Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық ұстанымдары

  1. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өзінің қағидаларын жасауда педагогика ғылымының ғылыми мәліметтеріне сүйенеді. Бірақ педагогика ғылымы, практикасыз оқыту өнерін меңгеру нәтижесіне жете алмайды. Ол тек қана жалпы қағидаларды көрсетумен ғана шектеледі. Осыған керісінше жалғыз оқыту әдістемесі педагогикасыз мұғалімге оқу үдерісін дұрыс құра білуге мүмкіндік бере алмайды. Мұғалім бастауыш мектептегі педагогикалық қызметін сәтті жүргізу үшін, оған қазіргі дидактиканың негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны практикада шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.

Педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені танымдық, диалектикалық материализм тұрғысынан алғанда дидактикалық ұстанымдар жүйесін анықтайды. Сондықтан тәрбиелей отырып оқыту және идеялық бағыттылық принципі басты орын алады.

Диалектикалық дүниетаным мен адамгершілік тәрбиесін беру қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі. Бейнелеу өнері тәрбиелеп қана қоймай адамға қоршаған ортаны тануға көмектеседі. Білім беру, жолы оқушыны ғылыми мәліметтерге негізделген лайықты білімге апаруға тиіс. Бұл жерден екінші ұстаным – ғылымилық ұстанымы туындайды.

Мұнан соң көрнекілік ұстанымдар принципін айтуға болады. Балаларға меңгертілетіндердің бәрі көру арқылы қабылдауға негізделуі тиіс. Бұл бізден заттар мен құбылыстарға таным негізі ретінде қарауды талап етеді. Оқушылардың білімінің шыншылыдығына практика көз жеткізеді. Сондықтан да оқушылардың саналылығы мен белсенділігі ұстанымдары дидактикалық ұстанымдарының маңыздыларының бірі.

Балалар өз, білімдерін нақты және берік меңгергенде ғана оларды қолдануға мүмкіндік алады. Осыдан келіп білімді меңгерудің беріктілігі ұстанымы шығады.

Бейнелеу өнерін оқыту барысында қолданылатын ұстанымдардың бірі-жүйелілік ұстанымдар ұстанымы. Бейнелеу өнерін оқыту белгілі бір жүйеге құрылады. Заттардың суретін салудың өзі бірінші – заттың өлшемдерінің қатынастарын айқындау, формаларына талдау, кеңістіктегі орнына сипаттама беру; екінші зат құрлысын қағаз бетінде жобалау, зат құрлысын салу, формасын шығару, кеңістіктегі қалпын көрсету сияқты үлкен екі жүйеден тұрады

Оқыту барысында біз оқушыларды аз білімнен, көпке, жұмыстың қарапайым дағдыларынан күрделі, дағдыларын меңгертуге басшылық көрсетеміз. Бұл жерде біз жүйелік пен бірізділік ұстанымдарын басшылыққа аламыз, ал бұлар оқытудың лайықтылық ұстанымымен тығыз байланысты.

Сонымен мұғалім өзінің педагогикалық қызметінде тәрбиелей отырып оқытушылық, ғылымилық көрнекілік, саналылық және белсенділік, лайықтылық, меңгерген білімінің беріктігі ұстанымдарын басшылыққа алады. Енді, бейнелеу өнерін оқытуға байланысты осы ұстанымдарды қолдануға байланысты мәселелерді қарастырамыз.

Дидактика гректің “didaktikos” деген сөзінен шыққан. “Оқытамын” білдіремін деген мағынаны білдіреді. Дидактика – педагогиканың негізгі бөлімі. Бұл бөлімді оқыту теориясы деп атайды.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі болашақ мұғалімдерді, оқушыларға көркемдік білім беруге эстетикалық тәрбие беруге және олардың жеке тұлғалық қабілеттерін қалыптастыруға дайындау мақсатын көздейді.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері: бейнелеу өнерін оқыту үрдісі; бейнелеу өнерін оқыту заңдылықтарын ашу; көркемдік білімнің мазмұнын ашу; бейнелеу өнерін оқытудың формаларын айқындау; бейнелеу өнерін оқытудың тиімді әдістерін айқындау; бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру жолдарын айқындауды талап етеді.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты оқушыларға көркемдік білім беру, эстетикалық тәрбие беру және олардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту болып табылады. Бейнелеу өнерін оқытудың негізгі категорияларына, бейнелеу өнерін оқыту процесі (үдерісі); оқу үрдісі; оқыту үрдісі; оқыту принциптері; көркемдік білім беру мазмұны, оқытуды ұйымдастыру формалары кіреді. Бейнелеу өнерін оқыту үрдісі осы пән мұғалімнің оқушыларға көркемдік білім мен бейнелеу іскерліктерін, дағдыларын меңгертуге бағытталған іс-әрекеті болып табылады.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беріледі. Көркемдік білім берудің мазмұнын бейнелеу өнері негіздерін құрайтын білімдер мен бейнелеу дағдыларының жүйесінен құралады.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту ұстанымдар– оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға қажетті дидактикалық талаптардан құралады. Олар көрнекілік, ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, лайықтылық, саналылық түрлеріне бөлінеді.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдісі дегеніміз – мұғалімнің бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің жүйесі. Оқыту әдісі арқылы оқушыларды көркемдік біліммен, бейнелеудің іскерліктері мен дағдыларымен қаруландырады. Оқыту әдісі -мұғалім мен оқушы арасындағы танымдық – педагогикалық әрекет болып табылады. Бұл оқушы үшін танымдық – бейнелеу іс-әрекет болса, мұғалім үшін, оқушының көркемдік білімді меңгеруіне басшылық жасау мақсатын көздейтін қызмет. Оқыту әдісі арқылы мұғалім оқушының танымдық практикалық іс-әрекетіне жетекшілік жасайды.

Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз – мұғалім мен оқушының арнайы ұйымдастырған, тәртіп пен режимде жүргізілетін оқулық – танымдық іс-әрекет үдерісі.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту үдерісі – бейнелеу өнерінің негіздерін құрайтын білімдер жүйесін меңгерту мен бейнелеу икемділігі мен дағдыларын оқушыларға меңгертуге, жеке бастың жан-жақты дамуы мен ақыл-ой тәрбиесінің алдында тұрған міндеттерді шешуге арналған мұғалімнің іс-әрекеті деп түсінеміз. Бейнелеу өнерін оқыту үдерісі -мұғалім мен оқушының тану мен бейнелеуге бағытталған іс-әрекетінің қосындысы. Оқыту оқушының тану мен практикалық қимылдарды меңгеруге бағытталған іс-әрекеті үдерісі.

Бастауыш сыныптарда оқыту үдерісі оқыту теориясына негізделеді. Оқыту теориясы өз дамуында үш негізге сүйенеді. Олар: 1) оқыту теориясының шартты заңдарының философия ғылымы негізінде дамитындығы. 2) өткен заманнан қалған педагогикалық прогресшіл ұлы мұраның осы күнгі оқыту теориясын дамыту үшін бірден-бір білімнің сарқылмайтын қайнар көзі болып табылатындығы; 3) мектептердегі мұғалімдердің озық тәжірибелерінің оқыту теориясының дамуына ықпалы. Оқу үдерісі негізінде педагогтың өзіне тән даралық қолтаңбасы мен шығармашылығы қалыптасады.

Бастауыш сыныптардағы оқу үдерісі -ақиқат дүниені танып білу үдерісі. Ал танып білу ақиқат дүниенің адамның сана сезімінде бейнеленуі. Адамның сана-сезіміндегі ақиқат дүниенің бейнелену жолын мынадай формуламен көрсетуге болады: нақты пайымдаудан австрактілік ойлауға және онан практикаға көшу, ақиқатты тану обьективтік реалдық шындықты танудың диалектикалық жолы болады.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқу үдерісі бейнелеудің практикалық икемділіктері мен дағдыларын меңгеруге бағытталған оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті түрінде де қарастырылады. Оқу үдерісі ақыл-ой тәрбиесін беруге арналған оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті.

Бастауыш сыныптарда оқу үдерісіндегі оқушылардың таным әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар атап айтқанда:

1.Оқушылар ғылымдар зерттеген жүйені өздігінен оқу арқылы таныпбіледі. Олар ғылымның ашылған жетістіктерін игереді.

2.Оқушылардыңтаным қабілеттерін дамыту үшін бейнелеу өнері пәні бойынша маңызды білімдер негіздері іріктеліп алынады.

  1. Оқу процесінің ерекшелігіоқушылардыңоқудыәріқарай жалғастыруға және өз бетінше еңбек әрекетіне дайындалуына қажетті іскерлік пен дағдыны игеру болып табылады.
  2. Бейнелеу өнері сабағындағы таным үдерісі тек білім берушілік қана емес, сонымен қатар тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында оқушылардың көзқарастары мен сенімдері қалыптасады.
  3. Оқушылардың таным үдерісіолардыңжастарынасай ұйымдастырылады.
  4. Бейнелеу өнері сабақтарындатанымүдерісімұғалімнің бағыттаушылық рөлімен байланысты іс жүзінде асырылады.