СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

Сынып жетекшісі өте маңызды да әрі жауапты міндеттерді атқарады. Ол сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады. Сынып жетекшісін тәрбиелі және беделді мұғалімдерден мектеп директоры тағайындайды. Сынып жетекшісіне негізінен мынындай үш түрлі басты мінде жүктеледі:

Өз сынып мұғалімдерінің жұмысын үйлестіріп отыру.

Сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жүргізіп, оған бағыт беріп отыру.

Мектеппен отбасының байланысын жасау.

Сынып жетекшісі өз жұмысын белгілі бір жүйемен жүзеге асырған жағдайда ғана өзінің мақсатына жетеді және ең жақсы нәтижелерге ие болады. Жан – жақты тәрбиенің мақсаты мен міндеттерінен туындайтын өзара байланысты тәрбие щараларының жиынтығы сынып жетекшісі жұмысының жүйесі деп аталады.Жүйе сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізетін барлық жұмысының бағыттарын қамтиды. Яғни саяси идеялық, адамгершілік, дене, эстетикалық, еңбек тәрбиесі т.б.

Сынып жетекшісі өз сабақтарында және басқа сабақтарға қатынасып, сынып жиналыстарында, сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға зер сала бақылау арқылы, оқушылардың өзімен және оның жолдастарымен, ата – аналарымен әңгімелесу арқылы және оқушылар жайлы неғұрлым толық мағлұмат алады.

  1. Сынып жетекшісінің негізгі қызметі мен міндеттері және сынып жетекшісі жұмысының мазмұны.

Басты міндетті шешу үшін, сынып жетекшісі оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білуі керек.

К.Д. Ушинский “Адам — тәрбие нысанасы ” – деген еңбегінде былай деп жазды: “Егер педагогика адамды жан – жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек”.

Сынып жетекшісі жеке шәкірттер жайлы мынадай мәліметтерді білуі қажет:

А) баланың денсаулығы;

Ә) отбасындағы баланың өмірі мен тұрмыс жағдайы;

Б) баланың ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;

В) мінез – құлқын, темпераментін, қабілетін, қызығушылығын, еркін, зейін т.б. психологиялық ерекшеліктерін;

Г) ‰лкендермен, кішілермен, ата – анасымен, жолдас – жораларымен қарым – қатынасы;

Д) моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттерін;

Е) еңбекке көзқарасы;

Ж) эстетикалық талғамдарын, қызығуларын, өнерге, әдебиетке дем қоятындығы;

З) интеллектуалдық дамуын;

И) саяси сауаттылығын;

Сынып жетекшісі оқушыларды зеттеп, білуде әр түрлі тәсілдерді қолданады:

А) бақылау тәсілі (сабақта, сенбіліктерде, сыныптан тыс жұмыстарда);

Ә) єңгімелесу тәсілі (пән мұғалімдерімен, дәрігермен, ата – аналармен,

кітапханашымен, оқушылардың жолдастарымен, өзімен);

Б) анкеталарды толтыру тәсілі;

В) ќұжаттармен танысу (оқушының жеке ісімен, күнделігімен, үлгерім

журналымен);

Г) оқушының шығармашылық жұмысымен танысу тәсілі (шығарма, сурет);

Д) табиғи эксперимент;

Сынып жетекшісі отбасымен жиі қарым – қатынас жасайды, ол ата – аналарға балалардың оқу — жұмыстары туралы мәлімдеп отырулары керек.

Сынып жетекшісі ата – аналармен мынандай жұмыстар жүргізулері тиіс:

А) оқушының отбасына барып тұру, отбасы жағдайын зерттеу;

Ә) ата – аналарды мектепке шақыру, жеке әңгімелесу, ата – аналармен хат алысу, ата – аналар жиналысы;

Б) сұрақ – жауап кештері;

В) ата – аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру;

Г) ашық есік күндері;

Д) пікірталастар;

Е) ата – аналар комитетімен жұмыс жүргізу т.б.

  1. Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау және есепке алу.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары – педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындалуындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Жоспар мынандай педагогикалық талаптарға жауап беруі керек:

жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы;

сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының, әдістерініің әр түрлі болуы;

3) оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін, дәйектілігін қамтамасыз ету.

4) жоспардың нақты болуы;

5) жұмысты келісіп жоспарлау;

Сынып жетекшісінің жоспары мынандай бөлімдерден тұрады:

1) сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер;

2) сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары;

3) тәрбие міндеттері;

4) сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс;

5) ата – аналармен жұмыс;