Ата-аналарға кіші мектеп жасындағы балалармен арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру

Ата- аналарға кіші мектеп жасындағы балалар мен арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру.

Бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетінқиындықтар мектепішілік қарым қатынаспен байланысты орын алады. Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды және жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында бола бастайды. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, тілалғыштық, шынайы адалдық, жақсы жаманды айыра білушілік,алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық,ұшқалақтық тсияқты қасиеттер жатады.Бала бойынданазар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге өзіне өзі сын көзбен қарап мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділеттілікті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамды болуы мен іскерлігі жатады.Егер кішкентай кезінен бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, ол қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі , табанды болып ер жетеді. Ал олардың бойында ынжық мінез қалыптасса, біртіндеп ол сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжыңдық мінездерге айналады.Бала өскен сайын көп көріп, естуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен қарым қатынас жасау, достасу, пікірлесусияқты мінез- құлық көріністері қалыптасады.

Мектепке дейінгі жас кезеңінде мектепте оқуда даярлықтан өту өтпеуіне, отбасында тәлім- тәрбие алу ерекшеліктеріне байланыстыбала психологиялық дамуында әр түрлі жағдай орын алуы мүмкін.Олардың ішінде депривация көрініс берген және осы симптомы барлардың мектепке қабылдау алдында коррекциядан өтпегендері мектептік қарым- қатынасқа және оқушының күн тәртібіне адаптациядан өтуі қиын болады.Депривация ( жетіспеушілік деген мағына береді) орын алған себептеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді:

  • Сенсорлық депривация баланы қоршаған сыртқы ортаның және ондағы тітіркендіргіштерініңаз өзгеруімен байланысты орын алады. Баланың жаңалықтарға қызықпаушылығы және танымдық қажеттілігінің шектеулілігімен сипатталады.
  • Когнитивтік депривация керісінше, қоршаған орта заттары мен құбылыстарының ретсіз өзгеруімен байланысты оларды танып білуге, мазмұнын ұғынуға мүмкіндік бар екеніне бала түсінбей қалады, сондықтан олардың танымдық әрекеті шектеулі және қажеттілігі дамымаған болады.
  • Эмоционалдық депривация баланың өзіне эмоционалдық жақын адамынан айырылуымен, ата- анасы немесе олардың орнында болған туысқандарымен қатынас жасауының шектелуімен байланысты көрініс береді. Эмоционалдық депривация өкімет үйлерінде тәрбиеленген балалардың барлығына ортақ психологиялық проблеманың түрі болып табылады.
  • Әлеуметтік депривация баланың денсаулығымен байланысты өзіне тән әлеуметтік функциясынорындауға мүмкіндігінің шектеулілігімен байланысты қалыптасады.ДЦП, сал аурулары, созылмалы қабыну тағы басқа сырқаттардың салдарынан кейбір балалар ойын шағындағы өздерінің құрбылармен қимыл ойындарға толық қатысуға шамасы келмегендіктен өзін кем санау синдромы қалыптасады.

Балаларда жиі кездесетін ауытқудың түрі – агресивтілік.Агрессия дегенімізөзге адамдарға, заттарға болмаса жануарларға себепсіз зиян келтіруге тура бағытталған қиянат. Ал агрессивтілік- бұл жеке тұлғаның мінез- құлқындағы агрессия көрсетуге даярлығы.

Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лорнед, Анри), екіншілері адамның өзі өмір сүретін ортада жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрациямен байланыстыратын функциялар да бар.(Маллер, Дуб,Доллард)Агрессия терминімен жеке тұлғаның субекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді.

Деструктивтік әрекет дегеніміз – адамның алдында тұрған бөгетке кедергі жасап, қияндықты жеңуге деген белсендщілігі. Сондықтан агрессиның оң және теріс түрлері барекенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін. Барлық басқа психологиялық қасиеттер сияқты агрессия әр адамда әр түрлі болады. Агрессиясы өте төмен немесе мүлдем жоқ болса, ол адамның қорғаныс функциясы төмен болады да, ол енжарлық, иланушылық пен конформдылыққа алып келеді, ал кейбір адамдардың агрессиясы өте жоғары дамыған болады да, ол шатақ мінезділікке, конфликтіге ,қошаған ортамен өзара түсініспеушілікке алып келеді. Баланың агрессивтілігі келесі көрсеткіәштерменбағаланады: агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі, агрессияны туғызған жағдайға бала реакциясының адекватты емес дәрежесіә, агрессия жүруінің екпіні, агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл жүрген жағдайда ол вербальды формада болады, ал асқынған ауыр жағдайларда физикалық түрде көрініс береді.

А:Басс және А: Дарки агрессиянысипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі: Біріншісі- мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған себеп, сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осытүрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі- инструменталдық агрессия немесе өзін өзі қорғау үшін, басқаларды жәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттердің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін. Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі – Басса- Дарки сауалнамасы ( бірінші кітапта берілген). Бұл әдістеме көмегіменагрессиның формасын диагностикалауға болады.

Балаларда себепсіз агрессия немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселеі зерттеп, нормадан тыс дамыған агресия байқалған балалардың ата аналарына оның табиғатын түсіндіріп, ал балалардың өздерімен коррекция жұмысын жүргізу керек.

Бастауыш сыныптарда кездесетін келесі ауытқу- дезадаптация. Бала өмірінде мектепке барып, оқушы статусында болу өте күрделі кезең. Сондықтан осы оқушы статусына үйрену, оның барлық міндеттерін мойындап алу – бала үшін күрделі сын болып табылады. Адатациядан өту жолывн зерттеушілер оның құрылымын анықтаған. Адаптация келесі құрамды бөліктерден тұрады.

А. Мамандыққа адаптация. Мектепте оқитын баланың мамандығы – оқушы. Мектепке жаңадан келген бала осы мамандыққа адаптациядан қысқа мерзімде өтуі керек. Бұл адаптация баланың оқушы міндетін атқаруға, мектеп режимін және оқу мазмұнын тез меңгеруге және өз бетімен үйге берілген тапсырнмаларын орындауға икемделуін көрсетеді.

В. Әлеуметтік психологиялық адаптация. Жеке тұлғаның сыныптағы балалармен топішілік қатынасқа ттүсуге және оқытушылармен қарым қатынас жасауға икемделуі, көпшілік ортасындағы сыйысымды мінез құлық қалыптасқандығы. Әлеуметтік психологиялық икемделу барысында жее тұлға өзін қоршаған ортаның ерекшеліктерін меңгеріп, сол ортада өмір сүру стратегиясын ішкі дизкомфортсыз қабылдайды.

Бастауыш сынып оқушыларының мектеп өміріне адаптациядан өтуі оның барлық іс әрекеттерде табысты болуының кепілі болады. Психологияда бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне адаптациядан өтуінің келесі үш формасы анықталған:

  1. Формальдық адаптация, мектептің жұмыс тәртібіне, мектептің құрылымдық ерекшеліктеріне, мәліметтік танымдық әрекеттер түрлерін меңгеруге, жаңа орта талаптарына және өз міндеттерін орындауға адаптациялануы.
  2. Әлеуметтік адаптация, мектепке қабылданған балалардың өзі оқитын сыныптағы және басқа оқушылармен қарым қатынасының қалыптасуы, мұғалімдердің балаға көңіл аударуы, оның оқу әрекеттерін бағалауы, оқушылар тобының ішкі интеграциясының қалыптасуы және топтың жалпы мектеп ұжымымен интеграцияда болуы.
  3. Дидактикалық адаптация, оқушының оқулықтар және басқа құрал жабдықтармен жұмыс істеуі, оқу әдістемелік жұмыстарының формаларына үйренуі.

Адаптациядан өтудуң қиындықтарын зерттеушілер оның бірнеше себептерін анықтаған. Е:ЕКравцова ,А:А Нурахунова, В:В:Степанова т.б зерттеушілердің айтуы бойынша баланың эмоциялық өрісіндегі сезімге бой алдырғыштығы: ашуланшақтық, қызаншақтық, долылық, өкпелегіштік, өзіне өзі көңілі толмаушылық, жылауықтық баланың икемделгіштігін төмендетеді. Сонымен қатар отбасының әлеуметтік тұрмысы: толық емес отбасы, жағдайы жоқ отбасы баланы мектепте оқуға даярлықтан өткізе алмауына алып келуі мүмкін. Отбасында баланың жеке тұлғалық дамуында психологиялық бірізді жүйенің болмауы баланың еріктік өрісінде біршама қиындықтар туғызады. Олардың ішінде үлкен әсер ететіндер ретінде А:В:Запарожец, Л:С.Выготский т.б зерттеушілер келесі түрлерін көрсеткен: жалқаулық, қыңырлық, сенімсіздік, өтірік айту, өзімшілдік т.б.

Кей кезде балалардың үлгерімі нашар болуы оның сабақ мазмұнын толық түсінбеушілігімен және үй тапсырмаларын өз бетімен орындауды ұйымдастыруға үйренбегендік пен өз уақытын дұрыс пайдалану дағдымының қалыптаспағандығымен байланысты болады. Л:С:Выготский, Л:В:Занков, А:Н.Венгер, Д.Б.Занков баланың танымдық өрісінің бұзылуының көрсеткіштері ретінде келесілерді атаған: бала әрекетінде өнімсіз әрекеттерінің басымдылығы, дұрыс ойлай алмауы, жалпы танымдық әрекеттерінің жетілмегендігі. Оның негізгі себебі бала бойындағы жеке тұлғалық қабілеттіліктерді уақытында байқап, оларды психологиялық заңдылық бойынша дамыта алмаушылық. Бұл жағдай баланың дидактикалық адаптациядан өтуінде қиындықтар туғызады.

Кіші мектеп оқушыларының өте алмағандығы салдарынан оларда дезадаптациялық мінез орын алады. Ата аналарға кіші мектеп жасындағы балалардың мінез ауытқулары түрлерімен таныстыру барысында олардың орын алуына себеп болатын жағдайларды түсіндіріп, балалар мен мұғалімдер және ат аналар арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру қажет. Балалармен жүргізілетін диагностикалық бағдарлама олардың өмір жағдайы мен психологиялық дамуымен түрлі жақтарын анықтауға бағытталған болады. Осыған байланысты кіші мектеп жасындағы дезадаптацияның себептерін анықтауға арналған тесттерді жүргізу нұсқасын жасап алып, диагностикалық зерттеу бағдарламасының негізін құру қажет. Олар келесі жағдайларды жан- жақты талдауға арналған болады.

  1. Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты жағдайы: толық емес отбасы, материалдық жағдайы төмен отбасы.
  2. Балалардың денсаулығы.
  3. Эмоциялық өрісі (сезім әрекетіне бой алдырғыш), ашуланшақ, долы, өкпелегіш, өзіне өзі көңілі толмаушылық, жалқаулық.
  4. Еріктік өріс (ашушаң, қыңыр, сенімсіздік, қызғаншақтық, өтірік айту, өзімшілдік т.б )
  5. Оқу әрекеттерінің қалыптасқандығы. Танымдық өрісінің бұзылуы. Бала дамуындағы өнімсіз әрекеттердің басымдығы, дұрыс ойлай алмауы, жалпы танымдық әрекеттердің жетілмегендігі.
  6. оқу әрекеті бұзылған баланың сыныптастарымен, мұғалімдермен, ата- аналарымен қарым қатынас ерекшелігі.
  7. Басқалармен қарым қатынас ерекшелігі.
  8. Компенсаторлық формалардың барлығы: олар баланыңи өзіндік әрекетінің нәтижесінен, әлде біреудің тәрбиелеу әрекетінің нәтижесінен.

Кіші мектеп жасындағылардың ерекшеліктерін диагностикалау мінез құлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі тәсілдерді пайдалануға болады:

  1. Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау.
  2. Оның қызметін талдау ( әр пән бойынша дәптерлерін, бақылау жұмыстарын, шығармаларын т.б.
  3. Оқушы мен оны не қызықтырады және қандай ұнатады жөнінде әңгімелесу.
  4. Достары жөнінде әңгіме жүргізу.
  5. Оқушы жөнінде достарымен, ата анасымен әңгіме жүргізу (тәуелсіз мінездемелер жинақтау)

Психологтар кіші мектеп жасындағы балалармен жұмыс істегенде көбінесе графикалық тесттермен сурет салғызу тәсілдерін қолданады. Себебі, олардың мәселелерін шешуге сұраулар мен дәстүрлі әңгімелесу нәтижелі болып табылмайды. Балармен сенімді қатынасты орнатудықамтамасыз ететінкеңес беру жұмыстары белгілі бір әдістемелік тәсілдерді қажет етеді, сонымен қатар, бұл баланың коммуникативтікқиындығына орай уайымдап жүрген мәселесін анықтап беруге көмектеседі.

Мінез құлқы қиын балалардың жеке басының дамуында өзіндік бағалау үлкен роль атқарады. Осыған байланысты оқушылардың өзіндік бағалауы қандай екенін анықтауға А.И.Липкинаның “үш баға” әдісін қолдануға болады. Әдісті жүргізу үшін оқушыларға. “Жалқаулықпен қалай күресуге болады” деген тақырыпта шығарма жазып келу тапсырылады.Шығарманы тексеруде психологпен қатар мұғалімдер қатысады. Әр мұғалім шығармағатөз бағасын қояды. Шығарманы таратып беру алдында оқушыларға келесі түсініктеме беріледі:” Сендердің жұмыстарыңды үш мұғалім тексерді. Олардың әрқайсысы бұл жұмысқа өз бағасын қойды..Ал, енді сендер өздеріңе ұнаған бағаны белгілеңдер “ – делінді. Сонан соң оқушыларға келесі сұрақтар қойылды:

  1. сен өзіңді қандай оқушымын деп санайсың. Орта нашар немесе үздік.
  2. Сені қандай бағалар қуантады. Қандай бағалар ренжітеді.
  3. Сенің жазған жұмысыңды грамматикалық және әдеби шығармалық жағынан “3” деген баллмен бағалауға болады, ал, мұғалімсаған “5” деген баға қойды.Сен осы бағаға қуанасың ба.

Оқушылардың жауаптарын талдау арқылы олардың өзіндік бағалауы қандай деңгейде екендігі анықталады.

Баланың ата- аналарымен тұлғалық өзара қарым -қатынас жасауын зерттеу.

Бұл мақсатта « Жанұялық сурет» жобалау тестін қолдануға болады.

1.Материал. ақ парақ 15х20 см. немесе 21х29 см. Ручка, карандаш, өшіргіш.

Нұсқау 1. суретке О: «Өзінің жанұяңды сал», «жанұя» дегенді түсіндірудің қажеті жоқ, егер сұрақ қойса, тек нұсқауды қайталаңыз. 30 минут уақыт беріледі. Топтық орындауға 15-30 минут беріледі.

Тестте қосымша тапсырмаларды орындауға болады, (нұсқауларда берілген)

Нұсқау 2. «Барлығы өзінің күнделікті жұмыстарын істеп отырған жанұяңды сал».

Нұсқау 3. «Сен жанұяңды қандай болу керектігін сал».

Нұсқау 4. «Фантастикалық түрде жанұя мүшелерін сал».

Нұсқау 5. «Жанұяңды ерекшелейтін бір бейне, символ ретінде сал».

Жеке тест өткізілген кезде, хаттамада белгілеу керек ;

А) бөліктердің салу кезектілігі ;

Б) 15 с. паузалар ;

В) бөліктердің (детальдарды) өшіру ;

Г) баланың спонтандық коментарилері ;

Д) баланың эмоционалдық реакциялары және бейнеленген мазмұнымен байланысты.

Тапсырманы орындағанда вербальдық жолмен максимум қосымша информация алуға тырысу керек.

Сұрақтар:

  1. Айтшы, мына жерде кім салынған ?
  2. Олар қай жерде тұр ?
  3. Олар не істеп жатыр ? кім оны ойлап тапқан ?
  4. Олар көңілді ма көңілсіз ба ? неге ?
  5. Суреттегі салынған адамдардың қайсысы өте бақытты ? неге ?
  6. Олардың ішінде кім ең бақытсыз ? неге ?

Соңғы екі сұрақ баланы сезімді ашық талқылауға шақырады, сондықтан, егер ол жауап бермесе, онда баланы қинамаңыз.

Сұраулық өткізген кезде психолог баланың әр жанұя-мүшесіне сезімдерін анықтап, түсіну керек. Тіке сұрақтардың лажы болса қоймауға тырысу керек, жауап аламын деп ықпал етпеу керек.

Өте тиімді болып мынандай сұрақтар болады :

Мысалы : «Егер құстың орнына адам салынған болса, онда ол кім болар еді ? »

Шешім қабылдау үшін 6 жағдай ұсыну керек; 3-жанұя мүшелеріне теріс сезімді анықтайтын, 3-позитивті.

  1. Егер сенде циркке 2 билет болса. Сен кімді шақырар едің ?
  2. Егер сенің жанұяң қонаққа баратын болса, бірақ біреуіңіз ауырып, үйде қалатын болдыңыз. Ол кім болады ?
  3. Конструктордан үй құрастырып жатсың, бірақ істей алмай жатсың; кімді көмекке шақырар едің ?
  4. Сенде … билет бар (жанұя мүшелер санынан біреуі кем) Киноға кім бармайды ?
  5. Ешкім тұрмайтын аралда тұрасыз. Кіммен тұрғыңыз келер еді ?
  6. Сыйлыққа қызықты лото алдыңыз. Жанұяңыз түгел ойнауға отыырды, біреуі артық. Кім ойнамайды ?

Интерпретация үшін төменгі нәрсені білу керек :

А) баланың жасы;

Б) жанұя мүшелері, аға қарындастардың жасы ;

В) жанұяда, бала бақшада, мектепте баланың тәртібі туралы мәліметтерді білу.

«Жанұя суреті тесттің өңдеуі 1 схема бойынша жүргізіледі».

Анықталатын қасиеттері Белгілер
1.

2.

3.

Суреттің жалпы ауданы

Жанұя мүшелеренің саны

Жанұя мүшелеріне сәйкес өлшемдер

анасы

әкесі

әпкесі

ағасы

атасы

әжесі

т.б.

 
4. Жанұя мүшелерінің арасындағы ара-қашықтық .

Олардың арасындағы заттар.

 
5.

6.

Жануарлардың бары.

Бейне түрлері:

схемалық

реалисттік

эстетикалық

интерьерде, пейзажда

метафорлық бейне

іс-әрекетте, іс-қимылда

 
7. Жағымды эмоциялардың анықтау дәрежесі (ұпайда 1,2,3 …. )

Теріс эмоциялардың (ұпайда 1,2,3 …. )

Орындау тиянақтылығы дәрежесі (ұпайда 1,2,3 …. )

 

Берілген нұсқаулар бойынша әр түрлі жағдайларда тапсырмаларды орындағанда біріктірілген күштердің бары жоғы бағаланады.

  1. «Жанұяның суреті» О тесттің интерпретациясы.

Бейнелердің ерекшеліктері негізінде анықтауға болады.

  1. Бейнелеу мәдениетінің даму дәрежесі, бала тұрған бейнелеу әрекеттілігінің стадиясы. Бейнелердің қарапайымдылығы, бейнелердің нақтылығы, эмоц. сұлулық – суреттерді ажырататын қасиеттер.
  2. Сурет салу кездегі бала жағдайының ерекшеліктері.

Жиі-жиі штрихтер, кішкентай өлшеулер баланың жағымсыз физикалық жағдайы туралы, тұйықтық туралы мәлімдейді. Керісінше, үлкен өлшеулер, түрлі түсті суреттер баланың ашықтығы, шаршағандықтың жоқтығы туралы мәлімдейді.

  1. Баланың жанұядағы эмоц. сезінуі, жанұяаралық қарымқатынастардың ерекшеліктерін жанұя мүшелерінің жағымды эмоцияларынан, олардың ара-қашықтықтарынан білуге болады.

Нәтижелерді интерпретациялаған кезде авторлар қандай жанұя салынғанына көп көңіл бөледі. Зерттелетіндер өте үлкен, немесе өте өз етіп салады. Неғұрлым сейкестіктер емес көп болса, соғұрлым бар жағдаймен қанағаттанбауын көрсетеді.

«Жанұя сұреті» интелектуалдық дамуы төмен балаларға түсінікті болады. Көмекші мектептің (арнайы) оқушыларымен орындалған суреттердің анализі анализі көрсетеді, балалар суреттерді белгілі бір эмоционалдық мазмұнын салып «оқиды». Олар өздерінің жалғыздығын жанұяда адекваттық сезінеді және бағалайды, симпатия мен антипатияларды сезеді. Олардың суреттерінде ата-аналардан алшақтығы байқалады. Бір суреттерде олар өзін шкафтың төбесінде, ал жанұяның қалған мүшелерін бірге бір бөлмеде салған. Өздерінің бауырларынан да алыс салады. Жағымсыз жанұя мүшелерінің (өгей әке, шеше, ағасы) бетін салмаған. Қатал ата-аналар өте үлкен етіп, ал баланың өзі-кішкентай етіп салынған.

Бұл техника клиникалық зерттеулерді қолданған. А.И.Захаров 2 тапсырмадан тұратын әдістеме вариантын ұсынған. Біріншісін орындау үшін, бала төрт «бөлмеге», «екі этажда» орналасқан жанұяның мүшелерін бір біреу етіп ( өзімен бірге) «орналастыру керек». Суретті интерпретациялаған кезде кім қай этажда және баланың қасында кім орналасқанын байқау керек. Екінші тапсырма – ешқандай нұсқаусыз еркін түрде сурет салу.

Бұл әдістеме психологиялық кеңес жағдайында өте пайдалы. Суреттерде балалар тілмен айта алмайтын, жеткізе алмайтын нәрселерді көрсете алады. Бұл әдістеме бала мен психологтың арасындағы эмоциялық контакт құруға көмектеседі.