Бастауыш мектеп оқушыларының ұжымын ұйымдастыру әдістемесі

Студенттерге бастауыш сынып оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады,жолдарын үйрету.Өзін-өзі басқаруды қалай іске асыруға болады. Қандай педагогикалық амалдар бар соны түсіндіру.

Оқушылар ұжымы-тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы.Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет.Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады.

Сонымен ұжым-бұл көзделген мақсаттылық,іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.

В.А.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады.Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі,В.А.Сухомлинский қарым-қатынасжайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр.

В.А.Сухомлинскийбалалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты.Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде “Мудрая власть коллектива”,”Коллективтің құдіретті күші”-еңбегінде баяндалды.

Адамгершілік нормалары мен ережелерін игеру дегеніміз- тұтастай алғанда адамгершілік ойлау қабілетін қалыптастырудың басты шарттарының бірі болып табылады. Оқушылар ұжымы – ортақ мақсат және қоғамдық іс- әрекет арқылы біріккен тұрақты бірлестік. Жақсы ұйымдасқан оқушылар ұжымының белгісі- дұрыс қоғамдық пікір, жоғарғы жауапкершілік , өзара сенім. Жақсы ұйымдастық ұжым ғана саяси, адамгершілік, мәдени жағынан өседі, ұйымдастырушылық дағдыға ие болады. Ұжымда шығармашылық, белсенділік, достық, жолдастық байланыс нығаяды. Сондықтан тату, мақсатшыл оқушылар ұжымы тәрбиені ұйымдастырудың негіді болып табылады. Бала ұжымда жеке тұлға ретінде қалыптасады. От басы балабақша, мектеб, класс, спрот секциясы, көркемөнер студиясы т.б. ұжымдар.Бұлардың да барлығында да балалардың әлеметтенуі, қоғамға бейімделуі жүреді. Ұжымда өмір сүре білу, қоршаған ортамен санаса білу – адамның әлеуметтік дамуының жоғарғы сатысы. Тәжірибелі ұстаздар ұжымда тәрбиелеумен жеке оқушыны тәрбиелеуді табиғи түрде үйлестіреді. Себебі сыныпта да ерекше Назар аударатын, жекелеп тәрбиелейтін оқушылар болады. Бұл тәрбиеші жұмысындағы әртүрлі желі емес, тұтас процестің екі жағы.

Тәрбие тәжірибесі тек ұжымда ғана, мектеб оқушыларының бойында жауапкершілік, ұжымшылдық, достық, жолдастық, өзара көмек сияқты бағалы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға болатындығын дәлелдеп отыр. Педагогтың басты міндеті – ұжымда әр оқушының қабілетін танып, өз орнын табуныа жадай жасау, әрбір баланы дара тұлға болуға, өзін өзі басқара білуге тәрбиелеу. Өз мәселесін шеше алатын адам ғана жоғары мемлекеттік мәселелерді шеше алатындығына оқушыны сендіру.

Ұжымда адамға сыйластық сезімін қалыптастыру-педагогтың бастр міндеттерінің бірі. Алайда, ешқандай педагог кластағы жолдасын күшпен сыйлата алмайды, әр түрлі шараларды ұйымдастыру арқылы бір ұжымға біріктіреді. Оқушылар ұжымы педагогикалық басшылықы қажет етеді. Бірақ әкімшілік би леп төстеуге жол беругеде болмайды.Оқушылардың дербес шығармашылығын, белсенділігіншебер бағыттап отыру керек. Оқушылардың ынтасын басып, артық мазасыз, қамқоршы болу да кегізсіз.

Ұжымның даму үш кезеңнен өтеді.

  1. Ұжымдағы байланыс нашар, белсенділар әлі анықталмаған кез. Бұл кезде талап барлығына бірдей қойылады.
  2. Ұжымда белсенділер айқындалған, талап солар арқылы қойылады, ұжым қалыптаса бастаған кез.
  3. Ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптасқан, педагог талабан тек белсенділер емес, кез-келген ұжым мүшелері қабылдайды.

Тату да мақсатшыл ұжым өз мүшелерінің өмірін бай да, сұлу да етеді, тек сонда ғана адамның жағынды қасметтері толық ашылады және одан әрі дамиды.

Ұжымның мәні мен оның негізгі белгілерін аша келіп, А.С.Макаренко: “Ұжымның -әлеуметтік жандық тұлға болатын себебі менадай : оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі ұйымдардың ара қатынасы өзара тәуелсіздігі бар егер оңдайлардың ешқайсысы болмаса онда ол ұжым болмайды, жайғана топ немесе жиынтық болады”,-деді.

Балалар ұжымын құру мен топтастыру- иұғалімдердің және ең алдымен класс жетекшілердің міндеті. Егер мұндай ұжым құрылса, кез-келген тәрбие міндеттерін шешу әлдеқайда жеңіл болады.

Класс ұжымын топтастырудың негізгі жолдары.

  1. Ұжымдық іс-шаралары ұйымдастыру.

Оқушылар ұжымы әр түрлі шараларды ұйымдастыру жағдайына құрылады, өседі,нығаяды. Ол шаралар ұжым өмірін мазмұнды әрі қызықты етеді. Кез-келген жерде бірлескен іс болмас, онда ұжымды топтастыру мен дамыту үшін адамгершілік тәрбиесін жинақтаудың қажетті жағдайлары болмайды.

Оқу жылы алдындағы класты жабдықтауға, гүлдендіруге, мектепауласын көгалдандыруға қатынасу т.б. осының бәрә өзіңнің ұжыммен байланысыңды сезінуіңе және оның алдындағы жауапкершілік сезімін мойындауыңа көмектеседі. Ұжымдық істер неғұрлым қызық болған сайын оқушылар ортақ іске өз күштерін соғұрлым қуана аранйды, оқушылар ұжымы соғұрлым мықтырақ болады., берік топтасады.

Ұжымның топтасуына оқу жағдайы тиімді түрде ұйымдастыру көмектеседі. Оқу міндеттерін шешуге бірлесе іздестіру, жолдастық өзара көмекті ұйымдастыру, оқудағы ортақ табыс үшін күрес балалар ұжымын топтастыруға негіз болады.

Ұжымның топтасуына түрлі қоғамдық тапсырмаларды орындау көмектеседі. Тапсырмалар класқа, мектепқажеттеріне қызмет көрсетумен байланысты. Ұжымның топтасуына саяхат, жорық ұйымдастырудың да маңызы зор. Мысалы, Жайық өзеніне саяхат ұйымдастыратын болса, балалар Жайық өзені жағасындағы өсімдік, жануарлар дүниесімен ғана танысып қоймайды, олардың бір-бірімен жақын жолдастық сезамі қалыптасқанды , өздерін ер кін сезінеді.

Бос уақыттарында театрларға бірге бару, мектеп мекемелері мен кештеріндегі пікірталас, дебат, олимпиадалар мен сайыстар ұжымдық қасиеттердің қалыптасуының маңызды құралы.

Өзара жауапкершілік қатынас жүйесінде қабылданған мақсатқа сәйкес жалпы істі орындау үшін ұжым мүшелерінен жауапкершілік және өзара тәуелділік талап етіледі.

Өзара жауапкершілік мынадай жағдайларды еске алған жөн:

-ұжым мүшелері тең құқықты болады:

-басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан оқшыларға қысым жасалмайды.

-басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан оқушыларға қысым жасалмайды;

  • жауапкершілік және өзара тәуелділік жүйесінде жалпы істі орындаудың барысында әр түрлі бейімдеушілікке жол бермейді.

Ұжым өмінінде гуманистік қатынас ерекше орын алады.

Гуманистік қатынастың негігі белгілері.

-сергектік стиль-ширақтық,белсенділік,қайырымдылық,ұжым мүшелерінің достық бірлігі,бір-біріне ілтипатты болуы;

-балалар арсында бақталасьық,өз қамын көздеушілік,тұйықтық,бөлектенушілік,лидерлік болмауы тиіс;

-басқа ұжымдарға жолдастық көмек беру,үн қосуға дайын тұру;

Оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысын ұйымдастыру ережелері.

-Мұғалім оқушылар үшін маңызды іс-әрекеттер істей білуі тиіс.

-балалар үшін маңызды істер істей алмаса,өзінің қолынан келетін іске қызықтыруы тиіс;

-Мұғалім сөзі бала алдында беделді болғанда ғана маңызды болады;

-балалар ата-аналарының мамандығын және дәрігер,ұстаз мамандығын біледі,сондықтан бұл адамдардың сөзі маңызды;

-Мұғалім балалардың алдында жағдаят қойып,одан шығужолын,балалардың өздеріне тапқызу керек:

-егер мұғалім бәрін мен ұйымдастырдым,мен істедім дейтін болса,жақсы еиес,ал балалардың біздер ойлап таптық,бізднр жасадық,біздер ұйымдастырдық деуі өте маңызды;

-Мұғалім әрбір баланың сапалық қасиетін біліп,оны әр түрлі іс-әрекетке қатынастыруы керек;

-әрбір баланың қызығушылығын,көзқарасын,қарым-қатынасын ескеру керек;

-баланың жетегінде жүру немесе өз айтқаныңды ғана істету де дұрыс емес;

-шығармашылық жағдай қалыптастырып,оқушылардың шығармашылық ақыл-ой қабілеттерін тдамыту қажет;

-егер оқушылардың өзін-өзі басқаруы жай ғана көз бояушылық болса,онда балаллардың іске қызығушылығы төмендейді.

-Көптеген шаралар,үйірмесекция мектептерде күштеушілік сипат,алады,жоғарыдан қойылған талаптарға бағынады,сондықтан балаларға қызықсыз болады.