ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Орталық Қазақстанның экономикасындағы өзгерістер

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанның Еуразия экономикасына кіруі,ресми биліктің белсенді саясаты және Қазақстанға нарықтық қатынастардың енуі нәтижесінде Орталық Қазақстанда көшпелі өмірдің сипаты өзгере бастады.Бұл жөнінде 1890 жылы Садуақас Шорманов мынадай пікір айтты: «Прежде киргизы кочевали с начала декабря,а ныне в силу разных условий,начинают кочевать меньше.Главными причинами к этому можно признать следующие: увеличение численности население,проведение между волостями границ,занятие некоторых мест под селение и ,наконец,стремление самих киргизов поскорее вернуться на зимовки для производства необходимых работ по запасу сена и уборка хлеба.» Бұдан көріп отырғанымыздай,ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда таза мал шаруашылығы кәсіпшілік пен егіншілікпен толықтырылды.Бірақ та ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында егіншілік Орталық Қазақстанда баяу дамыды.Мұның себебі—аймақта жаңа отырықшы мәдениетке терең тамыр жаюға мүмкіндік бермеген,Қазақстанның орталық бөлігіндегі табиғи-климаттық жағдай.Осы тұрғыда орыс зерттеушісі В.А.Остафьев былай деп жазды: «Нельзя водворять переселенцев отдельными поселками,потому что земли здесь песчаные,частью твердо-глинистые и каменисто-древесные,также неудобны для земледелие.»

Егіншілік мәдениеттің таралуына оған жарамды жерлердің көлемі өз әсерін тигізді.Мысалы, айдалатын жер жалпы жер көлемінің көпшілік уездерде 0,01%, 0,13%, 0,3% ғана құрады.

Осы жағдайда көшелілер арасында ауылшаруашылық мәдениетін қайта құруға қажеттілік туды. Қазақтардың арасында отырықшылық мәдениетінің әрі қарай дамуы үшін үкіметтің жүргізген жұмыстарының ішінде жер жырту,жергілікті халықтарды жаңа ауылшаруашылық құралдарымен таныстыру, дән сатып алу тағы басқалар болды.

Қазақ қоғамында егілетін дәстүрлі дақыл түрлері—тары,бидай,қара бидай,сұлы,арпа болатын.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында дәнді дақылдар ішінде тек өз қажеті үшін ғана емес,сонымен бірге сатуға арналған бидай және мал азығына арналған сұлы алдыңғы қатарға шығады.

Орталық Қазақстанда жаңа мәдениеттің таралуының тағы да бір ерекшелігі,ХІХ ғасырдың ІІ жартысында дәстүрлі егістік жерлердің қысқаруы жағдайында қазақтар жем-шөпке мұқтаж болып,дәстүрлі шаруашылықты қолдап отыру үшін,егіншілікпен айналысты.М.Олкотт бұл мәселе бойынша былай деп жазды: «Началом введение земледелие в казахские степи должен рассматриваться тот период,когда богатые казахи вынуждены были искать дополнительный корм для своих поголовий скота,только лишь с этого периода земледелие становиться постоянным.» Осыған байланысты қазақ шаруашылығында сұлының дәстүрлі түрлерінің бірі астық шөбі болып табылды.

Орталық Қазақстанда отырықшылықтың дамуының келесі бір маңызды факторы—уездің көшпелі және отырықшылық халық арасында егіншілік өнімдерін тұтынудың өсуі болып табылады.Осыған байланысты ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында ресми үкімет былай деп мәлімдеді:«…с каждым годом в Степном крае все уменьшается потребность в приобретении хлеба из соседных местностей,а параллельно с этим казахское население все больше обращается на хлебную пищу и местные запашки все больше расширяются.»

Сонымен,егіншілік өнімдерін тұтыну мұқтаждығы,егіншіліктің де даму дәрежесін көрсетеді.Қазақтар астықты жергілікті қоныс аударушылардан да алып отырды.Жергілікті халық пен қоныс аударушылар жерді,негізінен,өгіз жеккен соқамен жыртты.Әр адам үшін орта есеппен 2,1-ден 4,7 десятина көлемінде егіс екті.Бұл барлық ауыл үшін 450-810 десятинаны құрады.Өнімді машинаның көмегімен жинап алды.Бидайдың әрбір пұты үшін 70 тиыннан,сұлыны 60-70 тиыннан,арпаны 40-50 тиыннан,картопты 20-30 тиыннан сатты.

Бірақ та көшпелілердің жергілікті жерді, жер мен климаттың ерекшеліктерін өте жақсы білуі ХІХ ғасырда орыс және қазақтармен бәсекелестікке түсуге мүмкіндік берді.Егер қоныс аударушы шарулар қазақтарға егіншілікті үйретсе,қазақтар қоныс аударушыларды суармалы егіншілікке үйретті.Таң қалдыратыны—табиғатпен етене өскен көшпелі қазақтар,әсіресе,оның кедей бөлігі қоныс аударушы шаруалар мен солдаттардың егін өсіре алмаған жерлерінде жақсы өнім алып,оларға қалай егу керектігін үйретті.

Алайда,шаруашылықтың жаңа дәстүрі мен түрлерін көшпелі халық оңай қабылдамады.Бұл жағдай Қазақстанның орталық бөлігінде ХХ ғасырдың басына дейін қазақ елінің негізгі өмір салты көшпенді мал шаруашылығы болғанымен дәлелденді.

Сонымен,ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Орталық Қазақстан жағдайында егін шаруашылығының дамуы табиғи-жағрафиялық жағдайларға,яғни топырақ пен су ресурстарының,жауын-шашынның аз болуына,климаттың континентальдық және құрғақтығына тәуелді болды.Сондықтан да сол кездегі қазақ қоғамында мал шаруашылығы негізгі шаруашылық түрі болып қалып,ал егіншілік қосалқы шаруашылық есебінде саналды.

Әдебиеттер тізімі.

1.Артыкбаев Ж. История Казахстана в ХІХ веке.Караганда.1992 г.

2.Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века. Алматы.1992 г.

3.Кусаинов К. Тургай: на рубеже двух столетий. Алматы.1994 г.