педагогикалық тәжірибе және мұғалім творчествосы

Жас ерекшелігіне қарай жүргізілген зерттеулердіц көрсеткеніндей, адамның жиырма жастар шамасындағы таза механикалық есі тез әлсірейді, кейде мұның өзі одан да ертерек байқалады екен.

Алайда, логикалық есті, әсіресе кәсіби іске байланыстысын, үнемі жетілдіруге болады. Ес жұмысының техникасы, есте қалдыру амалдары — арнайы, әрі үлкен мәселе. Біріншіден, мынаны білген жөн: бұрын жадыңда қалғанның барлығы естің кейінгі жүмысының негізі болады — адам неғұрлым көп білсе, онын алдағы уақытта есте сақтауы да оңай болады. Адамның есте сақтау көлемін іс жүзінде шексіз деуге болады. Сондықтанда, мәселені, «артық материалдарды өз жадында тықпалама» делінетін жиі айтылатын ұсыныстың мәні сол, есте сақтау үшін арнайы жұмыс, уақыт қажет. Екіншіден, адамнық есте сақтауы каншалықты жақсы болғанымен, бәрібір ұмытатындығы, сондықтан қайталауға тура келетінін ескеру қажет. Ұмытудын, да бұрыныан белгілі заңдылығы бар, оның өзі материалды қабыддаудыц алғашқы уақытында (әсіресе алғашкы сағатында, сонан соң күнінде) күштірек болып, кейіннен үмыту қарқыны бәсеңдейді. Демек, ұзақ уақыт ұмытпау үшін материалды қайталау қажет. Адамның басқа қасиеттері секілді есі де біржола маңдайына жазылмайды, ол дамып, өрістей алады. Ол үшін материалды ұдайы жаттау, қайталау, ұмытылған-дарын еске түсірумен ұдайы шұғылданып отыру кажет. Әрбір студент өзіне аудиториямен тығыз байланыс жасаудың және өз бетінше жұмыс істеудің дүрыс формасын ойластыра білуі тиіс. Мұдайда екі түрлі жағдайдың ерекше маңызы бар. Біріншісі, осының алдында ғана айтылған — ұмыту заңдылығын ескеру, материалды қайталауға уақыт бөлу. Екіншісі—аудиторнялық және өз бетінше жұмыс істеудің уақытша ара қатынасы.Студент өміріндегі ең қауырт кезең — зачеттық-емтихандық сессиялар. Мұндайда ең алдымен режимді қатайту қажет. Бүл кезде күнделікті ұйқыны 1 —1,5 сағатқа ұзартқан, егер мүмкіндік болса күндіз кез шырымын алған жөн. Әдетте, систематикалық курсты қайталаудың қолайлы негізі конспект болып саналады, сондықтан қайталауды да содан бастау кажет. Әдетте билеттерде бір-екі сұрақ теориялық материалдардан, ал соңғысы — есептер, мысалдар шешуге т. б. арналады, бірақта пән ерекшелігіне қарай өзгерістер болатыны, әрине сөзсіз. Ерекше есте болатын жайт, теорияны оқып-үйренудің өзі тек есептерді шешуге ғана әзірлейді. Білім (теория) мен дағды (есептерді шешу) арасында тікелей байланыс жоқ, олардың қайсысына болсын мақсатты тұрде әзірлену қажет. Сырттай бақылаудың ешқайсысы өзін-өзі жақсылап тексеруді алмастыра алмайды, солай болғанның өзінде көпшілік студенттерге жолдастарымен бірге даярлану көмектеседі. Оқу еңбегінің мәдениетін меңгеру барлық студенттерге, олардың оқитын саласына қарамастан маңызы бірдей. Мұның әсіресе болашақ мұғалімдерге ерекше қажет екендігі сөзсіз.

Мақалалар мен монографияларды жай ғана оқып коймай, оның текстеріне түсіруді үңілу кажет. Орта ғасыр ойшылы Аб-дуль-Фарадж мынадай кеңес береді: Қітаптарда түжырымалған ойлар біздің негізгі байлығымыз, ал өзімізде пайда болған ойлар — сол кітаптардың жемісі болуы тиіс. Байкау мен әкспериментті іздеген нәрсе айқын болғанда және іздестіру нәтижесінде не күтуге болатынын білгенде ғана үйымдастырады. Зерттеудің бұл тәсілі мұқият жоспарланады және ерекше танымды, әрі ғылыми жетекшімен толық консультация алуды қажет етеді. Қоғамдық пікірді зерттеу үшін анкеталау, әцгіме өткізу, интервью алу және тапсырма беріп тексеру әдістері колданылады. Сүрақтар мен тапсырмалар (тесттер) құру — білім мен тәжірибені қажет ететін өте күрделі іс. Анкеталарды және баска да сүрактарды, оларды өткізу шараларыд міндетті түрде ғылыми жетекшімен ақылдасады. Қазіргі кезде аса көп әстетикалық материалдарды ӘВМ көмегімен өңдеуге болады. Болашақ мүғалім гар келемді мамандык ретінде ғана емес, коғамшыл-педагог, азамат ретінде де қалыптасады. Студенттердің ерекше бағалы сапасын дамытыльш қүнарлы ортасы — олардың бастауыш коллективі болып саналатын студенттік топ. Нағыз коллектив бірден күрылмайды. Студенттер институтты бітіргенше студенттік топ нағыз коллектив болмайтын жағдайы да кездеседі. Мүндай жағдайда болашақ мұғалімдердің кәсіпік-иедагогикалык даярлыгы мен азаматтық бағыты едәуір ойсырайды. Кез келген бастауыш коллсктив секілді студеиттердіц бастауыш коллективі де бір максатқа, бірыдғай коллективтік пікірге жүмылдырылуы, үйымшыл жєне тату болуы, коғамға пайдалы жүмысқа белсене қатысуы тиіс. Мүндай коллективте студенттср оқуьш ғаиа емес, бос уақытын да ойдағыдай өткізеді. Үйымшыл студент коллективі окушылар коллективінщ моделі іспеттес, ертең олар институтты бітіргенде де мектеп коллективінің үйтқысы бола алады. Коллектив — жеке студенттіқ – болашак мұғалімніц қалыптасуының объективті факторы, ал оның озі кед үйымдык, дербестікке, µз бетінше әрекет етуді өрістетуғе неғізделуі тиіс. Студент топтардың қызғылыкты, мазмұнды және тату өмірі топтағы оркімиің жеке көпшіліктің, жетекші меи қарапайым мүшесінің күш-жіғерімен іцфылады. Мүғалімнің оқушылармен, ата-аналармен, еңбек коллективтерімен карым-катынас жасай білу тәжірибесі, сондай-ақ ұйымдастырушылык іскерлігі мен дағдысы өмірлік қажеттілігі. Мүғалім әркашанда лектор, үгітші, әрі насихатшы болуы, мектепті баскара білуі. кәсіподак үйымдарының активисі болуы тиіс. Ол біреудің кол астында жүмыс істей білуі де, кезі келсе баскара да білуі керек.

Педагогикалық жоғары оқу орындарындағыоқытуісінде теориялық даярлық, қоғамдық, педагогикалык және арнайы ғылымдарды үйрету студенттердің практикалық педагогикалық қызметімен үйлестіріле жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы педагогикалык практика. Мұғалімдерді кәсіптік даярлауда педагогикалық практиканың ролін бір жақты қарастыруға болмайды. Теория мен практиканың байланысы педагогикалық жоғары оқу орында-рында оқытудық бастыпринципі ретінде болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудың күрделі диалектикасы ретінде қамтып көрсетеді. Педагогикглық практиканыңмаңыздыміндеттері—оқу-тәрбие процестерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Студенттердің педагогикалықпрактикаалдындаерекшетолқынудыңбасты себептерінің бірі— олардың өз күшіне, қабілетіне сенімсіздігі. Мұның өзі кейбір практиканттардың оқушылармен дербес тәрбие жұмысына тез,белсенді,әріынталана кірісуіне бөгет жасайды.Мұндайда студенттер алғашқы практикалық қадамынан қанағаттана алмай, өзін педагогикалык, қызметке мүлде қабілетсізбін деп ойлап, кәсібінен тайсақтай бастайды. Мұндай құбылыс жиі байқалады. Тіпті ұзақ жыл ойдағыдай жұмыс істеген тәжірибелі мұғалімнің өзі де жаңа класпен кездесер алдында әрдайым толғаңады. Кейде талантты мұғалімнің өзі нағыз дұрыс шешім таба алмайтын кездері болады. Ал, кейбір мұғалімдердің бір-екі жыл жұмыс істегенімен оқушылармен ортақ тілтабаалмайтыны,олармендұрысқарым-қатынасжасай білмейтіндігі де жиі ұшырасады. Мұндай жағдайдың жиі болатын себебі, олар сүреңсіз бір амалды ғана қолданады: тым қаталдығымен оқушыларға жеккөрініштіболады,оларданоқшауланыпқалады немесекерісінше,оқушылардыңайтқанынмақүлдаймындеп олардың жетегінде кетеді.

Педагогикалық практика процесінде болашақ мұғалімнің педагогикалық іскерлігі мен өзіне тән кәсіптік сапаларын қальштастыру міндеттері:

S қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді орнықтыру, тереңдету, әрі байыту, оларды нақтылы оқу-тәрбие міндеттерінде шешуге қолдану;

S мұғалім мамандығына деген ықыласы мен сүйіспеншілігін, өзінің кәсіптік-педагогикалық тәрбиесі мен біліміне қажеттілігін, педагогикалық қызметке шығармашылық тұрғыда қарауды ұдайы тәрбиелеу;

S мектептегі, педагогикалық озат тәжірибемен танысу, балалар мен жеткіншектерге тәрбие беру міндеттерін шешуде оқу-тәрбие мекемелеріне қолдан келгенше көмек көрсету.

Оқыту процесінде педагогикалық практиканың мазмұны екі бағытта дамиды. Оның біріншісі нақты оқу-тәрбие процесінің логикасынабағынып,ондаолнақтыпедагогикалыққызметті орындауға қатысады.Екіншісі — жоғары оқу орнының курсында оқыған оку пәнінің логикасына негізделіп, сонын. әсерінен практикалық педагогикалық қызмет мазмұны өзгереді .Олар оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптерін тереңірек игеріп, мүмкіндігіне қарай пән мұғалімінің жұмысын бақылауға қатысады. Сабаққа әзірленудің бүкіл барысымен — жоспар мен конспект жасаудан бастап хөрнекі кұралдар әзірлеуге дейінгі жұмыстарын оқып танысады. Пәндер бойынша сабақтан тыс жұмыстарды —жекелей және топтық консултациядан бастап пәндік кештер, апталықтар, айлар, әкскурсиялар т. б. өткізе білуді меңгереді. Үшінші және төртінші курстарда педагогикалық практика оқу сабағынан қол үзіп өткізіледі де, мұны өндірістік деп атайды, ол 5- дан 7- аптаға дейін созылады. Мұнда пән мұғалімінің кәсіптік қызметті меңгеруіне баса көңіл бөлінеді. Студенттер мұғалім ретінде өз бетінше жұмыс істеп, олардың барлық қызметін — тәрбиешілік және оқытушылық қызметтерін атқарады. Әрине, бұл кезендегі практикалық даярлыктың табысты болуы көп жағдайда әрбір студенттің алғашқы оқу жылында меңгерген педагогикалық іскерлік жүйесінің деңгейіне, алдымен тәрбие берудегі іскерлігіне байланысты.

Педагогикалык міндет койылғаннан кейін педагогикалық ықпал әдістерін жобалау кезеңі басталады, яғни мұғалім балалармен алдагы практикалык жұмысты жоспарлайды. Мұндайда онын, басты көмекшісі — педагогиканы, психологияны, оқыту және тәрбиелеу методикасын білу. Шығармашылыкпем жұмыс істейтін мұғалім жаңа, әдеттен тыс шешім кабылдауға, іс-әрекеттің барлық жағдайын барынша толық пайдалануға, балалардың мүмкіндігі мен кажетін ескеруге тырысады. Ғылым мұғалімге тым көп те, тым аз да береді деуге болады. Тым кµп дейтініміз — нақты педагогикалық жағдайда шешім қабылдау үшін ондағы берілгеннің барлығын пайдаланудын, кажеті болмайды. Тым аз дейтініміз — мұғалімнің нақтылы педагогикалык міндеттерді шешуіне қажеттінің барлығын бере алмайды және беруі де мүмкін емес.Сан алуан педагогикалық міидеттерді үш үлкен топқа бөлуге болады: стратегиялык, тактикалықжәне оперативтік.

Стратегиялыц міндетптер — бұл ең ірі, ең үлкен міндеттер, оны шешу тәрбиеленушілердің жеке басында, олардың өмірге, еңбекке, бір-біріне деген карым-катынасында елеулі өзгерістер тудыруы тиіс. Мұндай міндетті шешу — демек педагогикалық мұраттын белгілі бір шебіне жуықтау деген сөз. Ол үшін педагог тәрбиелік ыкпалдың тұтас жүйесін жобалайды. Стратегиялық міндеттерді шешу көп жағдайда ұзақуакытты қажететеді.

Стратегиялык міыдет тактикссіык міндет жүйесі аркылы нақтыланады, ал оны дәйекті шешу алға койылған стратегиялық мақсатты камтамасыз етуі тиіс. Мәселен, саналы тәртіпке тәрбиеленумен жүмыс істей отырып, класс жетекшісі мынадай тактикалық міндеттер қоюы мүмкін: оқушылардың оку тапсырмасы мен қоғамдык тапсырманы тиянақгы орындауына баулу; тәртіп бұзушылыкка жол берілмейтіндей етіп оку жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; окушылар коллективінде тәртіп бұзушылықтың барлық жағдайына белсенді қоғамдық пікір туғызуды қалыптастыру; осы жұмыстарға окушылардың ездері басшылық ету ролін арттыру т. б. Бүл міндеттерді шешу ушін педагог класпен және жекелеген оқушылармен міндет және жауапкершілік туралы әңгіме, диспут еткізуді, ата-аналар жиналысын шақыруды, осы бағытт^ онық класында сабак беретін бүкіл мұғалімдер жұмысьш үйлестіруді, қамкорлыкка алған кәсіпорынның еңбек ұжымымен ынтымактасу мүмкіндігін қарасты-руды т. б. жоспарлай алады. Іс-әрекеттІ жоспарлаудан оны тікелей орындауга көшу — бұл тактикалық міндеттен оперативтік міндетке ауысу,яғнижедел түрде, балалардың көз алдында өзін тану, өзіые-өзі бақылау жасау арқылы ғана режимнің керек, кажетті екендігін түсіне алады, әрі уақытты тектен-тек, стихиялы өткізуден аулақ болады.Оқу еңбегінің басты ерекшеліктерінің бірі — тұтыну еңбегі деп аталады, соньмен қоса еңбек кең ұғымда алғанда жасампаздык еңбек. Егер адам өзінің саналыөмірініңелеулібелігіндәлосытұтынуеңбегіне— оқушылардыңбілімалуыпын.кезкелгенсатысындағыбасты еңбегіне— жұмсамаса, онда қоғам прогресін камтамасыз ету мүмкін емес. Оқу енбегі қаншалықты саналы және гиімді ұйымдастырылса, болашақ қызметкердің кез келген саладағы еңбек өнімділігі де едәуір мөлшерде соған байланысты болады.Оку еңбегінің екінші ерекшелігі —оныңжоғарыдәрежедегіәралуандығы.Әдетте,кезкелген маманданған еңбек тіпті нағыз творчестволық еңбектің өзі? ондағы пәндік мазмұнға бағындырылған, ал ондағы әр түрлі курстарды оқып-үйренетін студент сан алуан жалпы оқылатын және нақты окылатып іскерлікпендағдыныигеруінетуракеледі.Осығанорайоку іскерлігін — жалпы және арнайы мамандықтың кең ауқымдағы әте күрделі жәнеде сонымен қоса аса қажетті, әрі нактыміндеттерді мүмкіндігінше жоғары деңгейде меңгеруді қажет етеді. Күнделікте өзіңіздідбалалармен,олардыната-аналарыменжүргізгенжұмысыңызды, мектеп педагогтарымен кездескеніңізді жаза отырып, сіз оны мамандықты өзідціе талдаудын, құралы ретінде пайдалана аласыз. Болашақ маманның қалыптасуында мамандықты өзінше талдаудың зор ролі бар. Өзіңше педагогикалык талдау, әрине, табыс пен сәтсіздік фактілерін тіркеу ғана емес, оның міндеті — ондағы накты, шынайы себептердіашу.Міне,осынышешудепедагогикалықбақылау күнделігі жәрдемдеседі және де онда тек осы фактілер гана емес, оның себептері, оны жан-жақты талдаудың нәтижелері туралы да ойларыңызтұжырымдалуытиіс.Орыстыңұлы педагогы К.Д.Ушинский былай деп жазды:«Педагогикалық тәжірибелілік дегенімізне?Бұлтәрбнешініңбасынанкешкентәрбиелеу факторының көптігі немесе аздығы. Алайда, егер осы фактілер тек факт күйінде ғана қалса, онда бұл, әрине, тәжірибелілік емес. Оның өзі тәрбиешінің ойында әсер етуі, онда өзінід сипаты жағынан жіктелуі, жинақталуы, ой туғызуы жәнеде фактінің өзі емес осы ой педагогтыңтәрбиелік іс-әрекетінің ережесіне айналуы тиіс».

Педагогикалықтәжірибеліліктібұлайшаұғыну,кейбір мұғалімдерпрактикалыкжуммстамолтәжірибесібола тұра,

озінің педагогикалық қызметінде ойдағыдай нәтижеге жетпеу себебін түсінуге мүмкіндік береді. Әрбір мұғалімнін, мектепте шешуге тура келетін міндеттері қоғамнын нақты дамуыныц, өз азаматтарының білімділігі мен тәрбиелік талабының, мектеп қызметінің деңгейін айқындайды. Мұғалімнің шығармашылық ізденісі мектепке деген қоғам қажетін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс.Қажымас еңбегі, үнемі ізденісі, балаларды шынайы жақсы көруі және мектепке деген адалдығы — мұғалім-шеберлердің көрнекті жетістігінің қайнар көзі. Олардың барлығына тән қасиет — оқушыларына деген шьнайы демократизмі, өз пәнін терең білетіндігі, өте жоғары шығармашылық белсенділігі және қоғам алдындағы, халык алдындағы өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілік сезімі. Алайда нағыз тәжірибелі, әрі іскер педагогтың өзі жеткен жетістігіне мастануға хақысы жоқ. Мектептегі әрбір жаңа күн, жаңа проблемалар әкеледі, шығарма-шылық ізденісте жаңа бағыттар береді. Жекелеген мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелері мұғалімдердің ұжымдык тәжірибесіне, олардың, ұжымдық ақыл-ойына кұйылады жәнеде жоғары оқу орындарында кәсіптік даярлық процесінде оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен методикасы түрінде болашақ мұғалімдерге беріледі. Алайда жанды педагогикалык өмір кез келген толық жәнеде жетілдірілген теорияға қарағанда әрқашанда анағұрлым кең әрі бай, сондықтанда мұғалім жұмысында педагогикалық тәжірибемен тікелей танысудың зор маңызы бар. Газеттер мен журналдарда жарияланған мақалалар, радио мен теледидардан берілген хабарлар, деректі және ғылыми-көпшілік филымдер, озат мұғалімдер, педа-гогикалық еңбектер туралы кітаптар — педагогикалық ғылым мен практиканың озық жетістіктері туралы таптырмайтын білім көзі. Шығармашылықпен жұмыс істейтін, балалар өмірін терең білетін және түсінетін педагог өз тәрбиеленушілерінің жадында қызмет етудің, азаматтық өнегеліліктің, нағыз адамның, үлгісі ретінде мәңгі сақталады. Мұғалім — бұл әдеттен тыс қалай естілсе де — болашақтан бүгінгі күнге келген елші жәнеде өз іс-әрекетінің болашаққа қызмет ететінін түсінгенде ғана, ол өзінің кәсіптік міндетін ойдағыдай шешетін болады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!