Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және түзетудің жолдары

Олигофрения туа пайда болатын, туғаннан кейінгі ақыл кемістігі.

Кемтар балалардың үшінші тобы- ақыл-ойы кем балалар. Олардың орталық нерв жүйелері бұзылған, бұл- балалар организміндегі аса үлкен кемістік.

Ақыл-ойы кем балалар ой- өрісінің тарлығы, кемдігі дәрежесіне қарай айқындалған жеке топтарға бөлінеді.

Ақыл- ой кемдігінің ең жеңіл түрі дебильдік деп аталады. Дебильдік- олигофренияның жеңіл түрі. Мұндай жағдайда арнайы бағдарлама бойынша қосымша мектепте оқытуға және мамандықтың жеңіл түрін үйретуге болады. Дебильдер өмірдің күрделі емес жағдайында өз бетімен үйреніп, қиналмай- ақ үйленеді. Жоғары абстракциялар оларда жоқ, бірақ сөз қоры мен механикалық есі орташа болуы мүмкін. Дебильдіктің орташа деңгейінде эстетикалық, интелектуальдық өнегелік сияқты жоғары эмоциялар болуы мүмкін. Жылдар өткен сайын ақыл кемістігі аз білінеді. Дебильдіктің жеңіл түрінде еңбекпен айналадағы ортаға толық әлеуметтік бейімделу болады. Олар қосалқы мектепте(негізгі оқу мерзімі еңбекке үйретуге жұмсалатын арнайы оқу программасы бар 8 жылдық мектепте) оқиды. Дебильдер ондай мектепті бітіргеннен кейін: столяр(ағаш шебері), слесарь, киім тігуші, сылақшы, токорь, кітап түптеуші және т.б. маман.дықтар алады. Олар жұмысқа орналасқаннан кейін барлық адамдармен бірдей еңбек етіп, өз отбастарын барлық адамдармен бірдей еңбек етіп, асырап, шамасы келгенше қоғамымызға пайда келтіреді.

Екінші топтағылар- интелектілік дамуы едәуір кейін қалған, ақыл- ойы кем имбецил балалар. Абстрактілі ойлауға мүлде қабілеті жоқ, тілі мүкіс, сөз қоры ондаған сөздермен шектеледі. Аз мөлшерде санауды біледі және қарапайым арифметикалық әрекеттерді көректі мысалдар арқылы жасай алады. Олардың тіршілігі тамақты қабылдауы және және жыныстық сезіммен шектеледі, әуестіктің өзі бұзылған. Оларда өзін- өзі қарауды дағдыландыруға болады. Еңбек істеу қабілеті жоқ. өз бетімен өмір сүре алмайды, үнемі бақылауды қажет етеді, туған- туысқандарына жақын болады. Олар қуанады, ұялуы, қорқуы мүмкін. Қосымша мектептерде оқи алмайды. Олардың жүріс- тұрысы рабайсыз. Имбецильдердің реакциялары ерекше болып, кейде ашуланшақ және қауіпті болады. олардың сенгіштігі мен еліктеушілігі жоғары болғандықтан әлеуметке қарсы әрекет жасайды. Қазіргі кезде кезде қосалқы мектептерде имбецил балалар үшін сыныптар ашылуда.

Үшінші топтағылар- нақұрыс балалар.ойлау мен сөйлеу қабілеті дамымаған, тек түсінік дыбыстар шығарады. Айналадағыларға рекциясы төмен болады. Нақұрыстар психологиялық және денесінің өсуі жағынан алғандағы өзгерістер терең байқалады. Эндокриндік өзгерістер, бас сүйегі мен қаңқа құрылысындағы тұрпайылық, көріксіздік байқалады.Іс- қимылды үйлестіру, әсіресе қолдың ептейлі қимылында қатты бұзылады. Сөзді айтқанда олар жеке- жеке дыбыстарға бөліп айтады. Төңірегіндегілерге көз тоқтатып, ойлай алмайды, өзіне- өзі қызмет көрсетуге шамасы келмейді. Оларды ұдайы қадағалап, күтуге тура келеді. Ондай балларға әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері тарапынан қамқорлық жасалады.

Мұндай балалардың бұл кемістігі әр түрлі кезеңде орталық нерв жүйесі зақымданудан болады. Біреуінде зақымдану ол құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде ол туғаннан кейін, 3 жасқа жейін болады. Процестің өзі тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануы органикалық зақымдану деп, ал балалардың өзін ранайы педагогикада олигофрендер деп атайды.

Сонымен бұл категориядағы аномальді балалардың орталық нерв жүйесінің бұзылуы түрліше себептерден ерте кезден болғандықтан, олардың бәрінің бұдан былайғы дамуы кемістік негізінде пайда болады. Сөйтіп мидың зақымдануынан жоғары неры жүйесінің қызметі қатты бұзылады, демек осыдан барып бүкіл психологиялық процестердің дамуы бұзылады.

Алайда олигофрен балалар мен кемақыл балаларға тән болатын бүкіл психикалық процестер – ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және басқа қабілеттер дамуының бұзылуы. Ақыл- ой кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және писхикалық ерекшелік ойлану процестерінің жетілмеуі, атап айтқанда қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы болып табылады. Ойлаудың төменгі дәрежесі- олигофрендердің негізгі кемістігі

Көмекші мектеп яғни, ақыл-ойы кем балаларға арналған оқу орны.Мінез- құлыққа қатысты мағлұматтарға қосымша баға беру және талаптану дәрежесінен тыс жүргізілген зерттеулер мен байқаулар, қосалқы мектепті бітірген ақыл- ойы кем кейбір ересектердің ерекшеліктері жайында пікір айтуға мүмкіндік береді. Мұндай зертеудің нәтижесі, қосалқы мектеп өзінің тәрбиеленушілеріне еңбек дағдыларын ғана үйретіп қоймай, оларға әлеуметтік еңбек бағдарын беретінін, еңбекке саналы түрде қатынасуды үйрететінін көрсетті. Оны бітірушілердің көпшілігі томаға- тұйық қосалқы мектеп жағдайынан шығып, нағыз азаматтар қатарына қосылғаннан кейін, өз бетінше еңбек етеді.

Қосалқы мектептің бұрынғы шәкірттерінің мінез- құлқында қайсібір тұрғыдан алғанда өміршеңдік бағыты байқалады. өндіріс орнын аралағанымызда ондағы жастар бізді қонақ ретінде қарсы алып, өз бригадасындағы жұмыс туралы айтып береді. Олар тәжірибе жүргізушілерден қысылып- қымтырылмай сөйлеуден қашқақтаған жоқ.

Қосалқы мектептерді бітірген көптеген жас жігіттер мен қыздар өз жұмыстарына өте ризалықпен қарайды.

Көмекші мектептегі оқыту жүйесі.

Ақыл- ойы кеміс балалардың тілі өздерінің дені сау құрбыларына қарағанда өте кеш шығады. Мұндай балалардың психикалық жағынан дұрыс дамымауы салдарынан сөйлеу тілі дамымайды. Сол себептен олардың сөздік қоры аз, сөйлем құру, байланыстырып сөйлеу қабілеті төмен болып келеді. Көмекші мектепте қазақ тілін оқытуда осы айтылған ерекшеліктер ескеріледі.

Көмекші мектепте оқушылардың білімі мен икемділігіне қойылатын негізгі талаптар:

Оқушылар мыналарды білулері тиіс: Жазбаша және баспа жазылған текстерді тұтастай және сөз тіркестері бойынша көшіру. Мұғалімнің көмегімен 30- 35 сөзден текстер көшіру.

Арнаулы – көмекші мектепте оқушылардың ауызша сөйлеу тілін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Оқушыларды дұрыс сөйлеуге реттеуге мынандай жұмыстар тән: сөйлемді дұрыс құрастыру, берілген сұраққа дұрыс жауап беру; жаңа сөздер мен түсініктерді меңгеру арқылы қорын байыту, өз ойын жүйелі әңгімелеп беру.

  • қысқа текстерді буын жігерімен дұрыс оқу;
  • шағын ертегілер мен әңгімелерді, тақпақтар мен жұмбақтарды тыңдай білу:
  • тыңдаған шұығармалардың мұғалімнің қойған сұрақтары бойынша текске берілген суреттерді мазмұнына сәйкес әңгіме білу;

Қосалқы мектептің оқушылары бұл пәнді бір ғана бағдарлама бойыеша оқиды, онда балалардың әртүрлі топтары диференциялды негізінде оқытылады.

Көмекші мектепте оқытудың негізгі мәселелері мынадан тұрады:

Оқушылардың болашақтағы еңбекке араласуына қажет болатындай білімдерді жеткілкіті беру.

Оқушылардың алдына мақсат қоя білуге , төзімдікке, еңбекке деген қабілеттілікке, табандылыққа, еңбек сүйгіщтікке, өзбетінше әрекет жасауға, бақылау мен өзін- өзі тексеру дағдысына, көз мөлшерімен дәлдікті білуге, өз жұмысын жоспарлай білуге, бастаған ісін аяқтауға тәрбиелеу керек.

Шизофрения — көбінесе жас адамдар ауырады. Сол себептен бұл ауруды айқындап танудың тәжірибелік маңызы зор. Ол бала кезде де , ересек кезде де болуы мүмкін.

Кейбір аурулар психологиялық зерттеулер жүргізген кезде іс жүзінде дәрігермен қарым- қатынаста болмайды, тек өз ойымен отырады; біраз уақыт тапсырмасыз қалса, сыбырлап сөйлей бастайды, аузына түрірік жинайды.

Дамуында кемістігі бар балаларды зерттегенде психологтың басты назарына негізгі психикалық бұзылуларды, олардың құрылымы мен көрініс беру дәрежесіне топтастыру мәселесі тұрады.

Мидың зақымдануы қаншама ерте болса, дизонтогенез бейнесіндегі психикалық дамудың кешеуілдеуі де соншама жиі байқала бермей асинхрония құбылыстары, яғни жекелеген жүйелердің арасындағы қажетті өзара әрекеттің болмауы оқшаулануға, патологиялық акцелерацияға бірқатар психикалық функциялардың регресіне алып келеді, ал мұның бәрі мидың қалыпты дамуына қажетті жаңа психикалық процесстердің қалыптасуын тежейді.

Алуан түрлі генездегі психикалық және психо физиологиялық даму белгісі бар балалар жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында оқитын оқушылардың жалпы санының 5 % -ін құрайды. Сондықтан қазіргі заманғы практикалық психологияның ең маңызды міндеттерінің ибірі, даму кемістігін психологиялық түзетумен оқуда қиналатын балаларға дәрігерлік емес көмек беру болып табылады.

Ақыл- ой кемістігі жоқ, бірақ бастауыш сыныптардың бағдарламасын өз мерзімінде игере алмайтын балалар шамамен10 %-ті құрайды.

Тек қалыпты шеңбердегі дамуында болмашы ғана кемістігі бар балалардың осы тобын белгілеу үшін әртүрлі терминдер қабылданған мәселен-“интелектуалдық дамудың белгісі”, “дамудың баяу қарқыны”және т. б. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының аурулар мен өлім жетімдерді Халықаралық топтастыруда(1965ж) “шекті ақыл-ой кемістігі” термин қабылдаған.

Терминологиялық белгілердің мұндай алуан түрлілігі дамуы кешеуілдеп қалған балалардың психикалық бұзылыстарын клиникалық сәйкестендірудің күрделі екендігін көрсетеді. Біз отандық ғылыми әдебиетте кең тараған”психикалық дамудың бөгелуі” терминін пайдаланамыз.

Психикалық дамудың бөгелісі- бұл жалпылама білім қорының жетіспеушілінде, ойлаудың пісіп жетілмеуінде, ойынға қызығушылықтың басым болуында және интелектуалдық әрекетке лезде тойып қалуында көретін, баланың психикасының даму қарқынының бәсеңдеуі.

ПДБ-і қалыпты норма мен ақыл-ой кемістігінің арасындағы шекаралық жағдай болып табылады. Бұл ұғым психиканың жеткілікті дәрежеде дамымай қалуын білдірмейді, ол баланың мектепке оқуға баратын кезінде психикасының дамуң қарқынының бәсеңдеуін білдіреді.

Психикалық дамудың бөгелуі әртүрлі себептерге байланысты. Сонымен бірге осы категориядағы балаларда танымдық әрекет пен тұлғаның дамуында бірқатар жалпы ерекшеліктер болды. Дәрігер ғалымдардың алған мәліметтері, олардың бас миының қыриысы жеңіл органикалық зақым алғанын көрсетеді. Осы балалардыңпсихикалық зақым алғанын көрсетеді. Осы балалардың психикалық дамуының ерекшеліктеріне тоқталайық.

Психикалық дамуының бөгелісі бар балаларды мектепте оқуға деген дайындық қалыптаспаған. Бұл орталық нерв жүйесінің функционалдық жағдайының пісіп жетілмеуінде көрінеді( тежелу мен қозу процестерінің әлсіздігі, күрделі шартты байланыстардың құрылуының қиындығы, талдағыштар арасындағы байланыстардың қалыптасуының кешеуілдеуі) және де балалардың оқу және жазу дағдылардың әрең дегенде үйренуінің, әріптерді жиі түрде шатастыруының, мәтінде өз бетінше оқып шығуында қиындықтарға кезігуінің себебі болуы мүмкін.

Мектептегі оқуға дайындық жөнінде айтқанда, біз бірінші кезекте бағдарламалық материалдарды толыққанды игеріп алуға мүмкіндік беретін, барлық психикалық процестердің қалыптасқандығының белгілі бір деңгейін айтамыз. Психикалық дамуы бөгеліп қалған балалар ақыл- ойының жұмыс істеу қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді. Оның бұзылуына алып келген себептердің бірі- созылмалы аурулар болып табылады.

Психикалық даму бөгелісі бар барлық балаларға зейіннің төмендеуі тән. Психолог Г.И.Шаренкованың мәліметтері бойынша осы балаларда зейіннің төмендеуі әртүрлі сипатқа ие болуы мүмкін: зейіннің тапсырмасыорындаудың бастапқы кезінде барынша ширағуы және одан соң төмендеуі, зейін аударудың жұмыстың бірінші кезеңінен кейін пайда болуы.

Психологтардың зерттецулері психикалық даму бөгелісі бар балалардың көпшілігінде көру мен естудің нәзік нәзік формаларының толыққанды емес екендігін, кеңестік және уақыттың айнулардың бар екендігін, күрделі қозғаушы бағдарламаларды жоспарлау мен орындаудың жетіспеушілігі. Мұндай балаларға көру, есту, және өзге де әсерлерді қабылдап өңдеу үшін көп уақып қажет.

Мектептегі оқудың басына қарай психикалық даму белгісі бар балалар өздерінің қалыпты дамып келе жатқан құрбыларынан көрнекі- әсерлі ойлаудың қалыптасу деңгейі бойынша қалып отырады.

Оқуында қиындықтары бар балаларға көмек көрсету мәселесімен педагогтар көптеген жылдар бойы айналысып келеді. Теңестіру сыныптары өтеуші оқулар, түзетулер, педагогикалық қолдаулар, бейімдеулер,- Міне осы ұйымдастыру формалары оқушылрадың психикалық және пәндәк мүмкіндіктеріне бара- бар жағдайларды іздестіру болғандығын көрсетеді. Теңестіру сыныптары оқудың алғашқы жылдарында құрылды. Ал қалған түрлері- оқытудың екінші сатысында5 сыныптан бастап құрылып жатты.

Оқытудың түзетіп- дамытушы оқу жүйесі- ол оқуы мектепке бейімделуінде қиындықтарға кезіккен балаларға қазіргі заманда белсенді түрде көмек берудің міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін білімнің жіктеруінің формасы. Жіктелудің бұл формасы оқу- тәрбие пролцесін дәстүрлі түрде ұйымдастырғанда ғана мүмкін, бірақ ол түзетіп дамытушы оқудың арнайы сыныптарын құру кезінде тиімді болмақ.

Түзету сыныптарында оқытудың ерекшеліктерін атап өтейік. Әрбір сабақ бұрынғы сабақтың жалғасы болып табылады. Егер де тақырыптық ең басшы сұрақтарын таңдап алып, оларды әр сабақта қайталайтын болсақ, онда қорытынды сабақта балалардың бәрі тақырыпты игеріп алады. Негізгі материалды көп қайталау -жұмыстың негізгі тәсілі болып табылады. Репродуктивті әдіс те тиімді, себебі олар балаларға оқылып жатқан материалдағы ең негізгіні көруіне жүйелеуге, шаблон бойынша қайталауға мүмкіндік береді. Мынаны есте сақтаған жөн Түзету сыныбындағы балаларға материалға”ену” кезеңі қажет. Оларды асықтыруға болмайды.

Оқу- тәрбие істерінде, сыныпта және мектептен тыс жүргізілетін жұмыстарда оқушыларды әр тарапты жетілдіру және өмірге даярлау мақсаттарын көздейтін педагогикалық шараларды жүзеге асырып отырудың жүйесі. Оқушылардың іс- әрекеттерінің негізгі түрі оқу. Мұндай істерді бәрі мұғалімдердің тікелей басшылығымен жүзеге асырады. Мақсатты істер мектеп ұжымы мен отбасының, қоғамдық ұйымдардың өзара тығыз байланыстары арқылы атқарылды. Оқушылардың жеке басының білім алуы мен тәрбиесі сынып пен мектеп ұжымының, қоғамдық ұйымдардың ынтымақтасып атқаратын істерімен астасып жатады.

Оқушылардың жеке басының белсенділігін арттырудағы басы мақсат- оның үлгерімі мән тәрбиесін нығайту, сынып ұжымы мен жалпы мектептік істерді ойдағыдай жүзеге асырып отыруды көздейді. Мектептегі оқу- тәрбие істерінің бәрі шәкірттердің өздігінен әрекеттенуге ұмтылып, оның тәртібін, үлгілі мінез- құлқын, өз ұжымы мен өзгелер алдындағы жауыпкершілігін, мақтаныш сезімін қалыптастыфрумақсаттарына бағытталды.

Кемтар балаларды оқыту процесінде педагогика ғылымының негізгі принциптеріне сүйене отырып, оқыту мен тәрбьиенің арнайы әдіс- тәсілдері қолданылды. Мұндай әдіс- тәсілдер кеміс балалардың даралық ерекшеліктері мен олардың топтарына тән (соқыр, саңырау, ақыл- ойы кеміс балаларды) сипаттарды айрықша ескеріп отыруды талап етеді. Мысалы: соқырлар маңындағы ортаға бейімдеп отыруды қажет етсе, саңырау балаларды өзге адамдармен қарым- қатынасын өрістету үшін олардың сөйлеу әрекетін дамытуды талап етеді. Ал балалардың танымдық әрекеті мен сөйлеуін дұрыс жетілдіре түсуге баса мін беру керек. Кеміс балалардың белсенділігін арттыруда олардың талап- мұқтаждарымен санасып, бойында,ы жетімсіздіктерін толықтыру үшін қжетті шаралардың бәрін қолданып оыру арнай мектеп ұстаздарына қойылатын басты талап .Әрбір шәкірттің оқу- тәрбие істері арқылы қол жеткен табыстарын елеп, оларды одан әрі қарай қолдап отыру кемтар балалардың көңілін өсіріп, түрлі іс- әрекеттерді игеріп меңгеруге деген ықылас- ынтасын арттырады. Балалардың дамып жетілуін жүйелі игеруге бейімдеу- арнайы мектептерде жүргізілетін оқу- тәрбие істерінің өзекті мәселелері.