МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық, қоғамдық, педагогикалық және арнайы ғылымдарды үйрету студенттердің практикалық педагогикалық кызметімен үйлестіріле жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы — педагогикалық практика. Мұғалімдерді кәсіптік даярлауда педагогикалық практиканық ролін бір жақты қарастыруға болмайды. Теория мен практиканың байланысы педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытудық басты принципі ретінде болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудың күрделі диалектикасы ретінде қамтып көрсетеді. Педагогикалық практиканың маңызды міндеттері — оқу-тәрбие процестерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Студенттердің педагогикалық практика алдында ерекше толқынудың басты себептерінің бірі— олардың өз күшіне, қабілетіне сенімсіздігі. Мұның өзі кейбір практиканттардың оқушылармен дербес тәрбие жұмысына тез, белсенді, әрі ынталана кірісуіне бөгет жасайды. Мұндайда студенттер алғашқы практикалық қадамынан қанағаттана алмай, өзін педагогикалык, қызметке мүлде қабілетсізбін деп ойлап, кәсібінен тайсақтай бастайды. Мұндай құбылыс жиі байқалады. Тіпті ұзақ жыл ойдағыдай жұмыс істеген тәжірибелі мұғалімнің өзі де жаңа класпен кездесер алдында әрдайым толғаңады. Кейде талантты мұғалімнің өзі нағыз дұрыс шешім таба алмайтын кездері болады. Ал, кейбір мұғалімдердің бір-екі жыл жұмыс істегенімен оқушылармен ортақ тіл таба алмайтыны, олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білмейтіндігі де жиі ұшырасады. Мұндай жағдайдың жиі болатын себебі, олар сүренсіз бір амалды ғана қолданады: тым қаталдығымен оқушыларға жек көрінішті болады, олардан оқшауланып қалады немесе керісінше, оқушылардың айтқанын мақұлдаймын деп олардың жетегінде кетеді.

Педагогикалық практика процесінде болашақ мұғалімнің педагогикалық іскерлігі мен өзіне тән кәсіптік сапаларын қальштастыру міндеттері:

  • қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді орнықтыру, тереңдету, әрі байыту, оларды нақтылы оқу-тәрбие міндеттерінде шешуге қолдану;
  • мұғалім мамандығына деген ықыласы мен сүйіспеншілігін, өзінің кәсіптік-педагогикалық тәрбиесі мен біліміне қажеттілігін, педагогикалық қызметке шығармашылық тұрғыда қарауды ұдайы тәрбиелеу;
  • мектептегі, педагогикалық озат тәжірибемен танысу, балалар мен жеткіншектерге тәрбие беру міндеттерін шешуде оқу-тәрбие мекемелеріне қолдан келгенше көмек көрсету.

Оқыту процесінде педагогикалық практиканың мазмұны екі бағытта дамиды. Оның біріншісі нақты оқу-тәрбие процесінің логикасына бағынып, онда ол нақты педагогикалық қызметті орындауға қатысады. Екіншісі — жоғары оқу орнының курсында оқыған оку пәнінің логикасына негізделіп, сонын. әсерінен практикалық пе-дагогикалық қызмет мазмұны өзгереді .Олар оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптерін тереңірек игеріп, мүмкіндігіне қарай пән мұғалімінің жұмысын бақылауға қатысады. Сабаққа әзірленудің бүкіл барысымен — жоспар мен конспект жасаудан бастап көрнекі кұралдар әзірлеуге дейінгі жұмыстарын оқып танысады. Пәндер бойынша сабақтан тыс жұмыстарды —жекелей жәнетоптық консултациядан бастап пәндік кештер, апталықтар, айлар, экскурсиялар т. б. өткізе білуді меңгереді.Үшінші және төртінші курстарда педагогикалық практика оқу сабағынан қол үзіп өткізіледі де, мұны өндірістік деп атайды, ол 5- дан 7- аптаға дейін созылады. Мұнда пән мұғалімінің кәсіптік қызметті меңгеруіне баса көңіл бөлінеді. Студенттер мұғалім ретінде өз бетінше жұмыс істеп, олардың барлық қызметін — тәрбиешілік және оқытушылық қызметтерін атқарады. Әрине, бұл кезеңдегі практикалық даярлыктың табысты болуы көп жағдайда әрбір студенттің алғашқы оқу жылында меңгерген педагогикалық іскерлік жүйесінің деңгейіне, алдымен тәрбие берудегі іскерлігіне байланысты.

Педагогикалық практиканы ұйымдастыру талаптарынық бірі — жоғары оқу орнында оқытудың барлық жылдарында онық үздіксіз өткізілетіндігінде. Осы талапты негізге ала отырып, мыналарды атап көрсету қажет. Мәселе мынада: оқыту мен тәлім-тәрбие берудің нәтижесі бірден байқала қоймайды.Кейде мұғалім сабақта материалды тартымды, ұғынықты, әрі шебер түсіндіреді, ал оқушылар оны жақсы тұсініп, бір-екі күндей көкейінде сақтайды, бір-ақ бірер айдан кейін ұмытып, жаңа материалды окығанда бұрынғы өткен ережені есіне түсіре алмайды. Демек, мұғалім алғашқы түсіндірген сәтте ереженІ өткен материалмен жеткілікті байланыстырмаған және «алдағы уақытта жұмыс істеуге қажетті» кейбір сәттерін атап көрсетпеген.Осыдан кейін тәрбие міндеті шешілді’, нәтиже ойдағыдай деуге бола ма? Оны келесі күні-ақ аңғаруға бол-ды. Мектепке біреуі қаламсапсыз, екіншісі — ұшы сынған қарындашпен, үшіншісі — түймесі үзілғен, ботинкасы тазартылмаған қалпында келді, төртіншісі — столға қобыратып қағаз шашып кетті, ал бесіншісі… Мұқият-тылық жайында жеткіліктіақ айтылған сияқты еді, алайда іс жүзінде олай болмай шықты. Демек, тәрбие ықпал етпегені ме? Әрине, бұлайша үзілді-кесілді айтуға болмайды. Өнегел Ілікке тәрбиелеудінң мәні сонда, өнегелілік нормасын түсіндіру —бұл әлі бастамасы ғана. Әуелі оқушы оны терең түсінуі, белгілі бір тәртіпті бұлжытпай орындау керектігін жете ұғынуы, кейіннен мұның өзі оның үйреншікті дағдысына және қажеттілігіне айналуы тиіс. Ол үшін жалпылай, жан-жақты кеңесуден кейін әрбір оқушымен жеке әнгімелесіп оларға бақылау қояды, өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпал етеді, яғни тәлім-тәрбие процесіне үздіксіз және тікелей қатысады. Тиімді иәтижеге жетпей тұрып, педагогикалық қызметті меңгердім деп айта алмайсың.Педагогикалық практикаға кірісерде оқу-тәрбие жұмысының алуан сырларын ой-елегінен өткізіп шығу қажет. КәсіптІк білімнің ұлғайып тереңдеген сайын мектептегі оқу-тәрбие процесі, оның тұтастық сипаты барынша айқындала түседі. Педагогикалық практиканың комплекстілігі оны жоспарлау, ұйымдастыру, мазмұн-дау бақылау және бағалау жүйесі арқылы байқалады.Педагогикалық практика оқу сипатыңда болады, оның барысында оқытушынық басшылығымен болашақ мұғалімде педагогикалық іскерлік жүйесі бірте-бірте қалыптасады. Алайда іскерлік жүйесін терең меңгеру әрбір студентте дербес өткенімен, бүкіл практикалық педагогикалық қызмет ұжымдық түрде болады — мұғалім мамандығының басты ерекшелігі де осында. Студент осы ерекшелікті қаншалықты түсінсе, педагогикалық практика барысында ұжымдық педагогикалық қызметті қаншалық жете үйренсе, кәсіптік-педагогикалық даярлық соғұрлым табысты болады.Студент-практиканттар ұжымы мен мұғалімдер ұжымы бір-біріне қарсы қойылмайды, алайда объективті себептерге байланысты қосылмайды, өйткені студенттер мектепте уақытша істейді. Алайда мектептің, оқушылар мен мұғалімдердің қамқорлығы осы мектептегі студент-практиканттардың қамқорлығымен бірдей дәрежеде болуы тиіс. Барлығы күні бұрын ойластыруы, ауыспалы және тура мағанасында айтқанда алғашқы күннен бастап мектептегі өз орнын белгілеуі; өз мүйісін безендіруі мектеп өмірінің ішкі тәртіп ережесін толық білуі, ұжымдық дәстүрге араласуы тиіс.Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың маңызды талаптарының бірі — оны бірінші курстан бесінші курсқа дейін жоспарлаудын перспективалығында. Прак-тикалық педагогикалық даярлықты жоспарлаудың ролі ерекше зор. Егер барлық пәндер бойынша теориялық курстардың оқу материалы меңгеру жоспарына сәйкес күні бұрын белгіленіп қойылатын болса, практикалық педагогикалық қызмет студент алдына кез нелген уа-қытта толық көлемде кездеседі. Педагогикалық практика программасында студенттер қызметінің басты бағыттары белгіленген. Мұнда оқу-тәрбие жұмысының нақтылы мазмұны мен көлемін студенттердің өздері белгілейді. Олардың дербестілігі мен белсенділік деңгейі осыдан көрінеді.

«Мамандыққа кіріспе» курсының көпшілік бөлігі педагогикалық даярлыққа арналған. Бұл курсқа теориялық және практикалық сабақтар енгізіліп, онда басқа-ларымен қоса оқушылармен тәлім-тәрбие жұмысы, педагогикалық қарым-қатынас амалдары туралы мәліметтер беріледі, сопдай-ақ мектеппен — алдағы педагогикалық практика объектісімен танысады.Студенттердің педагогикалық практикасы оқу-тәрбие процесінде маңызды роль атқарады. Барлық оқу жылының барысында оның өзі болашақ мұғалімді теориялық және практикалық даярлаудың арасындағы байланыстырушы буын болып саналады. Ол оқуды өмірмен байланыстыруға жәрдемдеседі, дамыған қоғамда мектепке қойылатын өскелең талапқа жауап беретін мұғалімді даярлауды қамтамасыз етеді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!