Математика сабағының басқа пәндермен үйлесуі

  1. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда, курсты оқытып-үйрету педагогикалық-психологиялық пәндерді, бастауыш сыныптарындағы математиканы оқыту теориясы және технологиясы курстары оқытылып-үйретілгеннен және “Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру” (сабақ беріп көру) практикасы өтілгеннен кейін жүзеге асырылады.

ШКБМ-те математиканы оқыту технологиясы бастауыш мектеп және шағын комплектілі бастауыш мектеп педагогикасымен, психологиямен, математикамен, бастауыш мектептегі математиканы оқыту теориясы және технологиясымен, қазақ және орыс тілдерін оқыту теориялары және технологияларымен тығыз байланысты.Бастауыш мектепте пәнаралық байланыстың педогогика ғылымында қалыптасқан идеяларының өзіндік даму тарихы. Батыс Европадағы педогогикалық идеялар мен тұжырымдардың бастауында атақты педогоктар Я.А. Коменский, Дж. Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцции, И.Ф.Гербардт пәнаралық байланысты педогогика ғылымының күрделі мәселеріне жатқызды. Олар жас буынға, келешек ұрпаққа білім беруде табиғат құбылыстарының өзара байланысты жөніндегі көзқарастарын, дүниетанымын дұрыс қалыптастыру керек екендігіне баса назар аударған.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту оқушылардың математиканы оқыту барысындағы білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді шешуде пәнаралық байланыстың маңыздылығы мынадан көрінеді: — пәнаралық байланыс оқу пәндерінің арасындағы өзара байланыстың дамуына және танымдық іс-әрекеттің белсенді, ауқымды болуына жол ашады.

Бастауыш мектеп оқушыларының математикада білім мазмұнындағы барлық құрамдас бөліктерінің байланыста болуы пәрменді ықпал етеді:

толыққанды тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын кешенді жүзеге асыруды қамтамассыз етеді; пәнаралық байланыс бастауыш мектеп мұғалімінің жүргізген педагогикалық әрекетін ғылыми негізде ұтымды ұйымдастыруына себептер болады; пәнаралық байланыс көптеген оқу пәндеріне ортақ жетекші ұғымдар мен қағидалар, деректер, ғылыми таным әдістері арасында өзара байланыс орнықтырып,оқушыларды дұрыс кең әрі қажетті математикалық білімдер мен көзқарастардың пайда болуына жәрдемдеседі.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту бастауыш мектепте өтілетін барлық пәндердің мазмұнында балалардың дүниетанымдық көзқарастары мен математикалық білімдерін қалыптастыру міндеттері жатыр. Кіші мектеп жасындағы оқушыларда пәнаралық байланыс негізгі орын алады.

Қазіргі заманда ғылымның дамуына байланысты шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту, мектепте оқушыларға білім беру процесі өз дәрежесінде болу керек. Өйткені жалпы білімнің мазмұны әр түрлі саладағы ғылымдардың өзара әрекеті, даму процесінің жаңа тұрғыда жетілуіне ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі уақытта мектепте оқыту үрдісі пәнаралық байланыс сипатталуы тиіс.

Осы орайда пәнаралық байланысатын, өзіндік шығу тарихына тоқталамыз.

XVI ғасырдан бері қарай пәнаралық байланысқа аса көңіл бөлген мынадай ұлы педагогтарды атауға болады: Я.А.Коменский, И.Г.Песталоций, т.б. мысалы,Я.А.Коменскийдің пікіріне сүйенсек: «өзара байланысы бар нәрселердің бәрі сондай байланыс күйінде оқытылуы керек» — деп жазады.

2. Шағын комплектілі мектепте математика курсындағы «Пәнаралық байланыс» деп аталатын әдістемелік құралда пәнаралық байланыстың ролі және мәні мектепте математиканы оқытуда оны жүзеге асырудағы мұғалімнің міндеттері қарастырылған. Соңғы жылдарда математиканың геометрияның, физиканың, химияның, биологияның және т.б. жаратылыстану пәндерінің өзара байланысы осы пәндерді дәрістеуді қайта қарауды, білім беруді кең тұрғыдан қамтуды, олардың терең байланысын оқыту үрдісінде тиімді пайдалануды көздейді.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда пәнаралық байланысты әдіскер-ғалымдар екі түрге жіктейді:

1). уақыттың белгісі бойынша. 2). Мазмұндық белгісі бойынша.

Уақыттың белгісі бойынша пәнаралық байланыстарды болып өткен, ілеспелі және келешекте болатын байланыстарға бөледі. Мазмұндық байланыстарды фактіжүзіндегі, ұғымдық және теориялық деп ажыратады. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту оқушыларға ғылым негізіндерін игерту үрдісінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың мынадай тәсілдерін көрсетуге болады:

— жаңа оқу материалын меңгертуге оқушылардың басқа пәндер сабақтарында алған білімін пайдалану, мұнда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың үш кезеңі қарастырылады:

1) Жаңа ұғымды қабылдауға оқушыларды дайындауда пәнаралық байланысты жүзеге асыру.

2) Жаңа ұғымды меңгерту үрдісінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру.

Жаңа оқу материалын бекітуде және есептер шығаруда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.

— пәнаралық сипаттағы экскурсиялар өткізу, мысалы математика, физика және биология бойынша табиғатқа топ серуен жасау.

— қорытындылау сипатындағы қайталау сабағын өткізу, мұнда әртүрлі пәндерді оқып үйрену кезінде алғаш білім біртұтас етіп біріктіріледі.ф