Коммуникация

Конрад Лоренц (1935) релизерлер түсінігін енгізді, ол – инстинктивті жүріс-тұрысты туындататын сигналдық тітіркендіргіштер. Релизерлер ретінде организмнің түрлі белгілері және тіпті жүріс-тұрыстың элементтері де қызмет ете алады.

Дарвин (1872) «антитеза қағидасы» ашты, ол қағида бойынша – мәні бойынша қарама-қайшы позалардың көмегімен беріледі. Мысалы, агрессияны көрсететін поза достық қарым-қатынасты көрсететін позаға қарама-қайшы.

Ниет қозғалысы – жануардың не жасағалы отырғаны туралы ақпаратты алып жүретін аяқталмаған жүріс-тұрыс. Девистің бақылаулары бойынша, егер көгершін алдын-ала болатын ниет қозғалыстарынсыз ұшса, онда бұл қалғандары үшін қобалжу сигналы болып қызмет етеді.

Эволюция үрдісіндегі мәні бойынша әртүрлі позплар мен дене қозғалыстарының шығу тегі мотивацияның конфликтісімен байланысты сияқты. Мотивация конфликтілерінің негізгі үш типі бар, олар:

  • «жақындау-жақындау», бұл екі бір сәттік мотивациялар әртүрлі мақсаттарға бағытталған кезде туындайды;
  • «қашу-қашу», бұл жануарда болатын объектіге жақындау және одан қашу мотивациясы бір мезгілде пайда болған кезде байқалады.

Соңында қандай да бір мотивация жеңеді немесе екеуі де аяқталмаған болып қалады және «позаға» айналады. Сондықтан көптеген демонстрациялар конфликтілік жүріс-тұрыстың рәсімденген компоненттерінен тұрады. Мысалы, күміс түстес шағалада қаһар көрсетудің көлденең позпсында қорқыныштың да, агрессивтіктің де элементтері болады (Тинберген, 1959).

Жүріс-тұрыстың негізгі үш тенденциясы болады, егер олардың әрқайсысы шеттетілген тұрғыда әрекет етсе, онда ол мыналарға: 1) жыныстық жүріс-тұрысқа; 2) шабуылға; 3) қашуға алып келеді. Белсенділіктің бұл түрлері таза түрде сирек кездеседі. Жүріс-тұрыс осы үш негізгі мотивациялардың араласуының нәтижесі болып табылады. Мысалы, қаһар көрсету позасы – бұл шабуыл және қашу тенденциясының комбинациясы болып табылады.

Демонстрацияларды жүріс-тұрыс тенденцияларының конфликтісі көзқарасы тұрғысынан қарастырғанда мыналарды есепке алу қажет:

  • Жағдайды, мысалы, өз аймағының шекарасына жақын жерде жануар қорқыныш пен агрессивтілікті сезінеді, ал жыныстық жұп болған кезде жыныстық мотивация пайда болады.
  • Демонстрация кезіндегі жүріс-тұрысты, мысалы, үзіліс бойынша бақталасқа жақындау және одан алыстап кету.
  • Демонстрациядан бұрын болатын немесе одан кейін өтетін жүріс-тұрыссы.
  • Демонстрацияның табиғатын.

Қаһар көрсетуді демонстрациялаудың сипаты шабуылды іске асыруға кедергі жасайтын жағдайлармен анықталады. Құстардың табиғаттағы жүріс-тұрысына бақылау жасай отырып, шабуылды тоқтататын кез-келген сигналдың жануарда қаһар көрсетуді демонстрациялауды туындатқызатындығын көрсетті. Оларға одан кейін қашуға тенденцияның әсері әсер етпейтіндей деңгейге дейін рәсімденеді: олар тек шабуылға тенденциямен ғана байланысты болады.

  1. Әртүрлі түрлер арасындағы коммуникация. Зоопарктерде аталық кенгурулер төбелесуге шақыру ретінде қызметшінің көлденең позасын қабылдайды.

Сигналдық тітіркендіргіштерді инстинктивті тану адамның әлеуметтік жүріс-тұрысында маңызды рөл атқарады. Мысалы, бала басының формасы үлкендерде ата-аналық сезім тудырады. Адамдар сонымен қатар жас жануарларға да әсерленеді. Жануардың қоршаған ортаға сәйкес келуінің кез-келген дәрежесі – бұл пайдалы белгілер бойынша таңдаудың нәтижесі болып табылады. Жапырақ тәріздес шегіртке. Бұтақшалардың ішінен ажырата алмай қалатын дәуіт. Бұдан жануардың түсі ғана емес, сонымен бірге оның масклеу позалары мен дене қозғалыстары да үлкен рөл атқарады. Өсімдіктерге немесе субстратқа ұқсастықтан басқа жануарларды басқа жануарлардың жеке бөліктеріне ұқсастықтың да болуы мүмкін. Бұндай демонстрацияларға оңтүстік америкалық бражниктің құртының жүріс-тұрысы жатады, қауіп төнген кезде олар денесінің алдыңғы бөлігіне жел толтырады, тербеледі және қауіпті жыланға ұқсас болып кетеді. Түнгі көбелектер үлкен дақ-көздерін демонстрациялау – бұл жануарлардың басқа түрлерінің пайдаланатын сигналдық тітіркендіргіштерді имитациялау формасы.

Эволюция үрдісінде тек пайдалы белгілері бар және оларды өзінің ұрпағына беретін жануарлар ғана тірі қалған. Осылайша, осы белгілер мен қасиеттердің сұрыпталуы өтеді. Жануарларға тіршілік ету ортасымен бірігуге мүмкіндік беретін (бағындырушы бояу) осындай белгілерден басқа, керісінше, оларды ортада айқын ерекшелейтін басқа да белгілері бар. Оларға мимикрияның түрлі түрлері жатады. Зиянсыз түр түсі бойынша улы арлекиналық аспидке еліктейді. Африкалық ковралық сұр жыланның (эфтер) қауіп төндірудің демонстрациялық позасына зиянсыз жылан еліктейді. Егер ағашқа ұя салатын құстардың мазасын алатын болса, олар жыландар тәрізді дауыс шығарады. Еуропалық қармақшы басқа балықтарды адастырады.

Шын мәніндегі мимикрия – бұл имитатор- жануардың модельмен ұқсастығының, оларды шиленістіруге болатындай жоғарғы деңгейде болған кезі. Мимкрияның мынандай келесі түрлері бар:

3.Бейтсовтық мимикрия. Имитатор-жануар улы немесе дәмі жаман жануар тәріздес болады.

  1. Мюллерлік мимикрия. Бұл жануарлардың бір қатар улы түрлерінде бірдей алдын-ала ескертетін бояуы болған кезде. Алдын-ала ескертетін бояуға контрастылық түстердің сәйкестігі жатады, ол – сары мен қараның, қызыл мен қараның, сары мен қызылдың және т.б. сәйкетігі.
  2. Агрессивті мимикрия. Мысалы, басқа балықтар үшін зиянсыз және тіпті пайдалы Губана-тазартқышты жақын арақашықтыққа жүзіп келіп сенгіш жеміне шабуыл жасайтын қышыл тұмсықты теңіз итшесін еске түсіреді.
  3. Автомимикрия. Данаида көбелектері улы өсімдіктермен қоректенеді және жыртқыш – құстар үшін жеуге жарамсыз болып қалады. Бірақ табиғи жағдайларда улы өсімдіктерді жемейтін және сондықтан, құстар үшін тамақ ретінде қауіпті болып табылмайтын данаидалардың бірнешеулері болады. Бірақ олар автомимикрия әрекетінің арқасында сақталып қалады. Бір стратегияның жетістігі басқасының болуына тәуелді болады. Мысалы, мимикрияны қолданатын стратегияда үркіту стратегиясынсыз мағына болмайды.

Симбиоз – бұл өзара пайдалы түраралық коммуникация. Комменсализм, бір жақ пайда табатын, ал екіншісі пайда таппайтын кезде өтеді. Флейторыл сары бекіренің бір тобырына қосылады да, тығылып, ұсақ балықтармен қоректенеді. Египеттік құтан ірі мүйізді сиырлар үркіткен жәндіктермен қоректенеді. Бұл түрлердің арасында коммуникация бар екі жануарға да пайдалы шын мәніндегі симбиоз болып табылады. Мысалы, бал жегіш (медоед) пен балды көрсеткіш (медоуказчик) құс. Жабайы аралардың ұясын тауып, балды көрсеткіш ерекше сигналдардың – демонстрациялаудың көмегімен бал жегішті сол ұяға алып барады. Бал жегіш күшті тырнақтарының көмегімен ұяны ашады және ондағы балды жейді. Ал балды көрсеткіш аралардың балауызы мен жұмыртқаларын жейді. Егер балды көрсеткіш бал жегішті таппаса, ол адамдарға келеді. Жергілікті адамдар оларды түсініп, құсқа балауыз бен жұмыртқаларды жеуге мүмкіндік береді.