Өндірістік дауды басқару

  1. Дауда өзін-өзі ұстаудың негізге стильдері:

конфронтация (қарсы тұру) – басқа тараптың мүдделеріне залал келтіре отырып өз мүдделеріне жетуге ұмтылу;

көндігі – басқа тараптың мүдделері үшін өз мүдделерін құрбан ету;

қашу –– өз мақсаттарына жету үрдісі мен бірлестікке ұмтылыстың болмауы;

бақталастық –– қарсы тарапқа міндетті түрде залал келтіру бағытқа алынбаған, өзара жарысты әрекет;

мәмле — өзара бір-біріне жол беру;

қызметтестік — екі тараптың да мүдделерін толық қанықтыратын шешімдер қабылдау.

  1. Дауды шешудің негізгі әдістері:

жұмысқа қойылатын талаптарды түсіндіру;

үйлестірілген және ықпалдастық механизмдер;

бірнеше жұмысшылардың әрекетінің бірігуін талап ететін жалпы ұйымдық кешенді мақсаттар;

сыйақылардың жүйелік құрылымы – осы арқылы салдардың алдын алу мақсатындағы адамдардың мінез-құлқына әсер ету.

Дауды басқарудың негізгі стратегиялары:

даудың алдын алу стратегясы:

даудың нақты предметін жою;

төреші ретінде тәуелсіз мүдделі емес адамды тарту және шешіміне бағынуға дайын болу;

дауласушы тараптың біреуі екіншісінің пайдасы үшін даудың предметінен бас тартқызуға қол жеткізу;

дауды басу стратегиясы қажет болған жағдайлар:

мақсатты түрде дауласушылар санын азайту;

бір-бірімен дауласушы адамдардың өзара қарым-қатынасын ретке келтіруші жөн-жосықтар, нормалар және ережелер жүйесін істеп шығу;

даулы өзара қарым-қатынастың келіп шығуына тосқауыл болатын жағдайлар жасау;

кейінге қалдыру стратегиясы. Мақсаты:

дауласушылардың біреуінің екіншісіне деген қатынасын өзгерту.

Қажет:

дауласушылардың біреуінің орны мен ролін басқасының ой-қиялында азайту немесе арттыру;

дауласушының даулы жағдай туралы ойын өзгерту.

Дауды шешудің негізгі принциптері:

түсіністік принципі — нақты мәселені сезіну, даудағы күштердің өзара қатынасын, даудың предметін сезіну; даукеш тұлғалардың білімі, даудың шығу жағдайындағы жақсы бағыт-бағдар.

Алдын ала болжау принципі — топтардың және әріптестрдің арасындағы дауды болжау және оған өз уақытында дайындық жасау.