Білім, тұлға және қоғам (ұстазды қалыптастырудағы проблемалар)

Ғылыми зерттеулер Қазақстанда білім беру әлеуетінің мол екендігін көрсетеді. Әлемнің 90-нан астам елі 15 және одан үлкен жастағы азаматтардың 90 пайыздық сауаттылығына қол жеткізген жоқ.Ал Қазақстанда азаматтардың 99,5 пайызы сауатты. Біз бұл көрсеткіш бойынша 177 елдің ішінен Қазақстан 14-орынды иеленіп отыр.

1990 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекет деңгейінің негізгі көрсеткіші ретінде «Адами даму индексін» пайдаланады. «Адами даму индексінде» білім алуға қол жеткізу үлкен жетістік болып саналады. Соңғы жылдары Қазақстанның адами даму индексінің жоғарылауының тұрақты тенденциясы байқалады. 12 жылда Қазақстан 20-орынға алға жылжыды. Қазір еліміз 73-орында.

ТМД елдерінің ішнде біз Ресей мен Беларусь елдерінен кейін үшінші орында тұрмыз.

Қазақстанда 5 жастан 24 жас аралығындағы халықтың 85 пайызы білім беру бағдарламаларымен қамтылған. Оларда 5 миллионға жуық адам білім алуда. Білім және ғылым саласында 500 мыңға жуық педагогтар мен ғалымдар жұмыс істейді. Республикадағы халықтың 30 пайызы білім және ғылым жүйесінде. Мемлекетімізде білім саласында қомақты істер атқарылуда:

  • «Білім туралы» Заң қабылданды; Қазақстан Республикасындағы ғылымды дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, «Қазақстан балалары» бағдарламасы бекітілді. «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» әзірленді; Жоғары оқу орындарын халықаралық акредиттеу бастамасы көтерілді;

Білім берудің құрылымы мен мазмұны ЮНЕСКО Білім берудің Халықаралық стандарттық жіктеуішіне сәйкестендірілді. 12 жылдық мектептік білім беру енгізілді. Техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы өзгертілді, кадрлар даярлаудың бакалавр-магистр-РһD-докторы моделі құрылды. Мемлекетіміздің білім беру жүйесін дүниежүзілік білім беру кеңістігіне біріктіру үшін жағдай жасалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен ғылыми дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітіліп, бағдарламаны іске асыруға қосымша қаржы бөлінді. 2015 жылға дейін ғылымды қаржыландыруды ІЖӨ-ден 2,5 пайызға дейін жеткізу жоспарланып, халықаралық сараптау кеңесі құрылды. Ғылыми зерттеулер бағдарламаларын бірыңғай әкімшілердіру енгізілді.

Үкімет 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекітті. Республиканың барлық өңірлерінде балалар құқықтарын қорғау жөніндегі органдар құрылғаны өте құптарлық іс, неге десеңіз, бұл көптен шешуін таппай келе жатқан үлкен мәселе.

Осы орайда ҚР Білім және Ғылым министрлігінің белсенді қызметкерлерін атап өткен жөн.

Сонымен қатар балалар үйіндегі балалар санын қысқарту, қадағалаусыз және қараусыз қалған балалар санын төмендету, балалар үйі түлектерінің

тұрғын үй мәселесін, жасөспірімдер үйлері желісін кеңейту арқылы шешу үшін жағдай жасалатын болды.

Қазіргі таңда мектептері компьютерлендіру аяқталды. 21 оқушыға бір компьютерден келеді, ауылдық жерлерде 20 оқушыға бір компьютерден. Мектептердің 96 пайызы Интернетке қосылған және 96 пайызы телефондандырылған, ауылдық жерлерде ол 97 пайызды құрайды. Үкімет Қазақстандық білім беру порталын тәжірибеге енгізуге дайындап жатыр. Оқу теледидарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қазақстан» телеарнасында оқу теледидары жұмыс істеуде, бұл оңай шаруа емес. Дегенемен бұл салада атқарылатын еңбектің ұшан-теңіз екенін мойындауымыз керек.

Айта кететін және бір жайт, Қазақстан оқушыларының халықаралық олимпиадаларында қатысуы қазір жүйелі түрде алға жылжуы, біздің жеңімпаздардың саны жыл сайын өсіп келеді.

Еліміз алғаш рет әлемнің 67 елімен бірге математика және жаратылыстану пәндері бойынша 4-ші және 8 сынып оқушыларынынң білімін бағалау жөніндегі халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысты. Бұл орта білім саласындағы білім дәрежесін халықаралық деңгейде қандай екенін көрсететін алғашқы байқаулардың бірі.

Студенттердің академиялық ұтқырлығы өсуде. Қазіргі таңда Қазақстанда 7 мыңға жуық шетелдік азаматтар білім алуда, ал шет елде білім алатын Қазақстан азаматтырынң саны 20 мыңға жуық, оның ішінде 3 мың Елбасымыздың «Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 27 еліндегі алдыңғы қатардағы университеттерде білім алуда.

Білім беруді сипаттайтын бәсекеге қабілеттітіктің ғаламдық индексін құрайтын 11 көрсеткіштің төртеуі бойынша: мектептерде Интернетке қол жетімділік; студенттер саны; оқушылардың саны; білім беруге кететін шығын Қазақстан 50-ші орынға көтерілді.

Үлкен мәселе мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта республикамызда мектепке дейінгі ұйымдармен орта есеппен 23,8 пайыз бала қамтылып отыр. Бұл, әрине, қанағаттандырарлықсыз. Ал осының өзін қамтамасыз етілуі ауыл мен қалада әр түрлі: қалада 44 пайыз болса, ауылда 20 пайыздың көлемінде, ал облыстардың арасында да үлкен айырмашылық. Мысалы, Алматы облысында балалар бақшасымен қамтамасыз ету 8,7 пайыз, Жамбыл облысында – 23,2 пайыз, Қызылорда облысында – 23,2 пайыз, Оңтүстік Қазақстан облысында – 15,1 пайыз.

Ал мектепке дейінгі тәрбие қоғамның болашағы үшін үлкен рөл атқаратын құбылыс. Мысалы, сол кезде шығындалатын 1 доллардан түсетін пайда болашақта 7 долларға дейін пайда әкеледі. Бұл мектептік білім беру салымынан түсетін екі есе және кәсіптік білім беру салымынан түсетін пайдасынан төрт есе көп. Соңғы кезде елімізде «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы ашылды;

  • 160 ясли-бақтары қалпына келтірілді;
  • Мектепке дейінгі ұйымдармен балаларды қамту 5,2 пайызға артты;

мектептерде жұмыс істейтін шағын орталықтардың саны күннен күнге өсуде. Келешекте қазіргі заманға сай балабақшалар салынатын болады, мектепке дейінгі ұйымдар қалпына келтіріліп, мектепке дейінгі шағын орталықтар жүйелі түрде құрылатын болады.

Мектептік білім берудің инфрақұрылымы мен мазмұнын одан әрі жетілдіру жалғасуда. Мектепте физика, химия, биология оқу кабинеттерімен, спорт залдарымен қамтамасыз ету жүйелі жолға қойылады. Лингафон және мультимедиялық кабинеттер саны артады. Қазіргі таңда мектептердің 65 пайызы екі ауысымда, 108 мектеп үш ауысымда, 217 мектеп апатты жағдайда жұмыс істейді. Мектептердің 20 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді. 86,6 пайызы 1990 жылға дейін салынған. Мектептік жиһаздардың негізгі бөлігі 1990 жылдарға дейін алынған. 10 жылдың ішінде білім беру саласын қаржыландыру 7 есеге ұлғайды. Алайда осы қаржыландырудың 82 пайызы жалақыны құрайды. Өкінішке орай мектептерде күрделі жөндеу мен негізгі құралдарды сатып алуға барлық шығындардың тек 3 пайызы ғана жұмсалады.

Оқушы орындарының тапшылығы жаңа мектептердің жиі салынуына байланысты біртіндеп төмендейді.

Бюджеттік жіктеуіште «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен қамтамасыз ету» деген бағдарлама жоқ. Бұл оқушылардың салауатты тамақтануын қамтамасыз ету шарасын кейінге шегеруде.

Оқушылардың тамақтануына кететін шығынды есепке ала отырып, жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі және оқушыларды тасу арнайы бап есебінде жоқ.

Сондай-ақ мектептен 3 шақырымнан аса қашықтықта тұратын балалар үшін мектепке және қайта тасуды ұйымдастыру қанағаттанғысыз. Келешекте «Мектеп автобусы» бағдарламасын қабылдау күн тәртібіндегі мәселе.

Үкімет даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы оқулықтар шығару мен жабдықтар алуға арнап арнайы қаржы бөлді. Бұл қуанурлық жәйт.

Қазақстанда 1996 жылдан бастап 714 оқулық пен 1717 оқу-әдістемелік кешені құрылды. Алайда жаңа буын оқулықтарының мазмұны мен олардың сараптауына қойылатын талаптар әлі үйлестірілмеген.

Келешекте білім берудің мазмұны мен әдісін Президент Н.Ә.Назарбаев көтерген «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасына сәйкестендіру мәселесі шешілуі керек.

Еңбек нарығы қажеттілігінің төрттен үш бөлігі жұмысшы кәсібінен тұрады. Біздің заманымыздағы қазіргі қажеттілік экономика қосымша 100 мың техникалық және кәсіптік білім берудің дамуы үшін:

  • тапшы техникалық және ауыл шаруашылық кәсіптері бойынша білім алушылардың санын көбейту;
  • ауыл жастарының білім алуға қол жетімдігін қамтамасыз ету;
  • білім беру бағдарламаларын халықаралық талаптарға сәйкестендіру;
  • кәсіптік лицейлердің саны мен сапасын көтеру;
  • кәсіптік мектептерді жатақханамен қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік серіктестікті белсенді түрде дамыту;
  • мамандық стандарттарын халықаралық талапқа сәйкестендіру.

Сондай-ақ Ақтауда «Тенгизшевройл» және Астанада «Қазақмыс» осы кәсіптік-техникалық білім беру саласында лицей жұмысын бастайды.

Бәрімізге белгілі бәсекеге қабілетті жоғары білімді кадрларды даярлау басты міндет болып табылады.

Қазіргі таңда ғылымды қаржыландыру төменгі деңгейде. Жеке меншік салымдарды ескере отырып, ғылымға жұмсалатын шығын ішкі жалпы өнімнің 0,26 пайызын ғана құрайды. Бұл әлемнің дамыған елдеріне қарағанда анағұрлым төмен. Тәуелсіз сарапшылардың пікірі бойынша ішкі жалпы өнім егер 1 пайыздан аспаса, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін сақтай алмай қалу қаупі бар.

Осыған байланысты ҚР Үкіметі 2015 жылға дейін ғылымды қаржыландырудағы ішкі жалпы өнім 2,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы білім саласын жетілдіру үшін төмендегі міндеттерді орындауды қажет етеді:

— басқаруды жетілдіру;

  • білім беру сапасын басқарудың тікелей бақылауын құру;
  • білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қазметкерлерін тәуелсіз тестілеу және аттестаттау;
  • корпоративтік басқару тетіктерін енгізу;

— мектепке дейінгі білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

— мектептік білім берудің сапасын артыру;

— экономика саласын техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті және бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету;

— еңбек рыногының қажеттіліктеріне жауап беретін кәсіби және ғылыми кадрларды даярлау;

— бірыңғай ғылыми-білім беру ақпараттық жүйесін жетілдіру;

-балалар өмірінің сапсын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз ету;

— экономиканың базалық салаларын және әлеуметтік салаларды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету;

— жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерін ісек асыруды қамтамасыз ету;

— білім беруді басқарудың және қаржыландырудың тиімді жүйесін қалыптастыру.