Тәрбие барысындағы мақсатты анықтау

Жалпы азаматтық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты әрбір тұлғаны жан – жақты, дамыған етіп тәрбиелеу.

Адам іс әрекеті сезімі мен ойлау ерекшеліктері, оның өқмір сүріп отырған қоңамдық тарихи жағдайларға тәуелді болады. Қоғам дамуының белгілі бір сатысында педагогикалық, филос офиялық ой пікірлер пайда болып қалыптпса бастайды. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Тәрбие беру қоғамдық білімін іс әрекет мазмұны анықталады. Қазақстан Республикасының өз алдына дербес , тәуелсіз болуына байланысты ұрпақ тәрбиесінің алдында тұрған мақсат міндеттер Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8- бабында жазылған.Олар:

  1. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлтық және жалпы азаматтық құндықлықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби, шыңдауға бағытталған, білім алу ұшін қажетті жағдайлар жасау.
  2. Білім беру жүйесінің басты міндеттері – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адмгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектісін байыту.
  3. Азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікпен, мемлекеттік рәміздерді құрметтуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және қоғамға кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.
  4. Республиканың қоамдық саяси экономикалық және мәдени өмірімен қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтарымен міндеттеріне сапалы көзқарасын қалыптастыру.
  5. Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқымен республикасының басқада халықтарының тарихын әдет – ғұрыпы мен дәстүрлерін зерделеу.

Тұлғаны жан жақты жетілдіріп дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінде тікелей байланысы дененің және ақыл ой дамуныың бір тұтастығы деп түсіну керек.

Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері – теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстырып жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру.

Тәрбиелеуде ең басты мақсат – қоғамға қажетті мақсат адамгершілік қасиеттер жоғары, еңбек сүйгіш, ғылыми дүниетанымын қалыптасқан, эстетикалық талғамы сезімі мен дене күші сыйғыш, белсенді, өмірлік поэзиясы орындалған жас өспірімді дамытып қалыптастыру.

Қазіргі тәрбиенің негізгі басты міндеттері қандай ?

Бала қоғамда тәрбиелену ,бірақ ол өздігінен рухани өмірін байытып, дене күшін арттырып, жан-жақты білім ала алмайды, сондықтан баланы тәрбиелейтін тәрбиеші міндетті түрде керек.

Оның міндеті баланың дамуына жағдай жасау. Бала өсіп келе жатқан гүл сияқты , оның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасап оны күту керек.

Сонда ғана бала жан –жақты болып өседі. Бұл туралы 30-шы жылдары Л.С.Кыгодский “Тек қана ғылыми көз қарастарды түсіндірумен біреудің екінші тәрбиеленуі” мүмкін емес деп жазды.

Бұдан мынандай бірнеше ереже пайда болады.

1.Тәрбиеші баланың негізгі табиғи даму заңдылықтарын білуі керек.

2.Олтәрбиеленуі үшін сыйлы, мейірімді адам болуы қажет .

3.Тәрбие технологиясын меңгерген баланың өзіндік тәрбиелеуіне педагогикалық жағдай жасай алатын болуы тиіс.

Педагогтың тәрбиелік іс-әрекетінің түпкі мақсаты баланың өзі н-өзі тәрбиеленуін туғызу.Бұрынғы кеңестік мектептер тәрбиесінде, балаға оның қандай болу керектігін айтып, оған қатаң талаптар қойып отырады.

К.Н.Крупская мен А.К.Суничепскийдің белсене қатысуымен жасалған Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі принциптерінде былай делінген. ’’Балалар мектептің бүкіл өміріне қатысулары тиіс. Бұл үшін олар өзін-өзі басқару правасын пайдалану және тұрақты белсенді көмек көрсетуі қажет. Мемлекет азаматы болуға әзірлене отырып, олар одан бұрынырақ өздерін өз мектебінің азаматы сезінуі қажет шығар.

Н.К. Крупская “ Ұйымдастыру тұрғысынан балаларға өз беттерінше әрекет етуге жол берілуі тиіс- мұнсыз балалардың бойына жұмысқа деген қажетті жауапкершілікті тәрбиелеуге болмайды’’ деп көрсетті.