Этносаралық қарым-қатынастың психологиясы.Топаралық және тұлғааралық қарым-қатынастар

Этнос белгілі бір сыртқы түр-келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама қалыпты мәдениет және тіл белглері, мінез-құлық, қоғам және басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынасын көрсететін және бақа этностардан ажырататын белгілері: тіл, халқтық өнер, әдет-ғұріп, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдениет компоненттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрады. Этностың белгісі – мәдени құндылықтар.

Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл, өнер, әдет-ғұріп, мәдениет, т.б. бірлігі жатады. Олар жиынтығында белгілі этникалық мәдениетті құрады. Әдеттте этнос территориялық және экономикалық бірлік негізнде құралады. Қазіргі ұлттар – дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа, халықтық этностар қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.

Қарым-қатынас психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дай-дамайлы

Қарым-қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдары:

«Мен» — «Басқа» жүйесіндегі арақатынас. Қарым-қатынас барысында пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.

  1. «Топ» — «Мен» жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтену – даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.
  2. «Мен» — «Топ». Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам — өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.

Сонымен, қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі – адами қарым-қатынастың тұлға аралық және топаралық формаларын танып-білу, ортақтасудың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.

Қарым-қатынас психологиясы адамдармен топтардың әлеуметтік мінез-құлықтарының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы.

Қарым-қатынас психологиясының маңызы зор. Адам өмірін қарым-қатынассыз, арақатынассыз, топішінде және топаралық қатынассыз елестетудің өзі қиынҚандай бір қайшылықтар мен қиыншылықтар болмасын, Қазақстандағы мекендеген халықтар өзара достықта өмі сүрді. Бір-бірімен қароым-қатнастары тығыз болды, өзара достық қалыптасты. Қазақ халқы республикаға келген басқа халықтарға кең пейілдік білдіріп, көмек көрсетті. Қазіргі азаматтық татулықтың негізі қаланды. Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ – ұлттық топтасу. Ұлт дегеніміз территория бірлігі, мәдениет бірлігінен көрінетін психикалық кейіп бірлігі және экономикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың трақты қауымдастығы. Халықтық этнос құлиеленуші және феодалдық қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның негізгі белгілері, территория, тіл және психикалық кейіп бірлігі болды, бірақ корольдік, князьдік, хандық-сұлтандық сияқты толып жатиқан ұсақ феодалдық қуымдастықтардың арасында тұрақты экономикалық қарым-қатынас, бірлік болмады, сондықтан бытыраңқы шаруашылық негізінде ұлттық қауымдастық қалыптаса алмады. Тек капитализмнің тууы мен дамуы ғана ұлттың пайда болуына жағдай жасайды. Ұлт-капиталистік дамудың жемісі. Ұлт феодалдық ыдыраудың және капитализмнің қалыптасуы дәуірінде әртүрлі халықтардың бірігуі нәтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек бөлісін, кең ауқымды және мықты экономикалық байланысты, т.б.талап етеді. Ұлттың қалыптасуында мемлекет маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Еуразияның екі аймағының — Орта Азия мен Сібірдің арасында орналасқан ірі мемлекеттің бірі. Түркі әлеміндегі қазақ халқыныңалыптасуына негіз болған этногенетикалық туыстықтың тамыры көне дәуірден басталады. Қазақ хақын құраған Қазақстан мен Орта Азия шегінде біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген сақ, үйсін, қаңлы, түркі, түрегеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат т.б. көптеген ру-тайпалар еді. Қазақ халқының тамыры тереңде жатқан тарихи дамуының нәтижесінде XY-XYII ғасырларда оның қазіргі ұлттық аймағы қалыптасты. Қандай қиыншылықтар мен шапқыншылықтар болса да, қазақтар өз тілін, туып-өскен ждерін сақтап қалды, этностық компоненттерді дамыта түсті.