ШКБМ жағдайында математиканы оқыту барысында оқушылардың іс- әтекетін басқарудың қазіргі заман педагогикалық технологиялары

  1. Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Жалпы талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бір білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда, білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (он екі жылдық мектептің оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту қазіргі дәстүрлі білім беруде оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогикалық теория мен оқу-тәрбие үрдісіндегі өзерістерге байланысты болып отыр:білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.

  1. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық түзгіші, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті-оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.