Тәрбие процесінің мәні

“Жас бала- жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді”-дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.

“Тәрбие ,кең мағынасымен алғанда , қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді ,адамзат туралы айтылғанда , адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізілнді” (М. Жұмабаев.)

“Тәрбие- бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар”.

Н.К. Крупская “Тәрбие” атты мақаласында (1929 ж..) :”Тар мағынада алып қарағанда ,”Тәрбие”деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқына әдетте ересек адамдардың алдын-ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы”,ал кең мағынасында “…қоғамдық мекемелер , айналамен қоршаған бүкіл жағдай , бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді”-деп түсіндіреді.

Осы жағдайға байланысты К.Д.Ушинский “…мектеп, тәрбиеші және ұстаздар-адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері.. табиғат, отбасы, қоғам халық…. және оның тілі болады”,-деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлейдейді.

Тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін –оны өмір сүре білуге ,өзін қоршаған орта мен қарым- қатынас жасай білуге үйрету.

Олай болса тәрбие процессі деп –қоғамның талап тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын , сана сезімін, ерік жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптсатырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.

Ертедегі Римде ұжымдық оқу б.з.д. III ғасырда жүргізіле бастаған. Ондағы антикалық педагогиканығ теориясы мен практикасының негізін жасаған Квинтилиан Римде бірінші рет мемлекеттік тұрғыдан іргесін қалап, жылма-жыл мемлекеттен сый –ақы алып тұрған. Соған сәйкес Римдік қауымдастықта оқытудың мазмұны және оны ұйымдастырудың мәселелері ғана талқыланып қоймай, сонымен бірге көбінесе тәрбие әдістеріне де үлкен маңыз беріліп, тәрбиені мемлекеттік басқару әрекетінде маңызды сала ретінде қарастырған.

Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар.

Тәрбие қоғамдық құбылыс. Қоғамның материалдық жағдайының өсуі ,идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері , мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайдағы сәйкес жақсарып отырады.Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді.Ал қоғам дегеніміз- адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.

Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгәленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.

Тәрбие-біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді.

Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс.Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді.

Екіншіден тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбәр жеке тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері ,дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды.

Тәрбие– көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты .

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!