Эстетикалық ,еңбек, экономикалық тәрбиелері бойынша ұжымдық тәрбиелік істерді ұйымдастыру әдістемесі

А.М.Горкийдің эстетика дегеніміз- болашақтың этикасы деген тұжырым жасаған . Біздің кезімізд эстетика қоғамдық ,ең алдымен ,адамгершілік қарым-қатынастарға молырақ еніп келеді..

Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып таныстыру мен ғана шектелмейді .

Өнердегі, өмірдегі және табиғаттағы әсемдікті көре білу ,сезіну және ұғыну сәбилік шақта пайда болады. Мектепте мұның бәрі онан әрі дамиды, оның болмысқа деген эстетикалық көз-қарастары қаланады.

Эстетикалық білімнің негізі –оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әртүрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға ,мәнерлеп оқуға, және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге ,көркемдік танымын қалыптастыруға ,қиялын дамытуға әсер етеді.

Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке қарап әңгеме құрауды ,әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып ,олардың рухани күші дамидыы.

Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып ,музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік -әсемдік мәні бар ,себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтық тәрбиені күшейту үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген .

Музыка пәнінің ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін дамытуды көздейді . Бастауыш мектеп мұғелімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы болуы керек немесе музыка сабақтарына тікелей қатынасып ,ол пәнді жүргізушімен тығыз байланыста отырып ,басқа сабақтарда ,сыныптан тыс жұмыстар да музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі керек.

Бейнелеу өнер сабақтарының да балалардың эстетикалық көз қарасын тәрбилеуде ықпалы мол. Кескіндеме , мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына ,күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.

Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну , алған әсерін бейнелеу өнері құралдары мен шамасына сай беру ,сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларды кескін , мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті , олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.

Төменгі және ортанғы сынып оқушыларының көптеген еңбек істерін октябряттар жұлдызшалары, пионер звенолары мен отряттарының каолективтері жүзеге асырады.

Оқушылардың еңбектегі іс-әрекетін ұйымдастырудың мынадай жалпылық формаларын таратуға болады. Олар: құстар күні, бау-бақша апталығы, орман айлығы, сенбіліктер т. Б.

Мектеп оқушыларын жалпы еңбек мәдениетіне тәрбиелеудің зор маңызы бар – жұмысты жоспарлай білу және соған дағдылану, материалды үнемді пайдалану, жұмыс орнын тәртіпті ұстау, жеке бас игиенасы мен еңбек қорғау ережелерін сақтау, жұмысты мұқият орындау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану қасиеттерін қалыптастырудың зор мәні бар.

Әр жас топтарындағы оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегінің мазмұны.

  1. Өзінне-өзі қызмет көрсету
  2. Мектеп үшін істейтін жұмыстар.
  3. Өнімді еңбекке қатысты.
  4. Табиғатты қорғау.
  5. Көркейту жөніндегі жұмыс.
  6. Қалдық шикі заттарды жинау.

Эканомикалық тәрбие-мектепте берілетін адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөлігі. Эканомикалық тәрбие-қоғам мүшелерінің білімін, қабілетін және дағдысын, қажеттілігі мен мүддесін, ойлау стилін қалыптастыру мақсатында жүйелі, мақсатты бағытта ықпал ету, деп түсінілді.

Сонымен қатар, эканомикалық тәрбие «қоғамның адамға оның ойлау жүйесін және әрекетін қалыптастыру үшін жүйелі, мақсатты бағытта ықпал ету» (2) эканомикалық даму заңдылықтарын тану негізінде адамды белсенді қоғамдық-пайдалы әрекетке дайындау үрдісі . (3) деп те анықталды.

Бастауыш сынып оқушыларына ертегілер арқылы эканомикалық тәрбие беруге болады. Мысалы: Буратина өзінің ақшасын талдың түбіне көміп қояды. Сол жерден ағаш пен бірге ақша өседі деп күтіп жүрді. Ақша қайда өседі. Ақшаны қайда салу керек еді? –банке салу керек еді. Яғни оқушы банк деген сөзбен таныс болды. Осы секілді үнемділі –үнемсіздік ке байланысты мақал мәтелдерді жинау. Мысалы: Тамшыдан тама берсе, дариа болар. Үзіп жеген үнемділікке жатпайды.