ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әр бір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш – қуаты мен саясатына тәуелді екені белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.

Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты – әрбір тұлғаны әр жақты етіп тәрбиелеу. Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс – әрекеті мен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс – әрекеті мен қарым – қатынас иесі.

Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес.

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының бір тұтастығы деп түсіну керек.

Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері – теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет. Осыған орай, тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) жастардың өмірге ғылыми – материалистік көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан – жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

Дүниетаным дегеніміз адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым – қатынасын, оның барлық іс – әрекеттерінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз дүниенің даму заңдылықтарын ғылым негізінде ашатын көзқарас.

Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзінің Отанына берілгендігінде, жанқиярлықпен күресуге әзірлігінде. Мұндай көзқарас болмайынша, адам өз өмірінің мақсаттарын, халқымыздың жалпы күресіндегі өз орнын дұрыс түсіне алмайды.

Бастауыш мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл – ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезімі, талғамы артады. өмір жастарды осы заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу дәрежесіне қарай жан – жақты тәрбие міндеттерін талап етеді. Қоғмдық және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларында белсенді етуге қабілетті, сана – сезімді және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығаруды көздейді.

Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектеп басшылары мен педагог арасындағы қарым – қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет.

Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл – ой тәрбиесі, құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық ьжәне дене тәрбиесі т.б.

Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін – өзі дамытып, барлық іскерлігі мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әр қашанда дайын болу қажет.

  1. Тәрбие процесінің мәні мен қозғаушы күштері.

Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, отбасы, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы менынта – ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.

Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында іс – әрекеттің сипаты маңызды рөл ойнайды. Тәрбие процесіне адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама – қайшылықтар тән. Олар: сыртқы және ішкі қарама – қайшылықтар.

Сыртқы қарама – қайшылықтар қоғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді. Сыртқы қарама – қайшылыққа оқушының өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы жатады.

Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді – өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Тәрбиенің мәні – адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен пракикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі мынандай педагогикалық міндеттерді шешуді қамтиды:

  1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау, жұмысын реттеу.
  2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру.
  3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу.
  4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижені талдау, анықтау.
  5. Өзін – өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.

Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субъектісіне айналады. Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады.

Өзін – өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан – жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді.

Оқушылардың өзін – өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін – өзі тәрбиелеу нышандары кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады. Мысалы, бастауыш сыныпта оқушылар күшті бастыл болғысы келеді, немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы боламын дейді. Бұл олардың өзін – өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген алғашқы ынтасы.

Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын және кемшіліктерін ұғыну өзін – өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан – жақты, шындыққа жуық құруға мүмкіндік береді.

Оқушылардың өздерін – өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалім ең алдымен мынандай өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыру керек: оқушылардың өзін – өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; – өзіне – өзі ықпал ету құралдарын меңгеруге көмек беру; өзін – өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс – әрекеттерді тудырып отыру.

К.Д. Ушинскийдің өзін – өзі тәрбиелеу ережесі:

Асқан сабырлық, ең болмағанда сырт көзге.

Сөзде және қылықтардағы турашылық

Әрекетті жан – жақты ойластыру.

Батылдылық.

Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.

Санасыз уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңіліндегі іспен айналыспау.

Әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйсініске шығындану.

Әр кеште өз қылықтары жөнінде өзіне есеп беру.

Болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш мақтанбау.

Өзін – өзі тәрбиелеуде алдын – ала дайындық негізінде іс – әрекеті, қарым – қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады.

Дегенмен, тәжірибеде оқушы тәртібінде және мінез – құлқында ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу жұмысында қайта тәрбиелеу орыны алады. Қайта тәрбиелеу оқушы жүріс – тұрысындағы ауытқулардың адын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу – тұлға құрылымын түгел қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Түзету деген ұғым да бар. Онда оқушы санасындағы және ж‰ріс – тұрысындағы ауытқулар түзетіледі және қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапалары қалыптасады.

Қайта тәрбиелеу тұлғаның сапасының, мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс – әрекеті мен мінез – құлқының әлеуметтік – психологиялық және психологиялық – педагогикалық өзгеру процесі болып табылады.

Қайта тәрбиелеу – бұл қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру.

Қайта тәрбиелеу – бұл педагогикалық тұрғыда қарусыз қалған балалардың жүріс – тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс – әрекеттегі нәтижелермен толтыру.

Қайта тәрбиелеу – бұл ынталандыру – жасөспірімнің орынды сапаларын жасайтын іс – әрекеттерді жандандыру.

Қайта тәрбиелеу – бұл түзету, яғни балаларды теріс саналарының шырмауынан босату.

Қайта тәрбиелеу барысындағы тұлғаның адамгершілікті дамуы бірқатар кезеңдерден өтеді: дайындық қайта тәрбиелеудіњ мақсатын қалыптастыру, өзін – өзі тәрбиелеуді бақылау, тұлғаның онан әрі дамуын бақылау.

Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс – әрекетке жегу, күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдістер қолданылады.

Қайта ұғындыру – бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы дұрыс емес сенімдерді қайта құру әдісі.

Қайта оқыту – бұл теріс қажетттіктер мен дағдыларды түзету әдісі.

Басқа іс -әрекетке жегу – бұл тәртібі мен мінез – құлқының дамуында ауытқуы бар балалардың белсенділігін арттыру және қоғамдық пайдалы іс – әрекетке ауыстыру әдісі.

Күрт өзгерту – бұл тұлғаның ұжым және қоғаммен қатынасының бұзылысын шұғыл қалпына келтіру әдісі. Бұл қайта тәрбиелеудің А.С. Макаренко жасаған арнайы әдісі.

Еріксіз көндіру – бұл басқа әдістердің мүмкіншілігі сарылғанда педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда өте қараусыз қалған жеткіншектер мен жасөспірімдерге қолданылатын педагогикалық әсер ету әдісі.

Қайта тәрбиелеу нақты тұлға үшін мақсатты, міндетті, жүзеге асыру әдістерін қамтитын бағдарлама жасаудан басталады.

Мінез – құлық және жүріс – тұрыс ауытқулары бірден пайда болмайды. Кейбір теріс қылықтар қараусыз қалады. Міне, бұл соның нәтижесі. Ең басты міндет – мінез – құлық және жүріс – тұрыс тәртібінің дамуындағы ауытқулардың алдын алу.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!