ШКБМ- тің оқушыларын математикадан білімдерін бағалау және есепке

  1. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда, білім, іскерлік және машықтарды тексеру- оқыту процесінің маңызды буындарының бірі. Оның мақсаты әрбір оқушының және бүкіл сыныптың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау. Бұл оқушының да, мұғалімнің де қызметін тиімді ұйымдастырудың жолдарын көрсетеді.

Сонымен бірге, оқушылардың білімін, іскерлігі мен машықтарын тексеру білімді қайталаудың, тереңдетудің, баяндандырудың және жүйеледің пәрменді құралы болып таылады. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту, оқыту процесінде білім тексеру әр алуан есептерді шығарумен, модельдер жасау, экскурсия кезінде алынған мәліметтер бойынша есептер құрастырумен жиі ұштастырылып отырады, мұның өзі оқушыларда белгілі бір іскерлік пен машықтың қалыптасуына көмектеседі, оларды ойлауға, ауызша және жазбаша сөйлеуге, өзін-өзі тәрбиелеуге, еңбек тәртібін ретке келтіруге әдеттендіреді.

Бағалаушылық қызмет деп оқушыны немесе сыныпта оқыту мақсатының орындалу деңгейін анықтауды түсінеді. Тексеру арқылы оқушылардың біліміндегі кемшіліктердің, қателіктердің бетін ашуға көмектеседі және оларды жою үшін қай бағытта жұмыс істеу қажеттігіне жөн сілтейді. Сонымен бірге, тексеру арқылы мұғалім де өзінің оқыту әдістері мен тәсілдеріне тиісті түзету енгізеді.

  1. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытудың диагностикалық қызметі білімдегі жетістіктер мен кемістіктерді дер кезінде анықтауға, соның нәтижесінде тапсырмаларға түзету енгізуге, сабақтың барысы мен мазмұнын өзгертуге, жалпы оқу процесін қайта қарауға мүмкіндік туғызады. Бұл оқу процесінің барлық сатыларында іске асырылады және ол оқытудағы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтаумен қатар, осы нәтижеге әкелген себептерді де талдайды.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда бақылаушылық қызметі оқушылар білімінің қүй-жайын, олардың ойлау қызметінің даму деңгейін анықтауға, танымдық әрекеттің тәсілдерін, оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру машықтарын зерттеуге мүмкіндік береді.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту бақылау арқылы білімнің алғашқы деңгейі, сонымен бірге меңгерілген білімнің тереңдігі мен көлемі айқындалып, алғашқы білім мен меңгерілген білім салыстырылады. Сондай-ақ бақылау жолымен оқытудың әдістері, түрлері мен құралдарының тиімділігі тағайындалады.

Сөйтіп, шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту білім тексерудегі диагностикалық және бақылаушылық қызметтер тығыз байланыста қатар іске асырылады.

Балалар білім, іскерліктердің жаңа түрлерін бағдарламалық оқулық, алгоритм бойынша өз бетімен меңгереді.