Педагогикалық товарищ технологияны ендіру жолдары

Жаңа әлемдегі жана Қазакставда білім беру саласына көп көңіл бөлуіміз керек. Еліміздің болашағы керкейіп, өркениетті елдер катарына косьшуы бүгінгі ұрпак бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема — әлеуметтік педагогикалык және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнынан жаналык енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.

Мұғалімдерді даярлау кай уақытта да ең өзекті мәселелер катарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, коғамның әлеуметтік-экономикалык міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайыктап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.

Бұл жерде ұстанымдар кәсіби педагог мамандарын даярлау жүйесіндегі көзкарастардан айқындалары даусыз.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлтгық моделіне өту окыту мен тәрбиелеудің сонғы әдіс-тәсілдерін, инновациялык педагогикалык технологияны игерген, психологиялык-педагогикалык диагностиканы кабылдай алатын, педагогикалык жүмыста калыптаскан бүрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға кабілетті және накты төжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мүғалім болуын кажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты денгейінде оқыту үрдісін үйымдастыру жаңа педагогикалык технологияны ендіруді міндеттейді.

Кез келген елдін экономикалық куаты, халкьшын өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік кауымдастыкта орны мен салмағы сол елдің технологиялык даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға койылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін акпараттандыру экономика, гылым және мәдениетгің карқынды дамуының негізгі кілті екендігін керсетіп отыр. Ендеше казіргі заманның акпараттык технологиясын игеру — міндетіміз. Ол үшін болашак мүғалімдерді даярлауға жоғары оқу орындары төмендегідей жұмыстар аткаруға тиісті:

Болашақ мұғалімдерді ақпартты коғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;

Жаңа акпараттык және телекоммуникациялык технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесін жанарту;

Дүниежүзілік акпарттык білім кеңістігінде орта білім беру мен жоғары білім беру жүйесін жаңарту;

Білім берудің иллюстративтік — түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде окушы шығармашылығына негізделген окыту әдістерін пайдалануга түбегейлі көшу.

Жаллы білім беретін мектептерде бүгін белен алып отырған кемшіліктері баршылық:

— білім сапасының төмендігі;

—білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен окудың нөтижесінің болмауы;

директивалык кұжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;

окушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;

—окушылардың және окытушылардың бірлескен шығармашылык еңбегінің болмауы.

Бұл тығырықтан шығудын бірден-бір жолы — оқу-төрбие үрдісінде инновациялык әдіс-тәсілдерді енгізу, окушылардың білімге деген кызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашьшық еңбек етуге жол салу.

Оку-тәрбие үрдісіне жаналык енгізу төмендегідей жолмен көрсетуге болады:

Білім беру Ақпарат тандыру Насихаггау Игеру
жұмысты жетілдіру,

жаңалыктар іздестіру

А акпарат

жаңалықтарын меңгеру

Ә Окыту, игеру Б Пайда лану

Инновациялардың таралу үрдісінің бір түрімен (А, Ә, Б) екінші түрінде өту ерекше функцияларды орындайды.

А — новациялар белгілі болады, көпшілікке таралады. Жаңалыктарға жол ашады.

Ә — олардың теориялық және әдістемелік жолдары ойлап шешіледі.

Б — жаналыктарды енгізу жолдары карастырылады, білім беру үйымдарының жұмыстарына енгізіледі.

Оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалык жаңалыктарды енгізу IV кезеңінен түрады.

Iкезец: Жаца идеяны іздеу.

Акпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалыктарды іздестіру.

IIкезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру.

Оку-тәрбие үрдісінде жаңалык енгізулерді алғашқы

байкаудан өткізу, үйымдастыру және кеңес алу.

IIIкезең: Жаңалыктарды енгізу.

Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялык әдіс-тәсілдері пайдалану.

IVкезең: Жаналыктарды бекіту.

Оку-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалыктардың нөтижесін багалау. Инновациялык үрдістің негізі — жаңалықтарды калыптастырып жүзеге асырудың тұтастык кызметі.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мектеп емірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мүғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты.