Халықтық педагогиканы оқу үйрену жолдары

Ұлттық педагогика тарихы Әл-Фарабиден басталады. Ал қазақ ғылыми педагогикасының негізін салған-Ыбырай Алтынсарин. Халықтық педагогика дегеніміз-адамның таным ,наным,ұғым, салт-дәстүр, сенім, әдеп-ғұрып, мінез-құлықтың жиынтығы. Халқымызда өз ұрпағына жақсы тәрбие беретін жақсы салт-дәстүрі болған. Тәрбие беруде адамды тәрбиелік кезеңдерге бөліп қараған

Жалпы дәстүрдің 60-тан асқан түрлері бар. Халықтық педагогиканы мектепке енгізу оңай шаруа емес. Оның ғылыми негізін білуіміз керек. Біздің мақсатымыз -өз халқының этногендік ерекшеліктерін бойына жинақтаған,мәдениетін,тілін, әдет-ғұрпын, дінін толық меңгерген жеке тұлға эталон адамды қалыптастыру.

Халықтың ауызекі поэтикалық шығармаларының ішінде тәрбиенің тапсырмас құралы ретінде ойындар мен ойын өлеңдерін маңызы зор .Оларда адамдармен күнделікті тұрмыс әрекетінің сан қыры, еңбегі, ұлттық бастаулар намыс, қайсарлық ,ер жігерлік туралы түсінігі ,ептілікті, шыдамдылықты жылдамдықты, күш қайратты ,әсем қимыл –қозғалысты меңгерту тілегі, ұстамдылыққа ,тапқырлыққа қоршаған ортадан алған әсерін шығармашылықпен көрсетуге ,сонымен бірге жеңіске жетуне деген талпынысы айқын байқалады. Мәселен, ‘’Асау мәстек’’ ойыны ептілікті шыдамдылыққа машықтануды және ат үстінде өнер көрсетуге қажетті басқа да қасиеттерді қалыптастырсак,’’Қалай айтуды білемін’’ ойыны табиғат құбылыстарынанхабардар болуды талап етеді.Жан-жануарлардың мінез-құлқын , олардын сыртқы көрінісін , олардың шығаратындыбысын айнытпай салып беруі тиіс. Ойын аздап театрланған ойын-сауық түрінде өтеді, мұнда ән, жыр айта білу, көрген білгенін есте сақтай білуқабілетіне мән беріледі. Халық ойындары көркем эстетикалық ден тәрбиесінің ажырамайтын бөлігі болып саналады. “Қоғикөк ” ойынында билеп жүріп, хормен өлең айтуда үйлесімділік байқалады. Халық ойындары тосыннан туған қызықты кезеңдермен балаларға ұнайтын, санамақ, қаламақ, жаңылтпаш, жұмбақ, күлдіргі ойындармен жиі сүйемелденіп отырады. Санамақ пен қаламақ, әдетте, ойынның басында ойынға қатысушыларда тез ұйымдастыруға, олардың жүргізушіні әділ таңдай білуіне, ережені қолма- қол бұлжытпай тиянақты орындауына көмектеседі. Көңіл күйге тез әсер ету қабілеттерін эстетикалық талғамын дамытады. Санамақ балалардың екі топқа бөлінуінен қажеттілік туғанда пайдаланылады немесе санамақ арқылы жүргізушіні таңдайды. Ал қаламақ арқылы кейбір ойындарда жасырын ат бойынша ойнаушылар жетекшіден алма- кезек кімді қалайтынын сұраған кезде пайдаланылады. Мысалы: “Ойнаушылар: Аспандағы жұлдыз керек пе? Судағы құндыз керек пе?” деп сұрайды. Жүргізушінің бірі “судағы құндыз” деп жауап берсе, құндыз бала сұраған жаққа шығады.

Қойылатын аттар ойыншылардың тілегіне байланысты болады. “Алтын асық керек пе? Күміс қасық керек пе?”, “Түйенің ботасы керек пе?”, “Жердің жотасы керек пе?”- мұндай ойында тез ойлануға, тапқырлыққа баулиды. Санамақ “Соқыр теке” ойнында да қолданылады. Жүргізуші:

  • Бұзау, бота құлыншақ,

Тоқты, серке, тай, торпақ,

Тана, тайлақ, құнан, дөнен, бесті бар.

Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар.

Сүзегенсіз, тентек теке, жеке қал

Көзін байла, теке- теке, “бақ- бақ”

Соқыр теке міне қайдан іздеп таптақ,- деп, ойынға қатысушылардың әрқайсысына мал аттарын қоя отырып, соңғы баланы тентек теке атандырады…

Жүргізуші тентек текені ортаға шақырып, көзін таңа бастағанда “тентек теке” былай деп өлеңдетеді:

Қараңғыда көзім жоқ,

Тиіп кетсе сөзім жоқ.

Маған жақын келіңдер,

Бір қыз ұстап беріңдер.

Көзі байланған соқыр текені айлана қоршағанда мазақтап:

Соқыр, соқыр, соқырақ,

Оң көзіне топырақ.

Топырағын алайын

Тотияйын салайын,

Ал ұстап көр, батырым.

Міне, келе жатырмын- деп, өлеңді айтып болған соң жан- жаққа қашады. Соқыр теке ұстауға ұмтылады.