Этникалық психологияның қолданбалы аспектлері

Ана тілі-этнопсихологияның басты проблемаларының бірі. Тіл-өзіндік дүниетанымның басты көрінісі (В.Гумбольдт). Мемлекеттік тілі, оның этнопсихологиялық аспектлері Қостіліділік пен көптілділік олардың психологиялық астарлары. Тіл және этностың өзіндік сана-сезім. Ана тілі мен бөгде тілдер, олардың психологиялық ерекшеліктері. Өзге тілдерді меңгеру-этностың мәдениетті жете меңгеруге ықыластықтан туындайтындығы. Өзге мәдениеті шеңберінде тілдерді оқып үйрену мәселесі.

Этникалық тілдік мәдениетті тәрбиелеу мәселелері. Тұлға және тіл. Саясат және тіл. Этноцентризм және оның психологиялық аспектлері. Маргиналдық тұлға, мәңгурттік және ұлттық нигилизм. Маргинал-әлеуметтік топтар мен этникалық топтардағы дүбәрә тұлға. Осы сияқты типтердің пайда болу себептері. Некелесу және отбасы төңірегіндегі этнопсихологиялық аспектлер.

Этнопсихологияның демографиялық және экологиялық аспектлері. Урбанизация, оның тұлғаның этнопсихологиялық келбетін қалыптастырудағы әсері. Әр түрлі этникалық топтардың (оқушы, студент, жұмысшы, шаруа, зиялы және т.б) жас ерекшелік, жыныстық, кәсіптік, антропалогиялық жақтарына байланысты ерекшеліктері, мұның кәдуілгі санадан орын алып отыратындығы. Этникалық генофонд туралы түсінік. Адам ат қою мен жер атауларының этнопсихологиялық астарлары. Діни сенім, оның этнопсихологиялық аспектлері. Дін және тұлға. Бизнес пен сауда саттықтағы ұлтаралық өзгешіліктер. Ұлттық этикет пен іскерлік стиль ерекшеліктерін есепке алу. Этнопсихология және психодиагностика. Заңға қайшы келетін мінез-құлық, оның түрлі формаларымен (нашақорлық, ішімдікке салыну, жезөкшелік т.б) күрес жүргізуде этнопсихологиялық білімнің маңыздылығы.

Ұлттық ерекшеліктерді зерттеуде батыстық әдістемелердің жарай бермейтіндігі. Тестер және сауалнамаларды таңдауда ұлттық ерекшеліктермен санасудың аса қажеттігі.

Этнопсихология және саясат. Этносоралық шиеленістердің алдын-алуда этнопсихологиялық білімдердің ролі. Этносаралық шиеленістердің психологиялық астарлары (Г.У.Солдатова). Этносаралық шиеленісушіліктің әлеуметтік-психологиялық феномен екендігі. Ұлтаралық байланысты тиімді етудің жолдары.

Әр түрлі этникалық қауымдастықтағы қарым-қатынас және мұның этностық ерекшеліктері.

Ұлттық мінездің қалыптасуында әр түрлі әдет наным-сенімдердің алатын орны.

Көпшілікке белгілі 1988 жылдан бастап республикада психолог мамандар даярлана бастады.

Ұлылардан ұлағат

«Тіл-ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал».

Жүсіпбек Аймауытов

«Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды.

Тіл-ұлттың жаны. Тіл идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі».

А.Н.Толстой.

«Халық өз тіліне айрылған кезде харекетінен айрылады».

И.Кант.

«Сөз ойдың көрінісі, ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр».

В.Г.Белинский.

«Даналық сөз иесі, ұғым иесі-ойлау иесі адамда ғана болады».

Жүсіпбек Аймауытов