -жоспары

Шаруа қожалығы Мақтаарал ауданы «Қарақай» ауыл әкімшілігі Сәтпаев елді мекенінде.

Пайдалы жер түрлеріЕгіндік жер көлемі га 

%

Барлық ауыл шаруашылығы жерінің алқабы

Оның ішінде:

– егістік жері

– суармалы егістік жері

 

23

 

22

22

100

 

90,9

90,9

Ұзақ мерзімге жалға алынған жердің көлемі – 23 га, оның ішінде егістік жер – 22 га, мақта егілетін жер – 20 га, бақша егілетін жер – 2 га. Болжам бойыншаалынатын мақта шикізаттының шығымдылығы 50 тоннаны, бақшаның шығымдылығы 90 тоннаны құрайды.

«Дүйсебек – Ш» шаруа қожалығының құрамы

 

 

 

 

 

 

 

Туыстық жағдайыЖасы

жыл

БіліміМамандығы
1

 

Дүйсебеков Дархан

 

Үлкен ағасы37Жоғары Заңгер
2

 

Дүйсебеков Қаныбек

 

інісі34Ортамеханизатор
 

3

Дүйсебеков Жақсыбек

 

інісі27ОртаСушы
 

4

 

Спанова Нұржамал

 

 

келіні32ОртаЖұмысшы
5Мырзахвнова Замиракеліні23ЖоғарыЖұмысшы

Шаруа қожалығның материялдық-техникалық ресурстары

 

 

Атаулары

 

 

Шыққан жылыСаныҚалдық құны теңге
1Шынжырлы трактор Дт – 7519961450000
2Доңғалақты трактор МТЗ – 80Х19971380000
3Культиватор КРХ – 420011106000
4Тырма ЗБТ -12000612000

Барлық қолда бар техникалар жөдеуден өткен. Техникалардың өздеріне тиісті құжаттар мен белгілері бар.

Каражат кажеттілігі

(Мақгалық жер учаскесі – 20 га, қарбызға бөлінген жер учаскесі – 2 га)

к/сҚаржыландыру баптарыӨлшем бірлігіМақта өсіруҚарбыз өсіруБарлық сомасы
Норма бой-ынша саныСомасы тенгеНорма бой-ынша саныСомасы, тенге
1Макта түқымы (шит)кг600227022770
2Жанар-жағар майкг60002100001204200214200
3Минералды тыңайтқыштаркгX28050080012000292500
4Биоматериалдар және химиялық препараттарXX40000X3300073000
5Қарбыз түкымы (“Ницца” сорты)1,01000010000
6Полиэтилен пленкасыкг16920903060030600
7Ағын суга/м36000100000600169218612
8Ішкі тасымалдау кызметіт/км2050 100000
9Шаруа (фермер) қожалығы-ның мүшелеріне аванс төлемітг    300000
 БарлығытгX670190X914921061682

Жоғарыда келтірілген есептеулерге сай ” Дүйсебек – Ш ” шаруа кржалығы екінші деңгейдеіі коммерциялық банктен немесе “Агроқаржы несие серіктестігінен” бір жылдықпайыз мөлшері 10%, ал алты айлық пайыз өсімі 5% – сомасы 1061,7 мың тенге несие алуды жоспарлап отыр

Несие кайтару есептеулері.

Несие қаржыиың есеп шотқа түсу мерзімі: 1 ақпан, 2011 жыл 
Несиені қайтарудың бастау мерзімі: шілде, 2004 жыл 

Көрсеткіштер1 ақпан 2011 жыл2011 жылдың айлары1 қазан 2012 жыл
VIIVIIIIXXXIXII
Несиенің сомасы, мың теңге1061,7       
Бір жылдық ставкасы, %10,0       
Жарты жылдық ставкасы, %5,0       
Несиені кайтару, мын теңге1061,7100,0100,0112,1280,0239,6230,01061,7
Несиенің өсімін төлеу, мық теңге53,113,120,020,053,1
Несиенің өсімі % қосып төлеуі мың теңге1114,8100,0100,0112,1293,1259,6250,01114,8

Жоғарыдағы кестеде келтірілген есептеулер бойынша бір жылдықнесие өсімінің ставкасы 10,0 % болса, оның сомасы 106,2 мың теңгеге тең болады, ал алты айлық ставкасы 5,0 % болғандыктан оның сомасы 53,1 мың теңгеге тең.

Шаруа қожалығының 2011 жылға өндірістік бағдарламасы

КөрсеткіштерДакылдар тұріБарлығы
 

 

МактаҚарбыз 

 

Еіістікжер, га20222,0
Шығымдылығы ц/га25450X
Жиынтықөнім, тонна5090X
Ішкі шаруашылық шығындары, тонна10X
Тауарлы өнім, тонна5080X
Операциялық шығынцар/тг67019091492761682
Оның ішінде: сатып алыиған тұқым, кг690,01,0X
Сомасы, тенге2277010.00032770
Сатып алынған жанар-жағар май, тонна60001206120
Сомасы, тенге2100004200214200
Сатып алынған минералдық тыңайткыштар, кг1970080020500
Сомасы, тенге28050012000292500
Сатыпалынғанбиоматериалдар және химиялық препараттар500 жэне 35000306000X
Сомасы, тенге400003300046000
Сатып алынған полиэтилен пленка, кг180180
Сомасы, тенге3060030600
Ағынсу, га/м360006006600
Сомасы, тенге16920169218612
Ішкі көлік тасмалдау сомасы, тенге100000100000

” Дүйсебек – Ш ” шаруа (фермер) қожалығы 6 ай мерзімге 1061,7 • мың теңге алады, оның өсімі 5% есебінен 53,1 мың теңгені күрайды. Жалпы несиелер бойынша төлемдер сомасы- 1114,8 мың тенге.

Шаруа қожалығының өнімдерді сатып өткізуден алған пайдасының болжамы (мың теңге)

КөрсеткіштерСомасы
Сатып-өткізуден түскен түсім4100
Онліріс шығындарының барлығы1919,8
Сатып-еткізуден түскен табыс2180,2
Салықгар сомасы61,6
Бөлінетін пайда2118,6
Несиенін өтелуі1114,8
Таза табыс1003,8
Ондірістік шығындардың ішінде: 
Түракты шығындар1158,2
Соның ішінде жалакы авансы300,0
Аудармалар, әлеуметтік салық137,8
Оның ішінде зейнетақы қорына98,5
Міндетті медициналық сактандыру29,5
Еңбскпеи камту9,8 ,
Аудармалардан кейінгі таза табыс1003,8

Шаруа (фермер) қожалығының алдын ала есептелген каржылық нәтижесі.

Бизнес-жоспарын жасауда каржы есебінің орны бөлек. Оның ең маңызды үш нысаны бар. Олар пайда және шығын женіндегі есеп, сонымен қатар ақша айналымы бойынша есеп.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!