Инстинкт және үйрену мәселелерің қазіргі тұрғыдан қарастыру

Инстинкт және уйрену проблемасында үлкен орын алатың инстинктивті мінезқұлқының икемділігі. Бұл сауал тек инстинктивті мінез-құлқы тегін анықтау үшін ғана емес және де жануарлардың психикалық әрекеттерінің қызметіне де жалпылай қатысты.

Дарвиннің пікірінше, туа біткен морфологиялық негізіне тән инстинктивті икемділік табиғи сұрыпталу жолында инстинктивті мінез-құлқы дамуына жеткілікті деген. Кейіннен көптеген ғалымдар өз күштерін, каншалықты инстинктер тұрақты, регидті немесе өзгермелі және модифицивті (түрленуге) болады екенің зерттеуге бағыттаған. Нәтижесінде,бүгінгі күні, жануарлар мінез-құлқысының икемділігі неғұрлым күрделі, яғни генетикалық бекітілген дайын әрекеттер тұқым куалауда емес, онтогенездегі қалыптасқан қозғалыс реакциялары шегіндегі тітіркену нормасы берілетіні бізге мәлім.

Инстинкт және үйрену проблемасын теренінен зерттеген В.А.Вагнер, әсіресе оның «Биологические основания сравнительной психологии» (1910-1913) еңбегінде көрсетілген. Омыртқасыздар және омыртқалыларды зерттеген эксперимент және бақылау жолымен алынған мәліметтеріне сүйене отырып, Вагнер, жануарлардың мінез-құлқысының инстинктивті компоненттері пайда болып дамуы «ортаның нұсқауы және табиғи сұрыпталу бақылауына байланысты» және оңы әрине өзгерусіз, стереотипті деп санауға болмайды. Вагнердің санауынша, инстинктивті (соқыр сезім) мінез-құлқы, ол-сыртқы ықпалмен өзгермелі дамитың пластикалық қызмет.

Мінез-құлқының вариабельдігі Вагнердің қарлығаштар және өрмекшілердің конструктивті әрекеттер мысалдарында көрсеткен. Деректерді тиянақты талдау, инстинктивті мінез-құлқының лабильдігі анық видиотипті шеңбермен шектелген деп қортындыға келген.

Кейін бұл проблеманы кенес ғалымдары қарастырған. Академик Л.А.Орбели жануарлар мінез-құлқысының икемділігі жетіліп туу денгейіне тәуелділін талдаған. Кенес орнитологі А.Н. Промтов жануарлар соқыр сезімді мінез-құлқы онтогенез процесінде қалыптасатың шартты рефлекторлы компоненттерден тұрады деген. Оның пікірінше соқыр сезім мінез-құлқы икемділігін байқататың осы компоненттер. Екінші жағынан,видиотипті құрылыс белгілерінің себептілігіне байланысты туа біткен реакциялар және жеке өмір ағымының негізінде жүре пайда болған шартты релекстер түбінде видиотпті ерекшеліктерді көрсетеді де «видиотипті стериотипті мінез-құлқы» деп Промтов атады.