Тәрбие барысының нәтижелерін және тиімділігін зерттеу

Тәрбие процесінің нетізгі ерекшеліктері қандай

Біріншіден, тәрбие көп факторлы процесс, ол тек мектепте ғана емес жанұяда, мектептен тыс мекемелерде, қоғамдық, орындарда іске асырылады. Оқушылардың санасының, тәртібінің қалыптасуына әдебиет, өнер, телехабарлар , кампьютерлік технология , бейне фильмдер әсер етеді. Қазіргі кезде балаларға әсер етуші хабарлар өте көп, оның кейде жағымсыз әсерлері де болатындығын ескеруіміз керек.

Екіншіден , тәрбие процессі- ұзақ процесс. Ол бала дүниеге келгеннен басталып , өмір бойы жүреді.

Адам есейген шағында да тәрбиеленіп тіпті қайта тәрбиеленуіде мүкін. Адам еңбек ету арқылы және моральдік тәжірибені, эстетикалық құндылықтарды меңгеріп, білімін кеңейтеді. Әсіресе мектептегішағында оныңбаланыңдамуытез жүреді .Тәрбие ұзақ процесс болғандықтан оның нәтижесін бірден көруге болмайды. Мысалы : оқушы қысқа уақыт ішінде тарихи оқиғаларды оқып алуы мүмкін, бірақ оны тезарада жақсы жолдас немесе ұжымшыл адам етіп тәрбиелеуге болмайды.

Үшіншіден, тәрбие процесі сатылы сипатта болды. Ол ерекше ензеңдерге бөлінеді.

Бірінші кезеңде бала жанұядағы ,мектептегі алғашқы ережелерді меңгереді. Оларда қарапайым тәртіп дағдылары қалыптасады.

Екінші кезеңде оқушылардың бойында тәртіп туралы алғашқы түсініктерінің негізінде, әртүрлі жағдайда дұрыс шешім қабылдау, қоғамдағы тәртіп ережелерін сақтау дағдысы қалыптасады.

Үшінші кезеңде тұрақты мінез-құлық дағдыларына ие болады.

Төртіншіден, тәрбие процесінде бірнеше рет қайталауға орын беріледі. Мысалы, адамның бір сапалық қасиеттерін қалыптастыруға қайта-қайта оралуға тура келеді. Бұл жай қайталау емес , жас ерекшеліктеріне қарай баланың білімін тәрбиесін, тереңдету.

Бастауыш сыныпта қарапайым тәртіпке көңіл бөлінсе ,орта буын сыныптарында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бірінші орын беріледі. Алжоғарғы сыныпта саналылық қалыптастырылады . Алайда сапалық қасиеттер бір уақытта дамытылады. Бірінші тоқсанда шыншылдыққа , екінші тоқсанда ұжымшылдыққа тәрбиелеймін деуге болмайды.

Бесіншіден, тәрбие процесі-екі жақты, белсенді процесс. Оны тек тәрбиеленушіге педагогикалық әрекетпен шектеуге болмайды.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі міндетті түрде қажет. Баланың ішкі белсенділігін ояту керек. Тәрбие процесінде балалардың қажеттілігі мен қызығушылығын ескереміз.

Алтыншыдан, тәрбие процесінде балалар ұжымын ұйымдастыру маңызды орын алады. Сондықтан А.С. Макаренко ’’тәрбие жұмысы –ұйымдастырушының жұмысы ’’ деді. Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасакры , сынып жетекшісі, мұғалімдер-тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар.

Жетіншіден ,тәрбие- болашаққа бағытталған процесс. Тәрбие беруде тек бүгінгі күн міндеттерін ғана емес ,алдағы мақсаттарды да ескеруіміз керек.

Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне , өмір тәжіриебесіне ,педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.Мысалы ,үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепте ,от басында әртүрлі іс-әрекеттерге дағдыландыруға болады.

Тәрбие жұмысында әр баланың даму ерекшелігін және жеке ерекшелігін еске алған жөн .Тапсырма беру кезінде бала темпераменті ескеріледі, мысалы, сангвиник бала қиыншылыққа кездесе бастаған ісін аяғына дейін орындамайды, сондықтан үнемі бақылап, тапсырманы толық орындауға үйрету, жаттықтыру әдісі қолданылады. Бұл әдістер оларды орындағыштыққа ,кіші пейілділікке , ұқыптылыққа үйретеді.