Грек-рим күресіндегі жас спортшылардың жас ерекшеліктерінде оқу-жаттығу процесінің негізгі көрсеткіштері

Барлық спорт түрлеріне тән спорттық күрес түрлі даму сатыларынан өтті.Күрестің ішінде Грек — рим күресі Қазақстанда сүйіп айналысатын спорт түрі. Оған дәле Грек рим күресінен Олимпиаданың чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсеитов және Юрий Мельниченко сынды ағаларымыз осы аталған спорт түрінен Қазақстанның атыны шығарып келген.

Сонымен жалпыкүрестің даму тарихына қысқаша тоқталып өтсек.

ХVІІІ – ХІХ ғасырларда Грецияда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Олимп тауының бөктерінде 5 – 7 метрлік жерде олимпилілік құрылыстардың қалдықтары табылды. Он арнай күреске арналған алаңдардың орындары табылды. ХІХ ғасырдың аяғында халықаралық экономиканың және мәдениеттің жылдам өркендеуіне байланысты өзінің көрінісі спортта да байқала бастады.

Осы уақыт аралығында бірінші халықаралық спорттық бірлестіктер мен ұйымдар құрыла бастады, әртүрлі елдердің спортшыларының қатысуымен жарыстар өткізіле бастады. Қазіргі Олимпиада ойындарын қайта жандандыру идеясының қажеттілігі орала бастады.

1894 жылы Парижде әйгілі Францияның ғалымы және бұхаралық қызметкері Пьер да Кубертеннің ұсынысы бойынша Олимпиаданы жақтаушылардың халықаралық конгресі ұйымдастырылып, олимпиада ойындарының қайта құру жобасы және халықаралық комитет құру туралы өкім шықты.

Олимпиада комитеті спорттық күрестен универсалдық халықаралық ереже құрастырды. Оның негізіне француз күресінің ережесі жатты. Грек-рим күресі қазіргі олимпиада ойындарының, екінші және үшінші басқа, бағдарламасына енгізілді.

Бірінші олимпиада ойындары 1896 жылы 6 сәуірде Афиныда ашылды. Грек-рим күресі жарысында 4 елден бес балуан қатысты. Олимпиадаға қатысушы болған француз журналисі Леон Оливье Шуман мен Тсигас арасындағы ақтық жарыс өтті. Сайыс күн батқанға дейін созылды және ертеңгі күні бітті. Қатысушыларды салмақ дәрежесі бойынша бөлген жоқ. Күрестен алғашқы алтын медальді Карл Шуман жеңіп алды(Германия ), күмісті Георг Тсигас (Греция ), қоланы Стефанос Христопулас (Греция ) алды.

Жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін біліп, оқытушы көрсету оқулығын көбірек пайдалану керек. Техниканы үлгілі көрсету қажетжәне дұрыс негізгі бөлшектерін бейнелеп түсіндіру. Жасөспірімдер олай өтпеген сәтте дұрыс емес қимылдар меңгереді және дағдыланады. Техниканы үлгілі көрсету қажет және дұрыс, негізгі бөлшектерін бейнелеп түсіндіру. Жасөспірімдер қарсы жағдайда дұрыс емес қимылдарды меңгеріп және дұрыс емес дағдыны шығарады. Оқытушы оқу құралдары оқушылардың дене дамуының мүмкіншілігіне келуіне қадағалау керек. Егер оқу материалдары дене дайындығының күшін керек етсе, ал айналысушылар оған дайын болмаса, онда оны үйретуді кейінге кеш мерзімге қалдыру керек (мысалыға, артқа иіліп лақтыруды үйретуді). Басқа оқиғада айналысушылар күрделі үйлестіру әдістерін қабілеттілігін меңгереді, дене дайындығының күші онша керек етпейтін, мысалыға, қолынан жұлқып ауыстыру. Бұл әдісті жаттағудың бірінші айында үйретуге болады. Жасөспірімдерді жарысқа олардың дайындығын есепке алып қатыстыру керек.

Жасөспірімдерді күреске үзіліссіз және біртіндеп үйрету қажет. Қайталағанда бұрын үйренген материалды дәл шығаруға назар аударуға және байқалған кемшілігін уақталы дұрыстау барысында жасөспірімдер жасында бірінші дәрежелік маңызына жан жақты дене дайындығы керек.

Оған кіретін: мүсінін дұрыс құру, жан жақты дене дайндығы, қимылдық дағдыны құру, техникалық қимылдарды меңгеру үшін дене қасиеттерін дамыту, жеткілікті қасиеттерін дамытуын шыңдау.

Балуан күші дегеніміз — күрес үстінде бұлшық ет күшін пайдалану арқылы қажетті қозғалыс жасап, өзіне қарсы бағытталған күштерді жеңу.

Спорттық күрестен жасөспірімдерді оқыту және жаттығу бекітілген бағдарламаға сәйкес орындалады. Бағдарламаның материалдары өте кең және қиын. Оны меңгеру үшін жасөспірімдерге ересектерге қарағанда ұзақ уақыт керек етеді.Бағдарламаны ойдағыдай меңгеру, жаттығу барысында тәрбиелік мінездемесінен өту қажет.

Тәрбиелік мақсаты қалай шешілсе, содан жас адамның әрі қарай қызметіне байланысты болады. Қатысушыларды мақсатқа және міндетке түсінуге үйрету керек, олардың жолдарын және құрамын шешуге, табыстарын және кемшіліктерін талдауға. Алға қойған мақсаттан басқа, жақын арадағы міндеттерін анықтау өте маңызды.Мысалыға, анықталған әдістің техникасын меңгеру, серігіне көп әдістерді жасау т.б. Жақын араға міндет қойып, бір әдістің техникасын меңгеріп, жаттықтырушы бұл не үшін керек екенін көрсетеді. Кішкене уақыт аралық арқылы, жасөспірім сол әдістің техникасын меңгерген соң, ол қанағаттанарлық алады

Сондықтан өзінің қимылдарына дұрыс баға беруіне үйрету маңызды. Мұны әр жаттығуда орындау қажет. Егер жасөспірім сәтсіздігінің себебін анықтай алмаса, онда жатытқтырушы оның дұрыс жауабына әкелдіру қажет, Сондай қимылды басқа әдісте көрсету. әсіресе жасөспірімдер жеңілісіне қатты күйзеледі. Сондықтан жаттығушы жеңілістің себебін ашуға көмектесу қажет, алда қалай жеңу үшін жаттығуларды не және қалай істеу екенін көрсету керек. Сөйтіп қатысушылар біртіндеп өздері өзінің қимылдарын және істерін талдауға үйреніп кетеді.

Спорттық күреспен жастар 10-нан 18 жастың аралығында айналысуға мүмкіндігі бар. Бұл кезеңде организмнің өсуі әрі қарай жалғасады. Мүшелердің және организмнің жүйелерінің дамуы бір-бірінен бөлек өтілмейді, бір-бірімен өзара қимылмен, олар біртұтас бүтіндей процесс.

Кейбір органдардың және жүйелерінің өсу процессі тек сан жағынан ғана өзгеруі байқалады, сондай-ақ мәнді сапалы жылжиды. Тағыда, бір жаста бола тұра мәнді жекелей айырмашылығы болуы орын алады. Физиологиялық процесстердің ағым қарқыны бірқалыпты болмауына байланысты. Сондықтан біз дене дамуы, қарқыны және салмағы әртүрлі адамдармен кездесеміз. Осылардың бәрі жасөспірімдердің әртүрлі жастағылардың арасындағы шекаралық деңгейін анықтауда жиі қиындыққа соғады. Іс-тәжірибе көрсеткендей, күреспен айналысуға жасөспірімдерді жастық ерекшеліктерін есептеп 4 топқа бөлген дұрыс: 13-14 жас және үлкен жасөспірімдер 15-16 жас және 17-18 жас. 12-18 жас жыныс жүйелерінің жетілуі кезеңіне дәл келеді. Жұмыс жүйелерінің жетілу процесіне байланысты өзгеруі, организмнің барлығына өзінің әсерін тигізеді. 12-15 жаста дененің ұзындыққа өсуі өтеді, сондай-ақ гипофиз және қалқан бездері қызметінің күшейтілуімен сәйкес келеді. Жасөспірімдердің денесінің ұзаруынан бас бейнесі сүйектердің өсуімен байланысты және жылына 9-10 см құрастырылуы мүмкін. Бірақта омыртқасының, көкірек клеткаларының, тазының және төмен жақтарының сүйектенуі бітпейді. Ересек адамдарға қарағанда байланыс аппараттары жұмсақ. Осы ерекшеліктерін есептеп, күшті және иілгіштікті дамытатын жаттығуларды абайлап қолдану қажет. Бұларды артықша қолдану сүйектердің өсуіне қарама-қайшы әсерін тигізуі мүмкін және мүсінінің дұрыстығына әсерін тигізеді. 16-18 жаста өсу қарқыны азайыңқырайды және жасөспірім жылына шамамен 3 см-ге өседі.

12-15 жастағы жасөспірімдердің ет бұлшық еттері ұзындыққа тағы да қарқынды өседі, көлденеңіне қарағанда және 15 жаста денесінің барлық салмағы 32 пайызға құрастырылады. Жасөспірімдердің ет жүйелерінің функционалдық мүмкіншілігі, ересектерге қарағанда төмен. Осыдан күшке және төзімділікке арналған жаттығуларды қолдану қатаң регламенттік болу қажет және жүктеменің ұлғаюының сатысы оған бейімделуінің өлшемінде.

Профессор В.С.Фарфельдің ізденісінде көрсетілген, 13-15 жаста қимыл анализаторларының қалыптасуы аяқталады. Осыған байланысты, 15 жастан бастап күшті мақсаттылықпен дамытуға мүмкіншілік туады. Еттердің тканьдары қуатты өседі және 17-18 жастағы жасөспірімдердің денесінің салмағының 44% жетеді, сондықтан дене қуаттылығын керек ететін техникалық қимылдарды үйренуге мүмкіндік туады. Сонымен бірге жасөспірімдердің буындарының және әсіресе іш еттерінің әлсіздігі байқалады. Мұндай жағдай жаттығуларды байқап қолдануына керек етеді, қалайда жасөспірімдердің әдістемелік сабағында олардың жүрек-сосудтық жүйелеріне (ж.с.ж) ерекшеліктерін есептеу керек. Жасөспірімдердің қан қысымының ұлғаюы белгіленеді.Артық жүктеме алғанда олардың жүрегі ауыруы және басы айналуы байқалады. Шаршау жағдайы жеңіл байқалады. Үзбей жаттығудың нәтижесінде бұл қайшылық көрініс біртіндеп ғайып болады. Үлкен шыдамдылықты керек ететін жаттығуларды қолданғанда, жүректің гипертрофиясына әкелуі мүмкін. Жүректің артық қуаттылығын қайтару үшін жүктемені қатаң біртіндеп ұлғайту қажет.

Қандай да болмасын қозғалысты және жаттығуды орындау кезінде барлығында ортақ әдістеме түрлері болады. Олар:

  • Жай, қарапайым қозғалысқа жаттығу. Оны орындау әр адамға жеке-жеке беріледі.
  • Қарапайым қозғалысты орындау кезіндегі адам қабілеті алдыңғы жаттығуды игеріп алғаннан соң, келесіге көшу тәртібі сақталады.
  • Қозғалысты, жаттығуды кеңістік пен уақыт аралығында орындау.
  • Қарапайым қозғалыстармен жаттығуларды күрестегі әдістерді меңгергеннен кейін ғана орындату дұрыс болып келеді.
  • Жаттығуды орындауды жетілдіруге қойылатын педагогикалық талап.
  • Жаттығудың қайталануы мен оның сапалы орындалуын арттыруға арналған бағытта жүргізіледі.
  • Жылдамдыққа кететін уақытты жетілдіру: а) барлық қозғалыс түрінің орындалу уақытын азайтуға; ә) жарыс кезінде әдіс-айланы орындау уақытын кемітуге; б) алдын-ала сезу, көре білу қабілетін арттыруға бағытталады.

Көрсетілген өзгерістер арнайы шыдамдылықтың дамуына жағдай туғызады. Жасөспірімдердің организмі ұзақ уақыт бойынша жұмысқа қабілеттілігінің жоғарғы деңгейде ұстап тұру қабілетін меңгере алмайды. Жасөспірімдер тез шаршайды, бірақ, тез өзінің күші қалпына келеді. Күшінің тез қалпына келуі сонда өтеді, егер олар аз және оңтайлы жүктеме алғанда. Қатысушылардың күшінің орнына келуі заттардың көтеріңкі ауысуының есебінен болады. Сондықтан да барлық сабақ бойынша жұмыс қабілеттілігін сүйемелдеу үшін, демалу үшін жиі үзіліс қажет. Жүктемені артық мөлшерде алғанда қатысушылардың күшті қалпына келтіруі созылады. Сондықтан да үлкен жүктеме, ересектердің іс-тәжірибесіндей жасөспірімдерге жол беруге болмайды.

Жасөспірімдердің тыныс алу мүшелері, сондай-ақ өзінің ерекшеліктері бар. Соның бір ерекшелігі көкірегінің дамуын периметрі жәй өтеді, дененің ұзындыққа өсуіне қарағанда. Осы жағдай тыныс алу жүйелерінің дамуын шектейді. Тыныс алу реттелуі жетілдірілмегеннен дене жаттығуларын үлкен жүктемемен өткізу тыныс алуыдң ырғақтығы бұзылуы мүмкін. Бұл қаралып жатқан жаста мәнді өзгеріске балалардың психикасы да кіреді. Одан әрі психологиялық ысылуы өтіледі. Жасөспірімдер 12-15 жаста ересектерге ұқсауға тырысады, өз бетінше ынталануға, ерлікте көзге түсуге. Олардың мынадай жоғарғы психологиялық қабілеттілігі дамиды, шын ойлауы, өзінің істерін және мінезін қорыта білуін және талдауын. Ересек болуға тырысып, жасөспірімдер теріс мінездерін көрсетуі мүмкін: қызбалық, дөрекілік т.б. Оқытушының мақсаты қатысушыларға дұрыс қабілеттілігін дамытуды ояту болып саналады, керекті бағыт беру. Оны да ұмытпаған жөн, жасөспірімдер бір қызметпен айналысып, қолжетерлік мөлшерлемелерде бақылауын жоғалтады. Олар барынша үлкен салмақ көтеруге тырысады, барынша жарысқа жиі қатысуға, арнайы дайындықсыз күрделі әдісті істеуге талпынады. Сондықтан да жасөспірімдерге қатаң педагогтық бақылау қажет.

Жасөспірімдер жасында мінездік ерекшеліктер орталық нерв жүйелері қызметінде әсемдік және нерв процестерінің қозғалмалығы болып табылады. Сол, икемділікті керек өтетін жаттығуларды тез игеріп кетуіне мүмкіндік алады.

12-15 жастағы жасөспірімдердің нерв процесстерінің оянуымен және тежеуі бір қалыпта емес екендігі белгіленеді. Ояну процесі тежеу процесінен асыңқырақ болады. Сондықтан да жасөспірімдер тәртіпті жиі бұзады, ересектерге қарағанда. Нерв процестерінің бірқалыптылығын жетіспегенінен көңіл күйінің жылдам жылдам ауысуына және нервтің жылдам шаршауына әкеледі. Осыны есептей отырып, оқытушы сабақты жоғары деңгейде өткізуге, қатысушылардың қызметін жиі өзгертуге талпыну қажет.

16-18 жастағы жасөспірімдердің бөлімдердің әрі қарай қызметінің дамуы жалғасады. Бұл жаста олар сабырлылық бірқалыпты бола бастайды. Алға қойған мақсатын біліп, олар жеке жетілдіруге талпынады, жолдастық сезімі көріне бастайды, бір-біріне көмектесуі және өзінің білімін кейін қалушыларға береді. Бұл олармен оқу-тәрбие жұмысын өткізуін жеңілдетеді. Жоғарғы жастағы жасөспірімдер өзінің дамуымен ересектерге жақын. Сонымен, жасөспірімдер өзінің даму процесінде өзіне тән ересектерге ерекшеліктері өзідерінде бар. Сондықтан да олармен сабақ өткізгенде біліп және осы ерекшеліктерді есептеу қажет. Жаттықтырушыларға жас ерекшеліктерін есептеу балуандарды тек жақсы дайындауда емес, әрі және организмін паталогиялық өзгерістерінен қашады. Бұл және сауықтырғыш бағытына жетеді, бұл дене тәрбиесінің негізгі мақсаты болады.

Барлық осы есептердің шешімі денсаулығын нығайтудың үстінде іске асу керек. 12-14 жаста жылдамдықты, ептілікті, иілгіштікті дамыту жақсы берілетіні белгілі, ал 15-16 жаста – күшті. Бұл кезеңде жасөспірімдерде жылдамдық – күшке арналған жаттығуларды орындауға қабілеттілігі көрінеді.

16-18 жаста күш және жылдамдықты керек ететін жаттығулар жеңіл меңгеріледі, шыдамдылықты дамытуға алдын-ала құрылады. Осы ұсыныстың жас балуандардың дене дайындағын да есептеу керек. Сондықтан да жасөспірімдер қысқауақыттық тапсырмаларды жеңіл орындайды, әрі қарқынысымен де, және ұзындылығымен қыйындау. Егер жас балалардың тобында жылдамдықты дамыту жеңіл болса, онда сол қасиетіне үлкен назар аудару керек, шындылыққа қарағанда.

Шыдамдылықты дамытуда жүктеме біртіндеп жоғарылау керек, мынадай есеппен, жасөспірімдер жылдың аяғына жаттығу белдесуін 6 минут орта қарқынмен жүргізуі крек. Жоғарғы жасөспірімдер тобында сол қасиеттердің дамуы басқаша болады. Жылдамдықтың әрі қарай дамуына және ұстап тұруына назар аударылады.арнайы төзімділік мынадай есеппен дамытады, жарыстың ережесі бойынша бір жаттығу сабағында 2 белдесу 6 минуттан курес өткізетін болу керек.

Жалғасын айту керек, жасөспірімдердің шыдамдылығын дамыту басқа дене қасиеттерін дамытумен қатар меңгерілуі керек. «Ұзақ және біржақтылы төзімділік жаттығуына осы жаста жасөспірімдерге тән жылдамдық жүктемесіне жақсы бейімделу азаяды». Жылдамдықты және өптілікті дамытуда әр жаттығуда өзіне сәйкес жататығуларды қолдану қажет, себебі бұл қасиеттерді тез жоғалту мүмкін, ал дамыту өте қиын. Жастардың 12-15 жастағы күшін дамытуы басты орындалуы керек ауырлық (отягощение) түсетінжаттығулардың көмегімен, өз денесінің салмағымен, гантельдермен, ауыр доптармен, гимнастикалық тақшалармен, серіктестермен, гимнастикалық снарядтармен.

16-18 жаста күшке арналған жаттығуларды күделендіреді снарядтардың салмағын ұлғайтумен, бастапқы қалпын өзгертумен, жаттығуды орынду уақытын ұлғайтумен, жаттығу араларындағы демалысты азайтумен және т.б.

Ауырлату сапаларына гирді, штанганы әртүрлі салмақтағы, серіктестерінің әртүрлі салмақтарын қолдануға болды. Жасөспірімдердің және кіші жастағы жастардың шыдамдылығын дамытуды өте абайлап – аз мөлшерде орта қарқындық жаттығулардың көмегімен немесе оқу жаттығу белдесулерімен үзілістерімен демалуына. Біртіндеп жүктемеге бейімделуіне байланысты демалудың бөлімдерін қысқартады (мысалыға: 3 мин біртіндеп 1 мин-қа қысқарады).

17-18 жастағы жастарды жарысқа дайындағанда бір жаттығуда 2 белдесу өткіззу қажет. (15 мин үзілістен кейін 2 белдесу). Тағыда үлкен көңіл бөлу керек иілгіштің дамуына және буындардың қозғалмалығына. Ізденістер көрсетеді: «13 жастан бастап жаңа буындардың қозғалмалығының көрсеткіштерінің өсуі», ал 15 жаста үлкен деңгейіне жетеді. 12-15 жастағы жастардың иілгіштігін және буындардың қозғалмалығын жаттығулармен затсыз дамыту керек, немесе аз ауыртпалық түсетін жаттығулармен (гимнастикалық таяқша, ауыр доптар, гантельдермен). Қатысушылардың жоғарғы жас топтарымен өтуімен ауыртпалық салмақтар біртіндеп ұлғайтады.

Иілгіштікті және буындардың қозғалмалықтардың дамытуда гирлерді, штангалады және серіктестерімен әртүрлі жаттығуларды қолдануға болады. Әртүрлі жаттығуларды ерекше атап айту керек екі жақты үйренуге қажеттілігін. Жастардың гармониялық дамуына жаттығуларды дененің сол жағына және оң жағына да пайдалану керек; оңға және солға бұрылып, серігінің оң және сол жақтарынан. Сонымен жастардың дене қасиеттерін дамытуда үлкен құралдар қолданылады, жан-жақты дене дайындығын қамтамасыз ету үшін. Үлкендерге қарағанда жаттығуда үлкен дәрежеде жастармен дұрыс мүсіні қалыптасуы үшін жылжымалы ойындар, эстафета және қарапайым күрес формалары жаттығулары қолданылады.

Қазіргі заман талабына сай жасөспірімдердің спортқа, оның ішінде Грек — рим күресіне деген қызығушылығын мектеп қабырғасынан бастап, оны мектептен тыс спорттық үйірмелерде, клубтардағы жаттығуларға қатыстыру арқылы дәріптеу және денсаулығын мақсатты түрде дамыту қажет деп есептеймін.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Алътшуллер Г. С, Верткин И. М. Как стать гением: жизненная стратегия творческой личности.- Мискн.: Беларусь, 1994.- 479 с.
  2. Балабанов И. Т., Степанов В. Н. Бюджетная система Российской федерации. — СПб.: СПбТЭИ, 1995. — С. 10-15.
  3. Барчуков И. С, Пенькоеский Е. А. Теоретические и практические основы физического обучения и воспитания студентов: Учебник / Под общ. ред. И. С. Барчукова. — М.: МГУК, 1996. — 288 с.
  4. Бачаев Б. Ц. Педагогический кбнтроль и инструментальный контроль при обучении броскам в спортивной борьбе: Метод. разработки. — Л.: ГДОИФК, 1983. — 22 с.
  5. Бачаев Б. Ц. Повышение технического мастерства борцов на основе совершенствования методов педагогического контроля: Автореф. дис. … канд. пед. наук. — Л., 1986. — 22 с.
  6. Белов В. С Строки из истории греко-римской борьбы. Новосибирск — Заринск: Издво «Алтан-кокс», 1999. — 70 с.
  7. Богачева О. Государственное финансирование сферы культуры и искусства // Вопросы экономики, 1996. — № 10.
  8. Бодалев А. А. Вершина в развитии взрослого человека: характеристика и условия достижения. — М.: Флинта: Наука, 1998. — 168 с.
  9. Бойко В. В. Целенаправленное развитие двигательных способностей человека. — М.: ФиС, 1987. — 144 с.
  10. Болдин Н. И. Контроль иңдивидуальных особенностей выполнения технических действий борцов Сб. Совершенствование научных основ физического воспитания и спорта. — Л.:, 1978. — С. 143-144.
  11. Булкин В. А. Средства и методы педагогического комплексного контроля/Педагогический контроль в системе подготовки спортсменов. Л., 1985. — С. 9—16.
  12. Верхошанский Ю. В. Основы специальной физической подготовки спортсменов. — М.: ФиС, 1988. — 227 с.
  13. Верхошанский Ю. В. Программирование и организация тренировочного процесса. — М.: ФиС, 1985. — 176 с.