Бастауыш сынып оқушыларына қазақ халық фольклорын музыка сабағында қолдану әдістемесі

Мектеп оқушыларының еліне, туған жеріне, табиғатына сүйіспеншілік сезімі мен талғамын, ата-бабаларымыздың сан ғасырлық қазынасы — балалар фольклорына қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойында рухани мәдениеті жоғары адам тәрбиелеу — бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.

Музыка сабағының басты мақсаты қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, өнерін қадірлейтін, оның өмірмен байланысын түсінетін, рухани және музыкалық танымы дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған. Туған елінің әндері мен күйлерін білу, туған жерін құрметтеуге тәрбиелейді, ал қазақ халқының ой-арманын музыка арқылы түсіну оның музыка мұрасын дұрыс қабылдауға және әсемдікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани-музыкалық тәрбие жүйесін қалыптастыру және қазақ фольклоры туралы білім беру, олардыңфизиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне, әртүрлі іс-әрекеттегі көрсеткен білім сапасына сай жүргізілуі тиіс. Бастауышсыныпоқушыларыкөркем музыкалық шығармаларды мұғалім көмегімен, балалар фольклорын орынды қолдану арқылы тереңірек қабылдауға бағыт алады, мазмұнынтүсініп қана қоймай, ертегілер мен әңгімелердегі жарқын, бейнелі сөздердіестеріне сақтап, кейіпкерлерге деген өзінің пікірі мен көзқарастарын білдіруге тырысады [1].

Сонымен бірге балалардың мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың мазмұнын түсініп, оларды өмірмен байланыстыру қабілеті артып, ұғыну, қабылдау әрекетінің көлемі мен ауқымы кеңи түседі. Олардың шығармашылық мүмкіндіктері артып, ертегінің болсын әңгіменің мазмұнын қайталап есіне түсіргенде немесе сахналап, қойылымдар қойғанда өзіндік тапқырлық көрсетіп, еркін ойын айта, эмоциясын анық білдіре алады. Сол іс-әрекет барысында ерекше әсер алып, сезімдері мен қызығушылығын оятқан заттар, музыкалық шығармалар жөнінде қарапайым тұжырым жасайды. Музыкалық рухани тәрбиенің міндеттері мен қазақ фольклорын меңгеруге қойылатын талап, баланың бойында мейірімділік, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастырмайынша жүзеге аспайды [2].

Сонымен оқушылар өз халқының музыкалық мұрасын тереңірек үйренсе, әсіресе, балалар фольклорын, онда оларда музыка мәдениетінің іргетасы табысты қаланады. Халық музыкасына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелеу — оқытудың барлық мерзімінде осы халықмузыкасының төңірегінде үнемі жұмыс жүргізілген жағдайда ғана жүзегеасырылады, яғни ылғи да көңіл бөлініп отыру керек. Мектепте оқыту ментәрбиелеуде халық музыкасымен айналысу, Б.В.Асафьевтің пікірі бойынша, оқушылардың қиялы мен есту қабілетіне әсер ете білу педагогикалық қажеттіліктен шығатынын яғни музыкалық шығармашылықтың осысаласындағы көркемдік-музыкалық сананы дамытуға потенциалдық импульстың керек екендігі. Сол бағдарламалардың ішінде «Музыка» (Ш.Б.Құлманова т.б.) бағдарламасына тоқталып өтсек. Оның басты мақсаты қазақ халқының музыка өнері басқа да жанрлармен тығыз байланысты болуымен құнды және де қазақ фольклорының түрлері: ертегі, санамақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.т. тығыз байланысты болуымен тиімді.

Мәселен, I сынып 3 сабақтың тақырыбы «Санамақ». Онда балалар тілашар дәстүрімен танысады. Бүлдіршіннің тілі жеке-жеке сөздерді айтса икемделе бастаған кезде тілі тез шығуы үшін дәстүрлі «Тілашар» тойы ырымын жасайды. Мал сойылып, ауылдан шешен ақсақалдар, қариялар арнайы шақырылады. Олар «Тілің тез шықсын» деп сәбиге қойдың тілін жегізеді, тілін қой ішегімен байлап тұрып, «сөйлейсің бе?» деп үш рет сұрақ беріп, анасы мен баласына үш рет «сөйлеймін» деген уәде алады. Осыдан соң ақсақалдар «сандуғаштай сайрап кет!», «Жиренше дей шешен бол!» т.б. ақ баталарын береді. Қоршаған дүниені таныстыру мақсатымен баласын далаға алып шыққан әке айналадағы заттардың шығаратын дыбыс-әуендері арқылы сәбидің тілін сындырады. Мысалы, бұзауды көрсетіп «Бө-бө», қозы мен лақты көрсетіп «Мә-мә», күшікті көрсетіп «Ап-ап», мысықты көрсетіп «Мияу-мияу» дейді. Күн өткен сайын үйретілетін сөздер мен берілетін ұғым-түсініктер бірте-бірте күрделене түседі: «сиыр мөңірейді», «қой маңырайды» т.б.

Келесі кезекте мәнді сөздер, бір қайырым жаттауға жеңіл өлең, сөздер, мәселен төрт түлікті шақыру одағайлары — «пүшәйт-пүшәйт», «шөре-шөре» т.б. жаттатқызылады.

Тілашар дәстүріне жаңылпаш айтқызу, санамақ, жұмбақ, мақал-мәтелдер, тақпақ, өлең-жыр, мазақтама арқылы баланың тілін ширату жатады.

Халық әні «Жұмбақ саусақ» тілашар дәстүрінің айқын мысалы бола алады. Әнді үйретер алдында Әнші атаны еске саламыз. Мұғалім Әнші атаның дорбасынан алдын-ала 1-10 сандардың қиындыларын, жануарлардың түрлі-түсті суреттерін (бұзау, ешкі, кұлыншақ, қозы т.б.), тұрмыстағы заттарды (үстел, қасық, ожау т.б.) карточка түрінде дайындап көрсетеді. Әнді көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ойын түрінде үйретеді. Үйренген әнге байланысты суреттер салу, дайын суреттер қиындылар әкелу. Әнді диалог түрінде де орындауға болады./3/

Қазақ фольклорын музыка сабағында қолдану тақырыпты, музыкалықшығармалардың мазмұнын ашу барысында, оны нықтауда өте маңызды да көмекші құрал ретінде байқалады. Ол балалардың ой-өрісін, музыкалық талғамын, дүниетанымын көтереді. Балаларды ертегі негізінде фольклордың басқа жанрларымен таныстыра отырып, олардың музыкалық-эстетикалық қабылдауын, көзқарасын, сезімін, талғамын, мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ертегіні музыкалық-эстетикалық тәрбие жүйесіне басты құрал етіп алған себебіміз, ертегінің тілі жатық, мазмұны қызық, балалардың түсінуіне жеңіл. Халық ертегісін балалардың сүйіп, бар ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны, оның ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, әбден өкшеліп, халықтың даналық, тапқыр ой-пікірлері айтылып, көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Басталған жерден-ақ уақиғасы қызықты, тартымды, ұшқыр қиялды болып келеді де баланың ойын бірден қызықтырып, жетектеп әкетеді. Қазақ халқының балалар фольклорын оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарда да үйретіп отырған жөн, яғни олар өз халқының музыкалық-поэтикалық мұрасымен тереңірек танысып біліп отырады. «Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы», «Өнерлі өрге жүзеді» дегендей, оларды түрлі сыныпсағаттары мен кештерде,өнержарыстарында ұтымды қолдана білу музыка мүғалімінің міндеті болып табылады. Мысалы, «Достық» тақырыбында өтілетін сынып сағатында, әдеби кештерде, пікір жарыста достық туралы мақал-мәтелдер кім көп біледі? Деген сұраққа жауап ретінде жазбаша жарыс ұйымдастыруға болады. Жыраулар мен ақындардың, ұлы данышпандар мен билердің шығарған мақал-мәтелдері жөнінде сынып сағаттарын, пәндік музыкалық кештер т.б. ұйымдастыруға болады./4/

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, өткен көне дәстүрлерді ескере отырып, музыкалық педагогика оқушыларды оқытудың жаңа жолдарын қарастырады, фольклорды қолданудың тиімді де сапалы құралы ретіндегі жаңа түрлерін белгілейді. Басты тәрбиенің міндеттерін шешуде өсіп келе жатқан ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың дәстүрлі музыкалық өнерін қолдану бірден бір жол екендігінің үкімет тарапынан да айтылып жүргені жай емес.

Қазақ ұлттық музыкалық материалға сүйене педагогикалық репертуар жасай отырып халық шығармашылығы арқылы оқушылармен бірге музыкалық фольклорға қызығушылық, сүйіспеншілік тәрбиесінің жолын табуды ұсынады.

Оқушыларды рухани тәрбиелеуде, музыкалық өнерін қалыптастыруда мұғалім тұлғасы ерекше орын алады. Ұстаз өткеннен жиналған өнер арқылы жалпы адамзат құндылығын таратушы, өз халқының тілін, фольклорын, ұлттық дәстүрін білуге бейімделген болу керек.Бастауыш сынып оқушыларының сабақтарында қазақ фольклоры арқылы музыкалық сезімдерін қалыптастырудың қажетті шарттарының бірі — осы үрдісті музыка мұғалімнің мақсатталған бағытта басқаруы ұсынылады.

Резюме

В этой статье рассматривается методики преподаванияпо музыке казахского народного фoльклора дляучащихся начальных классов.

Summary

In this article analyzed by teaching methods of the music about national Kazakh folclorfor pupils in pre-intermediate forms.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ұзақбаева С.А. Қазақ халық шығармашылығының балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі мүмкіндіктері. -Алматы, 1994
  2. Қалиев С. Қандай болып өсемін: өлендер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер. — Алматы, 1994.
  3. Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі. — Алматы, 1980. ІЗ.Музыка //Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағадарламалары (І-ІV сыныптар).Алматы: Ы.Алтынсарин атындағыҚазақтыңБілім академиясының Республикалық баспа кабинеті. 1998, (бірлестікте: Құлманова Ш.Б., Оразалиева М., Сүлейменова Б.).
  4. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал — мәтелдері. — Алматы, 1993.