Шағын және орта бизнесті дамытудағы салық жүйесінің ерекшеліктері және оның негізгі мәселелері

Шағын және орта бизнесті дамыту қазіргі нарық экономикасындағы ең негізгі және де нарық механизмдегі ерекше орынымен белгілі. Оған себеп, кәсіпкерлік нарық экономикасында аса маңызды экономикалық және әлеуметтік функцияларды қамтиды, оған жататындар: кәсіпкерлікпен шұғылдану экономикада жаңа жұмыс орындарды, жаңа тауарлар мен қызметтерді, қоғамда жаңа орта шаруалардың санын көбейтеді, сонымен қатар қоғамдағы бәсекелестікті арттырады.

Нарықтық қатынастардағы салық жүйесі кәсіпкерлікті дамытудың ең бір нәтижелі жолы болып табылады, оған себеп: кәсіпкерлікті дамыту шығаратын өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасын көтеруде үлкен әсер етеді[1].

Осы себептерді еске ала отырып, теория және тәжірибе көзқарасы жүзінде кәсіпкерліктің экономикалық мазмұнын зерттеудің үлкен маңыздылығы бар.

Бұл кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық-делдалдық, қаржы лизингі, бағалы қағаздармен операциялар, көтерме сауда, инновация қызметтерді атқаруға ат салысады. Сондықтан да кәсіпкерлік шағын бизнеспен тығыз байланысты, бірақта ол шағын бизнес түсінігінен жоғары. Шағын бизнес мағынасы кәсіпкерлікте істейтін адам санына, капиталдың көлеміне, таза табысы мен жылдық айналымына байланысты көрсеткіш.

Мемлекеттің экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуы қазіргі уақыттың ең бір актуалды мәселелеріне жатады. Сондықтан да шағын және орта бизнес Республика экономикасындағы сфераларда басымдылық жолымен өсу үстінде.

Экономикалық тұтқалардың ішінде нарықтық экономиканың өсіп дамуына ең қажетті рөлді салықтар алады. Қай мемлекеттің болмасын нарыққа көшкен кезде ең тиімді қолданатыны салық саясаты, себебі салықтар мемлекеттің экономикасының ең негізгі тірегі және белгілі бір тұтқасы болып табылады. Қай мемлекеттің болмасын, шет мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсекте салық және салық саясаты экономиканы басқарудағы ең күшті ұтқыр қаржы институттарына жатады.

Республикада кәсіпкерлік қызметті реттеу мен экономикалық қолдаудың жиынтық механизмі әзірленуде. Осы жиынтық механизмнің негізгі элементі болып салық реттеуі жатады. Оған себеп, Республика нарықтық экономикаға көшкен және орныққан кезде кәсіпкерлік қызметтің одан әрі дамуына ең негізгі құрал, ол нәтижелі салық жүйесін құру. Осы кезде дәл уақытында жүргізілген кәсіпкерлік қызметтің салық реттеуі фискалдық және реттеу функцияларының уақытында орындалуын қамтамасыз етеді[2].

Барлық мемлекеттерде шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, оларға салық жеңілдіктерін беру арқылы шешіледі. Бұл жерде бірден салық ставкаларын төмендету емес, тек қана салық жүйесін реформалау арқылы осы саладағы экономиканы көтеру.

Шағын бизнес секторындағы ең негізгі мәселелердің бірі, ол бұл саладағы қаржы-несие ресурстарының жеткіліксіздігі. Оған себеп, шағын кәсіпкерліктің алғашқы капиталы аз және де алғашқы шығындарын жабуға жетпейді. Ал коммерциялық банктер негізінен өз қаражаттарын сауда операцияларын қаржыландыруға несиелерін бөледі. Ал шағын кәсіпкерлікті несиелеуге олардың қызығушылығы шамалы, себебі, бұл саланың кепілдікке қоятын капиталы аз.

Келесі бір мәселе – ол шағын бизнес саласы кәсіпкерліктің ең бір салықтық бақылауға қиыншылық туғызатын экономикалық салаға жатады, егерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары салық органдарының бақылауында болса, мониторинг объектілері ретінде ылғи көңіл бөлінсе, онда шағын кәсіпорындар бұл бақылаудан тыс қалады.

Бюджетке түсетін салықтардың басым көпшілігі аса ірі немесе орташа кәсіпорындардан түседі, бірақ шағын кәсіпкерлікте жергілікті бюджеттердің түсімдерін көбейтуге өз үлестерін қосады.

Оған себеп, біріншіден, шағын кәсіпорындар мемлекеттің өнім өндіру, қызмет көрсету салаларының негізгі көлемін құрайтын болғандықтан, олардан түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер қомақты болып келеді.

Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және шағын заңды тұлғалар бұрын есепте жоқ, жаңа салық төлеушілер ретінде бюджет жүйесіне қосымша салық түсімдерін әкеледі.

Салықтық текесерулерге талдау жасасақ, онда мынандай фактілерге көз жіберуге болады: өмірде ең көп салықтық құқықты бұзушылық осы шағын кәсіпорындарда байқалады, әсіресе уақытында салық тіркеуіне тұрмау, уақытында салықтық есепті өткізбеу, түскен қолма-қол ақшаны есепке алмау, жымқыру, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеу және тағы басқалары.

Сондықтан да салықтық бақылауды күшейту осы салада өзінің еңбегін өтейді деп ойлауға болады. Сонда ғана қосымша салықтар бюджетке көбірек түседі, әсіресе ірі салық төлеушілерден. Себебі, мұндай фирмалар салық төлеуден бұлтару үшін тәжірибеде өтірік шағын кәсіпорындарды ашып, солар арқылы өнім бағаларының арқасында қолмен епті іс жасау арқылы салық базасы болатын таза табыстарын жасырып қалады, сол себептен мемлекет қазынасына көп салықтар көлемі түспей қалады.

Үшіншіден, салық органдары да шағын кәсіпкерлікпен айналысатын салық төлеушілерді тексеру барысында, алдымен оларға мәлімет жинап, қайсысы салық есебіне тұрғанын, қай салада қызметтерін атқаратындарын, барлық құқық қорғау орындарындағы оларға түскен мәліметтерді жинап, содан кейін ғана білікті, әрі сапалы салық тексерулерінің сапасы артып, бюджетке қосымша салықтар түсуіне жол ашылады. Ол үшін:

  • әрбір салық төлеушінің, әсіресе шағын кәсіпкерлік саласында тексеру ұйымдары алдымен қолда бар барлық шаруашылық-қаржылық есеп құжаттарына талдау жасау;
  • камералдық бақылау барысында негізінен:

— әрбір жеке есеп құжаттарының бір-бірімен байланысын талдап, оның салық базасын шығару,

— есеп беру көрсеткіштерінің салыстырмалығын, олардың салық декларациясында көрсетілгендей табыс көздерінің растығын,

— салық деларациясы мен бухгалтерлік есептің дұрыстығының бағасын, олардың сапасын өздерінде бар мәліметтермен салыстырып, олардың дұрыстығына көз жіберу.

Төртіншіден, осы шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің мәлімет көзін басқа да ұйымдардан, әсіресе қызмет көрсететін банктерден, энергосбыт кәсіпорынынан, жол полициясының және кеден органдарының мәліметтерінен жинап, содан кейін ғана сапалы салық тексерулерін өткізу керек [3].

Экономикасы дамыған шет мемлекеттердің салық жүйелеріне талдау жасасақ, мынадай тұжырымға келуге болады: қосылған құн салығы мен акциздер негізінен сатылатын тауар құнына қосылуға тиіс және оны тұтынушылар ғана төлеуге міндетті, ал тәжірибе жүзінде негізгі қосылған құн салығын төлеушілер болып бәрібір шаруашылық субъектілер табылады. Себебі, олар өздерінің таза табысын төлейтін салық мөлшеріне кемітеді. Бұл ауыртпалық акциз бен қосылған құн салығын төлеушілер тауар шығаратын субъектімен бұл тауарды тұтынушылар арасында бірдей шамада болады.

Ал заңды тұлғаның төлейтін корпоративтік табыс салығы мөлшерімен тауардың бағасын көтеру арқылы тұтынушыға түсетіні анық.

Ал мүлік салығына келсек, ол да арендаторға аренданың құны ретінде немесе тұтынушыға баға арқылы ауыртпалық әкелуі мүмкін.

Сондықтан да салық ауыртпашылығы басқа салық қатынастарымен тығыз байланысты болып келеді.

Сол себептен, осы мәселелерді есептесек қай салықтық тауар шығаруға, оның бағасына және кәсіпкерліктің даму жолдарына тигізер әсерін біліп болмайды.

Салық салудағы кейбір дамыған шет мемлекеттердің тәжірибесіне келсек, оның өзіндік себебі бар. Салық жүйесін көп жылдардан бері дамытып, біздің елімізбен тығыз сауда және экономикалық байланыс жасап келе жатқан Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Германия сияқты ірі мемлекеттердің салық жүйесіне қысқаша болса да тоқталып өтейік. Себебі, бұл мемлекеттер әлем экономикасының алдыңғы қатарында болса, екіншіден, шағын және орта бизнесті дамытуда да алдыңғы орынға ие[4].

Шағын бизнес-нарықтық экономиканың негізі. Қазақстан Республикасында шағын бизнес субъектілерін қолдау және мемлекеттік жүйесі құрылған. Бұл жүйеде шағын кәсіпкерлікті дамытудың салық салу механизмі ерекше орын алады. Нарықтық қатынастардың даму кезеңінде шағын және орта бизнес субъектілері басқа елдерден тауар өнімдердің орнын басуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және де республикалық, жергілікті бюджеттердің салықтар арқылы кіріс көзін ұлғайтуға міндетті.

Сонымен бірге мемлекеттік аймақтық қолдау белсенділігін, оның ішінде, әсіресе несие қамсыздандыру және инвестиция сфераларын ынталандыру жағдайына қажеттілік туғызу керек.

Ең негізгісі, мемлекеттің шағын бизнесті қолдау бағдарламаларының қажеттілігінен реттеу саласында нәтижелі жүйесін әзірлеу керек. Ол үшін бір-бірін байланыстыратын элементтер керек. Олар:

— құқықтық қамтамасыз ету;

— қаржымен қамтамасыз ету;

— салықтық реттеу;

— инфрақұрылымдық және жұмысшылардың құрамын қамтамасыз ету.

Баршаға белгілі, Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізінен үш мақсаты бар: өнімдер мен қызметтерді өндіру көлемін ұлғайту; халықтың жұмыспен қамтылуын күшейту; салықтар мен басқадай төлемдердің бюджетке түсуін көбейту.

Шағын кәсіпкерлік-өміршеңдік деңгейі төмен және тәуекелшік деңгейі көтеріңкі қызмет түрі болып саналады. Шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше секторы ретінде өмір сүріп келді және әрқашанда өмір сүре береді. Оны тікелейшектеу, реттеу және бақылау жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі діттегеннен гөрі бір мысқалдай кемдеу шығады. Шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселесі-салыстырмалы түрдегі нашар өміршеңдігі оның жоғары әрекетшілдігімен, қаржылай ресурстармен жәнехалықтың барша топтарынан алынған кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады

Шағын бизнесті елеулі көтермелеуге Қазақстан Республикасы Президентінің “Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру шаралары туралы” Жарлығы жақсы ықпал етіп отыр. Соған сәйкес мынандай кезек күттірмес мәселелер ауқымы анықталған.

— шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік институттарды құру;

— шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын және оны құру тәртібін қарапайымдандыратын, несие бөліп, кадрлар дайындайтын және т.б. мәселелер жөнінен қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау;

— шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау (өндірістік ғимарат, жер учаскесін бөлу және т.б.);

— шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі мәселелерді шешу-ол үшін кәсіпкерліктің дамыту қорын құру, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер жасау жүйесін қарастыру

Елімізде он жылдан астам шағын кәсіпкерлік экономикалық субьект ретінде өз қызметін жүзеге асыруда. Осы жылдар шағын кәсіпкерлерге біршама ауыр тиді. Мәселен, тұрақтандыру кезеңі, кәсіпкерлік қызметті реттейтін құқықтық-нормативтік база қайта жасалды және қолдау көрсету бағдарламасының құрылымы қалыптасты.

Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс.

Шет мемлекеттердің тәжірибесі мен Қазақстандағы кәсіпкерліктің экономикалық мазмұнына сүйеніп, шағын және орта бизнес субъектілеріне кімді жатқызуға болатынын мына өлшем бірлігінен көруге болады: Шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге қарамағындағы қызметкерлердің саны 100-ден аспаса және жылдық табысы 50,0 миллион теңгеден аспаса, ал орта бизнес субъектілеріне қарамағындағы қызмет істейтін адам саны 500-ден аспаса және жылдық тапқан табыстары 350,0 миллион теңгеден аспағандарды жатқызуға болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдауға аса көңіл бөлініп отыр. Себебі, шағын және орта бизнес, ол біздің болашағымыз, Қазақстан өнеркәсібі нашар дамыған мемлекет болғанмен, оның шикізат және еңбекке жарайтын адамдарының мүмкіндігі жоғары. Сонымен қатар мемлекеттің ерекшелігі, оның ауыл шаруашылығының дамығандығы. Ауылдағы жұмыссыздық, еңбекке жарамды адамдардың жұмыссыздықтан қалаларға көшуі ауыл шаруашылығын одан әрі құлдыратады. Біздің ойымызша шағын бизнесті көркейту үшін тек қана салық құралдары жеткіліксіз. Ол үшін ауылдағы шағын бизнес субъектілеріне несие қорларына, қаржылық лизингтерге жол ашу керек және олар ашылып келе жатыр.

Сондықтан да салық құралдары, салықтық реттеу басқа да мемлекеттік құралдармен бірігіп қолданылуы керек. Сонда ғана біз экономикамызды ілгері дамыған мемлекеттердің қатарына қосуымызға болады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытпай, нарықтық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Бұл – нарықтық қатынастарды алға жетелеуші буын. Нарықтық экономика элементтерін енгізудің әрекеттері монополияландырылған ортаның қарсылығына тап болуда. Монополизмге қарсы күресудің тиімді жолдарының бірі- шағын және орта бизнесті дамыту.

Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты шаралар Елбасы Н. Назарбаевтың 1997 жылы 6 наурызында қабылданған “Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету шаралары” деген қаулысынан басталады.

Одан кейін “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы”, “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңдар қабылданды. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау үшін, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы” жарлық шығарды. Осы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының экономика және сауда Министрлігінің жанынан шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті құрылды.

Соңғы жылдары шағын бизнеспен айналысушы кәсіпкерлердің саны ұлғаю үстінде. Себебі елімізде шағын бизнеспен айналысушы кәсіпкерлерге қолайлы жағдайлар жасалуда. Атап айтсақ, 1997 жылдан бастап шағын бизнес субьектілеріне салықтық жеңілдік ретінде арнаулы салық режимдері енгізілді, сонымен қатарҚазақстан Республикасының Президенті жыл сайынғыҚазақстан халқына жолдауында шағын және орта бизнестің дамуына тоқталып өтеді: “шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуге, кәсіпкерлік ортаның бастамалырын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек[5].