Мазасыздану және депрессияны анықтау шкаласы

Мазасыздану мен депрессияны анықтауға Д.Голбде ұсынған шкаланы пайдалануға болады.

Голбде жасаған қадамдық алгоритм әдістемесі көмегімен аз уақыт жұмсап мазасызданудың көрініс беруін дұрыс диагностикалау мүмкін. Бұл диагностикалық әдістемені дұрыс пайдалану үшін келесі шарттар орын алуы керек.

  1. мазасыздану симптомдары анық байқалатын болса;
  2. оны ағзаның стреске дұрыс жауабы деп есептеңіз.
  3. егер мазасыздану соматикалық аурулармен байланысты болмаса;

Мазасыздану шкаласы.

  1. Сіз өзіңізді ашу кернеп абыржығаныңызды сезінесіз бе?
  2. Шамадан тыс тынышсызданасыз ба?
  3. Тез ашуланасыз ба?
  4. Босансуыңыз оңай ма?

Егер сіз бір сұраққа ғана “ия” деп жауап берсеңіз, сіздің мазасыздануыңыз нормада. Егер екі сұраққа оң жауап берсеңіз келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ұйқыңыз тынышсыз ба?
  2. Басыңыз немесе мойныңыз ауырып, тамағыңыздың қысылып тұрғанын сезінесіз бе?
  3. Сізде келесі симптомдар байқалады ма бас айналу, қалшылдап кету, бірден терлеу, іш өту, тіл шаншып кету және басқа мазасыздану белгілері?
  4. Денсаулығыңыз сізді жиі мазасыздандырады ма?
  5. Ұйқыға бөленуіңз қиын ба?

Нәтижесін талдау.

Жоғарыда берілген тоғыз сұраққа берген жауаптардың ішіндегі әр “ия” дегені бір баллмен бағаланады. Жинаған баллдар 5 және одан көп болса мазасыздану деңгейі өте жоғары деп бағаланады

Мазасыздануды төмендету үшін әр адам өзінің психологиялық жағдайына теріс әсерін тигізетін симптомдарды анықтап алуға мүмкіндік беретін қадамдық алгоритмді пайдалануға болады.

Қорқыныш тудыратын симптомдар:

  1. Жүректің күшті немесе жылдам соғуы
  2. тершең болу
  3. дірілдеп, қалтырап кету
  4. ауыздың құрғап қалуы

Көкірек пен іш симптомдары:

  1. тыныс алудың қиындығы
  2. тұншығып қалу
  3. көкіректің ауыруы
  4. жүрек айнуы немесе асқазанның ашуы

Психикалық жағдайларды көрсететін симптомдар:

  1. бас айналуы, талып қалу
  2. заттардың бұлыңғырланып, оларды қабылдау ақиқатқа сай болмауы.
  3. өз өзін басқара алмай қаламын немесе жынданып кетемін деген қорқыныш.
  4. өліп қалатын шығармын деген қорқыныш

Жалпы симптомдар:

  1. бірде дене қызып, бірде қалтырап дірілдеу
  2. дененің ұйып қалуы.

Ішкі кернеу симптомдары:

  1. бұлшық еттердің тартылып қалуы, ауыруы
  2. босаңси алмау
  3. шамадан тыс зорлану, өзін “атылуға даяр мылтықтай” сезіну
  4. тамаққа бір нәрсе тұрып қалғандай болып жұғынуға қиналу

Басқа ерекше симптомдар:

  1. мазасызданған кезде зейінді шоғырландыру, ойлануға қиналу
  2. ызақор болу
  3. ұйқының бұзылуы

Осы диагностикалық тұжырымдамалардың қай қайсысы сіздің психологиялық жағдайыңызды сипаттайтынын анықтап алғаннан соң оның немен байланысты орын алғанын мамандармен отыпрып талдаған дұрыс. Өйткені бұл ауытқулардың басым көпшілігісоматикалық мәселелермен байланысты екені дәлелденді. Оларды емдеу арқылы адам көптеген өзін мазасыздандырып жүрген симптомдардан қол үзіп кетеді.