Үлес және бөлшек

Жоғарыда қарастырылған жазбаша лөбейту мен бөлудің әр түрлі жағдайларының өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың бәрі көбейтуде « баған түрінде», ал бөлуді «бұрыштан», қысқаша жазғанда айқын көрінеді. Олар мысалға разрядтан : бірлеіктерді көбейткенде ғана аттау, бірліктерді, ондықтарды көбейткенде ғана ; ортасында немесе соңында нөл болатын санды көбейту, сияқты болып келеді. Ал бөлуде: бөлінуі, ондықтарды бөлгенде ғана қалдық қалуы, жүздіктерді және ондықтарды бөлгенде қалдық қалуы, жүздіктерді бөлгенде ғана қалдық қалуы, ортасында жазылуында немесе соңында нөл болатын санды бөлу,бөлінді толымсыз бөлінгіш бөлінгішпен кем бөлу, бөлінді мәнінің соңғы немесе ортаңғы цифры нөл болу сияқты болып келеді. Қалай болғанда да жазбаша көбейту төменгі разрядтан басталып жоғары разрядқа қарай біртіндеп орындалады ал бөлу керісінше жоғары разрядтан басталып. Сондай- ақ неше толымсыз бөлінгіш құрастыру мүмкін болса, бөліндінің мәні сонша таңбалы сан болады, яғни сонша цифр арқылы жазылатын сан болды.

Жалпы алғанда, бөлу негізгі кезеңі- толымсыз бөлінгіштердің әрқайсысынын біртіндеп бөлгішке бөлу. Әрине, бұл бөлу кезінде кейде қалдық нөлге тең болуы, кейде нөлге тең болмауы мүмкін. Егер аралық нәтижелерде, яғни жүздіктерді және ондықтарды бөлгенде қалдық нөлден басқа сан болса, бөлу процесі жалғастырылады, ал қалдық қашанда бөлшектен кем болу тиіс. Соңғы толымсыз бөлінгішті, яғни бірліктерді бөлгенде қалдық шықса, бөлу процесі аяқталады. Міне, осыны көрсетіп беру үшін «қалдық пен бөлу» арнайы қарастырылып отыр. Сонымен бірге қалдықпен бөлуді және оны тексеруді көбейту және бөлу алгоритімдерінен бұрын енгізуді, жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін оқытып- үйретуге дайындық деп түсіну керек. Онымен күнікүніпнері таныстырмасақ, жазбаша бөлуді түсіндіріп беру мүмкін емес.