Музыка мұғалімін дайындаудағы дамыта оқыту принципінің қолданылуы

Музыка мұғалімінің педагогикалық шеберлігінің негізі – ең алдымен, олардың ғылыми тұжырымдама жасау әдістемесін бойларына сіңіруіне байланысты. Танымдық қызығушылықтың өз кезінде пайда болып дамуымен шығармашылық белсенділік пен өзбетінше жұмыс жасауы барысында қалыптасады. Жас музыка мұғалімдерімен музыкалық-педагогикалық факультет пен педагогикалық колледждердің музыка бөлімдерінің бітірушілерінің іс-әрекетіне талдау жасаған кезде олардың әртүрлі әдістемелік тапсырмаларды шешуде дайындықтарының өте таяз екендіктерін көреміз. Бұл біріншіден, мұғалім-музыканттың іс-әрекеті шынайы тәжірибемен байланыспай, көптеген педагогтардың кәсіпқой-педагогикалық білімдері белгілі бір жүйеге келтірілмегендіктен; екіншіден, теориялық білім, қабілет пен дағды көп жағдайда бүтін бір тұтас жүйеде емес, бөлек-бөлек дамығандықтан; үшіншіден, мұғалімдер алдыңғы қатарлы ой-пікірлерді толық меңгермей, қазіргі кездегі озық педагогикалық тәжірибелерді, педагогикалық теорияны практикада қолдану жолдарын білмегендіктен анағұрлым шамада қиындықтар туғызып, осындай жағдайлардың қалыптасуына себепші болады.

Музыка мұғалімдерін дайындаудағы жағдайды көтеру ғылыми-зерттеушілер О.А.Апраксина, Е.Я. Гембицкий, О.П. Соколова, т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулерде болашақ мамандардың педагогикалық шеберліктерін қалыптастыру мәселесі бойынша теориялық әдістемелік бағалы ақпараттар мен тиянақты көмек бере алатын мәліметтердің бай қоры сақталуда. Сондықтанда музыка мұғалімін дайындау сапасын көтеру ісі ең басты мәселенің бірі. Ол мамандардың іскерлігінің түп тамыры аспапты еркін меңгеруінде жатыр. Музыка факультетіне түсушілердің бәрі дерлік музыка мектептерін бітірмеген ауыл-село балалары екенін былай қойғанда, олардың жас мөлшеріне сай орындаушылықты меңгеруге тежеу болатын, буындары қатып кеткен ересек жастар екенін айтып кеткеніміз жөн. Енднше нота сауатын танымайтын студенттің оқып, білім алуында, күнде өсіп, дамып, қарқынды адыммен алға басып отыруы керек, ол үшін оқытудың алдыңғы қатарлы әдістемелерін қолданып, маңызды принциптерін сақөтап отыру шешуші роль атқарады. Ол принциптердің ең озығы дамыта оқыту принципі. Бұл принципті оқыту сапасын жақсарту мақсатында пайдалану ісі бүгінгі педагогиканың ұстанған талабы. Музыкалық білі беру саласында музыкант оқытушының кемелінің әртүрлі деңгейін көрсететін дидактикалық үш жүйе бар: догматикалық – яғни жаттау арқылы принципі; түсіндіру арқылы оқыту принципі; дамыта оқыту принципі.

Догматикалық оқытудың әдістемесі жаттығуға, механикаландырылған қайталауға, санасыз жаттауға негізделіп, студент ойлау мүмкіндігінен айырылады. Мұндай оқытудың мәні мынадай: «Мен сияқты ойна», «Менің айтуымша істе», «Менен кейін қайталап отыр» т.б. аталған талаптар үстүрт үйрететін теріс жүйені көрсетіп, оқытушының студентті өзіне бағындырып, үстемдік жасауына әкеп соғады. Бұл принципті ұстанған оқытушылардың жұмысы керітартпалыққа соғып, ақыры студенттің музыкаға зауқы соқпай, тіпті музыкадан жеріп кетуі мүмкін.

Түсіндіру арқылы оқыту принципі-оқытушы студенттің оқу материалын саналы түрде ұғып алуы үшін, жүйелі әңгімелеп, егжей-тегжейлі түсіндіріп оқытуды қалайды.

Түсіндіре оқыту принципі бүгінгі оқыту жүйесінде жетекшілік орын алып отыр. Бірақ, күнде өзгеріп отырған өміріміз қайта құрылып отырған қоғам оқу білімінің өте тез өріс алуына байланысты, адамның үздіксіз саналы білім алуына қажырлы еңбек етуін талап етіп отыр.

Дамыта оқыту жүйесінің де мақсаты студенттің білімпаздыққа құштарлығын, күш-жігерін арттырып, ақыл-ой еңбегіне қолайлы әдіс-тәсілмен қаруландырады.

Дамыта оқыту принципі бұрынғы үйреншікті әдістермен қатар іске асып олардың дидактикалық бағыттылығын түбегейлі өзгертті. Оқытудың бас кезінен қолданылатын бас принцип түсіндіріп, оқыту әдісімен ұштаса отырып, студенттің ойлау дағдыларын бірте-бірте дамытып өз бетінше жұмыс істеуіне үйретеді.

Дамыта оқыту принципінің мәні – зерттеушілік жағдайды туғызу арқылы білім алуға үйрету, яғн студенттің өз бетімен ойлап, түсініп мәселенің дұрыс шешімін іздеп табуға талаптандыру. Мұның бәрі оқу-тәрбие жұмысын жан-жақтылы қамтитын дамыта оқыту жүйесінің әдістемелік әдіс-тәсілдері арқылы іске асады.

Музыка мұғалімі шеберлігінің құпиясы-оның зерттеу ісінде ғана емес, жинақтаған мұраға және дамыта оқыту әдістеріне шығармашылық шабытпен келуі, оларды жаңа өзгерген жағдайларға байланысты қолдана білуі. Күрделі сараптама жасай білу қабілеті музыка мұғалімінің шеберлігін білдіреді. Музыка мұғалімінің жұмысыныің жетістгі көпшілгінде балалармен арада орнатылған қарым-қатынас шеберлігіне де байланысты. Сыныппен жүргізілетін әр түрлі ара-қатынас тек айтылған сөзде, мимика қозғалыста ғана көрініс тауып қоймайды . оның бояуының реңі тек өнер сабағына көптеген компоненттерден құралады: ішкі жан дүниеге әсер ететін, орындаушылық процесстер кезінде, музыка тыңдағанда және музыка жайлы ой жүгірткенде туындайтын музыканың өз тілі, сөзі, мимикасы, көзқарасы үзілістері болады. Егер мұғалім балалардың әнді қалай айтып жатқанын естімесе, олардың бет-әлпетіндегі өзгерістерді көрмесе, көңіл-күйлерін түсінбесе, сөйлемнің айтылу мәнерін дәл байқай алмаса, музыка сабағы бүлінеді. Әсіресе, жоғарсы сынып оқушылары мұғалімнің жасанды қылығын бірден байқайды. Бұл жерде қарым-қатынасты ұйымдастыру және айтылатын сөздің мәніне тікелей әсер ететін сөз сөйлеу өнері де маңызды. Барлық педагогтарға белгілі бастауыш мектепоқушылары ұзақ мазмұннан құралған берілген тапсырманы толық игере алмайды. Көпшілігінде мұғалім бұл туралы ұмытып, ұзақ және көп сөйлеуге әуестеніп кетеді. Оқушылар әрқашан тныш ойлануға, ал мұғалім осы ойларды пікірлер мен айтылған сөздерді шебер дамытуды үйренуі керек.

Музыка мұғалімінің мәнерлі сөзі, дыбыстау құралдарының барлық жиынтығы, дыбыс күшінің өзгеруі, биіктігі, дыбыстың ұзақтығы мен сапалы бояуы дауыс ырғағының арқасында жүзеге асады. Қазіргі кездегі музыка сабағын беру тәсілі мынаны сенімді көрсетіп отыр, ойнаған шығармасын үзілссіз байланыстырса, айтылған ой немесе айтылған сөздерді өзінің ішкі жан дүниесімен қабысса, өзінің дыбыстар үндестігіне деген қарым-қатынасын өзінің өмірлік тәжірибесімен жалғастырса ғана мұғалім – сонда ғана өз ісінің шебері.

Белгілі зерттеушілердің айтқандарын байыта отырып, біз бір нәрсеге сенімдіміз, педагогикалық шеберлік – бұл мұғалім тұлғасы, оның кәсіпқой білімі, педагогикалық қабілеті мен педагогикалық техникасынан тұратын тұтас жүйе. Өз бетінше жұмыс жасау жауапкершілігін түсінгенде ғана, алға қойған талапқа ұмтылу мен балаларға деген махаббат оның кәсіпқой шеберлігін дамытатын болады. Біздің пікіріміз бойынша, педагог шебер – бұл педагогикалық техниканы әдістемелік дайындық барысында игерген, оқып-үйретудің икемді әдіс-тәсілдерін меңгерген және оны өзгерген жайғдайларға байланысты шебер қолдана алатын кәсіпқой маман. Тұтас алғанда, педагогика ғылымы және тәжірибесі әрбір мұғалімнің шығармашылық мүмкіншілігінің дамуына қажетті білім көзі мен белгілі бір әдістерді жинақтады. Алайда, өкінішке орай, педагогика, психология оқцулықтары, педагогикалық шеберлік мәселесіне өте аз назар аударады. Педагог шеберлігінің мәнін ашатын тұтас жүйенің жоқтығы аталған мәселенің толық шешімін табуын тежейді. Шығармашылық ізденіс барысында, белгілі бір жағдайларда бұларды танымдық қызығушылықтың қалыптасуына және шеберліктің жаңа жолдарын табуға болатындағын мұғалімдердің жұмыстары көрсетіп отыр, бірақ бұл үшін алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді байтып, педагогикалық және әдістемелік нанымды қалыптастыру, дамыту, жаңа ой түю, т.б. қажет.

Қорытып айтқанда, музыкалық ойлау қабілеті мен қатар жалпы ақыл-ой қабілетінің, ой-өрісінің дамып, түбінде жаттығу арқылы түрлі қиындықтағы дағдыларды қалыптастырып меңгерудің нәтижесінде дамыта оқытудың түпкі мағынасы оқуға үйрету мақсаты орындалады. Музыкант оқытушының оқыту жұмысында дамыта оқыту принциптерін сақтап, әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, асқан шеберлікпен қолданғанда ғана өз шешімін табады.