Ерте постнаталды кезеңдегі психиканың дамуы

Өмірге келу-бұл ортаның мүлдем басқа жағдайларына түсетін жануар өміріндегі қайталау пункті. Бірақ, жаңа жағдайларда жүріс-тұрыстың туа берілген элементтерінің жетілуі және олардың постнаталды, индивидуалды тәжірибесімен қосылуы жалғаса береді.

Ерте постнаталды кезең особтың өмір сүруі үшін ерекше үлкен мәнге ие, себебі осы кезеңде организмның қоршаған ортамен маңызды өзара қатынастары қалыптасады. Бірақ, жануарлардың кейбір түрлерінде жас особтар үлкен особтардан тек дене құрылысы мен өмір сүру жағдайымен ғана емес, сонымен қатар жүріс-тұрысымен, орын ауыстыру және тамақтану тәсілдерімен ажыратылады.

Жануарлардың постэмбрионалды кезеңі, сонымен қатар толық жетіліп және толық емес жетіліп туылуы бойынша ажыратыла алады. Құстардың ішінен толық емес жетіліп туылғандарға-қарғалар, жыртқыш құстар, сүтқоректілерден-кемірушілер мен жыртқыштар жатады. Толық жетіліп туылғандарға құстардан балапандайытындар (тауықтар, үйректер, қаздар), сүтқоректілерден-тұяқтылар жатады. Толық жетіліп туылғандарда, ұзақ уақыт бойы ата-анасының қомқорлығы мен көмегімен қажет ететін толық емес жетіліп туылғандарға қарағанда, өмірге келгеннен кейін бірден өз бетінше күй кешеді. Осыған қарамастан толық емес жетіліп туылғандықтан өзі жануарларды үлкен бейімделу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге болып табылады.

Ұрпаққа қамқорлық. Ұрпаққа қамқорлық жануарлардың әртүрлі түрлерінде әрқалау көрінеді. Кейбір жануарларда ұрпаққа алғашқы қамқорлық болады, яғни ұя мен тамақ алдын ала дайындалады, бірақ аналық особ тіпті ұрпақпен кездеспейді. Мысалы, соналар жұмыртқаларын өздері жараққатаған жәндіктерге салады, және оларды кішкене індерге тығып қояды, ұрпаққа жасалатын қамқорлық осымен аяқталады. Келесі түр-бұл ұрпаққа пассивті қамқорлық жасау. Ол ата-аналық особтар жұмыртқаларды немесе жас жануарларды өз денесімен бірге (қалталарда, қыртыстарда) алып жүретіндігімен анықталады. Және ұрпаққа қамқорлық жасаудың соңғы түрі-белсенді қамқорлық, оған ұя жасау, тамақтандыру, жылту, қорғау, тазалау, сонымен қатар ұрпақты тамақ табуға және оны тануға үйрету мен жаулардан қорғану кіреді. Ұрпаққа белседі қамқорлық жасау ұзақ уақытты және үлкен энергия шығындауды талап етеді, бұл осы түрлерге өмірге көп ұрпақ алып келуге мүмкіндік бермейді.

Ерте постнаталды кезеңдегі инстинкттер. «Каспар Гаузер» әдісі үйренудің инстинкттердің көрінуіндегі рөлін айқындауға мүмкіндік береді. Сүтқоректілердің балаларын (немесе балапандарын) шеттетіп өсіруінде туылғаннан бастап моторлық элементтердің дамуы, балапандар жаттығу мүмкіндігінен ада болатындығына қарамастан, нормадан ауытқусыз өтеді, ал жүріс-тұрыстық актілер мәнді ауытқуларға кездеседі.

Туа берілген тану мен әдеттену. Туа берілген тану туылғаннан кейін бірден аналық особты, өз түрінің особтарын, жауларын, алдын-ала үйренусіз қобалжу жағдайын тануда көрінеді. Туа берілген танудың мысалына балапан құстардың жерге, бас жағындағы қозғалмалы объектіге құлау реакциясын жатқызуға болады. Сүтқоректілердің балалары түрткенде әсерленеді. Бұл әдеттену деп аталады және жауаптық реакциялардың жойылып кетуінде көрінеді.

Кішкені балықтар егер ірі балықтарды жиі көретін болса, онда ол ірі оъектіге әсерленуге «әдеттенеді» және өз тобының мүшелерін жыртқыштың қалай жем қылғанын бақылау жолымен жыртқыштың ерекше белгілерін тануға үйренеді. Ерте үйренудің нәтижесінде тітіркендіргіштердің сигналдық мәні де өзгеруі мүмкін.

Осылайша, туа берілген жүріс-тұрыс пен жабысқан үйрену өзара ерте тәжірибемен туа берілген жүріс-тұрысты модификациялау арқылы тығыз байланысты болып келеді. Жабысқан үйренуге деген қабілеттіліктің өзі тектік бекітілген. Жабысқан үйренудің өзіне тән белгісі, оның тек белгілі-бір сыни кезеңдерде ғана іске аса алатындығы болып табылады.

Өзінің тамақ табу негізінде жүріс-тұрысының қозғалыстық координациялары туа берілген болып табылады және индивидуалды тәжірибеге тәуелсіз болады, бірақ олардың жетілуі мен модификациясы жабысқан үйренудің нәтижесінде нақты жағдайларда өтеді. Жоғарғы жануарларда инстинкттердің «істеп өтуі» ойын кезеңінде, яғни постнаталды кезеңнен кейінгі келесі кезеңде өтеді, ал ойын белсенділігі жоқ төменгі жануарларда жабысқан үйрену инстинктивті жүріс-тұрысты постнаталды соңына дейін құрудың жалғыз факторы ретінде алынады.

Есте сақтау. Ерте постнаталды онтогенездің бұл компоненті факультативті үйренудің құрамдас бөліктері бар жабысқан үйренудің формасы болып келеді. Есте сақтаудың нәтижелері өзгермейді. Есте сақтаудың объектілері ата-аналық особтар, бір тобырдың балалары, үнемі болып келе жатқан жаулардың сыртқы белгілері болуы мүмкін. Тура есте сақтаудың нәтижесі / баланың есіндегі ата-аналық особ туралы ақпараттар, ал кері есте сақтаудың нәтижесі-ата-аналық особтың есіндегі бала туралы ақпараттар болып табылады. Балапандайтын құстардың балапандары жұмыртқадан шыққаннан кейін бірден көрген алғашқы қозғалмалы затты еске сақтайды және оның артынан ереді.

Еру реакциясы тағы да тұяқтыларда, кемірушілерде (теңіз шошкасында), итбалықтар мен бірқатар балықтарда байқалады. Еру реакциясы алғаш рет ХІХ ғасырдың 70 жылдары Д.Сполдинг зерттеген, бірақ оның теориялық талдауын кейіндеу ХХ ғасырдың 30 жылдары К.Лоренц жасаған болатын.

Жабысқан үйренудің нәтижелері особтың өмірі үшін маңызды болғаны соншалықты, сәйкес реакциялар кез-келген жағдайларда қалыптасуы тиіс. Есте сақтаудың нәтижелері еркек жануарлардың жыныстық жетілу кезеңінде үлкен рөл атқарады. Бұл аналық особты айрықша белгілері бойынша жыныстық жұпты таңдауда көрінеді. Неміс этологы Ф.Шутц жабайы үйректердің ерекше особтарындағы жыныстық есте сақтауды зерттеген, ол жыныстық есте сақтау 10 күннен 100 күнге дейін өткен, бірақ оптималды мезгіл – 10-шы күнмен 40-шы күндердің аралығы болған. Сүтқоректілерде жыныстық есте сақтауды тұяқтылар мен кемірушілерде байқалған.

Тау берілген тану объектілердің жалпы мәнді белгілеріне бағытталған, жабысқан үйрнеу жолмен бұл жеке объектіде нақтыланады. Бұл құстың балапанының қозғалмалы объектіні есте сақтауы мысалында жақсы көрінеді. Бұл жерде кез-келген қозғалмалы затты қабылдау туа берілген болып табылады, ал нақты ата-аналық особты есте сақтау жабысқан үйрнеу болыптабылады. Есте сақтаудың құрамында факультативті үйренудің де элементтері болады, өйткені еру реакциясындағы туа берілген танудың алғашқы тиімділігі ұзақ мерзімдік емес және үнемі жасалатын жаттығуларсыз тез арада өшіп қалады. Еру реакциясын бекітумен факультативті үйрену жолымен қайта қалпына келтіруге болады. Үйренудің бірінші – формасы (есте сақтау) уақыт өте келе екіншісіне дейін өседі, ол-үйренудің факультативті формасы. Туа берілген тану адал еңбекпен жинақталғанға ауысады. Сонымен, ерте факультативті үйрену инстинктінің толыққанды көрінуі үшін қажетті болып табылады.

Зерттеу жүріс-тұрысы. Жануардың зерттеу жүріс-тұрысының дамуы тәрбиеленуі жағдайына тәуелді. Американдық ғалымдардың эксперименттердің резус мақалаларының шеттетілген балалары (30 аптада) оларды қоршаған заттарды, адамды және өз-өзін көп қарастырғанын, ал шеттетілмегендері көбінесе заттармен манипуляция жасағандығын айқындайды. Чехословакия зерттеушілер өмірдің алғашқы алты аптасының барысындағы балалармен қарым-қатынас жасау, зерттеу іс-әрекетінің дамуын тежейтіндігін, ал бай орта оны стмулдандыратындығын анықтаған.